Ежелгі Македония

Главная » Рефераттар » Ежелгі Македония

Ежелгі Македония Грекияның солтүстігінде — Балқан түбегінде орналасқан. Оның солтүстік-шығыс бөлігі биік таулармен коршалған, ал оңтүстік-батыс бөлігі жазык болып келеді. Македония таулары Балкан түбегінің солтүстік бөлігіндегі ең биік тау сілемін кұрайды. Ежелгі дүниеде Македония көп уақыт Грекиядан оқшау тұрған. Оның жазық жері ауыл шаруашылығына өте колайлы болды. Македония жерінде өмір сүрген тайпалар — гректер емес еді. Олар фракиялық тектен шыккандар болып есептелді. Македондықтардың бойы ұзын, аса қайратты болып келетін. Македония Грекиямен ше-каралас болғандықтан, олардың тілінде гректердің ықпалы болды, алайда өздерінің македон тілінде сөйледі.

Македония халқының негізгі кемшілігі ерікті, жарым-жартысы тәуелді малшылар мен егіншілер еді. Олар, негізінен мал шаруашылығымен, әсіресе жылқы өсірумен айналысты. Македонияның биік таулары мен жазық алқаптағы жайылымдары мал шаруашылығының дамуына қолайлы жагдайлар туғызды. Жері орманды болғандықтан ағаш-орман шаруашылығы да өркендеген.

II Филиптің ішкі және сыртқы саясаты. II Филипп (б. з. б. 382-336 ж.) патша — Македонияның бірінші ірі мемлекет қайраткері. Ол өте іскер, ақылды патша болды. II Филипп Македонияда өзінің өкімет билігін нығайтып, монархия құрған. Ол елде әкімшілік және әскери реформаларды жүзеге асырды.

.

II Филипп аса ірі және жеңімпаз әскер жасақтады. Македонияның атты әскерлері тек ақсүйектерден тұрды. Шаруалар мен бақташылардан жаяу әскер құрды. Әскерді гректердің үлгісімен фаланга түрінде сапқа тұрғызды. Әр сапта 16 қатардан жауынгер болған. Барлық жауынгерлер қатал белгіленген тәртіп бойынша сапқа тұруға және әскери басшылардың бұйрықтарын бұлжытпай орындауға тиісті болды. Әрбір жаяу әскер дулыға, сауыт, қалқан, қанжар және ұзын найзамен қаруланды.

II Филиптің маңызды істерінің бірі — ақша реформасы. Ақша реформасы б. з. б. 356 ж. жүзеге асты. Ол базар нарқының талаптарын ескере отырып, жаңа ақшаларды шығарды. Оның құны сол кездегі халықаралық рынокта басым болған.

II Филипп гректер ықпалымен Македонияның қалаларын әсем және сәулетті етті, қалаларда театрлар салды. Көптеген грек сәулетшілері мен ақындарын қызметке шақырды. Македондық грек әліппесінің таңбаларын колданды. Грекияны бағындырып алғаннан кейін, II Филипп патша парсыларға карсы жорықка әзірленді. Жорыкка әзірленіп жатқан кезде II Филипп кастандықпен өлтірілді. Қастандық патша дос-жарандарымен, нөкерлерімен театрға бара жатқанда жасалған. Македондықтар бұл қастандықты ұйымдастырған парсылар деп шешті. II Филипп кайтыс болғаннан кейін оның ұлы Александр патша тағына отырды. Александрдың жасы жиырма бірде еді. Ол жігерлі, батыл, өте қабілетті болды, әрі мақтан-сүйгіштігімен көзге түсті.

Александр Македонский (б. з. б. 356-323 ж.) ежелгі дүниедегі аса ірі қолбасшы және мемлекет қайраткері болды. II Филипп ғұлама ғалым Аристотельді өзінің 13 жасар баласы Александрға ұстаз-дыққа шақырған. Аристотель бірнеше жыл Александрды ғылым мен өнердің болашақ билеушіге қажетті барлық салаларымен таныстырды. Александр Гомердің өлеңдерін сүйіп оқып, көпшілігін жатқа білген.

Александр Македонскийдің Кіші Азияны бағындыруы. Б. з. б. 334 жылы грекмакедон әскерлері Кіші Азия жеріне енді. Парсылар бұл кезде атты және жаяу әскерлерін Граник өзенінің жағасына ор-наластырды. Олардың мұндағы мақсаты Александр әскеріне тосқауыл жасау еді. Бірақ та парсы державасында бірлік болмады. Парсылар жаулап алған халықтар тарапынан өкіметке карсы наразылықтар туған еді. Ал мұндай жағдайлардың бәрі македондықтардың Азия жеріне баса көктеп кіруіне қолайлы болды.

Александр Македонский өз әскерімен Граник жағасына келді. Оның 30 мың жаяу және 40 мың атты әскері болды. Граник өзенінің бойында б. з. б. 334 жылы Александрдың әскері парсылардың әскерін талқандады. Шайқас македондықтардың жеңісімен аяқталды. Бұл жеңістен кейін Александр Македонскийге Кіші Азияның ішкі бөлігіне карай жол ашылды. Кіші Азияның кейбір қалалары Алек-сандрға соғыссыз бағынды, ал кейбіреуін қарудың күшімен алуға тура келді. Сөйтіп, бүкіл Кіші Азия Александрдың қолына өтті. Александр Македонский Кіші Азия жерлерін жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізін жағалай оңтүстікке қарай бет алды. Сөйтіп, Финикия жеріндегі Библ, Сидон және Тир қалаларын жаулап алды. Ол өзіне қарсылық көрсеткен халықты аяусыз қырған немесе құлға айналдырған. Тир қаласын алғаннан кейін 8 мың адамды өлтіріп, 30 мың адамды құлдыққа сатуға бұйрық береді.

Парсы патшасын жеңу. Александр әскері мен III Дарий патшаның әскері арасындағы ең ірі шайқас Исса қаласының түбінде болды. Бұл шайқаста Александр әскерін шабуылға өзі бастап шықты. Шайқас атты әскерлердің қақтығысуымен басталған. Александр парсы патшасының қос дөңгелекті арбасына тікелей шабуыл жасады. Үрейі ұшқан парсы патшасы III Дарий қаша жөнелді. Парсылардың македондықтарға қарсы соғысы екі-ақ сағатқа созылған. Македондықтар жау әскерін тұтқынға алып, патшаның отбасын да қолға түсірді. Б. з. б. 332 жылы Александр әскерімен Египетке келді. Египеттіктер Александрды парсылардан азат етуші ретінде қарсы алды. Жаршылар Александрды салтанатты түрде карсы алып, кұдай деп жариялады. Ол бүкіл Египетті өзіне соғыссыз-ақ бағындыр-ды. Патша Ніл өзенінің атырауына қаланың іргесін қалады. Бұл кала Александрия деп аталды.

.

Б. з. б. 331 жылы Александр Қосөзенге келді. Қосөзендегі Гавгамелы елді мекенінде парсылар әскерімен тосқауыл құрған екен. Александр парсыларға қарсы шабуылға ұмтылды. Ол парсылардың шебін бұзып, III Дарий тұрған тұсқа қарай жақындады. III Дарийді қатты үрей билеп, қашуға мәжбүр болды. Гавгамелы түбіндегі шайқастан кейін Александр парсы патшалығының ірі қалалары мен ай-мақтарын бірінен кейін бірін бағындыра бастады.

Б. з. б. 328 жылы Александр Македонский Үндістанның солтүстік бөлігін жаулап алды. Бұл уақытта македон әскерлері ұзақ және ауыр шайқастардан қалжырап, күш-куатынан айырыла бастаған еді. Сондықтан олар әрі қарай жорықтар жасаудан бас тартты. Б. з. б. 324 жылы Александр өз әскерімен Қосөзенге кайта оралды. Сөйтіп Александр Македонскийдің он жылға созылған Шығыска жорығы аяқталды. Б. з. б. 325 жылы Александр Қосөзендегі Вавилон қаласын астана деп жариялайды.

.

Б. з. б. 323 жылы «Азияның патшасы» атанған Александр Македонский кенеттен науқастанып, кайтыс болады. Александрдың қуатты мемлекеті бірнеше патшалыққа ыдырап кетті. Солардың ішіндегі ірілері Македония, Египет және Сирия болды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.