Феодалдық-серілік қатынастардың тууы

Главная » Рефераттар » Феодалдық-серілік қатынастардың тууы

Х-ХІ ғасырларда Франция, сонымен бірге Батыс Еуропаның көптеген мемлекеттерінде феодалдық қоғам орнады. Мемлекетті король басқарды және ол басқа феодалдар үшін синьор-сюзерн болып саналды.
Корольдің вассалдары — ірі жер иелері, граф, герцог, епископ және басқалар өз графтықтарында толық билік жүргізді. Олар кейде корольге де бағынбайтын. Кішілеу барондар ірі граф пен герцогтарды синьор деп атады. Барондарға кіші феодалдар мен серілер тәуелді еді. Демек, әрбір билік тобындатөменгі сатыдатүрғандарвассал, ал жогарыда түрғандар синьор болдьь
Сері өз ңожайынына адал, оның мал-мүлкін, мүддесін қорғаушы және тәуелді шаруаларға ңарсы күреске әрңа-шан дайын жауынгер ңызметін атңарды. Феодалдар арасындағы дау-жанжалдар тек еоғыс арңылы ғана шешілді, ал соғыс еңбекші шаруаларға үлкен ңиындыңтар әкелетін еді.
Орта ғасырларда сері, яғни әскери-феодал өз қол астындағылардың орындауы тиіс болған маңызды ереже-лерді белгілей бастады. Осыған байланысты жаңа әдет-ғүрыптар ңалыптасты. Енді серіден өз синьорына адалдықпен бірге дінді ңорғау, әлсіздерге жәрдем беру міндеттері де талап етіле бастады. Даңқты серілік заңдардың ңалыптасуында ХІІ-ХІІІ ғасырларда туа баста-ған серілік әдебиет белгілі дәрежеде маңызды рөл атқарды. Бірақ серілердің жорыңтары, жаугершілік соғыс-тары, феодалдар арасындағы өзара үрыстар, ңиянат пен кекшілдік өршіп түрған сол заманда шынайы өмір фактілерінен алыс жатқан еді. Іс жүзінде бүл әдебиеттің басты маңсаты — тәуелді шаруаларды ңанауға негізделген феодалдың-серілік қатынастарды дәріптеу болатын.
Серілік әдебиет орта ғасырлардағы феодализмнің орталығы болған Францияда пайда болды және Батыс Еуропаның басқа мемлекеттерінде туа бастаған серілік әде-биет үшін үлгі ңызметін атңарды.
XII ғасырда Францияда схоластикалың көзңарастар мен ғылым арасындағы күрес күшейді. Осы дәуірде дүниеге келген Париж университеті бүкіл орта ғасырлық Еуропаның мәдени орталығы болды. Шіркеудің « о дүниелік » саясатына карсы күрес антикалың дәуірдің классик жазушылары мен ғалымдарының шығармала-рын оңып-үйренуге деген ңызығушылыңңа үштасты. Шіркеу үстемдігін мойындамайтын ересьтік — дінсіздік әрекет күшейді. Демократиялың көзңарастағы еретик-тер «рухтың мәңгілігі» туралы діни көзңарасты мойындамады.
Қала буржуазиясы әлеуметтік топтардың ешқайсысына жатпайтын дүние-мүліксіз плебейлерді, жалдама-лы жүмысшылар мен әр түрлі ңызметкерлерді тудырға-ны сияңты, діни ересь те наң осындай екі түрге — бюргер еретиктері мен плебейлік-төңкерісшіл еретиктерге бөлінді.
Қаланың дамуы, оңдағы сауда мен ңолөнер саласын-дағы жетістіктер ғылымның өркендеуіне ңолайлы жағдай жасады. Бүл болса, танымдың түрғыдан шіркеуге берілген үлкен соңңы едь
Осы дәуірде Аверроэстің материалистік мазмүндағы дүниетанымы Еуропаға кең таралды. Аверроэс атымен мәлім болған араб ғалымы ибн Рушд (XII ғасыр) грек ойшылы Аристотельдің материалистік танымына сүйе-не отырып, өзінің еркін пікірлерін алға тартты. Дүние-ні Қүдай жаратты, о дүние бар дейтін пікірлерді жоқңа шығарды. Аверроэс «материя мәңгі бар нәрсе, табиғат-тағы барлың өзгерістер тылсым күшке емес, ол табиғат заңдарына бағынышты» деді. Сондыңтан мүсылман діндарлары оны Кордовадан ңуып шыңты. Аверроэстің бүл пікірлері көрші мемлекеттерге де кең таралды. Париж университетінің көптеген магистрлері оның әсері-мен католик шіркеуінің заңдарына қарсы шыға баста-ды. Көтеріліп келе жатңан ңала тұрғындарының анти-феодалдың әрекетін белгілеген бүл адамдарды шіркеу дінсіздер деп айыптап, ңатты жазалады.
Орта ғасырлардағы ңалалардың пайда болуы мен да-муы, сыртңы сауданың өркендеуі, Шығысңа болған жо-рыңтар ңоғамның мәдени өміріне де үлкен өзгерістер алып келді- Жаугершілік соғыстарды жүргізген серіл.ер мен олардың әдет-ғүрыптары алғашңы табиғатын с&ң-таған күйі, жаңа жағдайда жаңа мазмұндағы әстетика-лың ңаһарманды туғызды. Шығыспен ңарым-ңатынас серілердің дүниетанымың кеңейтті. Алғашында «жо-марттың» серінің жауынгерлік соғысында көмекші рөл атңаратын. XII ғасырда болса, ол серілік өдебиетте бей-неленген кейіпкердің негізгі ңасиетіне айналады. Со-нымен бірге «сері нәзік сезімді, сүлу және сәзге шешен де жан болуы керек» деген талап ңойылады. Сондай-аң адамгершілік ңасиеттерді қадірлейтін, әйелдерге ілти-патты сері ғана нағыз сері деп дәріптеледі.
Серілік лирика халың өлеңдері негізінде туғандың-тан музыкамен орындалады, ал серілік роман мен повес-тер батырлың эпостар сияңты жыр түрінде емес, мәтін ретінде оңылады.
Серілік әдебиеттің жаңа бағытңа ңарай бет бүруы, оның өзіне ғана төн жаңа стилін пайда етті. Ондағы «дөрекі көріністер» біртіндеп шығарылып, көлемі жағынан ықшамдалып, сүрьшталып барады. Қиял-ғажай-ып оңиғаларды бейнелеуге үмтылыс күшейеді. Бұл жағдай серілік поэзияның ақсүйектік мазмүнда болғанды-ғынан дерек береді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.