Ежелгі Үнді

Главная » Рефераттар » Ежелгі Үнді

Ежелгі Үнді адамзат қауымдастығының дамуына үлкен әсерін тигізген байырғы мәдениет ошағы саналады. Археологиялық қазба жұмыстары оның тарихы өте ерте заманда қалыптасқанын мәлімдейді. Мүнда бір-бірімен байланыссыз төменгі палеолит дэірінің екі орталығы: Саон (Инд өзені аңғарында, қазіргі Паки-стан жері) жэне оңтүстікте Деканда, Мадрас мэдениеттері б.д.д. ХХVII-ХХVI ғғ., өмірге қолайлы өзен жағалауларында пайда болған. Қазба жүмыстары кезінде табылған (тас, керамика, яшма) бүйымдар халықтың егін жэне мал шаруашылықтарымен айналысқанын көрсетеді. Дамудың келесі сатысына б.д.д. ХХVІ-ХХIII ғғ. терракота бейнелер, мыстан жасалған бірен-саран заттар тэн.
Ежелгі үнділік дэстүр сан мың жылдар бойы үзілмеген. Біздің уақытымызға тек үзінділері ғана жеткен ежелгі Мысыр, Қытай аңыздарымен салыстырғанда, Үнді хикаялары дербес, түтас қалпында сақталған. Осы ежелгі мэдениетті зерттеуші ғалымдардың басым бөлігі Інжіл аңыздары желісінің Үнді еліне де қатысты екенін айтады, болжамдар жасайды.
Үнді жәдігерлері. Ежелгі Үнді рухани мүраларының бүгінге жеткен эдеби ескерткіштеріне қарап, оның бүтіндей, біртүтас қүбылыс ретінде қабылданатынын кореміз. Шын мэнінде, мүндай түсінік оның өзіне тэн күрделі ерекшеліктерінің, қайталанбайтын қүндылықтарының мэнін ашпайды. Аңыз, дін, өнер, эдебиет, философия мэтіндерін толық қамту мүмкін емес. Өйткені, коне дэуірдің бай рухани мүрасы, сыры ашылмаған коптеген жылнама, тың мэліметтерді зерттеу элі күн тэртібінде түр. Дегенмен, бүгінгі ғылымға белгілі рухани жэне материалдық құндылықтармен таны-су ғажайып бейнелер элеміне енуге, адам мен оның қабілеті туралы терең күйзелістерді коруге мүмкіндік береді.
Ежелгі дэуірлердегі Үнді мэдениеті тек ведалық қоғам дэстүрлерімен ғана емес, ауқымы кең Инд немесе Харап өркениеті жетістіктерімен, сонымен қоса, ежелгі Үнді жеріне арий тай-пасы келгенге дейінгі (арийлікке дейінгі) көптеген мәдениет үлгілерімен де байланысты. Зерттеушілер ежелгі Үнді мэдениетін, эсіресе оның алғашқы қалыптасу кезеңін жан-жақты, эділ бағалау үшін сол жердегі эртүрлі тайпалық мэдениеттер жиынтығын да ескеру керектігіне сілтеме жасайды. Мамандар арасында елдің эртүрлі этно-мэдени аймақтарында пайда болған мэдениеттердің ежелгі Үнді мэдениетінің қалыптасуына тигізген эсері туралы пікірталастар элі бір шешімге келген жоқ. Соңғы археологиялық қазба жүмыстары мен лингвистикалық зерттеулер, жалпы үнділік дэстүрлер қалыптасуының алғашқы сатыларына арийлерге дейінгі халықтардың үлкен ықпалы болғанын көрсетеді.
Б.д.д. II мыңжылдықтың екінші жартысында Солтүстік Үнді жеріне келіп орналасқан үндіарийлер мекені «ортаңғы ел» неме-се «Арийлер жері» деп аталған. Ганганың осы, жоғарғы ағысымен салыстырғанда, өзеннің ортаңғы жэне төменгі ағысы бойында, шығыс аймақтарында өзгеше мэдени даму қалыптасады. Мамандар мүны «мыс көмбесі» жэне «сары керамика» мэдениеті деп атайды. Оны өмірге алып келген мунд тайпалары деп болжанады.
Ежелгі Үнді мэдениеті — жергілікті дамудың салдары ма, элде сырттан болған эсер ме деген сүраққа ғалымдар оған Қосөзен мэдениеті жетістіктерінің әсері тиюі мүмкін екендігін қарастырады. Өйткені, Қосөзен мэдениеті Үнді мэдениетінің алғашқы белгілері пайда болғаннан бірнеше ғасыр бүрын өмір сүрген [63.105 б.].
Папирус тэрізді материалдары үзақ сақталған қүрғақ Мысыр жеріне қарағанда, бүл жердің ылғалдылығы жазба деректердің де, жалпы қүрылыс материалдарының да сақталуына қолайсыз болған. Сондықтан түпнүсқа деректер бүгінге аз мөлшерде жеткендіктен, арнайы эдебиеттерде ежелгі Үнді мэдениеті туралы мәліметтердің салыстырмалы, жуық шамамен алынатыны да айтылады. Отқа күйдірілген Қосөзен қыш кітаптарына қарағанда, Үндінің қайың қабығына жазылған деректері үшін от қауіпті, сондықтан біздің уақытымызға тек тасқа жазылған мэтін бөліктері ғана жеткен. Үнді елінде қазба жүмыстарын жүргізген археологтар негізінен мыс, қола қүралдарды аз, тас қүралдарды кеңінен пайдаланған қауымдастықтарға қатысты «халколиттік» терминін жиі қолданады. Бүл атау металдан жасалған алғашқы еңбек қүралдары шыға бастаған уақытқа сай, орынды қолданылады. Б.д.д. У-ГУ мыңжылдық шама-сында Иран таулы қыраттарының Инд алқабына жалғасқан жері көп халық қоныстанған, қүтты мекенге айналған.
Арнайы эдебиеттер Үнді елінің солтүстік-батысында, Инд өзені арнасында, неолит дэуірінде (б.д.д. V мыңжылдық) егін шаруашылығымен айналысқан тайпалардың пайда болғанын көрсетеді. Өзеннің кішігірім салаларын бойлап қам кесектен өрілген кішігірім түрғын жайлар орналасқан. Саздан жасалған мүсіндер, қыш ыдыстарға түсірілген бейнелер (эйел адам жэне бұқа суреттері) қарапайым сенім түрінен мэлімет береді. Материалдық мэдениет белгілері (ыдыс түрлері, өрнектелуі) Үнді елдімекендері дамуының бірізділігін, бір-бірімен байланысты болғанын байқатады. Де-мек, Үнді мэдениетінің қүрамына кірген аймақтар бір-бірінен оқшауланбай, өзара байланыста дамиды, кейін пайда болған қала-лар — елдің мыңдаған жылдарға созылған жетілуінің салдары екені сөзсіз.
Өзен салалары бойында отырған тайпалар Инд өзенінің тасыған, арнасынан шыққан суын пайдаланып, егін жэне мал шаруашылықтарымен айналысқан. Су жолдарымен сауда жасау мүмкіндігі үлғайған. Географиялық орта мүмкіндіктеріне орай, тайпалар мен қауымдастықтардың еңбек қүралдары мен өмір сүру тэсілдері бір деңгейде болған. «Осы факторлардың болуы таулы, қыратты өңірлер мен Инд арнасы түрғындарының теңізге шығу мүмкіндігі б.д.д. 2500 жыл шамасында жүзеге асқан айтарлықтай жаңа, үнділік мэдениет сатысының өмірге келуіне себебін тигізді» [63. 99-100 б.]. Уақыт өте келе, мэдениет үлгілерінің таралуына байла-нысты, керамикалық ыдыстардың жасалу эдістері жетілдіріледі. Үнді мэдениеті Иранның таулы қыратты өлкесімен байланысты болған. Бүйымдардың сапасы жетіліп, күйдірілген жүқа қабырғаларына геометриялық бейнелер мен фантастикалық бедерлер салынған, әсем ою-өрнектер түсірілген.
Ежелгі Үнді мэдениетінің негізін қалаған дравиттер немесе бүлардан да бүрын өмір сүрген тайпалар болуы мүмкін деген бол-жамдар айтылады. 1921 жылы жүргізілген зерттеу жүмыстары бүл мэдениеттің таралу аймағы өте үлкен болғанын көрсетті. Ол Пенджабтың Хараппа жэне Синдтің Мохенджо-Даро қалаларын қамтиды. Осы қалалар орындарының ашылып, зерттелуі Үнді мэдениетінің өзіндік ерекшелігінің, көнелігінің дэлелі болады. Ар-найы эдебиеттерде радиокарбондық талдау нэтижесінде Харапп мэдениетінің пайда болған кезі б.д.д. ХХVII-XXVI ғғ. аралығы деп көрсетіледі. Ал Мохенджо-Даро қаласы б.д.д. XXII-XVIII ғғ. аралығында өмірге келген. Ежелгі жазба жэдігерлерінің мазмұны тарихи деректер, салт-дэстүрлермен бүркемеленген бірнеше аспектіні алға тартады. Мүның қайсысы арийге дейінгі, ал қайсысы үндіарийлік екенін ажырату оңай емес. Дегенмен, бүлар ежелгі дэуірдің аяқталуымен бірге жогалып кет-пей, қазір де жалғасын тауып жатқан мэдени қүбылыстардың дамуын түсіндіру үшін қажет. XX ғасырға дейін Үнді мэдениетін зерттеуші ғалымдар арасында оның кеш дамығаны жайлы пікірлер қалыптасты. Олар мэдениет дамуын сол жерге үндіарий тайпаларының келуімен байланыстыратын. XX ғасырдың 20-жылдары археологиялық зерт-теулер жүргізген Д.Р. Сахни мен Р.Д. Банеджи Инд өңірінен өте жоғары дамыған ежелгі мэдениет орындарын тапты. Осыдан кейін кейбір ғалымдар бұл туралы ведалық немесе ежелгі ведалық деген пікірлер айтуға талпынды. Қазіргі күні олар Харапп мэдениетінің «Ригведаны» қүрастырушылардың бұл жерге келуінен көп бұрын қалыптасқанына күмэн келтірмейді. Археология ғылымының XX ға-сырдың соңғы ширегіндегі жетістіктері Үнді мэдениетінің арийлерге дейінгі кезеңі туралы көптеген дерек береді.
Қалалары. Харапп, М-Даро қалалары мэдениеті жергілікті салт-дэстүрлер негізінде елдің солтүстік аймағында пайда болып, бірнеше даму сатысынан өтіп, көптеген ғасырлар бойы өмір сүреді. Ғалымдар оның пайда болуын әртүрлі уақытпен, ең ерте бастауын біздің дэуірімізге дейінгі III мыңжылдықпен белгілейді. Тарихи дэуірде өмір сүрген Қосөзен аралығындағы қалалар Месопотамия, Орталық жэне Орта Азия, Оңтүстік Үнді аймақтарымен тығыз байланыста дамыды. Қол өнері, бейнелеу жэне жазу өнері (олар ерекше талғампаздығы, кере-меттігімен бүгін де көрермендерін таң қалдырады) пайда болады.
Соңғы зерттеулер Хараппа тұрғындарының жазуды оңнан солға қарай жазғанын анықтады. Бірақ, сол тарихи уақыт туралы деректерді молайтары сөзсіз жазу сырының құпиясы эзірге түпкілікті шешілген жоқ. Зерттеушілердің басым бөлігі оның ең ежелгі тілдердің бірі болғанымен келіседі. Дегенмен, бүгін ол мэдениет туралы біз, өзімізге жеткен материалдық жэне бейнелеу өнерлері арқылы пай-ымдаулар жасай аламыз.
Өзінің кең көлемді таралуы, қанат жаюы тұрғысынан Ха-рапп мәдениеті — ежелгі Шығыстағы ең үлкен мэдениеттердің бірі. Үнді мэдениетінің шекаралық аймағы батыстан шығысқа қарай 1 600 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1250 шақырымға созылған. Осындай үлкен өңірдегі мэдениет бірдей немесе біркелкі болды деп айту қиын. Сондықтан зерттеуші ғалымдар онда этникалық, тайпалық мэдениет ерекшеліктерінің болғанына назар аударады.
Харапп мэдениетінің болашақ Ежелгі Үнді өркениеті дамуы-на эсері болды ма деген сүрақ төңірегіндегі айтыс та бір тоқтамға келген жоқ. Ғалымдардың біреуі ондай ықпал, эсерді теріске шығарса, екіншілері Харапп мэдениетінің ведалық жэне соңғы ведалық мэдениетпен байланысы туралы айтады. Археология, тіл білімдері мұндай өзара эсердің болғанынан деректер береді. Харапп мэдениетінің әсері, эсіресе, бейнелеу өнеріндегі соңғы кезеңдермен байланысты. Әрі деректер соңғы Харапп мэдениетінің осы жер-ге ведалық тайпалар келгенге дейін сақталғанын көрсетеді. Бұл кезде тайпааралық араласу (ассимиляция) жоғары деңгейге жетіп, Солтүстік Үнді жеріндегі этникалық салт-дэстүрлердің біріге баста-уы жайлы шартты түрде айтуға болады. Үнді, яғни Харапп халқы мэдениетінің қүлдырау себептері қандай болса да, ол алғашқы жат жерлік тайпалармен кездескен уақытта өмір сүруін толық тоқтатты. Алайда оның ведалық бай мэдениетін ізсіз жоғалды деп пайым-дау шалағайлық болар еді. Біз бүрыннан келе жатқан түрғылықты халықтың ведалық жэне соңғы ведалық дэстүрлердің қалыптасуына тигізген эсері жайлы білмесек, ол мэселенің дүрыс зерттелмеуінен, ізденуші ғалымдардың жеткілікті көніл аудармауынан болуы ықтимал. Харапп жазба деректерінің сыры элі күнге ашылған жоқ десек те, олардың бейнелеу өнерінде аңыздық түсініктері туралы мэліметтер беріледі.
Харапп халқының аңыздық, космографиялық түсініктері, иконографиялық жүйелері кейін пайда болған діни ілімдер — ин-дуизм, буддизм, жайнизмге өз эсерін тигізген. Көптеген мөрлерде қасиетті жануарларға, өсімдіктерге, мерекелік салтанатты діни салт-жоралғыларға байланысты қүдайларға қүрбандық шалу рэсімдері салынған. Сондай-ақ, салт-жоралғы ыдысын қолына үстаған адамның, тақта отырған абыздың (мүмкін ел басшысының) аспан-нан түскен қүдай алдында тізесін бүгіп түрғаны бейнеленген. Осын-дай мөрлердің бірінің бетіне мехраб салынған. Калибангандағы қамалдың оңтүстік бөлігінен Үнді археологтары мехраб орналасқан, қыш кесектен жасалған алаңды кездестірген. Осы жерден күл қалдықтары бар ыдыс, діни рэсімдер өткізілетін кезде керекті күйдірілген қыш бұйымдар табылған.
Б.д.д. XVIII ғасыр соңында Харапп мэдениеті өмір сүруін тоқтатқаны туралы эртүрлі пікір айтылады. Бір кездегі кең көшелер, ғибадатханалар азып-тозып, оның жоспарлы салтанатына нүқсан келеді. Археологиялық қазба жүмыстары бір кезде гүлденген қалалардың қүлдырауы жүздеген жылға созылғанын, оған сырт ел шапқыншылығы әсерінің болмағанын көрсетеді. Осы тоқырау сал-дарын зерттеушілердің бірі Инд өзені жағалауына дамуы кешеуілдеп қалған тайпалардың келіп қоныстана бастағанынан көрсе, екіншілері егіншіліктен жердің азып-тозу салдарын алға тартады. Қалай десе де, ежелгі Үнді жерінде пайда болған қалалар мэдениеті ізсіз жоғалып кеткен жоқ, бүл мұра сақталып, кейінгі діни ғибадаттардан, индуизм культі мен сенімдерінен көрінісін табады. Қалалар орнын ауылдық елді мекендер басады.
Қолөнер жетістігі ретінде Харапп керамикасы өзіндік ерек-шелігімен көзге түседі. Ыдыстарға негізінен өсімдік өрнектері салынған. Қазба жүмыстары кезінде алтын, күміс, қоладан жасалған бұйымдар табылған. Мохенджо-Даро қаласының бір бөлігі қолдан жасалған көтерме, үйінді топырақ үстіне тұрғызылған жэне екінші бөлігінен қабырғамен бөлектенген. Зерттеушілер қорған қоғамдық, экімшілік жэне діни құрылыстар үшін түрғызылған деген болжам айтады. Мо-хенджо-Даро қорғанын зерттеушілер ғибадатхана немесе көсемнің сарайы деп те есептейді. Онда (ғимараттан алыс емес) рэсімдер үшін пайдаланылатын бассейн де бар. Жалпы мэлімет үшін айтатын болсақ, бассейндер бүгін де үнді ғибадатханасының маңызды бөлігі боп есептеледі.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.