Француз классицизмі

Home » Рефераттар » Француз классицизмі
Рефераттар Комментариев нет

Классицизм ХVІІ ғасырда француз әдебиетінде беделді әдеби ағымдардың бірінен саналады. Ұлы әдебиет өкілдері Корнель, Буала, Лафантин ж.т.б. өздерінің тамаша шығармаларының итальян, испан әдебиетшілерінің ықпалында жазған еді. Француз классицистері өздерінің шығармашылықтарында Греция, Италия, Испания жазушыларына, Гомер, Вергелий, Теренций, Плавит, Тит Литвий, Овидий творчествосына сүйенеді. Мәселен, Мольер өзінің «Сараң» деп аталатын туындысында ежелгі рим драматургі Плавтоның «Көзе» деген еңбегіне иек артып, соның сюжетін алған. Лофонтен өз мысалдарына сюжет негізгі етіп, Эзоп мысалдарн тірек етіп алады. Жоғарыда талған әдеби ағымның өкілдерінің шығармаларын талдай келгенде айтарымыз- Сағдидың «Гулстан» кітабының ерекше орын алатынын ескеруіміз керек. 1634 жылы парсы-тәжік ақыны Сағдидың «Гулстанын» Андре де Рио француз тіліне тәржімалаған еді. Бұл жағынан алып қарағанда парсы-тәжік поэзиясы Батыс әдебиетіне жаңа есік ашты. Таллман де Ро (1619-1692) француз әдебиетінде өзіндік қолтаңбасы бар хикаяларымен белгілі болған жазушы еді, оның әңгімелері 1834 жылы ғана жеке жинақ ретінде басылып шықты. Мысалшы лафонтен, Таллман де Ро Сағдидың «Гулстанымен» Андро де Роның аудармасы арқылы таныс еді. Француз шығыстанушысы Дефремери атқандай Дэ Ро өз әңгімелерінің мазмұнын Сағдидың «Гулстанынан» алған екен. Хикая әуені мынандай боп келеді. бір испан адамы Мурси дейтін ауа-райы ыстық елден қыс мезгілінде Францияға келеді. Бір қыстақтың маңынан өте бергенде оның етегіне ауыл иті жабысады. Әлгі пақыр қолына тас алып итке сілтеп қалайын десе, қатты аязда қолына бірде-бір тас түспейді. Қызық ел екен дейді ол, иттерін босатып жіберіп, тастарын байлап қойған ба қалай. «Гүлстанның» төртінші бөлімінде мынандай бір әңгіме бар. Бір ақын ұрылардың баскесеріне барып, оны мадақтай бастайды. Ұрылардың атаманы оның киімін сыпырып алып ауылдан қудыртып жібереді. Жаңағы байғұсың жалаңаяқ көшеге шығады. Соңынан еріп абалап үрген иттер қалмайды, қолына тас алып иттерге лақтырғысы келеді бірақ жер беттін мұз басқан еді. Сонда оны ашу қысып айқайлап: « Бұ не деген тексіз сұмпайы халық еді иттерін босатып жіберіп, тастарын байлап қойған» депті. Андре де Рионның аудармасына жиырма сегіз жыл толғанан кейін 1662 жылы белгілі француз сатиригі Жан Батист Мольер (1622-1673) «Ақылды әйелдер» деп аталатын туындысын сахнаға шығарды. Сатирада мынандай сөздер кездеседі. « Ескі шапан өзіне қымбат» «Гүлстанның аудармашысы (Париж, 1858) Дефремери Шарль француз жазушысының бұл фразасын Сағди дидактикасын саяды. «Сұлтанның халаты неғұрлым қадірлі болса, құлқы соғұрлым жақын» дейді. Әрине, француз сатиригі бұл фразаны Сағдиден алған, парсы- тәжік ақынының шығармашылығын зерттеген кейін барып, осындай ой туған. Мольер Сағди саздарына, қисындарына ден қойған, оны екі қаламгер творчествосындағы ұқсастықтардан байқауға болады. Екеуі де халыққа қызмет етуді мақсат еткен. Сағди де Мольер де кейбір шығармаларынан шешен ретінде көрініп отырады. Екі жазушының да өмір тәжірибесі бай. Сағди өзінің отыз жыл өмірін ел аралау сапарларына арнаған, көптеген Шығыс қалаларын аралап, көптеген адамдармен, ғылымдармен кездескен. «Гүлстан» мен «Бостан» кітаптарындағы қыруар әңгімелердегі уақиғаларға ақынның өзі араласып жүреді. Сағди өз сапарларын қағаз бетіне айнытпай түсіре берген. Мольер де он үш ыл бойы Францияның бірталай өлкелерін кезген. Осы жылдары ол халқының тұрмысымен жақсы танысып шығады. Жазушы сатираық шығармаларында көзкөргендерін шынщылдықпен бейнелейді. Шығыс халықтарының ХІІІ ғ. тыныс- тірлігі сағди туындыларында зерделенсе, Францияның ХVІІ ғ. өмірі Мольер кітаптарында бейнеленді. Сағди де Мольер де сарай ақындары болмаса да өз елдерінің шахтарын мадақтағаны белгілі. « гүлстанның» авторы шахтың шақыруын қабыл алмаса да Әбубәкір бин Саадтың есімін «Гүлстан», «Бостан» беттерінде еске алып өтеді, өйткені ол парсыларды манғолдардың тепкісінен аман сақтап қалған еді. Сағди « Бостан» шығармасын Әбубәкір бин Саадке арнаған еді.

Мольдердің «Тартгоф» сатирасы да Модовик ХІV-ны мадақтаумен аяқталады. Екіжүзділер сатираға ауыз салды, сахнаға шахнаға тиым салды, бірақ Людовик ХІV- тің өзі ұлықсат берген еді, мұнда шах кейіпкердің аузымен мақталады: «Біздің шах алдау-арбаудың дұшпаны, оның көзқарасы бойынша өтірік пен екіжүзділік ұзақ жасамайды. Ол көреген, арлық істің тетігін табады және әділетсіздікті аттын аунатып тастайды. Мольердің марльдық филоофиясы- табиғи, сабырлы болуды, уақиғаға оң көзбен қарауды, гуманист болуды, өмірге кедергі келтіретін жайлармен күресуді үндейді. Мольер осындай қырларымен Сағдиге жақындай түседі. Мольер жазбаларында араб, парсы, түрік сөздері ұшырасады. Мысалы « Дворьенский мешганның» (1670ж) соңғы қойылымында «Аллах», «Муарти», «Дервеш», «Мұхаммад», «Аллах акбар», Құран, түрік деген сөздер жүр.

Сонымен ХVІІ ғасырдағы француз классицизмі өкілдері: Лафонттен, Мольер, Тамман де Ро Сағдиге еліктеген. «Гүлстанның» кейбір хикаяларынан әсер алған. Және Италия, Испания жазушыларына Овидий, Вергилий, Голар, Тит, Ливий, Эзон т.б. француз классиктері сюжет алып отырған. Сағди және француз классицизмі деген тақырып осындай тұжырымдарға әкеліп тірейді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.