Ежелгі Үнді философиясы

Главная » Рефераттар » Ежелгі Үнді философиясы

Ежелгі Үнді философиясы белгілі бір құрылым немесе мектептер шеңберінде дами отырып, үлкен екі түрлі топқа: ортодоксалдық (Вед әдебиетінің беделін мойындайтын) және бейортодоксалдық (Вед эдебиетінің беделін мойындамайтын) деп бөлінеді. Ортодоксалдық негізінен діни бағыттағы мектептер: ведан-та, миманса, санкхья, йога, ньяя, вайшешика болса, бейортодоксалдық философия — ортодоксалдыққа балама, өзге ой көрінісін тапқан үстанымдар: буддизм, жайнизм, чарвак-локаятиктер еді.
Ортодоксалдық ілімдер Вед әдебиетіне сүйеніп қана қоймай, оны қасиетті кітап ретінде қарастырды. Мысалы, миманса ведалық мэтіндерді ең жоғарғы бедел ретінде қабылдап қана қоймай, одан абсолюттік, мэңгі өмір сүретін өте жоғаргы сезімтал эмбебап суб-станцияны да көреді.
Миманса философиялық мектебінің өзіндік ерекшелігі -ведалық салт-жоралғыларды ардақтап, таным теориясы мең қисын сүрақтарына үлкен көңіл бөледі. Таным теориясы көмегімен заттарды дұрыс пайымдап, мэніне жетіп қоймай, оған негізі болатын метафизикалық түсініктер сырын, мазмұнын ашуға ұмтылады. Сезімдік таным білімнің айрықша бастауы ретінде қарастырылады. Қабылдау нысандары эртүрлі шынайы объективтік белгілерге ие болады деп сипатталады. Сезімдік қабылдаудан өзге қисындық тұжырымдар, салыстыру, қасиетті кітаптардың беделді куэліктері де таным бастауы деп есептеледі.
Осы бағытта дамыған Веданта мектебінің негізін Бадараяна қалаған. Жан мен құдайдың қатынасына жасалған пайымдаулар бұл ілімнің сан алуан түрінің өмірге келуіне себепші болды. Солардың бірінің негізін қалаған Мадхва жан мен құдайдың шын мэнінде айырмашылығы бар екенін, екіншісінің бастауында тұрған Шанкара олардың толық бірлігін мойындайды. Философиялық құрылымның мазмұны оның атында бейнеленген, веданта — тікелей аударғанда «Веданың соңы» дегенді білдіреді. Өз негізінде веданта — упани-шадты, вед мэтіндерін мистикалық негізде жүйелі қайта өңдеуге жасалған талпыныс.
Веданта материалдық күштердің өзара эрекеттестігінен элемнің пайда болғанын жоққа шығарады. Брахма барлық затты туындата-тын жалғыз нақтылық (реалдық) деп мойындалады жэне ол элемнің абсолюттік рухани мэні деп түсініледі. Шанкараның пікірінше, құбылыстар элемі — біздің сезім мүшелеріміз қабылдайтын бұлдыр үміттің эсері. Құбылыстар элемі — тек қана білмеуден ту-ындайтын елес. Білместіктен элем адамға уақыт пен кеңістікте нағыз шындық сияқты елестейді. Сондықтан брахма — элемнің анықтауға келмейтін абсолюттік мэні, ең жоғарғы жан иесі. Қайта айналып дүниеге келуден шығудың жолы тек қана білімде, басқаша айтқанда, бэріне жоғарғы Шындық көзімен қарауда. Әлемнің барлық өзіндік өзгергіштігі — жаппай алдану салдарынан тұратын түсінік, өзгермейтін шындық — брахма, мұнымен теңесетін тек жеке өзіндік Жан (атман). Бұл ілімнің пайымдауынша, өз тэнімен тығыз байла-нысты жанның еркіндігі жоқ, ол тек сезімдік лэззат алуды аңсайды. Жанды езгіге, құлдыққа ұшырататын білімсіздікті жеңуге Веданта ілімін игерумен ғана жетуге болады.
Патанджали негізін қалаған Йога философиясының шығармалары біздің дэуіріміздің II ғ. бастап жарық көреді. Оның қысқа, ықшам стильде жазылған еңбектеріне Вьяса (IV ғ.), Вачаспати сияқты авторлар жиі түсініктеме береді, мектеп ілімін ой елегінен өткізіп, терминологиясы мен басқа да үстанымдарын байытуға талпынады. Психологиялық оқытулар жэне психологиялық кате-горияларды зерттеуге назар аударған йога философиясы ертеден келе жатқан эртүрлі күрылымдардың медитация қағидаларынан ба-стау алады. Кең көлемде «йога» сөзі медитациялық тэжірибелерді белгілеу үшін қолданылады.
Бағытты психологиялықжаттығулар ережелерін баяндау — барлық қүрылымның маңызды элементі. Оның жекелеген элементтерінің ішінде өзін үстай білу (яма), дененің белгілі бір жағдайда тыныс алуды меңгеруі (асана), сезімді сыртқы эсерлерден айыру, оқшаулау (пратьяхара), ойды жинақтау (дхарана), медитациялар (дхьяна) жэне соңғысы, күшпен тартып алу күйі (самдхи) — денелік сыртқы қабықтан босану бар. Бүл жаттығулардың техникалық аспектілерін жете зерттеген йога философиясы өзінің соңғы даму деңгейінде абсолюттік жан иесінің өмір сүретінін, яғни ишвараны мойындайды. Ол өз мэнінде жетілген жэне өз мектебі жақтастарының жанының карма мен самсара ауыртпалығынан қүтылуына көмектеседі.
Тағы бір үнділік қүрылым — вайшешика мектебінің негізін Ка-нада (б.д. I ғ.) қалайды. Вайшешика қүрылымында нақты ғылыми дүниетанымдық тенденциялар бар. Мектептің негізгі тезистері -тоқтаусыз, үздіксіз өзгерістер, циклдік үдеріс, пайда болу мен қүлдырау мэңгі дегеннен басталады. Дегенмен, бүл үдеріске түрақты элемент атом (ану) тэн. Вайшешиктер түсінігінде атомдар мэңгі, жоқ болып кетпейді, ешкім жасамаған. Осыған қоса, олар он жеті түрлі сапалыққа (гуна) ие. Атомдардың барлық уақытша қосылуларынан біздің сезіміміз оңай қабылдайтын, түсінетін жанды жэне жансыз денелер пайда болады жэне өмірге қайта келу — атомдардың үздіксіз қосылуы мен ажырауының нэтижесі. Вайшешиктер мэтіндерінде атомның шар тэрізділігі (паримандала) айтылады. Категориялары бойынша жалпыға (саманья) жэне жекеге (вишена, мектептің аты да осыдан) бөледі, эрқайсысы барлық денеде болады жэне соның негізінде денелер бір-бірінен ажыратылады. Барлық сапалық жэне мөлшерлік айырмашылығында денелі жэне денесіз заттардың ортақ мэні бар, өйткені олар субстанциялардан түрады. Бірінші кезекте материалдық негізі бар субстанциялар сөз болады (су, от, жер, эфир). Дегенмен, вайшешика материалдық емес субстанциялардың болатынын да мойындайды, бүл — психикалық сапалықтардан тұратын жан (атман). Жан материалдық емес, мэңгі жэне шексіз, екі түрде өмір сүреді: ишвара немесе параматман (абсолюттік немесе жоғарғы жан). Өз мэнінде жетілген жэне барлық жерде бар жандар өмірдің шексіз айналмалы қүйынында қыдырып жүреді.
Ньяя мектебі үстанымдары вайшешиктермен тығыз байланы-сты. Ньяя вайшешиктердің метафизикасын қабылдайды, бүл екі мектеп мэтіндері қайшылыққа келмей, белгілі бір жағдайларда бір-бірін толықтырады. Шығармашылық қызметі біздің дэуіріміз басы-на түстас келетін Акшапада Готама ньяя мектебінің негізін қалаушы деп есептеледі. Ньяя — логиканың көмегімен метафизика сүрақтарын зерттеуге ден қойған қүрылым.
Ньяяның таным теориясында логикаға, соның ішінде сенімді үдерістерге, ақиқат танымға (прамана) айрықша көңіл бөлінеді, оған сезіну жэне үқсастық тәсілімен қорытындылау тэрізді танымның бірнеше бастауы енгізіледі. Кейбір мектептерде бүл бастауларға шаб-да (сөз) қосылады, вед мәтіндері мен басқа да мектептердің беделіне сілтеме жасалады. Таным түріретінде тек сезімдіктаным қолданылады. Ньяя мәтіндерінде эртүрлі категориялар егжей-тегжейлі зерттеледі, мысалы: жете түсіндіру, таным нысаны. Логикалық талдау мен ақиқат критерийі мэселесі, қағидалары қарастырылады.
Үнді елінде пайда болып, элем дініне айналған Буддизм -философиялық ілім. Оның негізін қалаушы — Үнді елінің шакья тай-пасынан шыққан Гаутама Сиддхартха (б.д.д. 563-483 жж.). Аңызға қарағанда, ол гүлдеген бақ ішінде қүрбыларының ортасында мұңсыз өмір сүреді. Бір күні қалаға келіп, халықтың шексіз азабын көріп, 28 жасында лэззатты өмірден бас тартып, брахмандармен сүхбаттасып, дүниенің терең мэнін іздеудің жолына түседі. Бірде са-ялы, қасиетті бодхи (таным) ағашы көлеңкесінде отырып терең ойға шомып, кемел көрегендікке қол жеткізеді. Сол күннен бастап ол Буддаға, яғни рухани тазарған, даналық деңгейге көтерілген эулиеге айналады, ашқан ілімін халық арасында кеңінен тарата бастайды. Будда ашқан «Төрт ақиқат»:
— бүл жалған дүние зардапқа толы, адам ауырып азап шегеді; эке-шешесінен, ағайын-туғанынан, сүйген жарынан, жолдас-жо-раларынан айырылып, қайғырады. Өмірде тілегеніне жете алмай, қиналады, «өтпелі пенденің өмірі азапқа толы» болады. Азапты жеңу үшін оның шыққан қайнар көзін, келесі себептерді жою көрсетіледі;
— өмірге деген құштарлық, өмірге деген іңкәрлік, лэззатқа тоймаушылық. «Құмарлықтан күшті от жоқ; жек көруден артық жамандық жоқ; тэннен артық бақытсыздық жоқ; тыныш өмірден артық бақыт жоқ». «Ол мені аяғымен таптады, ол мені үрды, ол мені жеңді, ол мені жалаңаш қалдырды» деген тәрізді ойларды ішінде сақтаған адам ызалы, кекшіл;
— азаптың себебі анықталғаннан кейін оны жоюға болады, өйткені «бүл дүниеде ешқашан жек көруге, кек алуға, өшпенділікке шек қойылмайды, тек оның негізін, жек көруді тоқтату арқылы оны шектеуге болады… Адам қүмартудан қүтылса, надандық пен жек көруден арылса, еш нэрсеге байланбаса ғана эулиелік жолға түседі!»;
~ азаптан қүтылудың жолдары бар. Олар: дұрыс көзқарас, дұрыс сөйлеу, дұрыс бағытта ойлау, дұрыс өмір салты, дүрыс жүріс-тұрыс, дұрыс бетбұрыс, дұрыс күш салу, дұрыс зейін қоюда.
Лэззат пен құмарту жолына түскен адам түрпайы, дөрекі, пайда-сыз, осымен қатар, өз денесімен күресіп, оны қинаған адам да азаптан құтыла алмайды. Тек ортаңғы жол, дүние ақиқатын ашатын білім ғана адам жанын тыныштыққа, даналыққа алып келеді. Тек Будда көрсеткен жолға түскен адам азаптан толық құтылады, нирванаға жетеді.
Ақиқат жолымен өмір сүретін оқушы, сезімдік қүмартудан арылса ғана жетілу жолына түседі. «Дүниеде жел бар ма?» «Бар». «Онда маған желдің түсін, бітімін, көлемін, үлкен элде кіші ме, ұзын ба элде қысқа ма, көрсетші», — дейді Будда. Шэкірті: «Ол мүмкін емес, мен оны көрсете алмаймын, желді қолмен үстауға, қүшақтап қамтуға болмайды, бірақ ол бар», — дейді. Будда: «Сол сияқты, нир-вана бар болғанымен, саған оны көрсете алмаймын», — дейді.
Буддизм ілімі азап шегуді тоқтату үшін адамды бұл жалған өмірдің қызығына байланбауға шақырады. Өмір адамды өзінің бір-бірімен байланысты шексіз ағымына салып, дүниеге келу заңының шеңберінен шығармайды, бітпейтін зардап шектіреді. Бұл дүние -«Мая» — ұлы сағым, елес, алдамшы.
Буддизм — бірінші болып адам рухын, оның құдіретті күшін көрсеткен философия. Оның гуманистік-адамгершілік жақтары — ой, іс-эрекет тазалығы, тіршілік иелеріне жэбір көрсетпеу, зүлымдыққа соған тең күшпен қарсы шықпау, дүние қумау, кемтарға қол үшын
беру… Ежелгі жэне ортағасырлық Үнді елінде эртүрлі, көптеген діни философиялық бағыттарға балама ретінде бейортодоксалдық неме-се натурфилософиялық бағытта дамыған мектептер де бар. Деген-мен, бүл мектептерден осы заманға ешқандай түпнүсқа мэтіндер
жетпеген.
Үнді философиясының натурфилософиялық көзқарастары дүниені бестүрақтыданқүралады деп есептейді. Олар-жер, су, от, ауа, кеңістік. «Осы дүниеде бес түрақты қосылған, оған джива (джива -жан, жан дүние) неге керек? Егер бес түрақтының бірі болмаса, бүл дүние (қосынды) жоқ. Ет, қан, май, сүйек жэне бүларды біріктіретін сіңірден дене қүралады. Алайда, дживаны (жанды) ешкім көрген жоқ. Жүрт «джива естіледі» деп айтады. Бірақ қүлақпен естиміз бе?» -деген пікір кездеседі. «Джива (жан) дегеннің өзі — тэн. Ал тэннің бэрі жетіледі, өзгереді, қартаяды, жойылады. Ең алдымен ескіріп, қабырғасы қақырап, кейін қүлайтын үй тэрізді. Сезім, ақыл (манас), ет пен қан, сүйек те үгітіліп, эрқайсысы өзін туындатқан заттарға
айналады».
Ежелгі Үнді философиясының ең ерте нүсқасының бірі — санк-хья ілімі. Осы кезге жеткен мэліметтерге сүйенсек, оның негізін қалаушы Капила б.д.д. 600 жылдар шамасында өмір сүрген.
Алғашқы жазба деректерде санкхья «дүниенің негізінде санасыз белгісіздік жатқандығы» туралы ілім деп аталады. Онда дүниенің алғашқы материалдық (пракрити — материя, табиғат) себебінің бар екендігі дэріптеледі. Алғашқы пракрити аморфты, бөлшектенбеген түрде өмір сүреді. Оның сезіммен қабылданатын мэндер мен дүниелер элеміне айналуы үш сапалық элементтің әсерінен жүзеге асады. Олар: раджас (талап, ынта), тамас (қараңғылық) жэне саттва (тазалық, пэктік). Әрбір затта оның өзіндік ерекшелігіне байланысты айтылған элементтердің біреуі басым болады. Әсемдікке, ақылға, шындыққа бет бүрғанда, саттва басым болады, ал тамас — енжарлық, шектеулілік пен қараңғылықтың шешуші элементі. Белсенділік, айбындылық, жігер, қайраттылық негізінен раджаспен байланысты-
рылады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.