Этология және оның мазмұны

Home » Рефераттар » Этология және оның мазмұны
Рефераттар Комментариев нет

Этология — жануарларының мінез-қылығының биологиялық заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы. «Этология» деген атау грек тілінен алынған, мінез-қылық деген мағына береді (адамға байланысты «мінез-құлық» деп аударылғаны жөн). Ал мінез-қылық деп жануардың тіршілік ортасымен қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін атқаратын күрделі әрекетінің жиынтығын айтады. Этология ғылым саласы ретінде 1930-1950 жылдар аралығында Австрия ғалымы К. Лоренц, Голландия ғалымы Н. Тинберген, т.б. зерттеулері нәтижесінде қалыптаса бастады. Классикалық этологияның негізін инстинктер мен олардың эволюциясын, жеке түрлердің мінез-қылығының қалыптасуындағы түқымқуалаушылық пен орта жағдайының өзара әрекеттестігін зерттеуге арналған зоологтар еңбектері құраған. Этология зоология мен эволюциялық ілім негізінде пайда болып, физиология, экология, генетика жэне мінез-қылық генетикасымен тығыз байланыс түзген. Этология негізінен табиғи, туа біткен мінез-қылықтар мен инстинктерді, олардың дамуын (эволюциясын) зерттейді.

Этология мінез-қылықты жануарлардың сыртқы ортамен көп қырлы эрекеттесуінің бейнесі деп санайды. Этология мінез-қылықтың туа біткен қүрамаларын зерттейді, организмнің түрлі реакцияларының сыртқы көрінісін анықтайды. Ал физиология жануарлардың мінез-қылығын қамтамасыз ететін ми қызметінің жүйкелік механизмін зерттейді. Осымен байланысты бұл екі пән бірін-бірі толықтырып, мінез-қылықтың туа біткен және жүре пайда болған түрлерінің нақты жүйкелік механизмін ашады. Мінез-қылық түрлері. Мінез-қылыққа жеке дарақ көрсететін кез келген белсенділік жатады. Мінез-қылықты сипаттау мақсатында Л. В. Крушинский (1960) «Унитарлық (тұтасқан) реакция» және мінез-қылықтың биологиялық түрлері атты екі түсінік ұсынды. Унитарлық (тұтасқан) реакция — шартты және шартсыз рефлекстердің бірігуі негізінде қалыптасатын мінез-қылықтың біртүтас көрінісі. Бұл акт жеке бейімделу әрекетін қамтамасыз етуге бағытталады және мінез-қылықтың қарапайым бөлшегі болып табылады. Ол белгілі бір үлгімен орындалады. Унитарлық реакция үш компоненттен түрады: 1) инстинкт, немесе әртүрлі күрделіліктегі шартсыз рефлекстер жиынтығы; 2) үйрену; 3) пайымдау әрекеті, Әрекетті атқаруда аталған компоненттердің арақатынастарындағы үлестік әртүрлі болуы мүмкін. Олардың ішінде шартсызрефлекстер ұрпақтар жинақтаған тәжірибені пайдалануды, ал үйрену (шартты рефлекстер) жэне пайымдау әрекеті организмніц накты жагдайдагы ец тиімді реакциясын цамтамасыз етеді, икемділіктің негізі болып табылады.

Жеке унитарлық реакцияларды біріктіру нэтижесінде мінез-цылыцтың биологиялыц түрлері: қоректік, бағдарлау, жыныстық, ата-енелік (ұрпақ қорғау) жүзеге асады. Аталған көп актілі мінез-қылық организмнің биологиялық мүқтаждығын қамтамасыз етеді. Жануарлар мінез-қылығы туа біткен және жүре пайда болған болып екі топқа бөлінеді. Туа біткен мінез-қылық құрамалары тұқым қуалайды, олар ешбір жаттығусыз, үйретусіз-ақ атқарылады. Бейімделу нәтижесіне қарай туа біткен мінез-қылық жыныстық, ұрпақ қорғау, қоректік, сақтық, зерттеу, доминанттық болып жіктеледі. Де-мек, туа біткен мінез-қылық белгілі бір жағдайда атқарылатын күрделі іс-әрекеттің жиынтығы инстинкт болып табылады. Физиологиялық түрғыдан инстинкт — эволюция үстінде ірік-телген шартсыз рефлекстердің күрделі тізбегі. Бұл күрделі шартсыз рефлекстер (мысалы, ұя жасау, ойнау, т.с.с.) тек жеке рефлекс доғасынан ғана күралмайды, олар біртүтас мінез-қылықтық жиынтық болып табылады. Оларды қамтамасыз етуде арнаулы рефлекстік бөлімдер — түрткі және бекітуші қатысады.

Туа біткен бейімделу әрекетін таксис, рефлекс және инстинкт сияқты реакциялар құрайды. Жүре қалыптасқан әрекеттерге үйрену мен ойлау жатады.
Таксис — төменгі сатыдағы жануарларға тән организм мен сыртқы орта қатынасын қамтамасыз ететін әрекеттің қарапайым түрі. Эволюцияның жоғары сатысында таксистің маңызы төмендеп, оны бейімделу механизмінің әлдеқайда жетілген түрлері алмастырады. Таксистер ортаның кейбір факторларына бағытталу, бағдарлану болып табылады. Бір жағдайда таксис әсерге автоматты жауап ретінде қайырылған қарапайым қозғалыс — қимыл түрінде бейнеленеді, ал басқа бір жағдайда ол күрделі эрекеттің бір элементі болып шығады. Рефлекс те бейімделу эрекетінің бір түрі. Бұл жерде шартсыз рефлекстік реакция жануарлар дүниесіндегі бейімделудің негізгі құралы ретінде қаралады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.