Ежелгі Қытай

Главная » Рефераттар » Ежелгі Қытай

Арнайы әдебиеттерде Ежелгі Қытай неолит дәуірі мәдениетінің б.д.д. V-III мыңжылдықтар арасында Хуанхэ өзенінің ортаңғы бөлігінде көрініс табатыны мәлімденеді. Өзен аңғары ұзақ уақыт бойы салыстырмалы оқшаулықта өмір сүрген әлемдік мәдениет ошағының бірі еді. Аңыздар. Қытай өркениетінің рэміздік нышаны ретінде айдаһар көзге түседі. Сенім бойынша, Аспан Айдаьары қүдіретті патшалардың түпкі атасы деп танылады. Аңызда тылсым, түсініксіз айдаьар-жылқы Сары өзеннен шыққан. Ол жазу өнерінің негізі болатын, табиғатта жоқ сырға толы қүпия рэміздерін арқалап, Қытайдың бірінші патшасы даңқты Фу Шиға келген…Қытай аңызында, аспан асты империясын Айдан түскен ата-бабасының өмірге алып келгені туралы сенім бар. Көне заман қолжазбасы «Чи» Қытайды 18 мың жыл бойы Қүдіретті Патшалардың билегенін айтады. Ал «Хуайнань цзю» кітабында дэулетті тыныш өмір, жан мен тэн ғарыштық үндестікте болған жүмақ егжей-тегжейлі баяндалады. Адам жанға жайлы қоршаған ортада өмір сүріп, рахат табады. Рухтар Жерге жиі келіп, адамға қүдайлық данышпандықты үйретеді. Бірақ, адам өзінің нэпсіқүмарлығынан, қалыптан тыс эуес болуынан азғындап, рухтардың кэріне үшырайды. Сонда әлем берекесіздік пен қорқынышқа толады. Ежелгі Қытайдың «Шан-хай чинь» кітабында қанатты адам тэрізді жан иелерінің сипаты бар. Олар б.д.д. 2400 жылы «Жоғарғы қүдірет иесімен» жанжал-дасып қалғаннан кейін, үшатын қабілетінен айрылған. «Царь Шу» кітабында: «Қүдіретті Чангти өзінің халқы ізгілік атаулының соңғы қалдығын да жоғалтқаннан кейін, Чан мен Лхайға жер мен аспан арасындағы барлық байланысты үзуге бүйрық береді. Демек, сол кезден бері ешбір ғибадат та, төмен түсу де болмаған» [73].
Қытайлықтар өздерінің үлттық тарихын екі кезеңмен — ежелгі бес данышпан мемлекет басшысы болған уақытпен жэне Қытайда бірінші патша болған, үлттық этникалық бірігулер негізін қалаған Сары император (Хуан-ди) дәуірлерімен байланысты қарастырады. Ал ғылыми эдебиеттер «бүгінгі Қытай жеріндегі ең ежелгі мемлекеттік қүрылымның өркениеттік тарихын Шан-инь эулеті аша-тынын, оны археологиялық мэліметтер тыңғылықты дәлелдейтінін» көрсетеді [74. 47 б.].
Католик дінін уағыздаушылар Еуропаға тақуа діндарлығы жоқ, бірақ данышпан философтардың басқаратын елі туралы мэліметті жеткізеді. Бүл батыс елдерінде байырғы замандардан қалыптасқан, өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін діни түсініктері бар Қытай тура-лы жалған пікірдің пайда болуына соқтырды.
Ежелгі Қытайдың рухани өмір саласындағы қол жеткізген та-быстары үлкен. Оның өзіне тэн ерекшелігі білім мен сауаттылықты қастерлеуінде. Юанъ Кэ жинақтаған аңыздар ішінде алғашқы философиялық ой-пікірлерді білдіретіндері де бар. Бүл аңыздарда ғаламның алғашқы жағдайы — алғашқы болмыстық ретсіздік, түсініксіз ұйқы-түйқылық (хаос) жэне осы ретсіздіктің қарама-қарсы бөлшектері: жеңілінен аспанды (Ян), ал ауырынан жерді (Инь) үйымдастырушы ғарыштық күштер туралы түсініктер, пайымдау-лар кездеседі.
Тағы бір аңызда үйқы-түйқы ретсіздікті реттеу, ғаламды үйымдастыру ғарыш жүмыртқасының ішінде дүниеге келген Пань-гу есімді жаратылыстан тыс адам қызметімен байланысты-рылады. Алғашқы болмыс қараңғылығында дүниеге келген Пань-гу оны екіге, жер мен аспанға бөліп, екіншісін біріншісінің үстіне көтереді. Кейін ғаламның эртүрлі бөліктері өлген Пань-гудің дене мүшелерінен, яғни жел мен бүлт — оның демінен, күннің күркіреуі -даусынан, Күн — сол жақ көзінен, Ай — оң жақ көзінен, элемнің төрт бөлігі — аяқ, қолы мен денесінен, өзендер — қанынан, жолдар -сіңірлерінен, топырақ — тэнінен, жүлдыздар элемі — шашы мен сақал-мүртынан, өсімдік элемі — терісі мен ондағы түктерден, металдар мен тастар — тістері мен сүйектерінен, жауын мен шық — терінен, найзағай — көзінің жарқылынан пайда болды. Ал алып адамның денесінде қоректеніп жүрген зиянкестерден адамдар пайда болып, «жел оларды жан-жаққа таратты» делінеді [75. 43-6.].
Осымен қатар, зерттеушілер ежелгі қытай аңыздарының бірнеше топқа бөлінетініне сілтеме жасайды. Табиғат пен адамның алғашқы хаос жағдайынан пайда болуының түсіндірмесін беретін космогониялық аңыздарда екі негіздік көзқарас орын алады. Біріншісі бойынша, жансыз заттар жэне тірі жан иелері хаостық алғашқы екі элементке — жарық (еркек) бастау ян мен күңгірт (эйел) бастау иньге бөлінуі нэтижесінде пайда болады. Екінші көзқарас бойынша, Нюй Ва эйел құдай болмысы, ғаламда бар барлық заттар элемі мен тірі жан иелеріне айналады.
Ежелгі Қытайда табиғи апаттар мен адамдарды одан құтқаратын батырлар туралы аңыздар да кең таралымын тапқан. Онда су тасқыны мен қуаңшылық тэрізді табиғи апат — көзге түседі. Бір аңызда су тасқыны алғашқы қалыпты жағдай ретінде көрінсе, екіншісінде ол Аспанның адамға жіберген жазасы ретінде қарастырылады. Егіншілікті күйдіріп жіберетін, адам өміріне қатер төндіретін қуаңшылық бір уақытта он күннің шығуы нэтижесінде пайда бо-лады. Су тасқынынан ¥лы Юй, ал қуаңшылықтан садағымен басы артық күндерді атып қүлатқан мерген И қүтқарады.
Аңыздар ежелгі Қытайдың көне уақыттағы техникалық жетістіктерді өмірге енгізген авторларды табуға үмтылысын да бейнелейді. Бүлардың арасында адамға отты үйкеліс жолымен жағуды, алғаш рет бүтақтан лашық жасауды үйреткен, аңшылық және балық аулау тэсілдерін тапқан, жер өңдеу қүралдарын жасаған жэне астық өнімдерін ас ретінде пайдалану жолын көрсеткен, дэнді буға үстап пісіру амалын шығарған жэне т.б. бар. Осы кейіпкерлердің басым бөлігін ежелгі қытайлар жартылай адам, жартылай жану-ар түрінде бейнелейді. Денесі жылан, бұқа басты жэне т.с.с. ежелгі тотемдік түсініктің көрінісі болатыны күмэнсіз.
Ата-бабалар туралы аңыздар да өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі. Олардың бэрі де жарық дүниеге бейкүнэ байланыс нэтижесінде келеді. Мысалы, иньдіктердің түпкі анасы кездейсоқ, қасиетті Қанкүрең Құстың жүмыртқасын жүтқаннан, бірінші чжоустың анасы Дэудің ізін басып кеткеннен аяғы ауыр болады. Алғашқы адам туралы осы айтылғандар бір кезде «адам өз атасын білмей, тек анасын білді» деген, кең таралымын тапқан түсінікпен байланысты тэрізді. Бұл алғашқы аналық дэуірдің санадағы сарқыншағы болар.
Иньдіктердің о дүние туралы түсініктері жердегі тәртіптің адам ойындағы бейнелі көрінісін береді. Аспан асты еліндегі жоғарғы биліктің Ванға тиесілі болатыны тэрізді, аспандағының бэрі жоғарғы, бас құдай Диге бағынады. Ди құдіретті — тек сол ғана адамды жарылқайды немесе бақытсыздыққа душар қылады, егіннің мол өнімін береді, қуаңіііылық жібереді, жел мен жауын да соған тэуелді. Ванның қайтыс болған ата-бабалары Диге жақын жүретін «қызметшілер» деп есептеледі, оның берген эртүрлі тап-сырмасын орындайды, Ванның сүраған рақымшылық пен көмек туралы өтінішін Диге жеткізеді. Осыдан қүрбандықтар беріп, ата-бабасын елжіреткен Ван жоғарғы, бас қүдайдың қолдауын күтеді, үміттенеді. Ван бас абыз ретінде адамдар элемі мен қүдайлар элемі арасын байланыстыратын ата-бабасымен хабар-ласа алады.
Ежелгі Қытайда император Аспан үлы деп қабылданады. Діни түсінік бойынша, ол — Аспан мен халықтың арасын жалғастырушы. Ерекше өкілеттілік үлесіне ие болған билігі шексіз Аспан үлы өзінің қүзырындағы халқынан адалдықты күтеді. Император белгілі бір артықшылық иесі ғана емес, сонымен қоса, ол елінің көркеюі мен жақсы түрмысына да жауапкер.
Ерте чжоулық уақытта байырғы заманнан қалыптасқан діни түсініктер айтарлықтай өзгеріске үшырай қоймайды. Адам сана-сында біртіндеп ата-баба элемінің қүдайлар элемінен ажырауы жүзеге аса бастайды. Бүл болашақта ата-баба культінің Бас құдай культінен ажырауына алып келеді. Осыдан рухтар жэне қүдайлармен байланысуға қабілетті жалғастырушылық қызмет абыз міндетіне айналады.
Елдімекендердің көне орындарында әртүрлі қүдайлар мен рухтар элемі жөніндегі наным-сенімдермен тығыз байланы-сты заттар, мэліметтер сақталған. Неолит дэуірінің өзі Қытайда жерлеу ырымдарының, күрделі сенімдер, салттар мен рэсімдер жүйесінің болғаны жайлы мэліметтер береді. Қайтыс болған адамның о дүниедегі тіршілігі үшін еңбек қүралдарын, тағамдар салынған, ішімдіктер құйылған ыдыстарын да қабірге қойған. Бай адамдардың зиратындағы заттар қытайлықтардың о дүниені рух-тар мен қүдайлар мекендейтіні жайлы нанымынан хабар береді [76. 85 б.].
Ежелгі тарихты бил ік иелері эулеттеріне қарай эртүрлі кезеңдерге бөлу орын алған. Мысалы, аттары аңызға айналған «бес император» билігінен кейін «үш эулет» (Ся, Шан-Инь жэне Чжоу) билігі орнайды. Дэстүр бойынша, Чжоу тарихи заманы да Батыс Чжоу (б.д.д. XI-VIII ғғ.) және Шығыс Чжоу (б.д.д. ҮІІІ-ІП ғғ.) болып бөлінеді. Цинь (б.д.д. III ғ.) эулеті орнына Батыс және Шығыс болып бөлінетін Хань эулеті келеді. Арнайы эдебиеттерде ежелгі қытайлар мэдениетін эулеттерге бөліп қараудың қазіргі заман сү_ранысына толық жауап бере алмайтыны, археологиялық қазба жүмыстары мэліметтеріне сүйенудің орынды болатыны көрсетіледі. Қоғамның даму сатыларын ажыратуға мүмкіндік беретін өндіргіш күштер, еңбек қүралдары жасалған негіздік материалдарға сүйенудің тиімділігіне сілтеме жа-салады.
Бес мың жылдан артық тарихы бар Қытай мэдениетінің даму кезеңдері, эмбебап заңдылықтары мен тарихи үдерісінің ерекшеліктерін ғылыми талдаудың өзектілігі элі күнге дейін күн тэртібінен түскен жоқ. Егер даму сатыларының анықтаушы негізі ретінде мемлекет түрі, саяси-экономикалық қатынастар жэне мэдениет түрлерінің деңгейі қабылданса, онда Қытай тари-хы төмендегідей сатыларға бөлінеді: архаикалық Қытай (ерте не-олиттен мемлекеттің пайда болуы); алғашқы мемлекеттер кезін қамтитын ежелгі Қытай (б.д.д. ХУІ-ХІ ғғ. Шань-Инь, б.д.д. ХІ-ІІІ ғғ. Чжоу дэуірлері); алғашқы империя пайда болуы (б.д.д. III ғ. мен б.д. III ғ. аралығы); дэстүрлі Қытай (б.д. III ғасырынан 1912 ж. дейін); қазіргі заманғы Қытай.
Мүз басу дэуірінен кейінгі б.д.д. Х-ІХ мыңжылдықтарда ауа-райының жылуынан, өзен алқаптарында егін шаруашылығына, отырықшы өмірге қолайлы жағдайдың пайда болуынан байырғы адамдардың тіршілік көзі өзгереді. Жеміс терушілердің, аңшылар мен балықшылардың түрақты қауымдастығы пайда болып, кейін олар жер өңдеуді, қолөнер өнімдерін дайындауды, тастан қүрал-жабдықтар жасауды игереді. Осы уақытты тарихшылар «неолит дэуірінің төңкерісі» деп атайды [76. 20-21 б.]. Ерте пайда болған мэдениет жайлы ойға итермелейтін алғашқы адам қоныстарының өмір сүрген уақытын анықтау қиынға түссе де, олардың ортақ белгілерінен дамудың бірізділігі байқалады.
1956-1957 жылдары жүргізілген қазба жүмыстары кезінде Қытай жерінен осыдан 15 млн жыл бүрын өмір сүрген дриопитектің бірнеше сүйек қалдығы табылған. Археологиялық қазба жүмыстары кезінде табылған заттардың аздығына қарамай, ғалымдар Қытайдың оңтүстік аймағын адамзаттың азиялық тармағының отаны болуы мүмкін деген түжырым жасайды. 1921 жылы швед археологы Ю. Андерсонның Яншао елді мекені маңында жүргізген қазба жү_мыстары кезінде не-олит дэуіріне жататын, адам еңбегінің жетістігі деп айтуға болатын деректер табылды. Ғылыми эдебиеттерде «Яншао» сөзі қытайдың неолит дэуіріндегі мэдениетіне терминологиялық атау ретінде берілді. Хуанхэ өзені аңғарын игерген (б.д.д. У-ІУ мыңжылдық), боялған қыш қүмыраларды жасаған осы яншао адамдары деп бол-жанады.
Арнайы эдебиеттерде неолит дэуірінің мэдениеті адамдар қоныстанған жер атымен көрсетіледі [76]. Ерте неолит дэуірінің қоныстары Қытайдың оңтүстік аймағында Фуцзянь, Цзян-си, Гуандун, Гуанси және Гуйчжоу экімшілік аймақтарында: солтүстік-шығыста ағатын Ляохэ өзені аңғарында табылған. Б.д.д. VI мыңжылдықтан бастап, орталық, солтүстік аймақтарда да алғашқы адамдардың қонысы болғаны жайлы мэліметтер бар. Осы кезде Хуанхэ, оның Вэйхэ саласы жэне оңтүстікке қарай Янцзы өзендері аңғарларында, сол тарихи дэуір үшін дамыған деп айтуға болатын мэдениет ошақтары омір сүрген. Солтүстік аймақтарда ауа-райының құрғақшылығына байланысты ауыл шаруашылығы дақылынан тары егілсе, жауын-шашыны мол, ылғалдылығы жоғары оңтүстікте күріш егіні басым болады. Соңғы зерттеулер мэліметіне қарағанда, күріш өсіру VII мыңжылдықтан басталған. Бүл — күріш есіру туралы элемдегі ең ежелгі дерек.
Б.д.д. 6500-4900 жылдар солтүстік аймақтағы адам қоныстары (Хэнань, Хэбэй, Шэньси провинцияларында дамыған) түріне қарап, Цишань — Пелиган атауларын алған. Олар тас өңдеу техникасын меңгерген, қызыл немесе қоңыр түсті, дөрекі өңделген қолөнер бұйымдарын жасаған, итті қолга үйретіп, шошқа өсірген. Сондай-ақ, күріш өнімін алуға негізделген шаруашылық та соларға тэн. Уақыт бастапқы діни түсініктердің қалыптаса бастағанын көрсетеді. Бүл мэліметтер Қытайда б.д.д. 5000-3000 жылдар арасында дамыған Яншао мэдениетінен жеткен. Ол — археологиялық қазба жүмыстары кезінде табылған мәдениеттер ішіндегі ең танымалы.
Шансидегі Баньпо қыстағынан табылған Яншао мэдениетінің ең байырғы қүралдарының пайда болған кезі б.д.д. 4800-3600 жж. аралығына жатады. Қүрылысы біртекті үйлер қауымдастық мүшелері арасында элеуметтік айырмашылықтың болмаганының дэлелі. Қызыл саздан жасалған тостаған, қүмыра және т.б. бүйымдар сан алуан түрлі геометриялық ою-өрнекпен, адамның бет бейнесімен, балық, бүғы жэне жазу өнерінің ең қарапайым түріне үқсас белгілермен безендірілген.
Б.д.д. 3300-2050 жылдар аралығында Яншао мэдениетінің жалғасы ретінде Қытайдың Батыс Ганьсу, Цинхай провинцияла-рында дамыған Мацзяяо, Банынань мэдениеттері ішкі Моңғолияны да қамтыды. Мүнда бүйымды мыс, қола, алтын жэне күміспен эрлеп эшекейлеу орын алған. Б.д.д. 5000-3300 жылдарға жататын Қытайдың шығыс бөлігінде орналасқан Мацзябан жэне Хэмду мэдениеттері балық аулау, ит, шошқа, буйвол өсіруге негізделген. Хэмду қоныстарын қазған кезде, түғырға түрғызылған түрғын үйлердің орындары табылған. Мацзябан мен Хэмдудің жалғасы Сунцзэ (б.д.д. 4000-3000 жылдар) жэне Цинлянь-ган (б.д.д. 4800-3600 жылдар) мэдениеттері болды. Цинлянь-ган мэдениетінің нефриттен жасалған бүйымдары — бүгінгі таңдағы танымал бұйымдардың ең ежелгісі.
Ляонинде жэне ішкі Моңғолияда дамыған Хуншань мэдениеті (б.д.д. 3600-2000 жыл-дар) нефрит бұйымдары арқылы көзге түседі. Сонымен қоса, осы мэдениетке жататын діни кешеннің орны табылған, қазіргі кезде сол орын ең алғашқы ғибадатхана деп есептеледі. Нефрит бұйымдар жасау Лянчжу (б.д.д. 3300-2200 жылдар) мәдениетінде жоғары дэрежеге жеткен. Олардың эсемдігі мен жетілген техникасы сол тарихи заманның өзінде қолдарына саяси жэне діни билікті ұстаған ақсүйектердің пайда болғанын көрсетеді. Зираттардан табылған ерекше құнды бұйымдар жерлеу рэсімдеріне байланысты жасалған жэне олардың рэміздік мэнінің сыры элі күнге беймэлім. Нефриттен жасалған рэміздік заттар саяси, діни жэне экімшілік билік иелерін өзара ажырату белгісі болуы мүмкін. Неф-рит элеуметтік мэртебе деңгейін білдірген тәрізді.
Луншань мәдениеті (б.д.д. 3000-2000 жж.) Хуанхэ өзені аңғарында дамыды. Оның эртүрлі өндіріс саласындағы қол жеткізген табыста-ры неолит дэуірінен қола дэуіріне өткеніне дэлел болады. Неолит дэуірінің кешенінен ең көп табылған материалдық мэдениет үлгі-лері-керамикалықбүйымдар.Жалпыөнімдермазмұныөздерініңқыз-меттеріне жэне сыртқы сипаттарына қарай шаруашылық, асүйлік, асханалық жэне жерлеу рэсімдеріне арналған деп, 32 түрге бөлінеді.
Өнімдер түрлі-түсті бояулармен эрленген (расписная, полих-ромная) жэне боялмаған (монохромная) керамика деп екі көркемдік түрде көрсетіледі. Түрлі-түсті бояулармен әрленген керамикалық заттар «батыс» жэне «орталық» аймақтардан табылған жэне ол б.д.д. III мыңжылдыққа тэн деп есептеледі. Боялмаған керамика шығыс аймақтарда басым, эсіресе, мүнда Луншань кешені айрықша ерекшеленеді.
Б.д.д. III мыңжылдықпен белгіленетін қара монохромдық керамиканың жасалу қүпиясы ғылым үшін элі күнге жүмбақ. Со-нымен қоса, соңғы жылдары Тайху көлі маңынан табылған не-олит керамика қүмырасының сыртқы түрі талғаммен жасалып, бай эшекейленуімен көз тартады. Бүл жерден ғылым үшін өзінің қолданыс саласы беймэлім цун — кубтері деп аталған бірнеше бірегей зат табылған. Олар — қүрт тәріздес етіп, ойылып жасалған нэзік зо-оморфты бөліктерден тұратын, цилиндр формалы нефрит ыдыстар.
Неолит керамикасы — Қытай көркем шығармашылығының ең ежелгі үлгісі. Онда ұлттық эшекейлі-қолданбалы жэне бейнелеу өнерлерінің барлық түрі мен жанрының бастаулары: кескіндеме (бояу қолданып керамикалық бұйымдарды эрлеу), ұсақ пласти-ка мен мүсіндеу (жануарлар барынша шынайы бейнеленген шарап ішетін көзелер) қамтылған. Керамика өндірісінде жетілген технология қолданылды. Керамикалық бүйымдармен бірге табылған басқа заттар, эртүрлі еңбек қү_ралдары алғашқы қытайлықтар айналысқан ауыл шаруашылығы, басқа да қызмет түрлерін қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Табылған бүйымдардың көбі — түрмыстық заттар.
Қытайд ың неолит дэуірі түрғындарының отырықшы өмір салтын үстанып, егін шаруашылығымен, балық аулаумен жэне аңшылықпен айналысқаны күмэн туғызбайды. Неолит дэуірінде жерленген мәйіттер, қоныстар мен жеке түрғын жайлар осы дэуірдің өзінде болашақ Қытай мэдениетіне негіз болған белгілі бір космологиялық үғымның қалыптаса бастағанын дэлелдейді.
Алайда, сол заманның діни ұғымдарының өзіндік ерекшелігі мен сипаты ғылым үшін элі күнге түсініксіз. Арнайы эдебиеттерде археологиялық қазба жүмыстары кезінде табылған бүйымдар арасында шынайы діни рэсімдік заттардың жоқтығы немесе ғалымдардың оларды эзірге тани қоймағандығы жайлы айты-лады. Тек Луншань мэдениетінде пайда болған бал ашу өнерінің уақыт өте келе, ең бір беделді діни тэжірибе боп қалыптасқаны нақты анықталған. Шошқа мен ірі қараның отқа күйдірген кезде ерекше жарықшақтар түскен жауырын сүйектері — соның айғағы. Ерте Инь дэуірі мэдениетін Чжэнчжоу қаласы маңында жүргізілген қазба жүмыстары материалдарынан көруге болатынын деректер көрсетеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.