Ежелгі Элам

Home » Рефераттар » Ежелгі Элам
Рефераттар Комментариев нет

Ежелгі дәуірде б.д.д. ІV-ІІІ мыңжылдықтар шамасында Иранның оңтүстік-батыс бөлігінде, шумерлер елінің оңтүстік-шығысында, Парсы шығанағына құятын Карун және Керха өзендерінің сағасы аңғарында тілдік құрамы жағынан Қосөзен халықтарына ұқсамайтын Элам мемлекеті пайда болып, үлкен мәдени жетістіктерімен көзге түседі.
Қосөзен елдерінің тарихы, мэдениеті туралы салыстырмалы бол-са да, мэліметтер, деректер, эдебиеттер жеткілікті. Оқырман қауым онымен таныс болғанымен, өзіндік ерекшелігімен қалыптасқан мэдениеті, екі мың жылдан астам та-рихы бар Элам қүпия сырға толы ел боп қалуда. Мэліметтердің аздығы, осы уақытқа дейін ғылымға белгілі тілдерге үқсастығының жоқтығы, сыры ашылмаған тілі де бүған эсерін тигізіп, өзінің зерттеушілері үшін үлкен қиындықтар туғызуда. Элам халқының сол тарихи дэуірде өмір сүрген басқа халықтармен туыстық белгісі де анықталмаған. Де-мек, этнографиялық түрғыда өзіндік қайталанбайтын ерекшелігімен қалыптасқан. Арнайы эдебиеттерде эламиттердің осы күнге дейін шығу тарихы белгісіз, түйіні шешілмеген халық болып отырғаны айтылады. Зерттеушілер Элам атауын алғаш рет Інжілден кездестіреді. «…Ол Ескі Нанымда он екі рет, Жаңа Нанымда бір рет еске алынады. Мысалы, христиан дінінің уағыздаушылары (2, 9), иудейлер 30 жылғы оқиға куәгерлерінің арасында, Иерусалимдегі Троица мей-рамы күні Эламнан да бірнешеу қатысты…», — дейді. «Кітаптың (Інжілдің) келесі жерінде (Моисей 1, 14, 1) Элам патшасы Кедор-Ла-омер еске алынады…» [89. 6-6.]
Суз қаласы орнына жүргізілген, үзақ жылдарға созылған қазба жүмыстары негізінде одан бірнеше мэдени қабат ажыратылады. Мұның ең ескі, өмір сүрген уақыты анықталмаған, ең төменгі қабаты I Суз аталады. Мүнда елдімекен орындарымен қатар, о дүние туралы діни ғүрыптардың болғанын білдіретін қорым орындары сақталған.
I Суз қабатынан табылған заттар энеолит дэуіріне жатады. Тыңғылықты өңделіп, мүқият тегістелген тас қүралдармен қатар, си-рек те болса, мыс қүралдар кездеседі. Материалдық игіліктер, қүрал-жабдықтар осы мэдениетті өмірге экелген адамдардың аңшылық және егіншілікпен айналысқанынан мэлімет береді. Олар арпа, астық түқымдастар, сонымен қоса, зығыр еккен. Саздан жасалған мүсіндер ортасында қүнарлылық қүдайының бейнесі кездеседі. Жерлеу культі үшін арнайы жасалған ыдыстар саздан қүмыра жасаушының үршық-шеңберінің (гончарный круг) көмегінсіз, қолмен істелген. Оларда геометриялық өрнек, адам, қүс жабайы жэне үй жануарлары жэне еңбек қүралдары бейнеленіп, қара бояумен эшекейленген [88].
Қазба жүмыстарын жүргізген археологтар I Суз елдімекендерінің жойылуы өрт салдарынан болған деп қорытынды шығарады. Ма-мандар пікірінде мүның көрші тайпалардың басқыншылық іс-эрекеттерінен болуы мүмкіндігіне сілтемелер жасалады.
I Суз қабатына қарағанда, II Суз қабатының мэдениеті Оңтүстік-Батыс Иранның көптеген жеріне тараған. Оның пайда болған уақыты б.д.д. III мыңжылдық соңы деп белгіленеді. Ежелгі Элам өзінің ба-тыс жағында орналасқан елдермен, соның ішінде Шумерлермен қарым-қатынаста болған. Бұл туралы мэліметтерді Шумерлердің -Эриду, Ур, Киш жэне басқа да қалалары орнына жүргізілген қазба жүмыстарының нэтижелері мәлімдейді.
II Суз қабатының мэдениеті елде мыс қүрал-жабдықтар мен қарулардың болғанын көрсетеді. Осы қабаттан алтын мен қола да табылған. Металл өндірумен қатар қыш қүмыралар өндірісі де жолға қойылған. Расында арнайы эдебиеттер, Суз II қабаты құмыраларының өте тыңғылықты жасалғанын, көптүрлі табиғат көріністері, жануарлар мен адамдардың бейнеленгенін білдіреді. Шамамен осы уақытта Эламда иероглифтік жазу өнерінің пайда болғаны айтылады.
Б.д.д. III мыңжылдық басында болашақ Элам мемлекетінің құрамына кіретін тайпалар алғашқы мемлекеттік құрылымдарға бірігеді. Осындай бірлестіктердің бірінің астанасы — Қосөзен, Солтүстік жэне Шығыс Иранмен қатынасатын жол торабында орналасқан Суз қаласы.
Мемлекет астанасы Суз қаласы болғанына орай, антика дэуірі деректерінде бұл ел Сузиана деп те көрсетіледі. Сузиана Карун мен Керхе өзендері ортасында орналасқан. Керхе өзені суының тазалығы, ерекше дэмімен танымал болған. Осыған орай, Геродот II ¥лы Кирдің (559-530 жж.) жорыққа шыққанда төрт дөңгелекті арбаларға тиеп, күміс қүмыраларға қүйылған Керхе суын алып жүргенін мэлімдейді. Шумерлер еіат атауын жоғарыда дегенді білдіретін №М сөзімен жазған. Демек, Қосөзен халықтары үшін Элам Сузиана-да емес, таулы аймақта, «жоғарыда болған», яғни эламдықтар тау-лы жерде орналасқан. Өлке түрғындарының негізгі жүмысы мал шаруашылығымен байланысты. Дегенмен, Парсы шығанағына қүятын өзендер суландырған жазық аймақта егіншілік, отырықшы өмір салты да қалыптасқан.
Маңызды керуен жолында орналасқан Сузиананың астық, жемістер егуге қолайлы қүнарлы топырағымен аты шыққан. Егіншілікке байланысты, сасанидтер патшалары кезінде де су жеткізу, бөгет, тоғандармен суармалы егіншілік жүйелері үлғайтылып отырған. Орта ғасыр мәліметіне сүйенсек, X ғ. араб географтарының бірі Сузианада өсірілетін қант қүрағы сапасының жоғары болғаны туралы мэлімет береді… [89. 16, 17 б.].
Мамандар таулы аймақтары (бүгінгі Лурестан мен Бахтиар та-улары) болмаса, Элам осыншама мэдениет жетістіктеріне жетпеген болар еді деген пікір білдіреді. Демек, Элам тарихы мен мэдениетінің жетілуіне жазық жэне таулы аймақтардың болуы шешуші эсерін тигізген. Мэдениет дамуының таулы аймақ байлықтарына тэуелділігі оның Қосөзен елдерімен салыстырғандағы басты артықшылығы екенін айғақтайды.
Шумерлер мен вавилондықтар сауда-саттық немесе соғыс жорықтары арқылы осы елден эртүрлі жер асты қазба байлықтары (мыс, күміс, қалайы жэне т.б.), қүрылысқа қажетті тастарды (жанар тау жынысы — базальт, мәрмэр, ақ гипс түрі, алебастр жэне т.б.), жар-тылай асыл тастар (көк тас лазурит, карнеол, гематит) алған.
Арнайы эдебиеттерде Элам мен Қосөзен мэдениеті тарихының тығыз байланыстылығына назар аударылады. Екі жақ бірімен-бірі жиі қақтыгысып, бірде бейбіт бітім шартын жасасып, сауда, мэдениет қатынастарын үзбейді.
Сол тарихи дэуірден жеткен болымсыз мэліметтердің өзінен-ақ халық өміріне діннің үстемдігін көруге болады. Діннің Қосөзенмен байланысты ортақ белгілерінің бар екенін айта отырып, оның өзіндік қайталанбас өзіндік ерекшелігі де мойындалады. Осы эламдық ерекшелікке өзіндік ежелгі магиялық дэстүр — жыланға табынатын бастау мен әйелдік мэңгілік негізге көрсетілетін қүрмет пен оны ардақтау жатады.
«Жылан Элам мэдениетінің негізгі желісі. Б.д.д. ІУ-ІІІ мың-жылдыққа жататын керамика, қыш бүйымдардан қаптаған жы-лан бейнесін көруге болады. Жылан бейнесі қүмыра жэне басқа да ыдыс қақпақтарына салынған. Жауыздықтан қорғану ретінде қабылданады. Жыландар қақпа жанында айбат шеккен сақ-шы, эміршілер жанындағы қор-ғаушы ретінде де көрінеді. Әр-түрлі рэсімдік буйымдардың тұтқасы ретінде де бейнелен-ген. Оратылған жылан Құдай қызметін де атқарады. Эламдық молшылық рэмізі болған, бір-біріне оралған екі жылан бей-несі ежелгі Мысырға да ен-ген. Жоғарғы сенім нысаны-на айналған адам басты жылан Қосөзен елдерінің ешқайсысында кездеспейді» [89. 37-6.].
Элам тайпалары мен шу-мер жауынгерлерінің соқтығысы туралы мэліметтер өте ерте за-мандардан басталады. Б.д.д. XXV ғасыр бүрын өмір сүрген Лагаш экімдерінің қалдырган мэліметтерінен осы соғыстар туралы деректер кездеседі. Б.д.д. ХХІУ-ХХШ ғасырларда Суз Аккад мемлекетінің қүрамына кіреді. Осының нэтижесінде Қосөзеннің Эламға эсері арта түседі.
Ежелгі эламдықтардың күнделікті түрмысы, тіршілігі туралы толық болмаса да, белгілі бір мэліметтерді б.д.д. III мыңжылдыққа жататын мөрлер мен саз тақташалардан көруге болады.
Оюшы, өрнекшілер өздерін қоршаған ортаны, эртүрлі жүмыстар істеп жатқан адамдарды көз алдымызға келтіреді. Сурет жазуларға қарап, ежелгі ел түрғындарының «жалаңаш жүргенін немесе киімінің тек белге байланған алжапқыштан түрғанын пайымдай-мыз. Олардың қарулары садақ пен жебе, найза немесе балта болған. Аңшылықпен айналысып, итпен бүғы, киік, жабайы шошқа жэне жыртқыш аңдарды да аулағаны көрінеді. «…Елді мекендер жанын-да жайылған сиырлар, сүт сауатын ыдыс; егіс алқабында егін егуге дайындалған, үш тісті шотпен жер өңдеген адамдар тобы… — Роберт М. Адамс (Чикаго) сол тарихи дэуірдегі Сузианада тас кетпендердің, қатты күйдірілген саз орақтардың керамикалық жүзі болғанын мэлімдейді. — Біздің дэуірімізден үш мың жылдай уақыт бүрын сурет жазуларда соқа бейнеленеді. Ауыл шаруашылығы жүмыстарымен кең көйлек киген эйелдер де айналысқан. Қалаларда қыш қүмыра шеберханалары жүмыс істеген» [89. 20-6.].
Жазу өнері. Озіндік ерекшелігімен козге түсетін мэдениеті бар Элам б.д.д. III мыңжылдық басында пиктографиялық жа-зуды пайдаланған. Арнайы эдебиеттерде Эламға Қосозен жазу өнерінің, соның ішінде шумерлердің эсері болғаны көрсетіледі. Дегенмен, озіндік белгілері бар, дербес пайда болған коне эламдық (протоэламдық) жазу өнері туралы да пікірлер айтылып, бүтіндей үғымдар мен сөздерді білдіретін 150-ге жуық белгісі бар жазу өнерінің 400 жылдай қолданылғаны туралы мэліметтер келтіріледі.
«Эламның мэдениет саласындағы айтарлықтай табысы белгілі пиктографиялық бейнелерге үқсас жазу өнерін емірге экелуінде. Суреттік жазу өнерінің ерте пайда болғанын қазба жүмыстары кезінде табылған саз тақталарға салынған жануарлар, қүмыралар, жеміс салатын сауыттардан кореміз. Осы кезге дейін тақталардағы сурет белгілерін анықтаудың мүмкін еместігінен сыры ашыл-май, оқылмай отыр. Дегенмен, мамандар сурет жазумен жазылған қүжаттардың тек шаруашылықпен байланысты екенін мэлімдейді. Мысал үшін жылқылар суреттері бар тақтаны алуға болады. Тақта -бір жағынан жылқының сол тарихи уақытта Эламда болғанын білдіретін мэлімет. Екіншіден, суретте тек аттардың басы бей-неленген. В. Шейлдің айтарлықтай дэлелді пікіріне сүйенсек: «… Жалы тікірейгені — айғырлар, жалы жатып қалғандары — байтал-дар, ал жалы жоқтары құлындар болады. Тақташада (мысалы, аттар басының сол жагында) сандар орналастырылған. Бас бармақты еске түсіретін белгі бірді, кішігірім шеңберлер Шумердегідей ондықты білдірсе керек», — деген қорытынды жасалады» [89. 26 б.].
Эламда б.д.д. III мыңжылдық ортасында сызықтық жазу өнерінің пайда болғаны болжанады. Мұнымен тек шаруашылық бағытындағы мэліметтер ғана емес, сонымен қатар елдегі діни, са^ яси, тарихи сипаттағы оқиғалар да мэлімделді. Б.д.д. II мыңжылдық ортасынан бастап жазу саз тақталарға элам тілінде жазыла бастайды.
Әртүрл і геометрия лық бейнелер қосындысынантүрған сызықтық жазу белгілерімен бүтіндей сөз емес, буындар жазылды. Осындай сексенге тарта белгімен тек шаруашылыққа байланысты мәтіндер гана емес, сонымен бірге саяси немесе діни мэтіндер де жазылды. Жазу үшін тас, саз, металл материалдар қолданылды. Дегенмен, бұл жазу өнері де қолданыста үзақ болмай, б.д.д. III мыңжылдық соңынан б.д.д. V ғ. ортасына дейін шумер-аккад сына жазулары қолданылады. Зерттеу жұмыстары б.д.д. II мыңжылдықтың бірінші жартысында іскерлік қүжаттардың, сонымен қатар эдебиет мэтіндерінің аккад тілінде жазылғанын көрсетеді. Осы мыңжылдықтың екінші жарты-сында элам тіліндегі сына жазулар пайда болады.
Б.д.д. III мыңжылдық өнері эртүрлі мөрдегі қанатты арыстан, эзэзіл пері, жыртқыш құстар түрінде көрініс тапты. Тас ыдыстар-да ірі қара мал, құстар мен аңдар бейнеленді. Эламның бейнелеу өнерінен Қосөзен эсерін көруге болады.
Эламдықтардың рухани өміріне дін үстемдік жүргізген. Суз қаласы діни орталық болған. Элам құдайлары тобының басын-да тұратын Пинекир (¥лы Құдай эйел) құдайлар анасы ретінде көзге түседі. Құдай эйелге табыну қоғам өміріндегі матриархат қалдықтарының сақталғанынан мэлімет береді. Кейін, қогам өмірінде ер адамның алатын орнының артуына байланысты, Суз қаласының қамқоршысы, жер асты элемінің құдайы Иншишунакқа табынудың да өзіндік үлкен орны болғанын арнайы эдебиеттер көрсетеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.