Ежелгі Палестина

Главная » Рефераттар » Ежелгі Палестина

Тарихи дәуірде Шығыс Жерорта теңізінің оңтүстік бөлігінде орналасқан Ежелгі Палестина да ерекше назар аударуды керек етеді. Мұнда әлемдік мәдениет дамуына үлкен әсерін тигізген маңызды оқиғалар орын алды. Еуропалықтардың «қасиетті жерге» саяхаты ерте заманнан басталған. Бірақ, оның шынайы зерттелуінің қолға алынғанына, бар-жоғы 100 жылдай уақыт болды (бүл жерде француз семитологі Э. Ренан еңбектерін атап айтуға болады). Библ қаласындағы қазба жүмыстар XX ғасырдың 20-жылдары басталған, 30-жыл-дары ежелгі Финикияның Угарит қаласы табылған, Алалахтың зерттелуі 30-40 жылдарға жатады. Ең ірі жаңалықтар соңғы елу жыл ауқымына кіреді. 60-70 жылдары Эблде Италия археологтары нэтижелі жүмыстар жүргізді. Археологиялық жэне жазба дерек-тер ежелгі замандағы осы аймақ тарихьщ тыңғылықты зерттеуге мүмкіндік береді.
Ханаанның оңтүстік бөлігі немесе еврейлер Отаны — Палести-на атауымен танымал. Оны бойлай Иордан өзені ағады. Ол балық та, өсімдіктер де өмір сүре алмайтын суы түзды, Өлі теңіз аталатын көлге қүяды.
Ежелгі заманда Палестинаның төбелері мен жазық даласы айтарлықтай қүнарлы болып, шоқ тоғайлар, қалың шөптер мен жүзімдіктер мол өскен. Осыған байланысты ел де арман болған жер, жерүйық деген атауды иеленген.
Еврейлер тарихының бастауы болатын — Інжілдің Көне На-ным кітаптары. Ол өзінің мазмүны жағынан тарихи, поэтикалық, пайғамбарлық бөліктерден түрады.
Шығыс Жерорта теңізі аймағы халықтарының тарихы мен мэдениеті туралы маңызды мэліметтерді Інжілдің қүрамына кіретін ежелгі еврейлер эдебиетінен табуға болады. «Библия» сөзінің өзі ежелгі грек тілінен аударғанда, «кітаптар» деген мағынаны білдіреді. Демек, сөз иуда жэне христиан діндерінің қасиетті кітаптары жайлы болып түр. Иудей Інжілі христиандық Інжілдің Ескі наным атала-тын бірінші бөліміне сәйкес келеді. Христиандық Інжілдің екінші бөлімі — Жаңа наным Иисус Христос пен оның шэкірттерінің (апо-стол) өмір тарихы туралы мэліметтер беретін христиандық кітаптар боп есептеледі.
Ескі нанымдық ережелер біздің дэуіріміздің басында толық қалыптасқан. Ол үш тараудан: Заң немесе Ілімнен (Тора), Пайғамбарлар жэне Кітаптан түрады. Бүлардың эрқайсысының мазмүны бөлек жэне мэтіндерінің қүрастырылған уақыты да эртүрлі. Моисей атына таңылатын Інжілдің алғашқы бес кітабы (де-мек, Заңдар) үлкен діни беделге ие. Атап айтқанда, осы «Моисейдің бес кітабында» элемнің жэне адамның жаратылғаны, Адам ата мен Хауа ананың жұмақтан қуылғаны, топан су туралы, сонымен қатар ата-бабалар жэне еврейлерді Мысыр перғауыны құлдығынан алып шыққан Моисейдің өзі туралы да белгілі аңыздар айтылады.
«Бес кітаптың» басым бөлігін абыздық белгілеулер жэне діни-моральдық ұйғарымдар (мысалы, Моисейдің «он парызы») құрайды. Кітап б.д.д. I мыңжылдық ортасында толық қалыптасқан, бірақ оның жеке бөліктері ежелгі, айтарлықтай ерте, ауызша таралған аңыздардың жазбаша түрі болады.
Екінші, ежелгі нанымдық шығармаларға б.д.д. УІІІ-ҮІ ғғ. Из-раил мен Иудейде өмір сүрген пайғамбарлардың (Исайя, Иере-мия, Иезекииль жэне т.б.) саяси-діни уағыздау кітаптары кіреді. Бүған тағы, Палестинада еврейлердің көрші елдермен арасындағы соғыстары, Саул, Давид, Соломон сияқты алғашқы патшалары жэне олардың ізбасарлары туралы мэліметтер беретін «тарихи кітаптар» да қосылады. Осы кітаптарда байырғы дэуірлер ежелгі эпикалық жырларға сүйене сипатталса, соңғы уақыттарда патшалар жылна-малары, шежірелері пайдаланылатыны болжанады. Інжілде тарихи оқиғаларға көп аса біржақты түсіндірме беріледі. Саяси оқиғалардың баяндалуы Яхве қүдайдың өзінің таңдаулы халқымен ерекше байла-нысы туралы жалпы идеяға бағынады.
Соңғы тарау — Кітап — жанрлары мен пайда болған уақыты эртүрлі эдеби жэдігерлердің алабажақ жинағы боп көрінеді. Мүнда үйлену тойының эн-жырлары («Песнь песней») жэне философиялық толғаныстар («Экклезиаст», «Книга Иова»), көне энүрандар, діни жырлар жэне абыздар, патшалардың хабар-ошарлары, сонымен бірге қүлдықтан кейінгі дэуірлер кіреді. Кітап мазмүнының үлкен бөлігі б.д.д. I мыңжылдықтың екінші жартысына жатады.
Ежелгі Мысыр, Вавилон жэне т.б. елдер эдебиетімен салыстырғанда, дінмен (христиан, иудаизм) тікелей байланысты ежелгі еврейлер эдебиеті айтарлықтай толық жеткен. Дін басыла-ры көптеген ғасыр бойы өз уақытының түсінігі, идеясы түрғысынан жэдігерлерді таңдау, түсіндірме беруде үлкен жүмыстар атқарған. Атап айтқанда, бүгінгі заманның зерттеушілерін Інжілде бар мэліметтерді тарихи бастау ретінде байқап пайдалануға итермелейді. Өйткені, бүл ежелгі наным аңыздарына (предания) деген соқыр сенімнен арылуды талап етеді.
Еврейлер семит тілді тайпалардан б.д.д. XVII ғасырда бөлініп шыққан. Бұл туралы Інжілде арабтар мен еврейлердің түпкі бабасы болатын Авраам туралы аңыз мэлімет береді. Аңыз бойынша, Авра-ам халдей болған. Арман болатын жер Ханаанды іздеп, ү_зақ сапар шеккенге дейін халдейлердің Ур қаласында тұрған.
Інжілде б.д.д. 1900 жылдар шамасында Авраамның отбасымен бірге туған қаласы Урды тастап, жаңа жер іздеп, батысқа аттанғаны жазылды. Бү_л Інжілде: «…халдей Урынан шықты, солармен бірге Ха-наан жеріне бару үшін», — деп көрсетіледі. Осы мэліметте еврейлер ата-бабасының қайдан шыққаны туралы тарих айтылған.
Б.д.д. XVII ғасырда ежелгі шумерлер қаласы Урды Вавилон пат-шасы Хаммурапи жаулап алып, қиратқан. Зерттеушілер еңбектерінде еврейлер ата-бабасының Урдан көшуіне бір себеп осы болуы мүмкін деген де болжам жасалады. Олардың Евфрат өзенінен өтуіне орай, ев-рейлер (эвер сөзінен иврим — «бөтен жақ») деп аталғаны көрсетіледі. Міне, осы, Авраамнан басталған еврейлер тарихы кейін элемдік өркениет тарихымен үштасып, оған үлкен эсерін тигізеді.
Авраам ғаламды көрінбей басқаратын жалғыз, бір қүдайдың бар екендігіне сенді. Халдейлердің Ур қаласынан батысқа үзаған сай-ын, бүл ой айқындалып, оған деген сенімі арта түседі. Авраамның жүрген жолы көрсетілетін деректерден оның Мари патшалығындағы Харан қаласына келгені, осы жерде экесі мен аға-інілері қалып, өзі жолын жалғастырғаны белгілі. Інжілде Авраам сенген, көзге көрінбейтін қүдайдың оған жэне оның үрпақтарына Ханаан елін бе-руге уэдесі жазылады. Әйелі Сарра, үй жиьаздарын алып жүретін қызметшілері, табын-табын малдарымен арман болған жерге бет бүрып, 900 шақырымнан астам жол жүреді. Авраам Ханаанның жергілікті халықты қызықтырмайтын, шапқыншылардың қолы жете бермейтін қыратты жеріне келіп, ешкі терісінен тігілген шатырларға орналасады. Осы жерде оның мүрагері Исаак дүниеге келеді. Хетт Эфроннан Махпела үңгірін сатып алған ол, қайтыс болған эйелі Сар-раны сонда жерлейді.
Байырғы Ханаан халқы, негізінен, жазық жерде арпа, қүрма паль-малары жэне ірі қара мен үсак мал өсірген ел еді. Қалалардың көбі мықты мүнаралары бар қорғандармен қоршалды. Бүған, салыстырмалы түрде, таяуда археологиялық қазба жұмыстары жүргізілген Шхем (Сихем) қаласының мықты қорған қабырғалары мен биіктігі 20 метрге жақын мүнаралары мысал бола алады. Інжілде «Жасы жетіп қартайған» Авраамның Исаакты үйлендіру үшін Харанға адам жібергені, өзінің туыстары арасынан оған қалыңдық таңдағаны, кейін уақыты келгенде Исаактың ұлы Иаковтың да өзінің туысы -немере ағасы Лаванға ұзақ жыл қызмет көрсетіп, оның екі қызы Ра-хила мен Лиске үйленгені, олардың Иаковқа он екі ұл тауып бергені жайлы айтылады.
Сонымен, еврейлердің арғы аталары — Авраам, Исаак, Иаков Ханаан жерінде тұрғылықты өмір сүреді. Иаков Ханаанға келе жа-тып, Яббок өзенінен өткеннен кейін, бейтаныс біреуді кездестіріп, сонымен күреседі. Содан соң бейтаныс өзінің Құдай жіберген періште екенін айтып, Иаковқа Израиль (Исраэль) — яғни, «құдаймен күрескен» деген ат қояды. Інжілде Иаковтың балалары Израиль ұрпағы деп аталғаны көрсетіледі.
Ханаанға құрғақшылық, жұт келгенде Иаков Нил өзені бойының құнарлы жерін есіне түсіреді. Бұл кезде Иаковтың эуелі құл болған, кейін.перғауын жанындағы жоғары мэртебелі адам дәрежесіне көтерілген баласы Иосиф Мысырда тұратын. Соның шақыруымен, Иаков отбасы жэне мал-мүлкімен Мысыр шекарасы-на жақын келіп, жауапты адамдардан уақытша өмір сүруге рұқсат сұрайды. «…Ежелгі дәуірде ханаандық жэне сириялық малшылардың қүрғақшылық, жүт болған жағдайларда жиі-жиі Мысыр жерінен қорған табатыны» жайлы деректер жеткілікті [40, 4 б.]. Осын-дай үрдіс ежелгі Мысыр бейнелеу өнерінде сақталған. Мысырдың мәйітхана қабырғасы суреттерінде еврейлердің бір тобы бейнелен-ген. Зерттеушілер пікірінше, осы оқиғалар б.д.д. II мыңжылдықтың бірінші жартысында Сириядан шыққан жауынгер-гиксостар тайпасының Мысырда билік қүрған уақытында болған. Жергілікті халықты бағындырып, қүдіретті, қуатты Мысырды 120 жылдай басқарған олар осынау елдің тарихында перғауын тағына отырған алғашқы жатжүрттықтар еді. Сол уақытта Иосифтің сырттан кел-ген қуатты билік иелерінің бірінің сарайында үлкен лауазым иесі болғаны жайлы болжам айтылады.
Гиксостар билігінен қүтылған кездегі Мысырдағы еврейлердің жағдайы туралы «Інжілде» жаңа перғауын «Иосифті мойындаған жоқ» деп жазылған. Демек, бүл тарихи дэуірде еврейлер мэртебелі ата үрпағы ретінде қастерленбей, Мысыр жерінде өмір сүріп жатқан басқа халықтар сияқты қүлдыққа түседі. Үлкен аумаққа билік жүргізген перғауынға Сирия мен Ханаан салық төлеп түрады. Мы-сыр саудагерлері ерте кезден Ханаанның атын шығарған қымбат тоқыма бояуларын жэне солармен боялған өнімдерді алған.
Қай уақытта да халықтың езгіге қарсы шығатыны, азаттық үшін күресетіні белгілі. Езілгендер қарсылығын, бүлікшіл рухты сезінген, қүлдар көтерілісінен сескенген Мысыр перғауыны көптеген қатал, алдын алу шарасын жасайды. Ол эрбір еврейдің дүниеге жаңа кел-ген ер баласын өлтіру туралы жарлық шығарады. «Інжіл» мүндай жарлықты шығарған перғауынның атын атамайды. Сондықтан кейбір деректерде жарлықты шығарушы Рамсес болуы мүмкін деген болжам жасалады.
Қабылданған қатал шараның еврейлер отбасына ауыр тигені белгілі. Осы жазадан баласын сақтауға үмтылған Леви руы-нан шыққан Иохевед пен оның күйеуі Амрама сэбиін майланған себетке салып, Нілдің қамысты қопасына жасырады. Баланы қызметшілерімен бірге суда шомылып жүрген перғауын қызы тау-ып алады. Інісін патшайымның тауып алғанын көрген Марьям оны анасына жеткізеді. Кейінірек Иохевед баланы емшек сүтімен емізуші ретінде сарайға қызметшілікке орналасады. Патшайым тауып алған бала құлдық ауыртпалығынан қүтылады. Перғауынның қызы сарай-да жоқшылық көрмей ескен оған Моисей (Моше) деп ат қояды. Мои-сей перғауын үйінің балаларымен бірге барлық артықшылықты пай-даланады. Ол Мысырда өсетін өсімдік жапырағынан жасалған жұқа папирусқа иероглифтерді жаза да, оқи да біледі. Өсе келе, халқының ауыр тұрмысын, езгіге түскенін көреді. Бірде еврейді қатал жазалап жатқан бақылаушыны өлтіріп тастап, мысырлықтардың жазасынан қашып, Мидияға барып жан еақтайды. Бүл жерде Итро есімді Ке-нит абызының малын бағып өмір сүреді. Уақыт өте келе, Моисей Итроның қызы Циппораға үйленіп, одан екі ұлды болады.
Моисей мидиялықтар жерінде қауіпсіз, тыныш өмір сүре бермейді, ол қабылдаған шешім еврейлер тағдырын шешіп қана қоймай, тарихи дамуды өзгертеді. Перғауын сарайында өсіп, көпқүдайлық пен пүтқа табынушылық тэрбие алған Моисейдің жар-тасты Синай тауында өзін рухтандырған қүдіретті көргені Інжілден мэлімденеді.
Жанған бүтаның от жалынынан оған Құдай мен өз аталарының ақиқат қуаты көрінеді. Сол уақыттан бастап өз өмірін халқын еркіндікке шығару мақсатына арнайды. Бүл жолда оған Рамсестің үлы Мернептах перғауынның жасаған кедергілері туралы да Інжілде көрсетілген. Бақылаушы қамшысы тэнін жаралаған еврейлердің қажығанын көрген Моисей, еркіндікке шақырған үндеулерімен олардың рухын көтереді. Еврейлерге Қүдай туралы айтып, қүлдық жағдайында да Оған қызмет көрсете алатындарына, Мысырдан тыс жерде жақсы өмірдің күтіп түрғанына сендіреді. Жүректері үмітке толы Израиль үлдары енді еркіндік туралы, қүлдықтан қүтылу жай-лы ойларын қорықпай айта бастайды.
Моисей мен оның халқы сиынған қүдайдан сескенген, перғауын олардың көшуіне рүқсат береді. Оған «Мысырдың он өлімі», яғни елді қатерге үшыратқан апаттар да себеп болады. Патшалардың сөзге тұрақсыздығын жақсы білетін Моисей перғауын рұқсат беріп тұрған кезде еврейлерді ізіне ертіп, тездетіп кетіп қалуға асығады. Белгіленген түні Мысырдан ер-эйелі, бала-шағасы аралас 600 000-ға жуық адам кетіп қалады. Бүған осы оқиғаға байланысты айтылатын сансыз көп эңгімелер мен өлеңдер дэлел.
Еврейлердің он екі руы эрқайсысы бөлек Мысырдан шығуға бағыт алады. Белгілі жолмен жүруге жолдағы шекаралық күзет орындары ұстап қалар, деп сескенген Моисей оларды айналып кету үшін Шығысқа бет түзейді. Алайда, үлкен суға кезіккенде, бүл кедергіден өту мүмкін еместігін көргендей, қорқыныш пен үнсіз мұңға бата-ды. Деректерде жердің бір шетіне шыққандай болған еврейлердің кезіккен суы — Суэц шығанағы, Қызыл теңіздің Батыс шеті болуы мүмкін деп болжанады. Не істерін білмеген олар келген жақтарына қарағанда, соңдарынан қуып келе жатқан Мысыр эскерін көреді. Ев-рей қүлдарына бостандық бергеніне өкінген перғауын оларды жол-дан үстап алуға бүйрық береді. Еврейлер теңіз суы мен перғауынның ат жеккен жеңіл күймелі эскерінің екі ортасында қыспақта қалады…
Аяқ астынан күшті жел көтеріліп, теңіз суы ортасынан қақ айы-рылады да, қара жер көрініп, жол ашылады. Моисей бастаған қалың тобыр судың арғы, екінші бетіне аман-сау шығады. Қуғын қызығына еліккен перғауын эскерлері де теңіздегі ашылған жолға түседі, бірақ сол мезетте бағытын өзгерткен желмен бірге теңіз суы қалпына келіп, қуғыншылар су астында қалады. «Інжілде» осы сэт туралы Моисейдің Қүдайды мадақтағаны, еврейлердің қуаныш пен алғыс сезіміне бөленіп, өлең айтып, эн шырқап, би билегені айтылады.
Балаларын ізіне ертіп, белгісіз болашаққа бағыт алған, жолға азық дайындамақ түгілі, нан пісіріп алуға да уақыты болмаған ев-рейлер сол жерде ашымаған қамырдан ас пісіреді. Пасха мейрамында еврейлердің ашымаған қамырдан (маццу) нан істеу дэстүрі еркіндік жолында жасалған осынау ерліктен бастау алады.
Еркіндікке қол жеткізу үлкен мереке болды, оны эрбір жыл сайын еврейлер Песах (Пасха) мерекесі деп тойлайды. Аталған та-рихи уақыт еврейлердің жеке ұлт болып қалыптасуы жолындағы күресінің бастауы еді. Моисейдің жол бастауымен, өздері ешқашан ұмытпаған бабаларының елін іздеп шыққан олардың жолы, Синай шөлі арқылы Синай тауына дейін созылып жатады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.