Ежелгі Мысыр патшалығы

Главная » Рефераттар » Ежелгі Мысыр патшалығы

Ежелгі Мысыр патшалық туралы алғашқы мәліметтерді тек археологиялық қазба жұмыстары береді. Онда Ніл өзенінің егіншілікке қолайлы екі жағасы мен теңізге құяр атырауы аралығында Жоғарғы жэне Төменгі Мысыр аталған алғашқы мемлекеттік қүрылымның қалыптасқаны көрсетіледі. Саяси бірігуге дейін, яғни мемлекеттік қүрылым қалыптасқанға дейін, олардың эрқайсысы өз алдына жеке өмір сүрген. Бір орталыққа бағынған саяси жүйенің пайда болуы, жалпы мысырлық билеушілер эулеті негізінің қалануы, яғни патша түқымының бірінен соң бірінің мүрагерлік жо-лымен патша тағына отыруы (б.д.д. ІУ-ІІІ мыңжылдықтар шамасы) Менес перғауын атымен байланыстырылады. Зерттеушілер, байырғы тарихи уақытқа жататын Нармер ескерткішіндегі бейнелерді Ежелгі Мысыр мемлекетінің бірігуін айғақтайтын мэлімет ретінде қарастырады.
Рухани сүраныстардың өсуінен фетиштік наным-сенімдердің орнына адамдық қасиеттерге ие болған, табиғат қүбылыстарын өзіне бағындырған айрықша жан иелері келеді. Мысалы, Гапи -бүрынғы өзен емес, адам кейпіндегі құдай. Ол басына гүлден тэж киген қүрметті адам түрінде көзге түседі. Күн қүдайы Ра немесе Аммон да адам пішінді жэне адами қасиеттерді иеленеді. Табиғат қүбылыстарынан ажыратылған жэне оны басқарған қүдайлар өмірі, олардың элемге қатынасы кісіге үлкен эсер береді.
Қазіргі кезде мектеп оқулықтарынан бастап, бар эдебиетте Мысыр пирамидалары перғауындардың соңғы түрағы, яғни зираты деп аталады. Олардың қабір болуы да мүмкін, оның ешқандай анайылығы жоқ. Дегенмен, бұл — ең көп таралған, көпшілік мойындаған пікір десек те, олардың расында қабір екеніне дэлел жоқ. Зерттеушілер, Снефрудің (б.д.д. 2575-2551 жж.) қызыл пира-мидасынан табылған адамның бірнеше сүйек бөлігін есепке ал-майтын болсақ, онда ежелгі Мысыр пирамидаларының ішінде му-миялар да, қабір мэтіндері де, жерленген адаммен бірге қойылатын күнделікті түрмыста қолданылатын заттар да болмады. Бүлар Пат-шалар алқабында жерленген эулет өкілдерінен, соның ішінде Тутан-хамон қабірінен табылды, деп көрсетеді. Осындай тура дэлелдердің жоқтығына қарамастан, оқымыстылар пирамидаларды қабір кате-гориясына жатқызады. Олардың бос болуын қазына іздеушілердің тонаушылық эрекетімен байланыстырады…
Ежелгі суреттер мен мэтіндер сыры ашылғаннан кейін, пирами-далар қүрылысының қалай жүргізіліп, жобаланғаны белгілі болды. Археологтар еңбектері пирамидалар жобасы жасалғанда екі күрделі міндеттің пайда болғанын көрсетеді. Біріншісі — пирамида орналаса-тын жердің тегістігі. ¥зындығы 200 м, ені 100 м болғанда, бүл оңайға соқпайды. Екіншісі — қабырғалар үшының үлкен биіктікте, белгілі бір нүктеде түйісуін есептеу Сәулетшілер осы проблемаларды жоғары дэлдікпен орындай білді. Қүрылыс жобасының жасалуына үлкен мән берілген. Жоспарларда мазардың жалпы өлшемі, дэліздер мен жеке бөлмелердің орналасуы, қабырғаға жазылатын мэтіндер мен салынатын өрнектер жэне т.б. мэліметтер көрсетілген. Архео-логтар біздің заманымызға IV Рамсес перғауын қабірінің жобасы жеткенін көрсетеді. Онда түрғызылатын қүрылыс сүлбасын эртүрлі жағынан көрсететін, масштабсыз сызылған, шамамен алынған жоба сақталған.
Геродот мэліметінде, Хеопс Мысыр халқын екіге бөліп, жұмыс істеуге мэжбүр еткен. Ол бір топқа Арабия тауынан қүрылыс ма-териалы болатын тастарды Ніл жағалауына жеткізуді, екіншісіне осы тастарды өзен бойымен Ливия тауының етегіне алып келуді бүйырады. Қүрылыста эрбір үш ай сайын ауысып түратын 100 мың адам жүмыс істейді. Тастарды өзенге жеткізетін жолды салуға он жыл уақыт кетеді. Геродот оның ауыртпалығының жиырма жыл бойы тұрғызылған пирамида жұмыстарынан кем болмағанын көрсетеді. Бір-біріне өте мұқият орналастырылған, жан-жағы тегістелген пирамида блок тастардан төрт бұрышты қаланып, бірнеше бөлікке бөлініп тұрғызылған. Бірінші бөлік жұмыстары аяқталған соң, тас блоктарды қысқа ағаш бөренелерден жасалған арнайы көтергіш құралдар көмегімен жоғары шығарған. Пирамиданы эрлеу жұмыстары жоғарғы жағынан басталып, сосын ортаңғы бөліктерінде жалғастырылған. Төменгі бөлік пен іргетасты эрлеу жұмысы соңына қалдырылған.
Діни рэсімдік орындардың алғашқы қауымдық құрылыс зи-раттарына ұқсас болғанын қазылған шұңқыр (лақат) үстіне төбе етіп үйілген тас, қиыршық қүм іздері көрсетеді. ¥заққа шыдамаған мүндай төбелер кезінде сазбен сыланған, қам кесекпен қаптай қаланған. Атап айтқанда, осындай бекітілген төбе негізінде кейін ұзақ уақьіт қолданыста болған мазар — мастабалар пайда болады. Археологиялық қазба жүмыстары байырғы мастабаларға дейін тұрғызылған азаматтық құрылыс туралы мэліметтердің жүтаңдығын мэлімдейді. Тек кейінгі уақытта, пирамидалар жанында бой көтерген қалалардың орны, түрғын үйлер туралы мэліметтерді келтіреді.
Зерттеушілер Саккара мен Гиза үлы перғауындарының пирамидалары төңірегінде мазарлардың бүтін қала тэрізді көшені бойлай орналасқанын мэлімдейді. Осы қам кесек немесе тас қүрылыстарды арабтар мастаба (орындық деген үғым беред і) деп атайд ы. Мастабал арежелгі Мысыр (І-ІІ династиясы уақыты) дэуірінде пергауындарға, мырзалар мен танымал адамдарға арнап тұрғызылған құрылыстар. Бастапқы мастабалар көлемі үлкен болған. Оның жер асты бөлігінде орналасқан лақатқа тік құдық арқылы түскен. Мэйіт қойылған соң, лақатқа барар жол, шахта көміліп, білінбейтіндей тегістелген. Арнайы жасалған қабырға қуысына есікке үқсастырып (жалған есік) құлпытас қойылған. Оған мэйіттің аты мен тірлігінде атқарған қызметі жазылған. Жалған есік арқылы мәйіттіңрухы кіріп, эруағына арнап оқылатын дұғаға қатысып, экелінген қүрбандық, садақа, сыйды қабылдайды деп есептелген.
Кейін табыну орны мастаба ішіне, тар дэліз алып баратын діни сиыну орнына ауыстырылды. Осыдан тұтас үлкен мастаба құрылысында ішкі бөлмелер пайда болады. Арнайы эдебиеттер діни ғибадат орнының алғашқыда крест түрінде орналасқанын, оған жалған есік пен садақа мехрабы қойылғанын көрсетеді. III династиялық уақыттан бастап діни ғибадат орнының қабырғалары сурет, барельефтермен (тегіс нэрсеге түсірілген бедерлі сурет) безендіріле бастайды. Фрескаларда (ғимарат қабырғасындағы сурет) аңшылық, балық аулау, егін алқаптарындағы жұмыстар бейнеленеді.
Діни ғибадат орны жанында мәйіттің мүсіні қойылатын, барлық жағынан қабырғалар түрғызылған кішігірім бөлме — сердаб ор-наласты. Оны ғибадат жүргізілетін жермен перғауын көздерінің деңгейінде орналасқан кішкене терезе байланыстырады. Осы арқылы мүсінге енген мэйіт рухы жерлеу рэсімін көре алады.
Б.д.д. III мыңжылдық шамасында өмір сүрген сэулетшілердің шығармашылық табыстары ауқымды болды. Олардың үздік жетістіктерінің даңқы көптеген елдерге жайылды. Тастың қүрылымдық (конструктивтік) жэне сэндік (декорациялық) ерекшеліктерін білу, перғауынға арнап мыңдаған жылдар бойы уақыт сынына төтеп берген пирамидаларды тұрғызуға мүмкіндік берді. Күн ғибадатханасы, нақты жоспарланған қүрылыстарда жеке бөлмелер пайда болды. Кеңістік көркемдігі ретінде тіреуіш үстындар жүйелі пайдаланылды. Ғимараттар, мүсіндер, рельефтер жэне т.б.-дың үйлесімді көрініс табуы, элемдік сэулет өнері жетістігіне қосылған үлкен үлес болды.
Бір орталыққа бағынған мемлекет құруға мысырлықтар б.д.д. ХХУЙІ-ХХІП ғғ. аралығында қол жеткізді. Осы тарихи дэуірде перғауын Джосер Хи-Ку-Пта (Египет деген сөз осыдан шыққан) атанған елдің астанасы Мемфис маңында бірінші пирамиданы түрғыздырады. Джосер пирамидасы жоғары қарай сүйірленіп, үшталып, сатылай салынған.
Ежелгі мысырлық сэулет өнерінің жетістігі — Джосер пирамида-сы б.д.д. 2600 жылдар шамасында пайда болып, кейінгі пирамидалар кешенінің бастауында түрды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.