Филогенездің жалпы зандылықтары

Home » Рефераттар » Филогенездің жалпы зандылықтары
Рефераттар Комментариев нет

Филогенетикалық өзгерістердің пайда болу зандылықтарын зерттейтін ғылымды эволюциялық морфология деп атайды. Филогенездің жалпы зандылықтары ол XIX ғасырдың аяғында салыстырмалы анатомия, салыстырмалы эмбриология және палеонтология ғылымдарының негізінде қалыптасқан.

Эволюциялық морфология ғылымының негізгі зерттеу әдісі болып салыстырмалы анатомия, салыстырмалы эмбриология және палеонтология әдістерін қамтитын «үштік параллелизм» әдісі саналады.

Үштік параллелизм әдісі арқылы эволюциялық морфология ғылымы мүшелердің гомологиялық және аналогиялық ұқсастығын анықтайды және оларды жіктейді.

Гомологиялық ұқсастық (грекше һоmоlоgіа — бірдей ) дегеніміз:

  • мүшелердің құрылысының, олардың бөлімдерінің арақатынасының, орналасуының бірдей болуы;
  • мүшенің ағза денесінде бірдей орналасуы;
  • мүшелердің бір ұрық бастамасынан пайда болуы.

Бұл мүшелердің атқаратын қызметтері бірдей не әр түрлі болуы мүмкін. Яғни гомологиялық мүшелер деп шығу тегі бірдей, құрылысы не атқаратын қызметтері бірдей не әр түрлі болып келетін мүшелерді айтамыз. Бұған мысал ретінде омырт-қалылардың алдыңғы аяқтарын жатқызуға болады. Гомологиялық ұқсастықтың негізгі себебі — тарихи туыстық болып саналады, яғни олар бір (ортақ) ата-тектен не оның мүшесінен пайда болған.

Аналогиялық ұқсастық (грекше anology — бірдей) немесе аналогиялық мүшелер деп шығу тегі әр түрлі, бірақ сырт пішіндері бірдей, ұқсас және бірдей қызмет атқаратын мүшелерді айтамыз. Олар тек морфологиялық жағынан ғана ұқсас болып, ортақ бір қызмет атқару арқылы айқындалады, ал шығу тектері әр түрлі. Аналогиялық мүшелердің ұқсастығы тіршілік орта сының ортақ болуымен сипатталады және олардың туыстық байланыстары болмайды. Мысал ретінде көбелектердің және құстардың қанаттарын келтіруге болады.

Филогенездің заңдылықтарын дұрыс түсіну үшін мүшелердің құрылысының өзгерулерін зерттеумен қатар атқаратын қызметін де зерттеген дұрыс. Бір мүшенің құрылысының өзгеруі міндетті түрде оның қызметінің де өзгеруіне алып келеді немесе керісінше.

Тарихи даму барысында мүше қызметінің алмасуы үнемі оның формасының алмасуына ұласады. Әдетте, мүшелердің эволюциясы оның қызметінің алмасуы арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда мүшенің бұрынғы негізгі қызметі өз мәнін жойып, оның қосалқы қызметі маңызды рөл атқаруы мүмкін. Қалай болғанда да, барлық уақытта, мүше қызметінің алмасуы оның құрылысын да өзгертеді. Мысалы, омыртқалылардың ата-тектерінің тері қабыршақтары жаққа қарай ығысып өтіп тіске айналған, қол қанатты балықтардың торсылдағы әрі қарай дамып ауамен тыныс алу мүшесіне айналған т.с.с.

Филогенетикалық өзгерістердің пайда болу жолдары ішінен маңыздылары ретінде:

  • мүше қызметінің кеңеюін;
  • мүше қызметінің күшеюін және белсенділігінің артуын;
  • мүше мен оның қызметінің субституциясын (алмасуын) атауға болады.

Мүше қызметінің кеңеюіне мысал ретінде балықтардың көкірек қанаттарының дамуын келтіруге болады. Алғаш олар балық денесін бірқалыпты, тұрақты ұстап тұру қызметін ғана атқарған болса, кейін тереңдікке сүңгу және жүзу бағытының рулі қызметін де қоса атқарған.

Мүше қызметінің күшеюі оның негізгі қызметтік бөлімдерінің санының көбеюімен бірге жүреді. Ол мүше өлшемінің өсуіне және гистологиялық құрылымдарының қайта құрылуына алып келеді. Мысалы, омыртқалылардың алдыңғы миының дамуы, сүт бездерінің бөліктерінің көбеюі салдарынан аталған мүшелердің мөлшерінің ұлғаюын айтуға болады.

Мүше қызметінің белсенділігінің артуы дегеніміз бұрын белсенді емес болып келген мүшелердің белсенді түрге айналуы болып табылады.

Субституция немесе мүше мен оның қызметінің алмасуы филогенез құбылысында бір мүшенің екінші бір мүшемен алмастырылуы болып табылады. Алмастырылатын мүше мүлдем жойылып жоқ болады немесе рудимент күйінде сақталынады.

Мысалы, хорданың омыртқамен алмастырылуы, пронефростың мезонефроспен, ал оның метанефроспен алмастырылуы т.с.с.

Эволюция барысында бір мүше бастамасының пайда болу орнының өзгеруі немесе мүшенің дене білеуінен (ось) салыстырмалы ығысып орналасуы да байқалады. Оны гетеротопті деп атайды. Мысалы, құстар мен сүтқоректілердің жүрегінің көкірек қуысына ығысуы, жоғарғы сатылы омыртқалылардың алдыңғы аяқтарының балықтардың көкірек қанаттарымен салыстырғанда біршама кейінірек орналасуы т.с.с.

Филогенездің жалпы зандылықтарына өзгерістерге гетерохрониялар да жатады. Гетерохрония дегеніміз мүшелердің қалыптасу мерзімінің өзгеруі.

Эволюция құбылысында гетеробатмия деген құбылыс та байқалады. Гетеробатмия дегеніміз ағза денесінің не бір мүшесінің бөлімдерінің әр түрлі эволюциялық даму деңгейінде болуы, яғни біреулері қарапайым, төменгі деңгейде болса, екінші біреулері жоғарғы деңгейде, күрделі болуы мүмкін.

Эволюция құбылысында бір мүшелер жаңадан пайда болып, екінші біреулері құрып жойылып отырады. Жаңа мүшелердің пайда болуының себебі олардың дифференциялануы (жіктелуі) болып саналады, ал оның алғы шарты болып ескі мүшенің атқаратын қызметінің сан алуан (мультифункционалды) болуында.

Мүшелердің жойылуы (редукциялануы) эволюция құбылысында алғаш пайдалы, қажет болып келген мүшенің қажетсіз, тіпті зиянды мүшеге айналуымен байланысты. Мұндай өзгерістерге, әдетте сыртқы ортаның өзгеруі алып келеді. Мысалы, омыртқалылардың дамуында түлға бүйрегі (мезонефрос) пайда болғаннан кейін дененің алдыңғы бөліміндегі бүйректің (пронефрос) редукциялануын айтуға болады. Мүшелердің редук-циялануы олардың кішіреюі және құрылысының қарапайымдануымен байланысты. Редукцияланған мүшелер өте өзгергіш келеді, мысалы, соқыр ішектің үзыңдығы 2 см-ден 20 см-ге дейін болады. Сол сияқты, мүшелердің редукциялану дәрежесі де түрліше болып келеді. Кейде редукцияланған мүше ересек фор-маларда да үрықта да кездеспей мүлдем жойылып кетеді; кейде ол ересек формаларда кездеспей тек үрықта ғана, эмбриондық бастама күйінде сақталуы мүмкін. Кейде ол белгілі бір сатыға дейін қалыпты дамып, содан кейін дамуын тоқтатып, ересек формаларда жетілмеген күйде сақталуы мүмкін. Бұл жағдайда ол ешқаңдай қызмет атқармайды. Оңдай мүшелерді рудименттер деп атайды.