Фармакологияның даму тарихы

Главная » Рефераттар » Фармакологияның даму тарихы

Фармакологияның даму тарихы — яғни дәрілік заттарды біліп үйрену бұрынғы заманнан белгілі болған. Терімшілік заманында адамдар тамақ іздеп жүріп кенеттен өсімдіктердің дерілік қасиетінің бар екенін байқаған. Ағылшын сөзі drug — дәрі атауы, ескі француз сөзі drogue — құрғақ шөп сөзінен шыққан. Б.з.д. IV мың жыл бұрын өмір сүрген Шумердің (Месопотамиядағы) қашалып жазылған кестесінде опии жайында жазылған. Опии сөзі екі белгімен белгіленген: hul -көңілді, gil — өсімдік. Швейцария дәрігері Теофраст Парацельс (1493-1541) мерезді емдеу үшін сынапты буынға пайдалануды ұсыньш, ядрохимияның негізін қалады. Бұл бағыт медицинада ағзадағы таза химиялық құбылыс үрдісі ретінде, ал ауруларды химиялық тепе- теңдіктің бұзылуы ретінде қарастырады. Парацельстің айтуы бойынша: «Бар заттың бәрі у, улылығынан айрылған еш нәрсе жоқ және бар заттың бәрі дәрі-заттың бір ғана мөлшері оны у қылады немесе дәрі қылады». 1785 жылы ағылшын терапевті Уилиям Уитеринг жүрек шамасыздығы кезінде қызыл оймақгүл жапырағының тұнбасының емдік әсерін тапты. 1806 жылы гановер провизоры Вильгельм Сертюрнер опии алкалоиды- морфинді бөліп алды. Аталған жетістіктерге қарамастан, дәрілік заттар туралы оқу барысында дәлелденген мәліметтерден гөрі қарама-қайшы ойлар мен көзқарастар айтарлықтай басым. XIX ғасырдың ортасында эксрериментальді зерттеу тәсілі пайда болғаннан бастап фармакология өзіндік жеке ғылым ретінде қалыптаса бастады. Экспериментальді фармакологияның негізін қалағандар — Франсуа Мажанди (стрихнин әсерін зерттеген) және Клод Бернар (кураренің жүйке-бұлшықет өткізгіштігіне әсер ету механизмін анықтады).

.

1849 жылы Дерптс университетінің (қазіргі Эстониядары Тарту) профессоры Рудольф Бухгейм (1820-1879) өзінің пәтерінде әлемдегі ең бірінші экспенриментальді фармакология лабораториясын ашты. Бухгеймяің оқушысы әйгілі ғалым Освальд Шмидеберг (1838-1921) Страсбург қаласындағы неміс институтындағы фармакология кафедрасын басқарды. Ол камфораның организмнен глюкуронид түрінде бөлініп шығатынын ашты. Бұл дәрілік заттардың организмдегі химиялық айналуының ең алғаш дәлелі болды, 1869 жылы Шмидерберг Р. Коппемен бірге мухамор мускарин уының кезеген жүйке жүйесін қоздыратынын анықтады. Фармакология кітабының авторы Шмидерберг дәрілік заттардың фармакодинамикасын тәжірибеде дәлелдеп жазды.

XIX ғ. медицинада жаңа дәрілік заттардың табылуы, фармакологияның алға дамуына мүмкіндік берді. Осылай ингаляциялық наркоздар ашылды  —  азот  тотығы  (Хорас  Уэллс,   1844),   эфир  Уильям). Мортон, 1846), хлороформ (Джеймс Симсон, 1847), сонымен қатар антисептиктер — хлорлы әк (Игнац Филипп Земмельвейс, 1847) және фенол (Джозеф Листер) хирургияньң дамуына әсер етті. 1857 жылы «Лацент» атты медицина журналында дәрігер Томмас Брунтонның төс артындағы ауру сезімді басатын амилнитрат буының емдік әсері бары жайында мақала жазды. 1879 жылы ағылшын терапевті Уилиям Меррил бір рет нитроглицерин таблеткасын жүрек ұстамасы кезінде тіл астына қоюды ұсынды. 1908 жылы Нобель сыйлығына иемденді.

.

Пауль Эрлих (1854-1915) студент кезінде-ақ химиялық заттардың таралуымен, ұсталуын зерттеген. Оның айтуынша, дәрілік заттар таңдамалы түрде әсер етуі циторецепторлармен ұқсастығына байланысты. 1899 жылы Эрлих Франкфурб-на-Майн қаласындағы зертханалық институтын басқаруды ұсынды. Эрлих мынадай салаларға үлес қосты: гематология, иммуналогия, онкология, биохимия және зертханалық диагностика. Ең бірінші болып мес жасушалар жайында жазды. Гематоэнцефалдық тосқауылдың болатынын дәлелдеді және өте тиімді бактериологиялық немесе биологиялық зерттеулер ұсынды. 1891 жылдан бастап Эрлих инфекциялық ауруларға таңдамалы әсер ететін химиотералевтік фармакотерапия әдісін ұсынды. Медицинада төрт күндік безгекті, қызыл трепонеманы және трепанасомосты емдеуге метилен көгі ұсынды. Эрлихқа жалпы дүние жүзі даңқын спирахетозды (мерез, қайталамалы сүзек, ламбезия) емдеуге органикалық мырыш дәрілерін табуы арқылы алды. 1907 жылы сальварсон бірнеше жыл өткеннен кейін неосальварсон дәрісі ұсынды. Бірақ бұл дәрілер қазір медицинада қолданылмайды. Эрлихтың айтуы бойынша «Химиотерапияның негізгі мақсаты ауруға әсер ететін дәрілік заттың мөлшері қаншалықты көп болса да, ол жалпы ағзаға әсер етпеуі керек».

XX ғасырда фармакологияның даму тарихында үлкен жетістіктер болды. Бұл кезде жаңа фармакологиялық топтар және жоғарғы дәрежеде әсер ететін дәрілік заттар анықталды. Клиникалық фармакологияның негізі салынды. Жиырмасыншы ғасыр эмпириялың жол арқылы ашылған, емдік қасиеттері дәлелденбеген қайнатдалардың, тұнбалардың, экстракттардың кең түрде қолданылуымен басталып, дәрілік заттарды алуға, ауру ағымын жеңілдету және науқастың сырқаттан айығып шығуына қол жеткізуге бағытталған ғылыми жоспарлар, таза химиялық синтездеу мен биотехнологияның қарқынды дамуымен аяқталды, Фармакологияның басты жетістіктері: Жүйке имдульстарьшың медиаторлар арқылы берілу теориясын ашқандар — ағылшын фармакологы Генри Дейлом (1910-1936) және австрия физиологы Отто Леве (1921-1936); Аурудың дамуына дәрумендердің жеткіліксіздігінің әсерін анықтаған нидерлан дәрігері Христиан Эйкман (1890-1898) және ең бірінші В дәруменін анықтаған поляк биохимигі Казимир -Функ (1911) болды;

Қан ұюына қарсы әсер ететін тромбоэмболиялың аурулардың алдын алу және емдеуінің ашылуы гедаринді американ физиологы Уильям Генри Хауалл  Джеем Мак-Ленон (1916) ашқан және тікелей әсер етпейтінін К. Линеом (1939) аныктады; Жүрек аритмиясына қарсы хинидинді неміс кардиологы Карл Фридрих Венкебах (1918) ашты; Қант диабетінің анықталуы және оның инсулинмен емдеуді канадалық физиолог Фредерик Бентинг ден Чарльз Бест және шотландық физиолог Джон Маклеод (1921-1922) анықтады; Пенициллинді ағылшын микробиологы Александр Флеминг (1929) және сульфаниламидтерді неміс дәрігері Герхарт Домаг (1935) ашты; Медицина тәжірибесінде бензилпенициллиннің медициналық тәжірибеге енгізілуі- Ұлыбританияда Говарт Флори, Эрнст Чейн (1940) және КСРОға З.В.Ермольева (1942) еңбегі; Миорелаксант тубокуринді хирургияда канадалық анестезиолог Гарльт Гриффит Джордж Джонсон (1942) қолданды; Сульфанилмочевинаның гипогликемиялық әсерін Марселм Джанбон және Огюстом Лубатье (1942-1947) анықтады; Кортизонды анықтаған және құрылысын ұсынған швейцария химигі Тадеуш Райхшейн, тироксинді анықтаған американ биохимигі Эдварт Кенделл, кортизонды ревматоидты артритті емдеуге ұсынган Филипп Хенч (1943-1949) болды; Туберкулезге қарсы стрептомицин антибиотигін Зельман Ваксман (1944) ашты; Ең бірінші психотропты дәрілік зат, нейролептик хлорпромазинді (аминазин) Франциядагы психатрияда Анри Лабори, Жаном Делеем жене Пьером Деникер (1950-1952) қолданды; Кардиология ауруларын емдеуге радреноблакатор пропранолол (анаприлин) және асқазанның ойық жарасына қолданылатын гистаминнің Н2-рецепторларының, циметидиннің тежегіштерін Джеймсон Блэкон (1960) ұсынды; 1980-2004 жылдары Р-450 изоферментінің цитохромы, жаңа циторецепторлар және олардың эндогенді лиганттары нейромодуляторлар, екіншілік мессенджерлер (берілістер) ашылды. Жоғары жетістіктерге гендік инженерия, ДНҚ рекомбинанттық әдісі және жасушалық инженериясы (гибридомдық технологиясы) арқылы қол жеткізілді. Нысана-жасушаларды анықтай алатын, дәрілік заттарды тасымалдайтын моноклональді антиденелер анықталды. XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басында ғылыми фармакология дами бастады. Фармакологияның қалыптасуында көп еңбек еткен профессорлар   Р.Бухгейм,   А.П.Нелюбин,   А.А.Иовском,   А.А.Соколовский, В.И.Дыбковекий, О.В.Забелин, Е.В.Пеликан, И.М. Догелю және т.б болды. Олардың тәжірибелік әдістері ғылыми жұмыста және фармакологиядан сабақ беруге қолдана бастады. Айтып өткендей 1849 жылы Р.Бухгейм (1820-1879) әлемде бірінші рет тәжірибелі фармакологияның зертханасын ашты. Ресейде ірі медициналық ғылыми орталық Санкт-Петербургтегі Медико-хирургиялық академия болды. Ол ғалымдарды және бірқатар фармакологтарды біріктірді. Сонымен, А.П.Нелюбин (1785-1858) кавказдық минералдың суларды зерттеу және 3 томдың «Фармакография немесе жаңа дәрілік заттарды дайындау және қолданулары химико-дәрігерлік нұсқау» (бірінші басылымы 1827 жылы шықты) еңбегімен танымал. О.В.Забелин (1834-1875) академияда арнайы фармакологиялық зертхананы ұйымдастырды.  Мұнда тәжірибелік жұмыстар жасалды және 11 диссертация жазылды. Соттық химия және токсикологияның профессоры Е.В.Пеликан (1824-1884) кураре және строфанта препаратының әсер ету механизмін зерттеді. 1835 жылы мәскеулік фармаколог А.А.Иовскийдің (1796-1884) «Жалпы фармакологияның келбеті» деген оқулығы жарыққа шықты. Тәжірибелік фармакология Мескеу университетінде нейро-фармакология сұрақтары жұмысына арналған А.А.Соколовскийдің жұмысының арқасында дамыды. Ол «Органикалық фармакодинамика курсы» (1869), «Органикалық емес фармакология» (1871) және т.б. еңбектердің авторы. Киев университетінде тәжірибелік фармакологияның бастауы негізінен кардиотропты заттардың фармакологиясын зерттеген В.И.Дыбовскиймен (1830-1916) байланысты, В.И.Дыбовский фармакологиядан лекцияларды авторы (1871).

Казан университетінің профессоры И.М.Догель (1830-1916) жүрек-қантамыр жүйесінің анатомиясын, физиологиясын және фармакологиясын іргелі зерттеулер жүргізді. И.М.Догель өзінің бір жұмысында бірінші рет заттардың ішкі ағзаға  рефлекторлы әсерін зерттеді. Фармакологияның дамуында ірі физиологтармен клиницистердің тәжірибелік және клиникалық жұмыстары үлкен рөл атқарды, Белгілі хирург Н.И.Пирогов пен физиолог А.М.Филомафитскийдің наркозға арналған заттарды зерттегені белгілі. Фармакология саласындағы нейротропты заттарды зерттеуде отандық физиологияның негізін қалаушы И.М.Хеченов қызықты жұмыстар жасады. Белгілі орыс терапевті С.П.Боткин өзінің қызметкерлерімен бірге кардиотропты заттарды зерттеді. Фармакологияның дамуына елеулі үлесін қосқан И.П.Павлов. Ол өзінің фармакология саласындағы қызметін тәжірибелік лабораторияға 11 жылдан басшылық еткен. С.П. Воткиннің клиникасында бастады. Мұнда И.П.Павловтың басшылығымен жүрек гликозидтері, ыстың түсіретін заттар, иондар және т.б. зерттелді. 1890-1895 жылдар аралығында И.П.Павлов Санкт-Петербургтағы Әскери-медициналық академияның фармакология кафедрасын басқарды. Ол тәжірибелі фармакология саласында 16 жыл жұмыс жасады. Оның көптеген шәкірттері: В.В.Савич, И.С.Цитович, Д.А.Каменский және т.б. белгілі фармаколог болды. И.П.Павловтың фармакологияға деген қызығушылығы өмір бойы сақталды. Ол негізінен психофармакологияның негізін қалаушы болып саналады. Ғылым тарихында бірінші рет И.П.Павлов және оның қызметтестері тәжірибелік түрде жасалған неврозда және сау жануардың жоғарғы жүйке жүйесіне дәрілік заттардың (бром, кофеин) әсерін зерттеді. И.П.Павлов мектебінің әртүрлі заттардың — қышқыл, сілті, этил спиртінің, ащының асқорытуға әсерін зерттеуге арналған жұмыстары жоғарғы бағаға ие болды.

Фармакология тарихындағы жарқын тұлға Н.П.Кравков (1865-1924) болды. Ол И.П.Павловтан кейін Әскери-медициналың академияның фармакология кафедрасының меңгерушісі больш тағайындалып, содан 25 жыл бойы өмірінің соңына дейін басқарды. Н.П.Кравков ғылыми кең ауқымымен ерекшеленді. Ол ғылымның дамуындағы прогрессивті бағытты, жаңалықты сезінетін белгілі ғалым болды. Н.П.Кравков жалпы фармакологияның  мәселелеріне:  заттың мөлшері мен концентрациясы, биологиялық әсерге тәуелділігін түсіндіру, фармакологиялық заттардың комбинирленген әсері және т.б. көп көңіл бөлді. Оның жұмысындағы қызығушылық қосылыстың құрылымы мен (соның ішінде кеңістіктік конфигурация) физиологиялың белсенділік арасындағы тәуелділік болды. Н.П.Кравков «патологиялың фармакология» саласындағы тәжірибе жүзінде жасалған жағдайларда (мысалы, атеросклероз, қабыну) дәрілік заттардың фармакодинамикасы мен фармакокинетикасын зерттеуден  бастады. Сондай-ақ

Н.П.Кравков зертханасында әртүрлі аурудан өлген адамдардың (жүқпалы және т.б.) бөлек алынған жүрек, бүйрек, көкбауырына дәрілік заттардың әсері зерттелді. Көптеген зерттеулер жүрек қантамыр жүйесі, эндокринді бездер және зат алмасу фармакологиясына арналды. Н.П.Кравковтың токсикология саласындағы (кавказдық бензин, кейбір әскери уландырғыш заттарды зерттеу) жұмыстары қызығушылық тудырады.

.

Н.П.Кравковтың қызметіндегі бір ерекшелігі тәжірибелі фармакологияның мәліметтерін практикалық медицинаға жақындату болды. Ол алғаш рет вена ішіне арналған наркоздық затты (гедонал) ұсынды. Комбинирленген наркоз (гедонал мен хлороформ) туралы да ойы болды. Н.П.Кравков лектор және педагог болды. Ол көптеген фармакологтар  мен  дерігерлерге  арналған және бірнеше  рет қайта басылып шыққан 2 томдық « Фармакология негіздері» кітабын жазып шығарды. Н.П.Кравков фармакологтардың үлкен мектебін құрды (С.В.Аничков, В.В-Закусов, М.П.Николаев, Г.Л.Шкавера және т.б.).  Н.П.Кравковтың ғылыми еңбегі кеңес үкіметінде жоғары бағаға ие болды. 1926 жылы (өлгеннен кейін) В.И.Ленин атындағы сыйлық берілді. НЛ.Кравков отандық фармакологияның негізін қалаушы ретінде саналады. Ресей фармакологияның дамуы көптеген белгілі ғалымдардың жұмыстарымен байланысты болды. I Ленинградтық медициналық институтта 43 жыл бойы фармакология кафедрасын А.А.Лихачев (1866-1942) басқарды. Ол адамдағы жылу алмасу және газ алмасу, сондай-ақ токсикологияда әскери уландырғыш заттардың фармакологиясы бойынша жұмыстар жасады.

И.П.Павлов шекірті В.В.Савич (1874-1936) өзінің көптеген жылын фармакологияға арнады. 1921-1935 жылдар аралығында Ленинградтық ветеринарлық институттың фармакология кафедрасын басқарды. Томск медицина институтында Н.В.Вершинин (1867-1951) және оның қызметтестері Батыс Сібір флорасындағы өсімдік шикізатынан дәрілік заттар, фармакологияда көптеген зерттеулер жасады. И. В. Вершининнің еңбегінің арқасын да медициналық практикаға синтетикалық камфора енгізілді. II Мәскеулік медицина институтының фармакология кафедрасын 33 жыл бойы В.И.Скворцов (1879-1958) басқарды. Оның негізгі қызығушылығы вегетативті жүйке жүйесінің фармакологиясьшен, ұйықтатқыш заттардың фармакологиясымен, биохимиялық және жалпы фармакологиямен, сондай-ақ токсикологияның бірқатар мәселелерімен байланысты болды. ВЛ.Скворцов 8 рет қайта басылып шығарылған фармакология оқулығының авторы.

А.И.Черкес (1894-1974) белгілі фармаколог және токсиколог, Киев медициналық институтының фармакология кафедрасын 28 жыл басқарған. Көптеген жылдар бойы ол биохимиялың фармакология мәселелерімен айналысты. Оның негізгі маңызды жұмысы жүрек гликозидтерінің қалыпты және патологиялық өзгерген миокард метаболизміне әсері болды. А.И.Черкес қантамыр тонусына әсер ететін фармакологиялық заттарға көбірек      көңіл бөлді. Өнеркәсіптік және әскери токсикологияның мәселелерін қарастыруда белсене қатысты. А.И.Черкес бірқатар монография мен нұсқаулықтың авторы. Фармакология және токсикологияның дамуына үлкен үлес қосқан Н.В.Лазарев (1895-1974). Көптеген жылдар бойы ол әскери-теңіз медициналық академиясында фармакология кафедрасын және токсикология зертханасын, сосын онкология  фармакология зертханасын басқарды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.