Ежелгі қыпшақтар туралы шындық

Главная » Рефераттар » Ежелгі қыпшақтар туралы шындық

Түрік халықтары ғұмырнамасының бастауын, тым әріден көне ғасырлардың беймәлім қойнауынан шығарып, соның бір бөлегін далалықтар, яғни ежелгі қыпшақтар еді деген пайымдауымызға жазба деректер мағлұматы негізінде жазылған ресми тарихты оқып, сонымен тарихи санасын қалыптастырған бүтінгі оқырманның қай-қайсысының да бірден келісе қоюы, әрине, екіталай. Тіпті, келісуді былай қойып, айтылғанның бәрін негізсіз болса болжамға санап, оған сенімсіздікпен күдіктене қарауы да әбден мүмкін. Ол заңды да. Өйткені, жазба дереккөздерінде мұндай пайымдауға негіз болатын нақты дерек жоқ. Айта берсеңіз, тіпті, «қыпшақ» деген сөздің өзі атау ретінде жаңаша жыл санаудан бұрынғы ескі дәуірді былай қойғанда, одан бергі жаңа дәуірдің өзінде алғашқы бірнеше ғасыр бойына біз көрген жазба деректерде кездеспейді. Ол тек жаңаша жыл санаудың бірінші мыңжылдығының аяғы мен екінші мыңжылдықтың басында ғана жазу-сызуы дамыған елдердің ортағасырлық жылнамашыларының жиһанкез-саяхатшыларының, миссионерлерінің, елшілерінің, тарихшы ғалымдарының жазбаларындағы марқымсыз деректер арқылы тарихтың әр кезеңінде бой көрсете бастайды. Онда да осылардың бәрінде бірдей «қыпшақ» деп аталмайды, тек араб және парсы тілді авторлардың жазбаларында ғана осылай, ал басқаларында, тіпті, басқаша. Мысалы, батысеуропалықтардың жазбасында олар — «коман», орыс жылнамаларында — «половцы», қытайдың әулеттік шежірелерінде — «ди» («ху», «и», «лу») деп аталады. Әрі-беріден соң осы әр түрлі аталатын атаулардың бәрінің бірмағынаны білдіретінін, белгілі бір халықтардың (тайпалардың) бірлестіпн танытатын қыпшақ атауына қандаи қатысы оар-жоғын дәлелдеудщ өзі жеке бір мәселе.
Міне осындай жағдайда, айтқаныңды айғақтап, көнелікке куәлік берер, «мынау» деп көзге көрсетер, қолға үстатар түрікгік бір жазба дерегің болмай түрып, түріктің түпкі тегін тереңге тартып, оның бастауы үш бірлестіктен құралады, соның біреуі «далалықтар», яғни «қыпшақтар» болған еді дегеніңе көне тарихынан бейхабар қалған бүгінгі оқырман қалай сене қалсын. Мұны түсінбеу мойындамау — тоң мойындық болар еді.
Бірақ, солай дей тұрғанмен, осы арада жазба деректемелерде жоқ екен деп, өзің ақиқатын іштей сезініп, соның дұрыстығына ұзақ уақыттар бойғы ізденістер нәтижесінде көзіңді жеткізгендей болған өмір шындығын аяқ асты ету де? қай тұрғыдан алғанда, азаматтық қасиетке жатпаса керек. Сол себепті де, бұл мәселе төңірегінде патша көңіліміз өмір шындығы деп таныған жайларды «әлде қайтеді» деген дүдәмалға ерік бермеқ, адал көңілмен алдыға жайып салғанды жөн көрдік. Төрелігін ел айтар, ел тарихын зерттеген өресі биік ер айтар. Қалай болғанда да? шындықтың бір айтылуы керек қой. Еш нәрсе жоқтан бар болмайды, бар нәрсе із-түзсіз жоғалып кетпейді. Адам баласының замана ыңғайына қарай пендешілік жасап, белгілі бір мүмкіндікгерді пайдаланып, «жоқтан бар жасаймын», немесе «бар нәрсені жоқ етемін» деген әрекеті сол сәтінде, сол кезеңінде жүзеге асып шындыққа айналғандай болғанымен, бәрібір ол күндердің күнінде өзінің жасандылығын танытып, әуелгі болмыстық ақиқатын айғақтамай қалмайды. Ұлы Дала көшкіншілерінің тарихына қатысты бар деректі жоқ ету арқылы оларды тағы, жабайы халық тарта айналдырып, адалат өркениетін жасауды бірынғай отырықшы елдерге еншілеп бергендердің қиянатты әрекеттері қанша жерден кезінде тарихи танымның негізі болып қабылданып, орныққанымен, уақыттың әділ қазылығына жүгінген өмір шындығынық ерте ме, кеш пе — бәрібір өз бейнесін танытып, тарихқа өзіндік түзетерін енгізіп келе жатқаны осының дәлелі. Өмір шындығы түрк халықтары тарихына қатысты өз түзетуін алғаш Орхон-Енисей жазулары арқылы кіргізгені баршаға белплі. Осы жазулардың бірінде (Мотн-чо ескерткішінде) қыпшақ атауының тасқа қашалып жазылып, оны және Екінші Шығыс Түрік қағанатын құраған халықтардың ортақ атауы ретінде беруі — ресми тарих ғылымында қыпшақтар жайындағы жазба деректер қалыптастырған теріс түсінікке өмір шындығы енгізген түзетудің басы болатын. Бірақ мұны ғылыми орта бірден қабылдай қойған жоқ. Қате түсінікті қалыптастырғандар мен оларды жақтаушылар барынша қарсыласып, «қыпшақ» сөзінің мағынасын этимологиялық тұрғыдан теріс түсіндіру арқылы жаңа деректің шындыққа бастар жолын басқа бағытқа бұруға күш салып бақты. Бұған алда арнайы тоқталатын балғандықтан, ой қайталап жатпас үшін әрі зерделі оқырманды сөз болып отырған мәселеге ортақтастыру мақсатында, бұл арада қыпшақтар жайында тек жазба деректерге сүйену арқылы қорытылған тұжырымдардың дұрыстығына шек келтіретін бірнеше сұрақтарды ғана алға тартпақпын. Осы созақтарға қайтарылар жауаптар, меніңше, қыпшақтар жөніндегі шындықты жайып салатын секілді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.