Ежелгі Парсылар

Home » Рефераттар » Ежелгі Парсылар
Рефераттар Комментариев нет

Ежелгі үндіирандықтарға әлеуметтік діни «арья» термині ортақ. Осыған байланысты мұны үндіирандық тілдер, яғни «арийлер тілі» деп те атайды, олар синонимдер ретінде пайдаланылады. Парсылардың ең ежелгі діни мэтіні «Авестада» бірінші рет «арья-нам вайджа» — «арийлер кеңістігі», «Арьянам», яғни «арийлер елі» үғымы кездеседі. Тарихи эдебиеттерде арийлердің ең ежелгі от-аны Каспий теңізінің солтүстік бөлігінен Оңтүстік Орал тауларына дейінгі аралықта созылып жатқаны жайлы мэліметтер бар. Міне, осы Арийлер тайпасының бірі қазіргі Иран мемлекетінің негізін қалаған.
Ежелгі парсылар тарихы жазба деректерде өте сараң берілген. Дегенмен, осы ел туралы алғашқы мэліметтер б.д.д. IX ғасырдағы Ассирия деректерінде кездеседі. Б.д.д. 834 жылдар шамасында Асси-рия «осы аймақтың 27 патшасына салық төлеттірген… »
В. Хинц «Элам мемлекеті» еңбегінде дерек көздерге сүйеніп, Элам эскерінің қүрамында «Парсуаш» жауынгерлерінің болғанын айтады. Осы ел тарихы шеңберінде көп нэрсені аңғартатын Рагзиаз — «парсылар елі» атауымен кездесеміз. Синаххериб деректерінде Парсуаш пен Аншан (өз елінің шығыс жағында орналасқан аймақты эламдықтар Аншан немесе Ашан деп атаған) қатар еске алынады. Демек, бүлар дербес өмір сүрген елді мекендер, елдер болуы мүмкін. Зерттеушілер парсылардың осы өңірге келіп қоныстануын б.д.д. 691 жылдар шамасы деп анықтайды. Бүлардың патшасының Ахеменид-тер династиясының негізін қалаушы Ахемен болуы мүмкін екендігі жорамалданады. Парсылардың Аншанға орналасуынан Эламға шығыс жақтан қатер төну қаупі пайда болады [89. 149 б.].
Эламның Парсы шығанағы аймағына, парсылардан басқа да халықтарға үлкен ықпал, эсері болған. Парсылар кейін үлкен мем-лекет қүрғанда, элам тілін жэне сына жазуларын кең пайдаланады. Ежелгі эламдықтардың астанасы Суз парсы патшасы ¥лы Дарийдің резиденциясы ретінде мэлім. Дарий ағашын Ливаннан, алтынын Сардтан, лазуритті Согдианадан, зүбэржатты Хорезмнен, күміс пен қара ағашты Мысырдан экелдіріп, осы қалаға сарай салдырғаны ту-ралы деректер бар.
Тарихи дэуірде ежелгі парсылар жерінің таулы аймақтарын егін жэне мал шаруашылықтарымен айналысқан тайпалар қоныстанған. Егін шаруашылығы қалыптасқан жерде ел қоныстанған мекенжай-лар пайда болады. Кейін болашақ қалалардың іргетасына айналған олардың үстінен сауда керуендері өтеді. Археологиялық қазба жүмыстары қола дэуірінде парсы жерінің таулы аймақтары Кавказ елдерімен шектескенін жэне Каспий төңірегінде мемлекеттердің пайда болғанын көрсетеді. Қазіргі Ауғанстан жерінде ежелгі Бак-трия мемлекеті пайда болып, б.д.д. I мыңжылдықтың бірінші жарты-сында мұнда тайпалық болмыстан өркениетке өту үрдісі басталған. Орта Азия, яғни бүгінгі Түрікменстан жерінен өзінің көнелігі жағынан Қосөзен мэдениетінен кем түспейтін егін шаруашылығы мен қала мэдениеттерінің байырғы орындары табылды. Орта Азия жерінде халық егін шаруашылығымен қоса, көшпенді мал шаруашылығымен де айналысқан. Б.д.д. I мыңжылдық пен б.з. I мыңжылдығы аралығында өмір сүрген осы жердің түрғылықты халқын ежелгі грек тарихшылары скифтер (сақтар), массагеттер деп атаған. Олар иран (Иран, Ауғанстан, Тэжікстан) жэне түрік (Түрікменстан, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан) тілдерінде сөйлеген. Үнді-еуропалық тілдер қүрамының қомақты бөлігі болып есептелетін үнді-ирандық тілдердің тарихта алатын орны ерекше. Деген-мен, олардан жеткен жазба деректер өте аз.
Б.д.д. 558 жылы парсы тайпа-лары мемлекетінің астанасы Пасар-гад қаласында I Кир патша билікке келеді. Б.д.д. 553 жылы I Кир Мидия патшасы Астиагқа қарсы тэуелсіздік жолындағы күресін бастап, соғыс үш жылдан соң, парсылардың толық жеңісімен аяқталады. Мидия жеріндегі аласапыранды өз пайдасы-на шешіп, шекарасын үлғайтуға тал-пыныс жасаған парсы патшасы тек мидиялықтар үстемдігінен қүтылып қана қоймай, үлкен аймақты өзіне бағындырады. Кейін Мидия патша-сы болған Крездің эскері де б.д.д. 547 жылы жеңіліске ұшырайды. Көп ұзамай Кіші Азиядан Эгей теңізіне дейінгі жер парсылардың иелігіне айналады, парсылар элемдік та-рих сахнасына шығып, болашақта екі жүз жыл бойы саяси үстемдік жағдайына ие болады. Ендігі жерде, осы кездегі парсылар үстемдігіне тосқауыл ретінде тек Қосөзен аймағын ғана емес, Жерорта теңізінің шығыс бөліктерін иеленген (Навуходоносор жорықтарының нэтижесі) алып мемлекет — жаңа Вавилон патшалығы түрады.
Тарихи дэуір Вавилон патшасы Набонидтің қала саяси эли-тасымен тіл табыса алмауынан төнген сыртқы қысымды аса асқындырып жіберген күрделі уақыт еді. Інжілдің «Пайғамбар Да-нил кітабында» Валтасар деп атаған Набонидтің баласы Вавилон эскерін басқарады. Б.д.д. 539 жылы Вавилон эскерін қирата жеңген Кир қалаға салтанатпен кіреді. Қаланы тонауға ұшыратпаған пар-сы патшасы бас құдай Мардуктың қасиетті ғибадатханасына келіп, абыздар қолынан билікті қабылдайды. Кир өзінің арнайы үндеуінде Набонидтің вавилондық құдайларға дұрыс көңіл бөлмегенін ай-тып, өзін олардың қорғаушысы, барлық вавилондықтың патшасы деп жариялап, «қаланың тыныштықпен бейбіт өмір сүретініне» уэде береді.
Жеңіске жеткен жерінің бэрінде Кир өзін қарапайым, өте би-язы ұстайды. Соған қарағанда, патша баюды емес, өзіне адалдық көрсеткендердің сый-сияпаттарын қанағат қылып, даңқын асыруды мақсат тұтса керек. Қысқа уақыт ішінде бұрын-соңды элем тарихы білмеген алып мемлекет құрған парсылар патшасын тарихшылар ежелгі замандардан бері ¥лы Кир деп атайды.
Парсының Ахемен тайпасынан шыққан Кирдің өзі де, ұрпақтары да ахеменидтер деп аталған. Б.д.д. 530 жылы Орта Азия көшпенділеріне қарсы жорық кезінде қаза тапқан ұлы жау-лап алушының орнына тақ мұрагері Камбиз отырады. Ол экесінің ісін жалғастырып, б.д.д. 525 жылы Мысырды жаулап алады. Жау-лап алынған үлкен аймақ ішінде тыныштық сирек болды. Камбиз жорықта жүрген кезде ахеменидтер тағын өзін Бардия деп атаған Кирдің баласы басып алады. Мұны естіген Камбиз елдің астанасына асығады, бірақ жолда белгісіз жағдайда қайтыс болады.
Бірнеше айдан соң парсылардың танымал отбасылары ұйымдастырған бүлік нэтижесінде Бардия да өз сарайында қаза та-бады. ¥лы Кирдің Камбиз өлгеннен кейін тура мұрагері де жоқ еді. Бүлікшілер өз ортасынан жаңа патша сайлап, Бактрия билеушісінің баласы I Дарий (б.д.д. 522-486 жж.) таққа отырады. Өзін ахеменидтер ұрпағының ең кішісі деп жариялаған сэтін оның Бехустин жартасы-на жаздырғаны жайлы дерек бар.
Ежелгі парсылар діні. «Авеста» к¥Рамьша кірген шығармалар Заратуштра (гректер Зороастр деп атаған) пайғамбарға таңылатын, «дэв» — қү-дайларды дэріптеген әнұрандар, «гата» — өлеңдер, рәсімдік нұсқаулардан тұрады. Зороастризм — дуалистік, яғни элем екі бастаудың мэңгілік күрес алаңы деген үғым негіз болған дін. Оның бірі Ахура-Мазда (гректерше Ормузд) — жарық, жақсылық жэне шындық, шынайылық құдайы болса, екіншісі қатал рух Ан-хра-Манью (гректерше Ахриман) — қараңғылық, жалғандық белгісі. Зорастрлар нанымы бойынша, адамдар өмірде іс-эрекеттерімен, сөздерімен, ой-пікірлерімен ғарыштық күштердің күресіне арала-сып, осы құдайлардың біріне көмектеседі.
Зороастрлар отты кие тұтып, оны зиян тигізуге, ластауға бол-майтын бастау ретінде қастерлейді. Сол себепті, оларды «отқа табы-нушылар» деп те атайды. Сонымен қатар, сиыр өсіріп, көбейтуді өз міндеттерінің өтелуі, діни қайырымдылық деп қарайды.
Діни түсінік бойынша, элдебір ғарыштық ақиқат заң — Арта бар, одан барлық ғалам тірек табады. Ол аспандағы күнмен, жердегі отпен теңестіріледі. Басқа халықтардың діни орындары — ғибадатханаларда құдай мүсіндері мен бейнелеріне табыну орын алса, парсылар қасиетті орындарда жағылатын отты қастерледі.
Отты сақтауды мұраға алып отыратын абыздар ұрпақтан-ұрпаққа «Авестаның» қасиетті мэтіндерін де жеткізетін болған. «Авеста» мэтінінде осы абыздар тобынан бөлек, ежелгі парсылар қоғамында тағы екі тең құқықты элеуметтік топтың (сословие) болғаны жайлы дерек беріледі. Оның бірі — эскери күймелермен соғысқа қатысатын эскер басшылары, екіншісі — халық. «Халық» деген ұғым тек экономикалық жэне элеуметтік жағынан дер-бес тұрғандарға қолданылып, қарапайым еңбек адамдары оған қосылмаған тэрізді. Мысалы, «Авестада» қолөнершілер де құлдар тэрізді, діни рэсімдердің өткізілуіне қатыстырылмаған, толық құқығы жоқ, қоғамға тек өз еңбегімен қызмет көрсететін элеуметтік топ ретінде қарастырылған.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.