Фармакогенетика қазақша

Главная » Рефераттар » Фармакогенетика қазақша

Фармакогенетика – адам ағзасының дәрі-дәрмек әсерлеріне қарсы тұқым қуалайтын реакциялары зерттейді. Адамдардың кез келген фармакогенетикалық реақциялары адам популяциясында қазіргі кезде қолданылатын фармакологиялық заттарды қодданғанға дейін эволюция процесінде қалыптасқан кең көлемді генетикалық полиморфизмі негізіңде дамиды.

Қолданылатын дәрі-дәрмектердің тиімділігі мен қосымша әсерлері әр түрлі топтарда және ағзаларда түрліше болатындығы дәрігерлік практикадан белгілі. Ағзаға дәрі-дәрмектің стандартты дозасын енгізгеннен кейін оның қандағы концентрациясы бір адамдарда оптимумнан (тиімді доза) төмен болса, яғни әсер етпесе, екінші біреулерде улау деңгейіне дейін жетеді.

Дәрі-дәрмектің ағзадағы тағдыры оның биотрансформациялануына немесе оның сіңірілу, таралу (мүшелерге, ұлпаларға, жасушаларға, органеллаларға), рецепторлармен өзара әрекеттесу, метаболизм және ағзадан шығарылу құбылыстарына байланысты. Осы фармакокинетикалық құбылыстардың әрбір кезеңдері генетикалық тұрғыдан бақылауда болатыны, яғни, арнайы (спецификалық) және арнайы емес (спецификалық емес) ферменттердің қатынасуымен жүретіні сөзсіз. Адам популяцияларыңда кең колемді балансты полиморфизм болатынын ескерсек өрбір дәрі-дәрмектің фармакокинетикалық кезеңдердегі тағдыры полиморфты ферменттер немесе ақуыз жүйесімен байланысты екені өзінен-өзі түсінікті.

Ағзаның тұқым қуалайтын реакцияларының ерекшеліктері фармакокинетикалық құбылыстың барлық құрамдық бөлімдеріңде (сорылу, мүшелерде және ұлпаларда таралу, рецепторлармен әрекеттесу, метаболизм, шығарылу) сипатталған.

Қазіргі кезде дәрі-дәрмек қабылдағаннан кейін туыңдайтын патологиялық реакциялардың көптеген мутациялары табылған. Олардың тұқым қуалау типтері және алғашқы биохимиялық бұзылыстары зерттелінген. Олардың ішінде Г6-ФД (глюкоза — 6-фосфатдегидрогеназа) жетіспеушілігі жақсы зерттелінген.

Безгекке қарсы препараттарды (примахин, дифенилсульфан, сульфаниламидтер, кок толуидин т. б.) қабылдау эритроциттердің гемолизденуіне (еруіне) алып келеді.

Метгемоглобинредуктаза жетіспеушілігі моногендік жолмен тұқым қуалайды, гомозиготалы күйінде метгемоглобинемия ауруы дамиды. Гетерозиготалы ағзаларда примахин, хингамин, диафенилсульфон дәрі-дәрмектерін қабылдағаннан кейін метгемоглобинемия және цианоз (терінің когеруі) дамиды.

Суксаметонииға сезімталдық сарысу холинэстеразасы генінің мутациясымен байланысты. Бұзылған холинэстераза дитилинді активсіздендіре алмағандықтан осы ақуыз иелерінде ұзақ уақыт (1 сағат дейін) тыныс алу тоқталады. Бұл геннің 2 мутантты аллелі (Е8 және Е1) түрліше әсер етеді, Еи — қалыпты аллель. Е5, Ег аллелдері бойынша гетерозиготаларда (Е8 Е1) патологиялық әсер толық байқалады, ал Е11 Е5 немесе Еи ЕҒ, яғни қалыпты генмен гетерозиготалыларда холинэстераза активтігі қалыпты болып ауру дамымайды.

Фармакогенетикалық аурудың тағы бір түрі — гипертермия ісігі. Ол доминантты тип арқылы тұқым қуалайды деп болжамдалады. Бұл ауруды қоздырушы факторлар болып кейбір ингаляциялық анестетиктер (фторэтан, этил эфирі, метоксифлуран) саналады. Ауру адамдардың дене температурасы 44С°-қа дейін көтеріледі және тахикардия, дем алудың жиіленуі, гипоксия, ацидоз, гиперкалиемия, гипокальцемия т.б. байқалады. Осыңдай 180 ауру анықталып, олардың 60 пайызы жүректің тоқтауы салдарынан қайтыс болған.

Фармакогенетикалық бұзылыстардың тағы бір түрі — дәрі-дәрмектің метаболизмінің бұзылуы салдарынан олардың ағзадан шығарылуындағы кедергілер. Бұған мысал ретінде бауырдың Чацетилтрансфераза генінің мутацияларын келтіруге болады.

Туберкулезге (өкпе қабынуы) қарсы қолданылатын изониозидті стандартты дозада қабылдаған кейбір адамдарда 6 сағаттан кейін оның сарысудағы концентрациясы күрт көтеріледі. Бұл осы препараттың ацетилденбей ағзадан баяу шығарылуына байланысты. Мұндай адамдарда изониазидке қосалқы реакция ретіңде перифериялық нервтердің зақымдануы байқалады. Патологиялық аллель аутосомды-рецессивті тип арқылы тұқым қуалайды.

Кейбір отбасында ағзалардың кейбір дәрі-дәрмектерге резистенттілігі (тезімділігі) анықталған, мысалы кумаринге резистенттілігі; дифениннің гидроксилденуінің бұзылуы: амобарбиталдың гидроксилденуінің жетіспеушілігі, ацетофенитидпен иңдукцияланған метгемоглабинемия; эритроциттерде литий мен натрийдің тасымалдануының бұзылыстары т.б.

Болашақта адамдардың денсаулығын сақтауда адам экогенетикасының маңызы еселеп өсетіні сөзсіз, себебі, профилактикалық медицина — адам экогенетикасы тұжырымына сәйкес әрбір даралардың қалыпты тіршілік етуі биохимиялық полиморфизмнің патологиялық экогенетикалық әсерлерінің алдын алу үшін ең қолайлы (оптимальды) жағдайларды (тамақ, дәрі-дәрмек, жұмыс) қалыптастыруға бағытталады.

Загрузка...