Физиологиялық адаптация

Home » Рефераттар » Физиологиялық адаптация
Рефераттар Комментариев нет

Физиологиялық адаптация деп сыртқы ортаның нақтылы жағдайына организмнің бейімделуін қамтамасыз ететін морфо-физиологиялық процестер жиынтығын айтады (латынша adaptatio — бейімделу). Адаптация нэтижесінде организмнің тіршілік ортасының экологиялық жағдайына (температура ауытқуларына, оттегі, жарық тапшылығына, азық түріне, т.с.с.) төзімділігі қалыптасады. Қоршаған орта жағдайларының өзгерістері міндетті түрде организмде функциялар ауытқуларын тудырып, шектен артып кеткен жағдайда дертке ұшыратады. Жануарлардың сыртқы ортаның жаңа, тосын, жат жағдайларына (мекен, ауа райы) көндігуін жерсіну (акклиматизация), ал жасанды туғызылған жағдайларға (зертхана, ғарыш аппараты, т.б.) үйренуін көндігу (акклимация) деп атайды. Экологиялық-генетикалық түрғыдан физиологиялық адаптацияны екіге жіктейді: түрлік — тұқым қуалаган және дарактың -жеке өкілдерге тән. Жануарлардың бір түрі суық климатқа, екіншісі — қоңыржай температураға, үшіншісі — биік таулы аймаққа (қодас, лама) бейімделген. Кейбір жануарлар салыстырмалы қолайлы жағдайда тапшы азықты жақсы пайдаланады, бірақ олардың өнімділігі төмен болады. Басқа біреулері сапалы азықты талап етеді және оларды өнімге өте тиімді айналдырады. Шолейт аудандарда сирақты, түрпаты қатқыл, ал ылғалды ойпатта түлғасы болбыр жануарлар өседі. Тірі организм жоғары деңгейдегі өздігінен реттелетін, өзін-өзі сүйемелдейтін, қалпына келтіретін, бағыттайтын, тіпті, жетілдіретін күрделі жүйе. Бірақ организм сыртқы ортаның мезгіл-мезгіл қайталанып отыратын өзгерістеріне (күн мен түннің, жыл мезгілінің алмасуларына, температура ауытқуларына жэне басқа экологиялық жэне климат құбылыстарына) тәуелді. Сондықтан организм үшін сыртқы орта жағдайлары шешуші рөл атқарады. Үй жануарларының бейімделу ерекшеліктерін анықтағанда осы жайларды ескерген жөн.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.