Ежелгі Мысыр

Главная » Рефераттар » Ежелгі Мысыр

Ежелгі Мысыр қоғамы жан-жағын сұрқай шөл басқан, ені үш шақырымнан жиырма шақырымға дейін жететін Ніл өзенінің жасыл желек жамылған аңғарында қалыптасқан. Жерорта теңізіне құяр жерінде тармақталып кететін өзен мыңдаған жылдар бойы сумен араласып келген тропикалық өсімдік қалдықтары, ығынды көкөніс тоспаларымен теңіз атырауын толтырады. Олар даладағы табиғи тыңайтқышқа айналып, егін өніміне әсерін тигізіп, тіршілікке қолайлы «жасанды» мекенді өмірге экеледі. Міне, осыдан да болар, ежелгі грек тарихшысы Геродот Мысырды «Нілдің сыйы» деп атайды.
Ежелгі мысырлықтар Ніл өзенін жағалай созылған екі тау тізбегінің ортасында орналасқан өз елін Та-Кемет — «Қара Жер» деп атаған. Осы жерге келген өзге ел адамдарының: «неге Қара Жер?» деген сұрағына, «Қара — қү_нарлы жер, ал «Қызыл Жер» — аңызақ жел, ыстық аптап соққан таулы қыраттардың екінші жағы. Шөл дала — ажал ү_рығын сепкен зұлым Сеттің патшалығы. Өмір «Қара Жерде», жасыл желек жамылған аймақта», — деп үлкен ыжданатпен жауап берілген.
Өзен қүдайы қайырымды Хапи — беліне балықшы алжапқышын байлаған ересек ер адам, Нілдің қожасы, су тасқынының эміршісі. Ол эрбір жыл сайын өзен суын кең далаға жайылуға мэжбүр етеді; су қайтқан кезде егіс алқабында құнарлы қалың шөгінді қалады. Осы Та-Кемет жерін жанды қара түске батырады… [1. 26-6.].
Ніл өзенінің аңғары бірде суы тасып, ернеуінен асқанда шалғынды, шүрайлы жерге, енді бірде су деңгейі көтерілмей, күн күйдірген жансыз, сағым ойнаған маң далаға айналады. Егін шаруашылығы болмаған бастапқы кезде өзен бойында мал шаруашылығымен айналысқан көшпенді тайпалардың өмір сүргені жайлы деректер бар.
Археологиялық қазба жұмыстары ежелгі Мысыр қоғамының, мэдениетінің қалыптаса бастауы — энеолитке, тас-мыс дэуіріне сэйкес келетінін көрсетеді. Осы кезде өзен бойы құнарлы, егін шаруашылығына тиімді, халық тығыз қоныстанған қасиетті мекен болған.
Б.д.д. У-ГУ мыңжылдықтар шамасында осы өзен аңғарына белгісіз бір халық келіп қоныстанған. Зерттеушілер еңбектерінде бүлар, азиялық семит тайпасының бір бөлігі болуы мүмкін деген жорамал жасалады. Табиғат тануда, оны игеруде үлкен жетістікке жеткен осы адамдар құрғақшылықтан сақтану жолдарын қарастырып, жасанды суландыру жүйелерін жасайды, жетілдіреді. Тасыған өзен суын тоқтату жұмыстарымен айналысады, суы мол жерден егіншілікке қолайлы басқа өңірлерге арықтар тартылады. Жер өңделіп, су бөгейтін жасанды тоғандар салынады, қүрылыстар түрғызылады.
Тарихшы Д.И. Иловайский өзінің «Древняя история. Средние века. Новая история» кітабында осы ел түрғындарының қолымен, III Аменемха перғауынның бүйрығымен қазылған ең үлкен су қоймасы Мери (мысырлық түсінігі көл деген үғымды білдіреді) деп аталатынын, ал арықтар ортасындағы айтарлықтай үлкен Иосиф каналының Ортаңғы Мысырды бойлай, Ніл өзеніне паралелль ағатыны туралы мэліметті береді [2. 4 б.]. Демек, ежелгі заманның өзінде өзеннің мол суының адам өміріне қауіпсіз болуы, ел игілігіне пайдаланылуы, ылғалды үзақ сақтаудың мүмкіндіктері қарастырылды.
¥жымдасқан еңбек бір орталыққа бағынған күшті билікті, көптеген адамның ортақ мүддеге жүмылдырылуын қажет етеді. Материал д ық игіл іктер мен адам санының жеткіл ікті болуы ғажайып үлкен қүрылыстар түрғызуға, мемлекеттің гүлденуі ғана емес, басқаларға үлгі боларлық ғибратты өмір салтын қалыптастыруға жағдай жасайды. Уақыт өте, мол өнімнің арқасында халықтың белгілі бір бөлігі тікелей егін шаруашылығы жүмыстарынан босап, діни рэсімдерді атқарумен айналысады, қол өнерімен шүғылданады. Аңыз әңгімелер, діни сенімдер, алғашқы білім негіздерінің пайда болуы, таралуы Ніл аңғарының өркениет жолына түскенін білдіреді.
Ең алғашқылардың бірі болып мэдениет дамуы жолына түскен ежелгі мысырлық дүниетанымнан элемнің жаратылуы, күн қүдайы жэне Осирис туралы аңыздар ерекшеленеді.
Әлемнің пайда болуы туралы аңыздар. Есте жоқ ерте заманда Хаос — шетсіз де шексіз әрі түпсіз Нун деп аталған мүхит болыпты. Нунның салқын суы қозғалыссыз, көңілсіз көрініс. Ол кезде ауа да, жылу да, жарық та болмай, барлық жерді меңіреу тыныштық жайлайды. Қаншама ғасыр өтсе де, оны ешкім бүзбайды, Нун мүхиты қозғалыссыз… сүрықсыз…
Дегенмен, бірде ғажайып оқиға орын алады. Аяқ астынан су буырқанып, жал-жал толқындар көтеріліп, оның бетінен ¥лы Құдай — Атум көрінеді.
— Мен өмір сүремін, — деп оның ғаламды тітіркендіре, күркірей үн қатқан даусы, өмірдің басталғанын мэлімдейді.
— Мен мүхит суынан өзімді-өзім жасай алдым, енді элемді де жаратамын! Менің экем де, анам да жоқ; бар Ғаламдағы бірінші қүдаймын, мен өмірге басқа қүдайларды да алып келемін!
Айналаның бэрі үнсіз, қараңғылық қүшағында еді. Мүхитта элі де болса, аяқ басарлық қүрлық жоқ. Атумды жүтып қоярдай, төменде көбіктеніп, қапас иірімі буырқанады. Қалайда жерді, ажал тырнағынан қүтқарар кішігірім арал, қүрлық жасау керек болды…
Үлкен күш жүмсап судан ажыраған Атум түңғиық бетінде қалықтап, екі қолын жайып, сиқырлы дүға айтады. Сол сэтте қүлақ түнарлық қатты дыбыс шығып, шашыраған көбік ортасынан Бен-Бен төбесі көрінеді. Төбеге түскен Атум енді не істеуі керек екені туралы толғанады: «Әрине, мен басқа қүдайларды жасаймын. Тек, кімнен бастаған жөн? Әлде… қүнарлылық қүдайынан бастасам ба екен? Бірақ, өсімдіктер мен астық шығатын жер жоқ емес пе?! Егін егіп, оны жинайтын адамдар да жоқ… Дұрысы — желді жасаған. Жел болмаса, мүхитта тыныштық орнап, мэңгі қозғалыссыз қалады. Иэ, оған қоса, мүхит суы, ылғал атаулы бағынатын эйел қүдайды жасайын…».
Атум жел қүдайы Шу мен ашулы арыстан басты ылғал, жауыншашын құдайы эйел Тефнутқа өмір береді. Бүлар жердегі бірінші құдайлар жүбы болды.
Дегенмен, қайғы-қасіреттің де ауылы алыс емес еді. Әлі де болса Ғаламды қоршап жатқан мейрімсіз түнекте Атум балаларын жоғалтып алады. Қаншама дауыстап шақырса да, өзегі өртеніп жыласа да, меңіреу су айдынынан ешбір жауап болмайды. Шарасы таусылған Атум көзін жүлып алып:
— Көзім, мен не айтсам, соны істе. Мұхит Нунға түс, балаларым Шу мен Тефнутты тауып, маған алып кел!-дейді.
Уақыт жылжып өте береді. Барлық жерде караңғылық қапасы, мүлгіген тыныштық пен салқын суықтық… ¥зақ күтіп шыдамы таусылған Атум жаңа көз жасап, оны бос қалған үяшыққа орналастырады. Бірақ, осы бойда ол алыстан бір дыбыс есіткендей болады. Уақыт өткен сайын дыбыс күшейе береді: алғаш пайда болған жалғыз төбеге қарай біреулер келе жатыр, дауысты да ажыратуға болады… Құдай өз балаларының дауысын таниды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.