Ежелгі Вавилон дәуірі

Главная » Рефераттар » Ежелгі Вавилон дәуірі

Ежелгі Вавилон дәуірі Б.д.д. II мыңжылдық басында біртұтас мемлекет құра алған ежелгі Вавилон патшалары оңтүстікте Шумер қалаларын, солтүстікте болашақ Ассирияны, батысында Жерорта теңізі жағалауында жатқан кішігірім семит мемлекеттерін бағындырып, өз шекарасын үлғайтады. Олардың тек Тигр өзенінің шығысына, тарихы мен мэдениеті туралы мэлімет өте аз Элам мемлекетіне жасаған жорықтары ғана сэтсіз болады.
Ежелгі семит тілінен аударғанда, ВаЪ-іІи «құдай қақпасы» дегенді білдірді. Інжілде: «…барлық жерде бір тіл болды, бірдей сөйлесті. Шығыстан қозғалған олар, Сеннаар жерінен жазық тауып, сонда орналасты жэне саздан кесектер жасап, отқа күйдіруді ойла-стырды». Осыдан тас орнына қыш кесектерді, ал эктің орнына жердің қара майын пайдаланылғаны туралы мэлімет келтіріледі. Олар: «Биіктігі аспанға жететін өзімізге қала, мүнара түрғызайық, барлық жер бетіне тарап кеткенге дейін өзіміздің атымызды шығарайық», -деді…
Вавилон мүнарасы. XX ғасырдың басында еуропалық архео-логтар арабтың Бабили деп аталатын елдімекені жанындағы төбеге назар аударады. Төбеде қазба жұмыстарын жүргізуге қажет қаржы алу үшін, демеушілерге оның ежелгі қала-мемлекет Вавилонның орны екені көрсетіледі. Інжілдегі аңыз бойынша, Вавилон адамдардың бэрі бір тілде сөйлеген кезде тұрғызыла бастаса керек. Оның ұзақ уақыт түрғызылғаны сонша, жалпыға ортақ болған адам-зат тілі көптеген түрге бөлініп, мұнараны тұрғызу өзінің алғашқы мэнінен айырылады. Сондықтан адамдардың ойсыз топырлау-ын доғару үшін, Яхве: «сол жерде олардың бірі екіншісінің тілін түсінбейтіндей етіп араластырамыз», — деп, Нұхтың ұрпақтарын бір-бірін түсінбейтін жағдайға жеткізеді.
«Құдай қала мен мүнараны көруге түсті… Сол жерден Құдай оларды барлық жерге таратты; олар қала түрғызуын тоқтатты… Оған Вавилон атауы берілді; өйткені Құдай осында жердегі барлық тілді араластырды (біріктірді) жэне сол жерден барлық аймаққа таратып жіберді». Бір жағынан, Вавилон мұнарасы ту-ралы Інжіл дерегі ұзақ уақыт бойына ойдан шығарылған керемет аңыз деп есептелді. Өйткені, XIX ғасырда Вавилон мүнарасы туралы ғана емес, Вавилонның өзі туралы да ғылыми мэліметтер болған жоқ. Оның өмір сүргені теріске шығарылды. Екіншіден, бүл жалпы жүртшылық Інжілді келекеге айналдырған, атеистік дүниетанымдық көзқарастар дэуірлеген заман еді. Осыдан ежелгі қалалар, Қосөзен патшалықтары жэне олардың басқарушылары ту-ралы мэліметтер есепке алынбады.
Қаланың ортасында түрғызылған көп қабатты зиккурат аспан мен жерді жалғастырып түрғандай эсер қалдырған.
Геродоттың айтуынша, ол бірінің үстіне бірі орнатылған, эрқайсысының өзіндік түр-түсі бар сегіз мүнарадан түрған. Ең үстінде қүдайға арналған ғибадатханасы бар зиккурат сол тари-хи замандағы ең үлкен, ең биік (биіктігі 297 фут шамасы) қүрылыс болған. Мүнара б.д.д. 688 жылы Ассирия патшасы Синаххерибтің бұйрығымен қиратылады. Вавилонды жаулап алған А. Македон-ский оның тозған, үгілген үйінді топырақтарын көреді. Тарихшы Страбонның жазуынша, үлы жаулап алушы 600 мың қаржы жүмсап, оны тазартуға бүйрық берген.
1876 жылы Г. Роулинсонның шэкірті, элемдік топан су тура-лы аңыздың халдейлік нүсқасын тапқан Джордж Смит «Атене-ум» журналында өзінің Вавилондағы Бел ғибадатханасы туралы мэтінді тапқанын жария-лайды. Бүгінде бұл мэтін Луврдың шығыстық
топтамасынан айрықша орын алады, көрнектілігі мақтан түлылады. Ше-бер қолымен жазылған түпнүхқалық тақтада: «83 Су-лу-ку жылының Кис-лимму айының 26 күні» деген уақыт көрсетілген. Біздің жыл санауымызға бүл «б.д.д. 229 жыл, 12 желтоқсан» деп аударыла-ды. Құжатта қүрылыстың барлық жеті бөлігінің өлшемдері келтіріледі. Іргетастық төменгі бөлік 300/300 фут (1 фут = 0,305 м), яғни 10 мың шаршы ярд (1 ярд = 0,91 м) шамасында болса, биіктігі 110 фут бола-ды. Жогарғы жеті бөліктің ұзындығы — 80, ені — 70, биіктігі — 50 фут болған. Ғимараттың жалпы биіктігі 300 футқа жақын, сондықтан жазық кеңістікте ғимарат 60 миль жерден көрінген.
«Вавилонда 53 ғибадатхана болған. Ең үлкені, танымалы 7-қабатты «Вавилон мұнарасы» еді. Мұнараның ұзындығы мен ені 90 м; төбесіне Мардук құдайдың салмағы 23 700 кг мүсіні орналастырылған. Мүнараны парсы патшасы Ксеркс қиратқан» [50].
Б.д.д. II мыңжылдықтың басынан бастап жазу өнерінің кең таралғаны сонша, мемлекетке, діни ғибадатханаларға, жеке адамдарға тиесілі құжаттардан зат айырбасы, неке келісім-шарттары, мүра бөлісу, отбасыаралық хат алмасу жайлы мэліметтер көптеп кездеседі. Сол қүжаттар ежелгі вавилондық дэуір мэдениетін зерттеуге көп мүмкіндік береді. Осы уақытта Қосөзен аралығында орналасқан қала-мемлекеттердің қүқығын анықтайтын заң жинақтары жарық көреді. Қанды кек үрдістерін жою, қылмыскерді өзіндік сот шешімі арқылы жазалау бүл заңдардың ерекшеліктері саналады. Сонымен қатар, заңда талион қағидасы («қанға — қан, жанға — жан» деген тэрізді, жасалған қылмысқа тең келетін жаза) қолданылды. Мысалы, дэрігердің кесірінен емделушінің көзі көрмей қалса, онда дэрігер де көзінен айырылуға тиісті. Немесе түрғызылған үйдің қабырғасы қүлап, үй иесінің баласы соның астында қалса, сапасыз үй салған қүрылысшының да баласы өлім жазасына кесіледі. Көптеген жаза түрі үшін ақша төлеп қүтылу мүмкіндігі пайда болды.
Тарихи деректер б.д.д. 1792 жылы аморей тайпасынан шыққан Хаммурапидің патша тағына отырғаны жайлы мэлімет береді. Бұл кезде Қосөзен жерінің оңтүстік бір бөлігіне Ларсы қаласынан эламиттер бақылау жүргізсе, солтүстігінде Вавилоннан күші ба-сым ассириялықтар түрды. Қолайлы сэтті күткен Хаммурапи ел басқаруда өзінің билігі мен эскерін нығайтуды қолға алады. Отыз жасынан бастап жаулап алу соғыстарын жүргізген ол б.д.д. 1768 жылға дейін барлық бақталасын бағындырып, Қосөзен аймағының дара билеушісіне айналады.
Хаммурапи туралы мэліметті «Шумер мен Аккадта эділдікті нығайту» мақсатында тасқа ойып жазылған, ежелгі Вавилон болмысы туралы ой түйіндеп, тұжырым жасауға мүмкіндік беретін заңдар жинағынан көруге болады. Осы тасқа ойып жазылған заң 1901 жылға дейін, яғни француз ассириологы Жан Винсент Шейль тапқанша жер астында көмулі жатты.
Хаммурапи заңдары. Заңдар барлық уақытта тексеру жүргізілуі мен сот шешімдері шығуын талап етпейді. Мысалы, өрт жіберген адам үсталып қалса, оны сол жерде отқа тастап жазалаған. Үрлық істеу үшін үйдің қабырғасын бұзған қылмыскер де ұсталған бойда бірден жазасын алған. Мүндай жағдайлар заңда: «Сол жерде өлтіріп, көміп тастау» деп көрсетілген.
Егінші егінін суарып жүріп, байқамай көршілерінің егінін суға тоғытса, зардап шегіп, егінінен айырылып қалғандар одан өнімді қалай да өндіріп алуға ерікті болды. Кінэлінің қаражаты жетпеген жағдайда, оны құлдыққа сатып, түскен ақшаны айыптаушылар бөліп алған. Алайда, соғыс кезінде қолға түскен адамды қүн төлеп, қайтарып алуға отбасының шамасы жетпеген жағдайда, керекті қаржы осы қауымдастық мүшелерінің жинаған ортақ қазынасынан төленді. Бұл — ежелгі Қосөзен тұрғындарының өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін әлеуметтік ұйымдасуының түрі болды. Осы аймақта жер иелігі бар адам ғана қауымдастықтың толық мүшесі деп есептелді. Жері жоқтар оны ақшаға немесе өнімнің белгіленген мөлшердегі бір бөлігіне жалға алды. Адамның мемлекеттік меншіктегі жердің белгілі бір кесімін пайдалану мүмкіндігі де болды. Бірақ, мұндай жағдайда ол патша қызметшісіне айналып, эскери, абыздық, сауда-саттық міндеттерді атқарды. Қауымдық меншікте жер үлесі болмағандар жергілікті билік органдарының қызметіне араласа ал-мады. Қауымның ерікті мүшесімен салыстырғанда, патшаға қызметі жаққан, қоғамның жоғары дэрежелі қызметшісінің қадірі болған жоқ.
Заң бойынша Вавилонда отбасының меншігі бөлініске өте сирек жағдайда түскен. Кейде экесінің өмірден өткеніне қарамай, ер жет-кен балалары бір үйде тұра берген. Мұнда патриархалдық тэртіптер орын алған, мүлікке басшы адам жауап берген үлкен отбасылар бол-ды. Басшының рұқсатынсыз, ортақ мүлікке қатысты жасалған кез келген эрекеттің заңдық құзыры болған жоқ. Отбасы мүшелерінің мүддесін көздеген эке баласын немесе эйелін құлдыққа бере ала-тын (құлдыққа баруға өзі де ерікті болды). Бірақ, несие беруші қоғамның мүндай ерікті мүшелеріне сатып алған қүлындай қарай алған жоқ, бүлар оның меншігі болып есептелмеді. Қарызына бай-ланысты кіріптарлыққа үшыраған адамға жасалған жауыздық үшін, қылмыскер қоғамның ерікті мүшесіне жасалған қастандықпен бірдей жауап берді. Заң жүзінде көрініс тапқан дэстүр, қарызына байланы-сты кіріптарлыққа үшыраған адамды үш жылдан кейін қүлдықтан босатуды талап етеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.