Ежелгі Мидия

Home » Рефераттар » Ежелгі Мидия
Рефераттар Комментариев нет

Ассирия мемлекетімен шекаралас, үнемі олардың қысымын сезінген мидиялықтар б.д.д. VIII ғасырда Ежелгі Мидия патшалығын құрған. Ассирия деректерінде мидия тайпаларының Солтүстік-Батыс Иранға, яғни Элам жеріне б. д .д. I мыңжылдық басында келіп орналаса бастағаны көрсетіледі. Аймақта егін шаруашылығымен айналысқан кассит, кутий, хуррит жэне басқа үндіеуропалық тілдерінде сөйлеген отырықшы тайпалар өмір сүрген.
Ассирия мемлекетімен шекаралас, үнемі олардан қысым көрген мидиялықтар б.д.д. VIII ғасырда бір орталыққа бағынған мемлекет құру мүмкіндігіне ие болған. Тікелей айтқанда, Мидия мемлекетінің пайда болуы арнайы эдебиеттерде б.д.д. 672 жыл деп көрсетіледі. Б.д.д. 672 жылы мидиялықтардың басын қосуға қол жеткізген Кашта-рити ассириялықтар қысымына қарсы көтеріліске шығады. Б.д.д. 671 жылы ассириялықтарды елдің батыс аймағынан қуып, тэуелсіздікке қол жеткізеді.
Б.д.д. 625 жылы Мидия патшасы Киаксар шет ел басқыншыларына тойтарыс беріп, бір орталыққа бағынған мемле-кет қүрады, оның астанасы Экбатан қаласы болады. Ол бүрынғы тайпалық қағидаларға сүйенген ха-лық жасағын қайта құрып, түрақты күшті армия жасақтайды, оны эскери қүрамаларға (найзашылар, садақшылар, атты эскерлер) бөледі. Өзінің бар күшін ежелгі жауы Ассирияға қарсы бүрып, Вавилонмен одақтасады. Б.д.д. 612 жылы Ассирия астанасы Ниневияны жермен-жексен қылып, жойып жібереді. Мол олжаға кенелген мидиялықтар соғысты аяқтауды вавилондықтарға қалдырып, еліне оралады.
«Қосөзеннің жоғарғы жағына ор-наласқан Харран қаласына келіп бе-кінген ассириялықтарға Мысыр көмек-ке айтарлықтай эскери күш жібереді. Вавилон патшасы Набопаласар Киаксардан көмек сүрауға мэжбүр болады. Б.д.д. 609 жылы Мидия эскерлері Харранды алғанда шешуші роль атқарады. Бүл туралы Вавилон дерегі: «Жоғарыдан жэне төменнен, оңнан жэне солдан дауыл сияқты ол (Мидия пат-шасы) келді… Ешбір үрейсіз олардың (харрандықтардың) Аккадпен (вавилондықтармен) шекаралас ордалары мен қалаларын қирата жеңді… ғибадатханаларына да аяушылық білдірген жоқ. Көп үзамай Ассирия қарсылық білдіруін тоқтатты…» [95. 294 б.]
Тарихи дэуірде Кіші Азияның батыс бөлігінде күшті Лидийя патшалығы қалыптасады. Б.д.д. УІІ-УІ ғғ. шамасында Мидия мен Лидийя патшалықтары арасында жерге байланысты қақтығыс ту-ындайды. Геродот осы екі патшалық эскерлерінің шешуші шайқасқа шыққанын жэне табан астынан күн түтылып, екі жақтың да мүны қүдай жіберген жаман ырым, алдын-ала берілген белгі ретінде қабылдап соғыспағанын, патшалардың бейбіт келісім-шартқа қол қойып тарасқанын айтады. Астрономиялық есеп бойынша, бүл б.д.д. 590 жылғы күннің түтылуы болар деген болжам жасалады.
Б.д.д. VII ғасыр мен VI ғасырдың бірінші жартысында Мидия материалдық жэне рухани мэдениеттері өркендеген үлкен мемлекет-ке, мэдени орталыққа айналады.
Мидиялықтар Қосөзен аймағында пайда болған ғимараттардан түпкілікті айырмашылығы бар сэулет өнерінің негізін қалайды. Алғашқыда дөрекі жонылған ағаш бағаналардан тіреу қойылған бөрене немесе тақтайдан жаппа лашықтар жасалса, уақыт өте, үлкен көлемді қоғамдық қүрылыстар, ішінде жеке демалыс орындары, эртүрлі деңгейдегі қабылдаулар мен отырыстарға арналған салта-натты бөлмелері бар патша сарайлары түрғызылады. Арнайы зерт-теу жүмыстары осындай қүрылыстың Экбатан сарайы болғанын көрсетеді.
Ежелгі грек мэліметінде, қазіргі Эльвенд тауының етегінде орналасқан Мидия патшаларының осы сарай құрылысы Киаксар уақытында кеңейтілген, жетілдірілген. Ол бағалы балқарағайдан түрғызылса да, ағаш ешқашан көрінбеген, себебі ғимарат бағаналары мен үстындары ғана емес, қарсысы мен қабырғалары да алтын жэне күміс қаңылтырлармен қапталып, төбесі күміс плиталармен жабылған. Геродот сарай дуалы туралы дөңгелене жоғары, бірінің үстіне бірі тура кішігірім бағана биіктігіндей бой көтерген жеті қабырғадан тұратынын таңдана жазады. «Бұған^ — дейді ол, — бір жағынан жердің жеңіл көлбеулігі қолайлы жағдай жасағанымен, ба-сты эсерді өнер шеберлігі қалдырады. Ішкі жетінші шеңбер орта-сында патша сарайы мен қазына үйі орналасқан… Бірінші сыртқы қабырға үстінде орналасқан бағаналар ақ бояумен, екіншісі қарамен, үшіншісі ашық қызылмен, төртіншісі көкпен, бесіншісі қызғылт сары түспен боялған, соңғы екі қабырға бағаналары күміс жэне ал-тынмен қапталған».
Расында, бірталай жерден қарағанда сатылана орналасқан түрлі-түсті дуалдар мен сарай салтанаты таңқаларлық болған. Тарихшы Дун-кер осы Мидия патшасы сарайының эсемдігі туралы: «Ахура-Мазда Хукайрияның алтын шыңында, таза сэуле аймағында, өзінің алтын тағында қалай отырса, жердегі билік иесіне де, Экбатандағы алтын дуалмен қоршалған, салтанатты алтын сарайында сондай болуы ке-рек. «Авеста» бізге қардай ақ аттардың алдыңғы түяқтары алтынмен апталған, артқысы күміспен күптелген, алтын дөңгелекті күймедегі ал-тын дуылғалы Митраны көрсетеді. Осылай патша сарайының төбе жа-быны жэне қабырғалары алтын, күміспен сэуле шашуы керек», — дейді.
Бұл жерде сенімсіздік тудыратын дэнеңе жоқ. Өйткені, Ассирия эскерін тізе бүктіріп, Ниневияны тонаған мидиялықтар қазынасы адам айтқысыз көп болды. Азияны жаулап алған А. Македонский де сарай қабырғалары мен төбелерінен алтын-күмісті сыдырып алған.
Судың тапшылығынан Эльвент тауының екінші жағында ағып жатқан өзен арнасы бүрғызылып, кеңдігі он бес фут болатын туннель арқылы қалаға кіргізілген. Ежелгі Мидия аңызында осы инженерлік жұмысты патшайым Семирамиданың жүргізгені айтылса, арнайы зерт-теу жұмыстары бойынша, оны Киаксар жүзеге асырған деп болжанады.
Геродот Экбатан қаласының басқа қалалар тэрізді қорған дуалмен қоршалған-қоршалмағаны туралы мэлімет бермейді. Зерттеушілер мүны қаланың тарихшы келгенге дейін жаулап алынғанымен, қорған қабырғаларының қиратылуымен байланыстырады.
XX ғасырдың екінші жартысында ежелгі Мидия жерінде археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген кезде, б.д.д. 1300-600 жылдар аралығына жататын көптеген жэдігер табылған. Олардың ішінен «луристан қоласынан» жасалған тұрмыстық ыдыстар, қарулар, ат эбзелдері, тірлікте бар, шынайы өмір сүретін жануарлар мен қиял-ғажайып жан иелерінің бейнелері ерекшеленеді. 1947 жылы Саққыз қаласының шығыс жағында (42 км шама-сы) орналасқан төбе маңынан үлкен қазына табылған. Олардың ішінде патша қолданған деп болжанатын омырауға тағатын әшекей, семсердің алтын қынабының үлкен бөлігі, алтын, күмістен жасалған ат эбзелдері жэне қыш ыдыстар табылған. Зиккурат қабырғалары бұғы, жыртқыш қүстар, қоян жэне қой суреттерімен безендірілген.
Мидия мемлекеті өте үлкен жерді — Каспий теңізінен Парсы шығанағына дейінгі аралықты алып жатқан. Олардың сақтармен қарым-қатынасы болған. Осының арқасында Ежелгі Шығыс елдерінде атты эскерлердің пайда болғаны жайлы тарихи деректер кездеседі.
Мемлекет қүрамына парсылар да кірді, мидиялықтар мен парсылардың бір-біріне жақын болғандары сонша, оларды ежелгі грек авторлары ажырата алмай, араластырып жіберген. Геродоттың грек-парсы соғыстарын мидиялықтармен соғыс деп атауы осыған дэлел болады.
Б.д.д. 585 ж. қайтыс болғанКиаксардыңүлкенимпериясы, барлық мүрасы ұлы Астиакқа (585-550 жж.) қалады. Осы тарихи дэуірде Ми-дия мен Вавилон арасындағы қатынас шиеленісіп, екеуі де соғысқа дайындала бастайды. Бірақ, күтпеген жерден пайда болған жау б.д.д. 550 жылы Мидияны жаулап алады. Арнайы эдебиеттер бұл жаудың парсылар екенін көрсетеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.