Ежелгі Үндістан

Home » Рефераттар » Ежелгі Үндістан
Рефераттар Комментариев нет

shiva

Ежелгі Үндістан тарихы туралы көптеген мәліметтер қарастырылады. Кейбір мәліметтер осы күнге дейін жетіп әлі күнге дейін зерттелуде. Мәселен Ежелгі Үндістан туралы айтылған ойларды осы сайттан іздеп көре аласыз.

Табиғат жағдайлары. Азияның оңтүстігіндегі үшбұрыштана теңізге сұғына еніп жаткан үлкен түбек Үндістан түбегі деп аталады. Үндістан түбегінің оңтүстік бөлігін Үнді мұхитының теңіздері мен шығанақтары коршап жатыр. Орталык бөлігінде Декан таулы үстірті орналасқан. Мұнда бірнеше ша-ғын өзен бар. Олардың көбі батыстан шығыска карай ағады. Үндістанның солтүстік бөлігі ежелден-ақ адамдардың өмір сүруіне колайлы аймақ болды. Мұнда басын биік Гималай тауларынан бастайтын екі ұлы өзен бар еді. Біреуі елдің солтүстігінен басталып, оңтүстік-шығысқа қарай ағатын Ганга өзені. Оған көптеген шағын өзеңдер келіп қосылып, үлкен өзенге айналады. Ал түбектің солтүстік-батыс бөлігін алып жатқан ірі өзен – Үнді өзені. Өзеннің жоғары арнасына бес өзен ағып келіп қосылады. Сондықтан бұл аймақты Пенджаб — «Бесөзенелі» деп атайды. Үнді өзенінің төменгі ағысы бойы ежелден Синд деп аталған екен. Бұл атау Үнді өзенінің атынан туындай отырып, кейіннен бүкіл түбек пен оның халқының атына ұласса керек.

Жалпы алғанда ауа райы жылы, жаңбырлы болды. Мұның бәрі тіпті кейбір өсімдіктердің жер бетінің басқа аймақтарынан бұрын осында пайда болуына әсер еткен. Еуропалықтар қантты «сахар» дейді. Ал ол ежелгі үнділіктердің қант құрағын » сакхари», деп атауынан шыққан. Малдардың көптеген түрлерін қолға үйрету де ерте дамыды. Әсіресе пілдерді қолға үйретіп, шаруашылық және әскери мақсаттарға пайдалану алғаш осы Үндістанда пайда болған.

Үндістанда әр түрлі тастардың, металл кендерінің, ағаш өнімдерінің көп болуы шаруашылықтың еркін дамуына мүмкіндік берді. Үнді жәңе Ганг өзендерінің бойында егістік алқаптары жатты. Мұнда негізінен суармалы егіншілік дамыды.

Ең ежелгі қалалары. Археологтар Үндістаннан алғашқы тас ғасырына тән бірнеше коныстың орнын тауып, зерттеді. Сөйтіп, Үндістан түбегін адамдар өте ерте замандардан-ақ мекен еткені айқындалды. Тас ғасырының соңына қарай ірі өзендердің бойын мекендеген адамдардың шаруашылығы жетіле түсті. Дәл осы аймақта Үндістандағы алғашқы қалалар мен ірі елді мекендер дүниеге келеді. Бүл б. з. б. II мыңжылдықтың басы еді. Хараппа және Мохенд-жа-Даро қалалары Үнді өзені бойынан табылды. Ол қалаларды археологтар қазып зерттеді.

Бұлар кең көшелі, дүрыс жоспарланған қаланы көз алдыңа елестетеді. Үйлер әдетте екі қабатты болды. Ондай үйлер тас тұғырға тұрғызылды. Іргелері күйдірілген жалпақ кірпіштерден қаланды. Сумен қамтамасыз ету мен лас суды арнаулы тоспаға ағызып жіберу бір жүйеге келтірілген. Көшелерде құдықтар орналасқан. Суды көше жақтан да, ауладан да алуға болатын еді. Әрбір үйде хауыз (бассейн), қойма болған.

Қоймалардан бидайдың, арпаның, құрманың, әр түрлі көкөністердің қалдықтары табылды. Бұлармен қатар, әр түрлі үй жануарларының — қойдың, түйенің, тауықтың, балықтың сүйектері көптеп кездесті. Кейбір мөрлерде мүйізтұмсықтың, пілдің бейнелері бар екен. Мұның бәрі мал шаруашылығының дамығанын дәлелдейді.

Металдардан алтын, күміс, мыс, қорғасын, қалайы табылды. Бұл ең алдымен кең көлемдегі айырбастың болғанын байқатады. Алтын негізінен Үндістанның оңтүстігінен келсе, күміс пен мыс солтүстіктегі көрші аймақтардан жеткізілді.

Қызықты дүниенің бірі — жазудың табылуы. Ол жазу 400-дей иероглифтік таңбадан құралған. Олардың толық сыры әлі ашыла қойған жоқ. Бірақ жазудың сол замандарда болуының өзі мұнда мәдениеттің біршама биіктеу сатыға көтерілгенін дәлелдейді.

Жазудың, жүйеленген қала құрылысының болуы, кең түрде айырбастың жасалуы Үнді өзені бойында б. з. б. II мыңжылдықтың басында алғашқы қауымдық құрылыстан жоғары сатыда дамыған қоғамның болғанын көрсетеді. Сондықтан да оны Үнді өркениеті деп те атайды. Бұл таптық қоғам мен мемлекеттің қалыптасу кезеңі болса керек.

Бірақ б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында ол қоғам мен оның мәдениеті құлдырап, кері кетті. Б. з. б. II мыңжылдықтың соңында Үндістанға солтүстіктен қарай көшпелілері келіп кірді. Оларды кейде таза қанды, асыл текті адамдар — арийліктер деп те атайды.

Үнді мемлекетінің құрылуы. Ганг өзенінің жоғары және орта ағысының бойында шаруашылық дами түсті. Бұған әсіресе б. з. б. I мыңжылдықтың басында темірді пайдаланудың басталуы үлкен әсер етті. Темір түренді ауыр соқалар жасалды. Дәл осы кезде үнділіктер өсіретін ауыл шаруашылық дақылдары ерекше маңызға ие болды. Олар күріш, мақта және қант құрағы еді. Мүліктік және әлеуметтік жіктелу тереңдей түсті. Бұрынғы ру-тайпалық құрылыс бірте-бірте мемлекеттік ұйымға айнала берді. Тайпалардың көсемдері өз биліктерін мұраға калдырып отырды. Сөйтіп, раджа деп аталатын тайпа көсемдері дара билеушіге, әміршіге айналды.

Б. з. б. VI ғасырға дейін Үндістанның солтүстігінде бірнеше ұсақ мемлекет қалыптасты. Солардың ішінде Ганг өзенінің төменгі ағысы бойындағы Магадха б. з. б. VI ғасырдан бастап тез күшейіп, кеңейе түсті. Б. з. б. VI ғасырдың соңына қарай Магадха билеушілері бүкіл Ганг өзені бойын өздеріне бағындырды. Сөйтіп, Магадха ірі мемлекетке айнала берді.

Ганг бойындағы Магадха билеушісі сарайында бүлік болды. Онда Чандрагупта есімді сарай қызметкері билеушіні өлтіріп, таққа келмек болды. Бірақ оны патша біліп қойды. Патшаның жазасынан қорыққан Чандрагупта солтүстікке қашып кетті. Гималай тауларының бектеріндегі тайпалардың көсемдерін біріктіріп, одақ құрды. Ол одақтың әскерлерін басқарып, Ганг бойымен Магадха жеріне келіп, елдің астанасын басып алды. Магадханың патшасын ақыры өлтіріп, таққа отырды.

Чандрагупта ежелгі Үндістан тарихында үлкен рөл атқарған жаңа билеушілер әулетін негіздеді. Ол Маурия әулиеті деп аталады. Чандрагупта Үндістанның бүкіл солтүстігін Магадхаға қосты. Тіпті, Үнді өзенінің батысындағы кейбір аймақтарды өзіне бағындырды.

Бір орталыкка бағынған Үнді мемлекетін құру ісі Ашок есімді патшаның кезінде жүзеге асты. Ашок Чандрагуптаның немересі еді. Ол билік еткен б. з. б. III ғасырдың орта кезінде Үндістанның орталык жене оңтүстік аудандары ғана болмаса, Үндістанның қалған барлык жерлерін біріктірген аса үлкен мемлекет кұрылды.

Шаруашылығы. Бір орталыққа біріккен ірі мемлекеттің құрылуы шаруашылықтың дамуына жол ашты.

Егіншілік кең түрде дами бастады. Суландыру жүйелерін салу, су шығаратын шеңберлі шығырлар жасау тәсілдері пайдаланылды. Ондай әрекеттерді үкімет қолдап отырды. Мысалы, жаңа суландыру жүйелерін жасағандар немесе ескіріп, бұзылғандарын калпына келтіргендер салықтан босатылды. Ал өз бетімен суландыру жүйелерін — арықтарды, каналдарды иемденіп алғандар айып төледі. Бидай, арпа, күріш сияқты дәнді дақылдармен бірге қант құрағын, мақта өсіру канат жайды.

Қалалардың саны көбейіп, қалалық өмір де алға басты. Елдің астанасы Паталипутрада, басқа да қалаларда ірі-ірі қолөнер шеберханалары пайда болды. Ондағы қолөнершілер металдар мен асыл тастардан патша мен шонжарларға арнап әр түрлі сөндік бүйымдар жасады. Кейбір қолөнер бұйымдары шет елдерге шығарылды. Орта Азия елдерімен, батыстағы гректермен, египеттіктермен сауда байланыстары орнатылды. Сауда құрлық арқылы да, теңіздер арқылы да жасала бастады.

Чандрагупта мен оның мұрагерлері тұсында құрылған ірі мемлекетті басқару оңай емес еді. Сарай қызметшілерінің саны көбейді. Ал мұның бәрі қаржыны талап етті. Сол себепті елден әр түрлі алым-салықтар жинастырылды. Салық жинаушылар шаруалардың астығының төрттен бірін, ал қол-өнершілер мен саудагерлердің табысының оннан бір бөлігін алып отырды. Шаруалар мен қолөнершілердің міндеткерлігіне астық, мал, ағаш жеткізу, қоғамдық жұмыстарға қатысу, патшаның шабармандары мен жаушыларын қажетті нәрселерімен қамтамасыз етіп отыру жатты.

Әлеуметтік қатынастар. Үндістандағы адамдардың қоғамда алатын орны, мүліктік айырмашылықтары бойынша топталуы басқа көптеген елдерден ерекше болды. Үнді қоғамы брахмандар, жауынгерлер, шаруалар және шудралар деп төртке жіктелді.

Брахмандар деп дінді уағыздаушы, абыздарды атады. Тек брахмандар ғана қасиетті діни кітаптарды халыққа оқытып үйрете алады. Ал қалғандары оларды тыңдап, қасиетті кітаптарды оқып үйренуі керек. Олар — Брахма атты құдайдың аузынан жаралған сүйікті ұлдары. Сондықтан оларға тіл тигізуге, айтқан сөздеріне күмәндануға болмайды. Брахманды өлтіру ең ауыр кылмыс деп есептелінді. Осылайша брахмандар баскалардан ерекше, касиетті топ бола бастады. Олардың балалары да осындай қасиетті деп есептелінді.

Жауынгерлер елді қорғаушы, күзетуші, тәртіпті реттеуші топ деп есептелді. Оларды Брахма кұдай өзінің колдарынан жаратқан. Брахмандардан баскалар жауынгерлер тобының екілдерін тыңдап, айт-кандарын орындаулары керек. Жауынгердің балалары дүниеге жауынгер, қолбасы болып келеді. Өскери іс басқалардың колынан келмейді деп саналды. Сөйтіп, тек жауынгерлердің үрім-бұтағынан құрылған екінші топ қалыптасты. Үшінші тұйық топ негізінен шаруалар — ерікті егіншілер тобы болды. Көршілік қауым болып өмір сүретін егіншілердің бұл тобына қолөнершілер, малшылар мен саудагерлер де қосылды. Олар Брахманның жамба-сынан жаратылгандар деп есептелді. Үшінші топ адамдары өздерінен жоғары брахмандар мен жауынгерлерді тыңдауға, сыйлауға тиіс болды. Олардың балалары егін егумен, мал бағумен, қолөнершілікпен және сауда жасаумен ғана айналысуы керек. Өз ата-бабаларының кәсібімен ғана шұғылданып, соны қанағат тұтуы қажет делінді. Сөйтіп бұлар да үрім-бұтағы белгілі бір салада ғана еңбек ете алатын топқа айнала берді.

Төртінші топ өкілдері — шудралар. Олар Брахма құдайдың аяғынан жаратылды. Сондықтан шаң-тозаңда жүруге тиісті. Озінен жоғары топтағыларға қызмет етуге міндетті. Оларға қарсы шықса ауыр жаза алады. Дүние-мүлік жиюға, меншіктенуге, құдайға кұрбандык беріп, көмек сұрауға қақысы жоқ деп танылды. Ауыр да қиын жұмыстар осы шудралардың мойнында болды. Шудраның балалары да өздерінің ата-бабалары сияқты тек ауыр жұмыстар істеуі кажет деп есептелді.

Осылайша бүкіл үнді қоғамы төрт топқа бөлінді. Әр топтың өз орны мен міндеттері нақты көрсетілді. Олардың өз міндеттерін дұрыс атқаруын патша мен оның қызметшілері бақылап, реттеп отырды. Төменгі топ адамдарының өздерінен жоғары топтағылардың міндетін атқаруына, ол топқа етуіне жол берілмеді. Қаншама талантты, қайратты, білгір болып түрса да әркім өз тобының ғана міндетін атқаруға тиісті болды. Сөйтіп, әрбір топ өз дәрежесі бой-ынша ғана өмір сүруге тиісті түйық топқа айналды. Оны ғылыми әдебиетте варна немесе кейде каста деп те атайды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.