Физикалық дене

Главная » Рефераттар » Физикалық дене

Физикалық дене дегеніміз не? Табиғаттағы денелер. Біздің айналамыздағы табиғи денелердің сыртқы көрінісі мен массасы жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар екенін білесіңдер. Мысалы, физикада материя, дене, зат сияқты ұғымдар жиі қолданылады. Әлемде не бар болса, соның бәрі материя деп аталады. Мысалы, материяға өсімдіктер мен жануарлар, Ай мен Күн, жұлдыздар мен ғаламшарлар, сондай-аң кез келген сәулелер жатады. Адамды қоршап түрған әлем өте алуан түрлі. Өздерің Күн жүйесінің құрылысын оқыдыңдар және оның Күн, ғаламшарлар және олардың серіктері, астероидтар, құйрықты жұлдыздар, метеориттерден тұратынын білесіңдер. Олардың барлығын денелер деп атайды.
Өзіміздің өмірлік тәжірибемізге сүйенсек те, бізді қоршаған ортаның қандай да бір заттардан тұратынын білеміз. Сендердің алдарыңда жатңан кітап мәтіні бар жүқа парақтардан және қатты мұқабадан тұрады. Таңертең өздеріңді оятатын қоңы-раулы сағаттың да көптеген алуан түрлі тетіктері бар.
Жердің қүрылысын оқып үйрену арқылы денелермен таныстыңдар. Олар — тау жыныстарының сыныңтары, минералдар, өсімдіктер мен жануарлар.
Кеңістікте өзіндік пішіні және нақты көлемі бар жеке түрған зат — физикалық дене деп аталады. Дене заттардан құралған. Мысалы, ағаш, көзілдірік, Күн, адам, бір тамшы су, ұлғайтқыш құралдар. Сонымен ңатар қасық, шеге, кесе, мұзтау, ас түзының түйіршіктері, бір тал шақпақ қант, жаңбыр тамшысы да жатады.

Физикалық денеге пішіні мен көлемі бар кез келген зат жатады.

Ал ауаның пішіні қандай? Ол әрқашан біздің айналамызда болғанымен, біз оның пішінін көрмейміз. Алайда айналамыздағы ортада ауасыз, бос кеңістік болмайтындыңтан, ауаның кез келген нәрсенің пішініне енетінін түсінулерің керек. Бүган кері мысал: адам үшін теңіз өте үлкен болса да — бұл пішіні, көлемі бар дене. Ал балық үшін су — тіршілік ететін орта ғана. Физикалық өлшемдер. Өлшем бірліктері. Өндірісте, техникада, физикалық құбылыстарды оқып білгенде әртүрлі өлшем жүмыстарын жүргіземіз. Дененің ңүлауын зерттеу барысында оның биіктігін, массасын және қүлау жылдамдығын есептеу керек. Белгілі шаманы өлшеу — бір бірлікпен алынған біртекті шама көлемін анықтау. Мысалы: үстел ұзындығын өлшеу. Оны басқа өлшеу бірлігімен есептеуге болады. Оның өлшем бірлігі -метр. Заттардың әрқайсысын өлшейтін құралдар болады. Кез келген физикалық шаманың өзінің өлшем бірлігі бар. Өлшемдерді ыңғайлы пайдалану үшін дүниежүзі бойынша 1963 жылдан бастап, Халықаралық өлшем бірлік жүйесі (фран. Sisteme International d unites, SI) қолданысқа енгізілді.

osley-kuraldary

Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі (SI) — өлшемдердің халықаралық қалпы, метрикалық жүйесінің қолданыстағы нұсқасы. SI — күнделікті өмірмен қатар ғылым және техникада әлемдегі ең көп пайдаланатын бірліктер жүйесі. Бұл жүйе мына өлшемдерге негізделеді: ұзындық, қашықтық және биіктік үшін — метр, масса үшін — килограмм, уақыт үшін — секунд. Физикалық денеде метр, киллограмм, секунд бір-бірімен үйлестіріліп қолданылуы мүмкін. Бұл өлшем бірліктері жұптасып, екінші бір өлшем бірлігін жасайды. Мысалы: өлем, қуат, қысым, жылдамдық. Бұлар туралы сендер жоғары сыныптарда Физикалық дене тақыптарында қарастырасындар.

Кей уақытта үлкен және кіші өлшем бірліктерін айтқанда, өлшем атаулары алдында «кило», «милли» сияқты сөздер қосылады. Мысалы, кило — «1000», милли — «0,001». Сонда 1 километрде — 1000 метр болады, 1 миллиграм — 1/1000 бөлшегі. Бізді қоршаған физикалық денелер, мысалы, допты тепкенде жоғары көтеріліп барып құлайды, шарды ұшырғанда әуеде қалықтап барып, жерге қонады. Екеуі де ортақ бір қасиетке ие. Олардың бірі — заттардың бір-біріне тартылысы. Осы қасиеттің өлшемі физикалық шама болса, оны дене массасы дейміз. Физиктердің айтуынша дене массасы — гравитация өлшемі. Масса m символымен белгіленеді.

Массаны өлшеуге болады. Халықаралық бірлік жүйесі бойынша (SI) өлшем бірлігіне килограмм жататынын айтқанбыз. Бұл — эталондық көрсеткіш. Қазіргі замандағы эталондық килограмм цилиндр, платина және иридий қоспасынан жасалынған. Халықаралық килограмм эталоны Францияның Париж қаласына жақын жерде сақтаулы. Оның толықтай көшірмесі көптеген елдерде бар. Өлшем бірліктеріне килограмм өлшемінен басқа, тонна (т), грамм (г), миллиграмм (мг) жатады. Дене массасын өлшеу үшін күнделікті тіршілікте пайда-ланып жүрген таразыны қолданамыз. Қазіргі заманда өлшеу құралдарының жетілгені соншалықты, заттардың (микродүние) салмағын микробөлшегінен бастап өлшей алады. Кез келген физикалық шамалардың өзіне тән өлшеу бірліктері болады. Мысалы, уақытты секундпен (сек), минутпен (мин), сағатпен (сағ) өлшейміз. Лақтырылған тастың жерге қайта түсу мерзімі уақытпен өлшенеді. Қүлау уақыты 1 секунд болса, біз уақыттың физикалық шамасын анықтаған боламыз. Физикалық шамаларды бірлік өлшемдерін салыстыру арқылы да қарастыруға болады. Мысалы, 1 сағаттың 3600 секундқа тең екенін білесіңдер. Себебі 1 сағатта 60 минут, 1 минутта 60 секунд. 24 сағат шамасын анықтау үшін қанша сеңунд барын табыңдар.

Мәлімет 5 — сынып «Жаратылыстану» кітабінан алынған. 

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.