Ежелгі Қосөзен мәдениеті

Главная » Рефераттар » Ежелгі Қосөзен мәдениеті

Қосөзен мәдениеті адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірі болып есептелінеді.

Гильгамеш туралы дастан. Көптеген халыктардағы сияқты Қосөзенде алғашкы әдеби жанрдағы шығармалар діни түсініктермен байланысты дүниеге келді. Солардың бірі әйгілі — «Гилъгамеш туралы дастан».

Өте ертеде, Қосөзеннің оңтүстігіндегі бір калада Гильгамеш атты құдіретті патша болыпты. Ол дәуірде Энкиду есімді алып адам орманда өмір сүрген екен. Күндердің күнінде Гильгамеш пен Энкиду кездесіп қалады. Екі мықты жекпе-жекке шығады. Екеуі ұзақ шайқасады. Бірақ бірін-бірі жеңе алмайды. Ақыры екеуі мәңгілік дос болуға серттеседі.

.

Өзіне-өзі қатты сеніп алған Гильгамеш, тіпті құдайды да тыңдамайды. Оның айтқанын орындамайды. Бұған ашуланған кұдай оның досы Энкидуге ауру жібереді. Энкиду қайтыс болады. Өзінің сенімді де сүйікті досынан айырылған Гильгамеш көп қайғырады. Өзінің де бір күні өлетінін білген оның бойын үрей билейді. Құдай сияқты өлмейтін, мәңгі өмір сүретін болғысы келеді. Енді соның, яғни өлмеудің жолын ойлап, сапарға аттанады. Алдынан арыстандар, адам тәрізді шаяндар шығады. Бірак олардан сескенбейді. Тіпті, асыл тастар өсетін жұмақ ағаштарына да карамай алға кете береді. Ақыры мүхит түбінде өсетін, кәрі шалды жап-жас жігітке айналдыратын, өлместің шөбін алып шығады. Қайтып келе жатып ыстықтаған ол суға түсіп, сергіп алмақ болды. Ол жағаға шөпті қойып, суға түскен кезде, шөпті жылан алып кетеді. Соншама қиындықты жеңіп, енді мәңгі өлмейтін боламын деп қуанып келе жатқан оны қайғы мен мұң басады. Ақыры ол өзінің досы Энкидуды бір көрсетуді сұрап құдайға жалбарынады. Оған жаны ашыған кұдай кездесуге рұқсат береді. Дастан ол екеуінің сөздерімен аяқталады.

Дастан небір бейнелі де көркем сөздермен жырланған. Сол себепті, ол бүгінгі таңға дейін әлем әдебиетінің тамаша туындыларының бірі ретінде окылып келеді. Бұл дастан — өлім мен өмір арасындағы күрес туралы мәңгілік такырыпты бастап берген тамаша шығарма.

Сына жазу. Дүниедегі ең ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасты. Оны дүниеге келтіргендер Қосөзенге шығыстан қоныс аударып келген шумерліктер еді.

Олардың алғашқы жазуы сурет арқылы жазу болды. Біртіндеп суретті толық салудың орнына әр нәрсенің ерекше белгілерін салу арқылы жазу қалыптасты. Мысалы, күс деп жазу үшін оның сыртқы бейнесін салды. Құстың жұмыртқасы деп жазу үшін жүмыртқа кескінін О» салды. Ал туу, туған немесе дүниеге келген деген ұғымды білдіру үшін құс пен оның жұмыртқасын бірге салды. Осылайша суреттердің орнына сурет таңбаларын бедерлеп жазу пайда болды. Бірақ бұл жазу да күрделі, қиын еді. Кейінірек бір сөзді бір нақты таңбамен жазуға көше бастады. Онда заттың немесе жануардың ерекшелігін айқын көрсетіп тұратын белгілері таңба ретінде салынды. Енді оларды түзу сызық түрінде жазды. Мысалы, бұқа деп жазу былай болып шықты — Бұл бұқаның басы еді. Міне, осылайша ежелгі шумерлік әріптер қалыптасты. Сөйтіп, шумерлік жазу жуйесі пайда болды.

Олар әріптерді үшкір таяқшамен жүмсақ балшыққа батыру арқылы жазатын еді. Балшыққа батыра отырып, сызу арқылы жазылған әріптер балшық кепкен соң кәдімгі сынаның орнындай болып қалатын. Сондықтан бұл жазу жүйесін сына жазу деп атайды. Археологтар сына жазумен жазылған мыңдаған балшық тақтайшаларды тапты. Олардың кейбіреулері әдейі күйдірілген. Археологтар сына жазу жүйесін зерттей отырып, ежелгі әдеби шығармаларды, заңдарды, жылнамаларды оқыды. Шумерліктер жазуын кейіннен бүкіл қосөзендіктер үйренді. Урарту, Сирия, Финикия елдерінде осы шумерліктер негіздеген жазуды пайдаланады. Олардан кейіннен гректер де үйренді. Ал бүгінгі сөздерін жазып жүрген кириллица әрпі грек жазуынан пайда болған еді. Қарап отырсаңдар, сонау б. з. б. IV мыңжылдықта негізделген шумерлік жазу әр түрлі өзгерістерге түсе отырып, бүгінге дейін жеткен екен. Бұл оның зор тарихи маңызының куәсі.

Өнері. Археологиялык қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі Қосөзен жерінен сурет, сәулет жөне мүсіндеу өнерлерінің көптеген ескерткіштері табылды. Бұл ескерткіштер сонау ерте дәуірлерде-ақ адамдардың тамаша мәдени жетістіктерге жеткенін көрсетеді.

Оң қолдарына ұзын найза, сол қолдарына қалқан ұстаған жауынгерлер шеруі келеді. Қалқандарының үлкендігі сондай, тек бастары мен аяқтары ғана көрінеді. Бастарына дулыға тәріздес бас киім киген. Аяқтарының астына өлген жауларын таптап басып барады. Алдарында жеңіске бастап бара жатқан құдіретті патшаның өзі. Олар жауды жайпап, жеңіп барады…

Мүсіндер де өзінің терең мазмұны мен тылсым бейнесі арқылы көз тартады. Екі қолын бірдей кеудесіне қойған адамдар мүсіні кептеп кездеседі. Бұлайша бейнелеу тек бағыныштылық пен табынушылықты ғана білдіріп қоймаса керек. Бет пішіні бетперде (маска) тәрізді болып көрінеді. Оны ерекшелеп тұрған ең алдымен көздері.

Таңырқай қарап қатып қалғандай немесе сабырлы да қуақы көздерімен басқалар байқамаған нөрсені көріп түрғандай сезіледі. Мән бере көңіл аударсаң, сонау ықылым заманның жұмбақ сырларын білетін осы көздер, саған әрі мазақтай, әрі мән беріп қарап қалғандай. Қарсы алдында тас мүсін емес, бейне бір тірі адам тұрғандай, тасқа жан біткендей сезіледі.

Аспалы бақ. Енді біз ежелгі дүниедегі әлемнің жеті кереметінің бірі болып есептелетін аспалы бақ туралы сөз етелік. Вавилонның қуатты билеушілерінің бірі Навуходоносор елдің солтүстігіндегі таулы өлкеде туып-өскен қызға үйленеді. Той бітеді, біраз уақыт өтеді. Ханша өзі туып-өскен жерін сағына бастайды. Тіпті, оны бірте-бірте көңілсіздік басты. Ханшаның солғын жүзін, жабырқау көңілін байқаған патша оның себебін сұрады. Сонда ханша таудың салқын самалы, баурайында өскен шырша мен қарағай, қайың мен тал, тастан-тасқа секірген таутеке, осқырына ойнап жүрген еліктер, сыңғырлап аққан бұлақтар, сайраған бұлбұлдар мен құстар есіне түсіп, туған жерін сағынып жүргенін айтты. Дәулетіне сәулеті сай мемлекеттің не істесе де өз еркіндегі құдіретті билеушісі былай деп бұйырды:

.

«Мен өзімді солтүстіктегі тауда жүргендей сезінуім керек. Соның амалын табыңдар!» Уәзірлері ойлана келе сәулетшілерді шақырды. Мән-жайды түсінген олар жасанды зәулім бақты тұрғызды. Бірнеше қабаттан тұратын, жер мен көктің арасындағы аспанға ілініп қалғандай болып көрінетін керемет осылайша дүниеге келді. Бағаналарға тұрғызылған әрбір қабатта әр түрлі гүлдер өсірілді, ағаштар отырғызылды. Тіпті, жануарлар да жүрді. Олар құлдар айналдырып тұратын алып шығырлар арқылы суарылды. Осы бақта патша мен оның сүйікті ханымы демалатын, серуендейтін еді. Ханым енді өзінің туған жерін көп ойламайтын болыпты. Міне, әрі биік, әрі кызылды-жасылды гүлдер мен өсімдіктерге толы аспанмен таласқан бұл бақ адамдарды қызықтыра таңдандыратын еді. Әдетте өсімдіктерді жерде ғана өсіріп жүрген олар сонау бір биіктіктегі бұл ғажайыпқа құмарлана қарайтын. Атағы әлемге жайылған бұл керемет «Аспалы бақ» деп аталып кетті. Вавилондықтар ақыл-ойының тамаша жетістігі болып есептелінген бұл бақ қаланың сәулеті мен даңқын асқақтата түсті.

Діни түсініктер. Көптеген басқа халықтар сияқты вавилондықтар да алғаш әр түрлі құдайлар бар деп есептеген. Өзеннің, жердің, күн мен айдың құдайлары бар деп ойлады. Су қүдайын Таммуз деп атаған. Қосөзеннің — Тигр мен Евфраттың тасуы немесе суының азаюы осы Таммузға байланысты. Оған сиынып, жалбарынып отыру керек. Сонда біздің егістігімізді су алып кетпейді. Егістік пен бақшамыздан жақсы өнім алуымызға көмектеседі. Күннің әрқашан нұрын төгіп, қуанышқа белеп отыруына оның қүдайы Шамаш көмектеседі деп білді. Ал Ай құдайын Син деп атады. Шумерліктер түннен кейін күн шығады деп ойлады. Сондықтан Күн құдайы Шамаш, Ай қүдайы Синнің баласы деп ойлаған.

.

Бірте-бірте үлкен Вавилон мемлекетінің кұрылуы барысында діни түсініктерге өзгерістер енді. Әрбір қаланың, ауылдың қамқоршы кұдайлары бар деп есептелінді. Вавилон каласының камкоршысы Мардук деген құдай болды.

Мардук дүниені жаратушы ретінде сипатталады. Ол туралы аңызда былай делінген: Дүниені ең алғаш алапат мұхит басып жатты. Оның билеушісі әйел құдай Тиаматт алып та қоркынышты құбыжық еді. Ұлы қүдайлар әлемді реттеуге тырысты. Оған Тиамат жол бермейді, құдайларға карсы шығады. Құдайлардың арасында Кингу атты сатқын болады. Сол арқылы Тиамат құдайлардың дүниені өзгертпек болғанын естіп, оларды құртпақ болады. Оны естіген құдайлар катты үрейленеді. Ешқайсысы Тиаматқа карсы шығуға бата алмады,. Сонда Мардук өзінің Тиаматка қарсы шығатынын мәлімдейді. Егер жеңіске жетсе, өзін бас кұдай деп тануын талап етеді. Құдайлар оған сөзсіз келіседі. Мардук Тиаматқа қарсы аттанады. Тиамат оны көріп, аңғардай аузын ашып, жұтып қоймақ болады. Мардук оған қарсы кұйындаған жел үрлейді. Іші желге толған Тиамат кауқарсыз болып қалады. Әлсіреген Тиаматты өлтірген Мардук оның денесін екіге бөледі. Оның үстіңгі бөлігінен аспанды, теменгі бөлігінен жерді жаратады. Сатқын Кингуды өлтіріп, оның канын топырақпен араластырып адам жасайды. Сөйтіп, Мардук дүниені жаратып, құдайлардың басшысы болады. Міне, осылайша құдайларға сиыну басталды. Құдай жолына кұрбандықтар шалынды. Оларға арнап сәулетті храмдар салды. Храмдарда дін иелері —абыздар кызмет етті. Олар құдайлар құрметіне арнап салтанатты мейрамдар ұйымдастырып отырды. Патшалық билік күшейген кезде, оларды құдайдың ұлы деп, жердегі сенімді өкілі деп жариялады. Ондай патшаларға сөзсіз мойынсұнуды, бағынуды уағыздады. Абыздар тобы патшалардың қолдауы мен қамқорлығына ие болды.

 

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.