Ежелгі Бактрия

Home » Рефераттар » Ежелгі Бактрия
Рефераттар Комментариев нет

ezhelgi_baktryaБактрия Әмудария орта ағысында тегіс ел болып табылады. Үнді  — Памиру солтүстік сілемінің оңтүстігінде Бактрия шекарасы  болып табылады. Бактрия жүрек шөл атырауы Гиндукуше сілемдерінде төмен ағып өзендердің бірі мол оазисі болды. Бактрия оазисі қала орталығы (немесе Бактрим / Балх), бүкіл ел үшін оның атауын берді. Батыс Еуропа ғалымдары Бактрия географиялық аймақты, Әмудария өзенінің болып табылатын солтүстік шекарасы деп аталады. Бактрия (Жерорта теңізінен Қытайға дейін) (Ұлы Даланың в Индию және мұхит жағалауы дейін) солтүстіктен оңтүстікке жолдарының қиылысында қолайлы географиялық жағдайын ұсынылды, ал батыстан шығысқа дейін. Бұл жағдай, тамаша құнарлылығын шетіне бірге (Страбон: «… біздің құлағынан Бактрия астық мөлшерін»), Бактрия незапамятных уақыттан бастап тарихында көрнекті орын алуға мүмкіндік берді. Бидай — Вавилов зерттеулерге сәйкес, Бактрия, соның ішінде көптеген мәдени өсімдіктердің, үйі болып табылады.

Бактрия тарихының деректері. Бактрия — бүгінгі Тәжікстан мен Ауғаныстан жерінде ірге көтерген ежелгі мемлекет. Оның тарихы туралы алғашқы деректер парсылық шығармаларда кездеседі. Дегенмен, Бактрияның ежелгі дәірлердегі тарихы туралы мәселелер ұзақ уақыт айқын болмай келді.

XX ғасырдың басынан бастап археологтар Бактрия жерінде қазба жұмыстарын жүргізді. Олар ежелгі қалалардың орнынан сарайлардың, қорғандардың, қолөнер шеберханаларының қалдықтарын тапты. Ежелгі дәуірдегі каналдар да зерттелді. Археологиялық деректер Бактрия жеріндегі шаруашылық, егіншілік, қолөнер, құрылыс істері туралы көптеген мәліметтер береді.

Жазба деректерінің ішіндегі ең ежелгі мәліметтер беретін шығарма — «Авеста». Онда Бактрия — «тулары биік көтерілген ел» деп сипатталады. Ежелгі сақтардың дастандарында Орта Азия халықтарының тұрмысы, ерлік дәстүрлері туралы деректер бар. Грек тарихшылары ол дастандардағы кейбір оқиғаларды өз еңбектерінде пайдаланды. Мысалы, сақтар патшасы Аморганы парсы билеушісі Кир тұтқындап алады. Оны естіген Аморганың әйелі Спаретр әскер жинап, күйеін тұтқыннан босатады. Ежелгі сақтардың дастандарындағы адамдар мен олардың іс-әрекеттері кейіннен атақты ақын Фердоусидің «Шахнама» дастанына да арқау болды.

«Бактрия жері I Дарийдің кезінде он екінші аймаққа еніп, жыл сайын 360 талант салық төлеп тұрды» дейді Геродот. Бактрия туралы деректер қытай саяхатшысы Чжан Цянның еңбегінде және Сыма Цянның «Тарихи жазбаларында» бар.

Б.з.б. I мыңжылдықтың ортасыдағы Бактрия. Бактриялықтардың негізгі кәсібі егіншілік болды.

Әмударияның жоғары ағысы бойындағы және оның Сухандария, Кафирниган, Вахш сияқты салаларын-дағы жазықтарда егін егіліп, бау-бакша өсірілді. Ал таулы-үстіртті, далалы аймақтарда мал бақты. Бүл туралы ежелгі дәуірде бір тарихшы былай деп жа-зыпты: «Бактрия табиғаты әр түрлі: ондағы жүзім сабақтары ірі, әрі тәтті жеміс береді; суы мол өзен-дер ылғалсыз топырақты суғарады; өте қүнарлы жерлер астық себу үшін өңделеді, қалғандары ірі малдардың жайылымына айналдырылған, бірақ жердің көп бөлігі — күнарсыз жазықтық».

Б. з. б. I мыңжылдықтың орта кезінде-ақ ірі елді мекендер мен қалалар болды. Оларда қолөнер жақ-сы дамыды. Қала түрғындары тоқымашылықпен, қыш қүмыра жасаумен, үсталықпен айналысты. Әсіресе, зергерлік өнері, сәнді бүйымдар жасау ісі жоғары дәрежеге жетті.

Орта Азия жерлері үзаққа созылған қарсылық-тан кейін ғана Парсы мемлекетінің қүрамына енді. Бактрия жері жеке бір сатраптық болып, алым-са-лық төлеп түрды. Сөйтіп, жалпы парсылық даму жо-лына қосылды. Парсы мемлекетіндегі сауда қаты-настарының дамуы Бактрияға да әсер етті. Тауар өндірісі мен сауда одан әрі дами түсті. Ел ішіндегі тыныштық отырықшы-егіншілер шаруашылығын қайта жандандыруға мүмкіндік берді. Ойпаттар мен жазық жерлерде, озен аңғарларында арықтар мен каналдар казылды. Бидай, арпа сияқты дәнді дақыл-дармен қатар, бау-бақшаларда қауын-қарбыз, көкөністер, жүзім мен жеміс ағаштары өсірілді. Кей-бір қалалар мықты қолөнер және мәдениет ошағы болды. Кірпіштен жасалған бекіністі қорғандармен қоршалды.

Бактрия жерінің көптеген елдерге танылуына қымбат көктастың (лазурит) өте ерте кезден табыл-ған бірден-бір орталығы болуы да әсер етті. Б. з. б. I мыңжылдықтың озінде-ақ көктас сонау Египетке де белгілі болған. Ал ежелгі шумерлік Урук қала-сының билеушісі Элам шығысындағы елге көктас алып келу үшін адам жіберген екен. Ол туралы шумерлік бір дастанда баяндалады. Ал парсылар өктемдік еткен кезде көктас бүкіл шығыс елдеріне тарайды. Ол Бактриядағы Бадахшан жерінен көптеп өндіріле бастайды. Парсы патшалығының құрамын-да бола отырып бактриялықтар езіндік ерекше-ліктерін сақтап қалды. Олар бүрынғыдай кеудесіне жейде киіп, белдік тақты. Бастарына тақия тәрізді, кішірек дөңгелек қалпақша киді. Кезіндегі сақтар сияқты, бактриялықтар да парсы әскерінің қуатты күші ретінде көрінді. Кептеген шешуші шайқастар-да ерлікпен көзге түсті.

Мың қала елінде. Б. з. б. IV—III ғасырларда Бак-трия жерінде үлкен қоныстар мен қалалар болды. Сондықтан да ол кездегі Бактрия патшаларын бак-триялықтар «мың қаланың билеушілері» деп атаган. Бактрияда дамыған қалалық өмір болды. Қолөнер кәсібі жетіле түсті. Сауда дамыды. Қала көшелерінде қолөнер шеберханалары қатарласа орналасты. Ше-берлер алтын мен күмістен, әр түрлі металдардан, көктастан (лазурит) сәндік бұйымдар, еңбек құрал-дары мен қару-жарақтар жасады. Қыш құмыра жа-саушылар, тоқымашылар, аспаздар, шарап және гүл сатушылар еңбек етті. Оздерінің жасаған затта-рын сол жерде сатты. Сырттан қараған адамға қолөнершілер көшелері әрі үлкен шеберхана, әрі ба-зар сияқты болып көрінетін.

Қалалардың сыртын биік дуалды қамал қоршап тұрды. Қамалдарда мұнаралар жиі орналастырыл-ды. Ол мұнаралардан сырттан келген жауды қада-ғалап, оларға тойтарыс беріп отыратын.

Сарайлар мен үйлер кірпіштен, тастан жасал-ды. Бактр қаласы елдің астанасы ретінде әлемге әйгілі еді. Онда үлкен базар болды. Ол базарда елдің әр түкпірінен келген сауда керуендері өз та-уарларын сататын. Саудагерлер сонау Грекиядан, Египеттен, Үндістан мен Қытайдан, сақтар жерінен келіп жататын.

Александр Македонскийдің Орта Азиядағы жау-лап алулары баянсыз болды. Ол қайтыс болғаннан кейін көп ұзамай Орта Азияда дербес мемлекеттер пайда бола бастады.

Тәуелсіздік үшін күрес. Бактрия жері б. з. б. III ғасырдың ортасында жеке мемлекетке айналды. Оның билеушісі Диодот өзін патша деп жариялап, акдиа шығарды. Бактрия жеріндегі бұл мемлекет Евтидем атты билеушінің тұсында күшейе түсті. Оны көрген батыстағы ірі Сирия мемлекетінің билеушісі III Антиох Бактрия жерін өзіне қайта бағындыр-мак болды. Жақсы дайындалған әскерімен, сән-сал-танатты әскери арбаға мінген III Антиох Бактрияға карай аттанды. Мыңдаған жауынгерлердің аяғының астынан шыккан шаң күнді көлеңкеледі. Евтидем де өзінің шағын әскерлерін алып қарсы жүрді. Бүлар-дың артықшылығы соғыс пілдері болды.

Алғашқы, бактриялықтар үшін сөтсіз шайқастан соң, Евтидем мьщты бекіністі қаласына кіріп, берілмей, қор-ғануға көшті. Бактр қаласының бекіністі қорғаны мықты еді. Оның үстінен өскери арба еркін жүретін. Ал арбадағы жауынгерлер жауларға қарсы жебенің өлім бүлтын төндіре алатын.

Айлар өтті. III Антиохтың әскері қорған түбін таптаудан аса алмады. Осылайша жалықтырған екі жыл да өте шықты. Екі жақ бірін-бірі жеңе алмады. Ақыры III Антиох келіссөз жүргізу үшін елші жі-берді. Бактрия билеушісі ол елшіні салтанатпен қабылдай отырып, өзара келісімге келу кажеттігін дәлелдеді. Оның басты дәлелін ол өзінің қарсылас-тарын үрейлендіре отырып түсіндірді. «Шекарада көшпелілердің орасан зор күші түр. Ол сендерге де, бізге де кез келген уақытта қауіп төндіре алады. Тіпті, біздерді осы жердің өзінде құртып жіберуі мүмкін», деді. Шынында да көшпелілер бұлардың әрекетін бақылап отырған еді. Ақыры екі жақ келісімге келді. III Антиох әскерімен кері қайтты. Ал Евтидем өзінің ұрпақтарымен Бактрияны бас-қарып қала берді.

Оның ұлдары б. з. б. II ғасырда Индияға жорық-тар жасап, елдің аумағын оңтүстікке карай үлғайта түседі. Бірақ бұл кезде оларды солтүстіктен көш-пелілер ығыстыра бастайды.

 

 

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.