Фразеология дегеніміз не?

Главная » Рефераттар » Фразеология дегеніміз не?

Сөздің бейнелілігі мен сезімділігін күшейтуге тұрақты сөз тіркестерінің, яғни фразеологизмдердің пайдасы аса зор. Фразеологизм дегеніміз — сөйлегенде біртұтас ұғым түрінде айтылатын, бірнеше сөздерден тұратын тұрақты тіркестер. Мысалы, «жөргегінде үрған» (жастайынан әдет болған), «балалы үй базар» (ол үйде шаткүлкілі өмір бар деген ұғым). Фразеологизмдер аз сөзбен көп мағынаны білдіруге мүмкіндік береді. Ол заттың өзін ғана анықтап ңоймайды, сонымен бірге оның сипаттарын береді, тек ңимылды, әрекетті атап ңана ңоймайды, сонымен бірге оның ңандай жағдайда өтетінін көрсетеді. «Жалғанды жалпағынан басып» десек, адамның тек бай ғана емес, сонымен бірге қаржыны аямай, ештеңеден ңысылмай өмір сүргенін айтады.

«Ізін жасырып үлгерді» десек, адамның бір нәрсеге айғақ болатын дәлелдер мен белгілерді құртқанын, жасырғанын көреміз. Фразеология өзінің құрамы жағынан аса бай, алуан түрлі. Ол құбылыстарды оң, не теріс бағалауға; қолдап, не қолдамауға, оған мысңылдап қарау, күлкі қылу, т.б. қатынастарды білдіруге көмектеседі. Бұл әсіресе фразеологизм-сипаттамаларда айқын көрініс тапқан: Ала қой, аузынан түсіп қалған, аузына тцкіріп қойгандай, ақсақ қой түстен кейін маңырайды, шөп қорыған иттей, т.б. Бағалымдығы шығу тегіне байланысты фразеологизмдер тобы ерекше назар аударуға түрарлық. Мысалы, «Данайлықтар сыйы» деген фразеологиялың тіркестің сипатын түсіну үшін бұл тұрақты сөз тіркесінің шығу тарихына үңілу қажет. Неге «Данайлықтар сыйы» дегенде қабылдаушыларға өлім әкелетін, арамдық пиғылмен берілген сыйлықтар деп атаймыз, бүл фразеологизмнің шығу тарихы қандай? Бұл сөздер гректердің Троя соғысы туралы аңыз-әңгімелерінен алынған. «Данайлықтар Трояны ұзақ уақыт, әрі табыссыз қоршағаннан соң, қулыққа көшеді. Олар ағаштан үлкен ат жасап, оны Троя қорғанының жа-нына тастап, өздері еліне жүзіп кететіндей ниет білдіреді. Абыз Лаокоон атты көріп, әрі данайлықтардың қу екендіктерін есіне алып: «Қалай болғанда мен сыйлық әкелуші данайлықтардан қорқамын» — дейді. Бірақ, троя-лықтар Лаокоон мен балшы Кассандраның айтқандарын тыңдамай, ағаш атты қалаға алып кіреді. Ағаш аттың бос қуысына тығылып қалған данайлықтар түнде сыртқа шығып, күзетшілердің бәрін қырып тастайды да, қала қақпаларын ашып, кемелерімен Троя түбіне қайта оралған серіктерін қалаға енгізеді. Сөйтіп, Трояны жаулап алды».

Фразеологизмдер ауызша да, жазбаша тілде де кеңінен қолданылады. Олардың көпшілігі стилистикалық мәнерленген болады жөне негізгі екі топқа — кітаби және қарапайым деп жіктеледі. Кітаби стильге айдарынан жел есу (уайым қайғысыз өмір сүру), кцл-талқанын шыгару (түгін қалдырмай қирату), айтып-айтпай не керек, ак, царасын ажырату, т.б. жатады. Қарапайым сөйлесу фразеологизмдері күнделікті қатынаста, сонымен бірге сөздің, пікірдің әсерлілігін күшейту үшін көркем әдебиетте жөне публицистикада қолданылады. Мысалы оларға «айың оңынан туған екен» (жолы болу), «айы өту» (зәру болу), «аузыңның салуы бар екен» «ақ сүтімді кештім», т.б. сияқтылар жатады. Стилистикалық бейтарап фразеологизмдер көп емес. Олар көбінесе қүрамдас аттарды білдіреді: «темір жол», «деңгейін көтеру», «жаңа туып келе жатқан жұлдыз», «өрісін ұлғайту», т.б. Қандай да болмасын бір фразеологизмнің стилистикалық төркінін анықтағыларың келсе, түсіндірме сөздіктерге жүгініңдер.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.