Ежелгі Египет мәдениеті

Главная » Рефераттар » Ежелгі Египет мәдениеті

1. Египет мәдениеті мен құдайлары
2. Егіншілікпен байланысты наным-сенімдер және патшаны құдай деп тану
3. Жерлеу рәсімі
Шығыс елдерінің тарихы басқа дінмен салыстырғанда көптеген жазба және археологиялық деректерімен әйгілі.
Ежелгі шығыс халықтарының арасында Египет пен Месопотамия басқа мемлекеттермен салыстырғанда, таптық және ұлы өркениетті жарыққа шығару жолына ерте түсті. Онда әлеуметтік- экономикалық құрылыс болғанымен, жетілмеген құлдық пен жергілікті ауыл тұрғындарының кертартпалығы орын алды. Мешеулік, саяси құрылыстың тұрақтылығы, ежелгі шығыс мемлекеттің «азиаттық» озбырлығы мен патшалық биліктің шексіз үстемдігі байқалды. Айтылған дүниелердің барлығы ежелгі шығыс дінінде өз таңбасын калдырған болатын.
Тарихи ескерткіштерге сүйенген зерттеушілердің пікірінше, ежелгі Египет халқы номдық және құдай пірлерін қатты құрметтеген. Номдар б.д.д. 4 мыңжылдықта патша қол астында біріккен болатын. Номдық құдайлар діні халық арасына кеңінен жайылып, беріге дейін ұстанды. Әр ном өзінің қасиетті жануарларын жергілікті құдаймен байланыстыру арқылы құрметтеді. Олар жануар түрінде немесе антропоморфтық образда еді.
Оңтүстік номда — элефантинді, Дендерде — сиырды, Сиутте — касқырды, Гермопольде — тырна және павианды (маймылдың бір түрі), Файюм алқабында — қолтырауынды, Бубаститте — мысықты бейнеледі. Ежелгі Оңтүстік Египет жерінен шыққан Нехен пірі лашын-құдай саналды, Нехебе маңында су лаласын құрметтеді. Ежелгі Орталық, Солтүстік Египет халқы — Бутты қасиетті жылан санаса, көрші елді мекендер Пені араға теңеді. Лашын, су лаласы жылан, ара бейнесіндегі иероглифтер Египетті көрсетті. Сондай-ақ ежелгі тотемизм қалдықтары да кездескен. Көптеген зерттеушілер мұндай болжамға сенімсіздікпен қарады, себебі Египетте жануарлар діні жергілікті дін болған. Африкалық этнографтар классикалық рулық тотемизмнің территориялық жануарларды құрметтеуі оңтүстік нигерлер тайпасында да болғанын нақты деректермен дәлелдеп береді. Барлық ізденушілер жергілікті құдайлар пірін құрметтеуде касиетті жануарлар антропоморфизадия құбылысынан өткендігін мойындаған. Сондықтан басы мысык бейнесіндегі Бастет құдайға, сұңқар Горға, тырна Тот, ит Анубиске, қолтырауын Собекке, арыстан басы бейнесіндегі Сохмет құдайға күмәндануға болмайды. Енді назарды әйел құдайлары: Нехебт, Хатор, Нейт, Сохиет, Нефтидаға аударайык. Бұл ежелгі египеттіктердегі матриархат ескіліктерімен байланысты. Номдық құдайлар алғашында тайпалық құдайлар болатын. Әр номға кіретін тайпа өздерінің пірлерін кұрметтеді, бірақ бұл жергілікті дін бізге жеткен жоқ. Египеттіктердің бірігуі бүкіл Египет құдайларының түбі бір деген түсініктен байқалды. Бұл династиялық дәуіргс дейінгі кез еді. Жоғарыда аталған ежелгі наным-сенімдер бүгінге жетпегенімен, фараондар дәуіріндегі дін бүкіл Египетке таралып, тарих беттерінде де орын алды. Қай ном Египет мемлекетінің бірігуінің ортасында тұрса, оның құдайы жалпы египеттің мемлекеттік дінін жасаушының бір бөлігі ретінде есептелді. Жалпыға ортақ ежелгі Египет құдайы сұңқар Гор еді. Алғашында оған Иераконполь жэне Эдфа халқы табынды. «Гор пірлері» бірінші Египетті біріктірушілер болды (1.2-династия, б.з.д. 4 мыңжылдықтың аяғы). Олар өздерінің тайпалық құдайларын жалпы египеттік құдай күнге айналдырды. Мемфис астана болған кезде (3 династия, б.д.д. 3000 ж.) Египеттің басты ресми кұдайы мемфистік құдай Птах еді, мұны дін ілімі трактаты куәландырады. Бесінші династияның келуі (б.д.д. 2700 ж.) Он (Гелиополь) қаласымен байланысты. Бұл өзгеріс өзінің артынша жергілікті құдай Атум (Ра) дінінің кеңейтілуіне әкелді, ол жоғарғы Египет құдайына айналды. Фиванның көтерілуі жаңа Египеттің бірігуіне, яғни 11-12 династияның кұрылуына (б.д.д. 2100-1800 жж.) себепші болып, әйгілі құдай Амон жалпы египет пантеонының басында тұрды және ол Раға жақын еді (Амон-Ра). Кейін 26-династия (б.д.д. VII ғ.) кезінде жергілікті дінде саис құдайы пайда болды. Басқа құдайларды Египет бірігуімен байланысты пірлер деп санады. Мұндай құбылыс өзге елдерде де көрініс тапты. Гермопольдық кұдай Тот (тырна) — жылнамашылар мен оқымыстылардың пір-құдайы, сиуттык Анубис — өлілер патшалығының құдайы, латопольдық Сохиет — соғыс кұдайы, коптостык Мин шетелдіктердің пірі болды. Олардың көбісі космостық кұбылыстарға жақын болса, кейбіреуіне космостық сызықтар тән еді. Құдайлардың көбі күнмен байланысты: гелиопольдық Атум-Ра, гиерананпольдық Гор, бусиристік Осирис, фиваидтық Амон, абидостық Анхер, файюмдік Собек, гермонттық Менту. Ал аймен Тот, Исида, Хонсу, аспанмен — Хатор, Нут, жермен — Мин, Геб жақын еді. Ал кейбіреулерінің, мысалы, Геб және Нуттық жергілікті дінге қатысы болмады. Жалпы египет пантеонының жаратылуы мифологиялық-діни аңыздармен еліктірді. Осылай әйгілі үш таған және эннеада 9 құдайы өмірге келді, олардың бәрі бірдей емес және әр жерде орналасқан. Фивандық үштіктер — Амон, Нут Хонсу, мемфистік — Птах, оның жұбайы Сохмет және баласы Нефертум. Ал эннеадтарда кеңінен тараған гелиопольдық төрт жұп құдайлардан тұрды, басында Ра: Ра, Шу, Тефнут, Геб және Нут, Осирис, Исида, Сет және Нефтида. Осы топ жергілікті дінге келіп косылған. Басқаша айтқанда, құдайлардың жақындасуы олардың теңестірілулеріне әкелді. Абыздар гелиопольдык Атумды Рамен, кейін орта патшалык дәуірінде сол Раны фивандық Амонмен және қолтырауын Собекамен, Осириспен Хентиементиді, Хатор құдайымен — Тефнутты тең қойып, жалпы египеттік пантеонды салды. Мақсаты – жалпы египеттік қасиетті жануарларды құрметтеу. Жергілікті қасиетті жануарлар, ежелгі тотемдер жалпы табынушылықты білдіретін. Жоғарыда аталған құдайларға табынушылар жануарлардың кейбір жекелеген түрлерін құрметтеді: әйгілі бұқа Апис Ра құдайы Мемфист, Осирис қойын Мендесте және тағыда басқа жануарлар. Олар құрметті құдайлармен байланысты болатын. Тотемдік тектер және жалпыегипеттік дінде жануарлар анық байқалды. Ежелгі Египеттің діни түсініктерінің бірі — ұлттық егіншілік наным-сенімдер. Жазба деректерінде мемлекеттік дін ғана қаралғандыктан, олар әйгілі емес. Бірақ ұлттық дінге өз әсерін тигізді. Бұлардың ықпалы кейбір ресми құдайлар бейнесінде байқалады: жеміс-жидек құдайлары, алғашында коптық Мин, фивандық Амон, элефантиндік Хнум, дельта құдайы Исида және тағыда басқа. Алайда ұлттық егіншілік дінде орталық фигура Осирис болды. Осирис бейнесі өте күрделі және оны реттеу оңай емес еді. Басында жергілікті кұдай-пірі Бусирис (Джеду) Дельтада жеміс дінімен тығыз байланыста болды. Осирис ылғи да өсімдік атрибуттары лотоспен, жеміс бұтағымен және тағыда басқа бейнеленді. Әсіресе адам сұлбасы жер қабатынша себілген дән түрінде келсе өскен дәндер тірі құдай бейнесіне айналады деп сенді, Ал бір суретте нан масағы жатқан Осирис денесінен өседі. Египет халқы жыл сайын Осирис өлімін тойлап отырды. Ай күнтізбесі бойынша жылдың әртүрлі күніне сәйкес келіп, 18 күнге дейін созылды, өздері сол күндері жер жыртып, егін екті. Бұл әдет- ғүрып тікелей нанды кейіптеуден шығады. Осиристің өлімі мен қайта тірілуі туралы мифтер де бар. Олардың бірінде Египет патшасы Осирис құдайды Сет өлтіреді. Қарындасы және әйелі, әйел құдай Исида денесінін бөліктерін тауып, одан құдай Горды туады, ол Сетті жеңіп, әкесін тірілтеді. Бұл миф себілген және өскен нан дәні туралы көркем әңгіме. Осыған ұқсас діни миф әдет-ғұрыпты айқындаған. Египеттіктердің өздері бұны жоғары бағалағанына Плутархтың «Исида және Осирис туралы» деген еңбегі дәлел. «Дәнді жерге сепкен кезде Осирис те көміледі, егіс өскен кезде Осирис өмірге қайта келеді» деп айтады. Плутарх мифті мағынасыз деп ойлағанымен Осирис бейнесіндегі кейіпкерді нан дәнін беруде өте дұрыс жеткізеді. Ұлттық Осирис діні кең тараған ежелгі егіншілік дінінің бір нұсқасы. Аталмыш дінмен тығыз байланыста болған Исида әйгілі әйел кұдайы да еді. Эллинистік және римдік дәуірде Исида діні Жерорта теңізі мемлекеттеріне кең таралып, христиан дінімен бақталаста болды. Ұлттық дінде Осирис пен Исида басты фигура болса, ресми дінде күн бейнесідегі Рамен сосын фивандық Амон негізгі құдай болып саналды. Күн діні мемлекеттік діннің басты бөлігі. 5-династия кезінде күн құдайына ғибадатханалар салынып, жергілікті құдайлар Гор, Анхер, Соби, Менту, Осирис және тағы басқаларымен байланыстырылды. Египет дінінде қанаушылық, мемлекеттік биліктің жоғарғы иеленушісі фараонга бас ию сияқты дүниелер айтылған жоқ. Ежелгі патшалар, Горды кұрметтеушілер, осы құдайдың пірлері болды. Бесінші династия кезінен бастасақ, фараон күн кұдайы Раның баласы ретінде қаралды. Яғни патша — құдай баласы, тірі құдай, олар Египеттің саяси тарихында басынан аяғына дейін, христиандықтар жеңгенге дейін басым болды. Патша маңызды діни әдет-ғұрыптарды орындап отырды, ғибадатханалардың негізін салды, тек өзі құдай ордасына кіріп, оған құрбандық шалып, абыздары тек солардың атынан іс-әрекет жасап отырды. Қасиетті салтанат сарайының айналасындағылар патшаға табынып, аяғының қасындағы жерді сүйді. Оларға діни элементтердің атын айтуға тыйым салынды. Патшалар халықтың өздеріне деген сенімдерін арттырып отырды. Египеттіктердің жерлеу рәсімі династиялық дәуірге дейін басқа елдерден ерекшеленбейді. Олар мәйітті құрсактағы балаға ұқсатып, жұпыны дүние-мүлкімен жерледі. Бірінші династия дәуірі кезінде бұл дәстүр патшаларды жерлеуде өзгеріске ұшырайды. Қабірлер күрделі және көлемді етіп жасалады, ал 3-династияда пирамида формасында болады. Өлген патша денесі мумияланып, бальзамдалады. Содан кейін мумиялау фараонның жақын туыстарына да, төрелерге, орта әлеуметтік қатардағы адамдарға және т.б. жасалады. Мумиялаудың күрделі техникасы шіріп бұзылудан қорғап, денені көп уақыт сактауға мүмкіндік береді. Жаңа патшалық дәуірінен (б.з.д. 16 ғ.) біздің күнге дейін, әсіресе 4-династия патшалары тұсында мумиялау сақтаған. Абыздар танымал адамды мастабқа жерледі. 11-12-династия билеушілерінің пирамидалары көлемі бойынша орташа болды, кейіннен пирамида салуды тоқтатып, молаларға ауыстырды. Орта таптағы адамдарды жалпы молаларда, ал кедейлер денесін құмға көме салды. Алғашқы мумиялау қандай болса да фараондық Египетте жоғары техникалы бальзамдау және ресми жерлеу діні магиялық сенімдермен тығыз байланыста еді. Египетте басқа халықтарға қарағанда жерлеу діні кең тараған.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.