Ежелгі Мысыр

Главная » Рефераттар » Ежелгі Мысыр

Ежелгі Мысыр — жер бетіндегі әлемдік билікке ұмтылған ең алғашқы мемлекет, ең алғашқы империя. Мысырлықтардың пайымдаулары және танымдары олардың құрылыстары мен иероглифтерінен көрінеді. Ежелгі Мысыр мәдениетінің аса маңызды ерекшелігі — оның өлімге қарсылығы, оны қабылдамауы. Мысырлықтардың өмірге ала бөтен құштарлығы бүкіл болмыстарынан, мәдениетінен, діни сенім — нанымдарынан айқын көрініс тапты. Мысырлықтар, әсіресе олардың патшалары өмір бойы өздерінің өлгендегі мәңгі бақи қоныстарын, молаларын дайындаумен болған. Б.д.д. 3 — 2 мың жылдықтарда фараондарға арналған пирамидалар мен ғибадатханалар тастан салынған. Мысыр пирамидаларының ішіндегі ең көнесі — фараон Джосердің пирамидасы бұдан 5 мың жыл бұрын тұрғызылған. Ол аспанға өрлеген баспалдақ әсерін береді. Пирамидалар ішінде фараондардың мумияларын жерлеген. Ең зор, ең көрнекті пирамидалардың бірі — Хеопс пирамидасы. Мұны 20 жыл бойы жүздеген мың адамдардың асқан жанқиярлықпен тұрғызғаны белгілі. Пирамиданың биіктігі 147 метр. (қазір 137 м.), ауданы — 55000 шаршы метрдей. Ғалымдардың есебінше, пирамиданы тұрғызу үшін әрқайсысы 2 — 3 тонна болатын 2,3 млн. тас жұмсалған. Ежелгі құрылысшылардың шеберлігі мен жұмыстарының сапалылығына қайран қалмасқа болмайды. Пи-рамида тастарының бір — біріне жымдастырып салынғаны сондай, араларынан ине өтпейді. Сондықтан оларды «дүниенің жеті кереметінің» арасына қосуы тегіннен тегін емес. Мысырлықтардың дүниежүзілік мәдениетке қосқан аса зор үлесі ең алғашқы жазу — сызуды ойлап тапқандықтары еді. Бізге дейін жеткен ең ежелгі Мысыр мәтіндері — құдайға табыну және шаруашылық жазбалары. Мысыр мәдениетінің монуметтік және бейнелеу өнері иероглифтермен өрнектелген биік обелискілер түрінде жетті. Бұлардан басқа Ежелгі Мысыр көркемөнерінің аса құнды ескерткіштерінің қатарына мүсіндік портреттер жатады. Олардың ішінде фараонның әйелі Нефертитидің, фараон Аменемхеттің, фараон Ш Сенусерттің мүсіндері — жалпыадамзаттық көркемөнердің алтын қазынасынан берік орын алған дүниелер. Мысырда ғылым салалары, олардың ішінде астрономия, математика, медицина өте жақсы дамыды. Құнарлы Ніл аңғарында өмір сүрген мысырлықтар егін шаруашылығында жақсы табыстарға жетіп отырған. Еңбек өнімділігі жыл сайын артып, астықтан мол өнім алынған. Сондықтан мысырлықтарға егін шаруашылығын өрістету үшін есеп қажет болды. Әуелі арифметика, содан кейін математиканың күрделі салалары, оларға қоса жыл мезгілдерін, ауа райын болжау үшін астрономия игерілді. Ал геометрия орасан зор пирамидалар мен ғибадатхана құрылысын жүзеге асыру қажеттілігінен туындады. Медицина ғылымы белсенді дамьш, адам ағзасындағы мидың рөлі анықталды. Б.д.д. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында шардың беті есептеп шығарылды. Күн сағаты анықталды. Б.д.д. 2 -мың жылдықтың аяғы мен 1 — мың жылдықтың басында Мысыр мәдениетіне Крит пен Сирияның мәдениеті жедел ене бастады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.