Фридрих Георг Гендель өмірбаяны

Главная » Рефераттар » Фридрих Георг Гендель өмірбаяны

Георг Фридрих Гендель — неміс халқының көрнекті композиторы. Оның музыкалық қабілеті бала кезінен байқалып, 9 жасынан орган аспабынан сабақ ала бастайды. Жас дарын музыкалық аспапты ғана меңгеріп қоймай, музыкалық шығармалар жазуға да талпынады. Алғаш орган аспабына арнап шағын пьесалар, 12 жасында шіркеу аясында орындалатын кантаталар жазады. 1702 жылы Галла университетінде заң мамандығы бойынша білім алып, біржағынан протестант соборының органшысы қызметін атқарады. 1703 жылы Гамбург қаласындағы опера театрында скрипкашы, клавесинші және композитор қызметтерін атқарады, Осы кезеңде «Астиль ханшайымы — Альмира» (1705) операсын жазды. 1706 -1710 жылдары Италияда орындау шеберлігін шыңдап, клавесин мен орган аспаптарының шебері ретінде танылған. Венеция қаласында «Агриппина» операсының қойылуы (1709) композитор есімін көпшілікке таныта түсті. Англияда қойылған «Ринальдо» (1711) операсы Гендель есімін бүкіл Еуропаға танытты. Композитор 1712 жылдан осында тұрақтап, 1727 жылы ағылшын азаматтығын алады. Оның өз шығармалары мен басқа да композиторлар туындыларын Лондон корольдігінің музыкалық академиясында қоюы аса жемісті өтеді. 1730 жылдары композитор музыкалық театр аясында жаңа ізденістерге жол ашты. 1735 жылы жазған «Ариодант», «Альчина» операларында балет пен хордың рөлін күшейте түсті. 1737 жылдары ауыр паралич науқасына шалдыққан Гендель айыққан соң, шығармашылық және ұйымдастырушылық жұмысына қайта оралды. Бірақ «Дейдамия» операсының сәтсіздігінен соң опера жазудан да, оны қоюдан да бас тартады.

Енді оның музыкалық шығармашылығының арқауы оратория жанры болды. Гендельдің бұл саладағы туындылары қатарында «Израиль в Египте» (1739), дін өкілдері жақтырмаған «Миссия» (1742) ораторияларын атауға болады. Соңғы ораторияларының («Иуды Маккавея»,1747) сәтті қабылдануына композитордың Стюарт армиясының күресіне арналған гимн жазуы себеп болды. Осы туындысымен Гендель ағылшын композиторы ретінде қабылданды. «Иевфай» (1752) ораториясын жазып жүрген кезінде Гендель көз ауруына шалдығып, зағип болып қалады. Бірақ ол өз шығармаларын баспаға дайындау жұмысын тоқтатпайды. Библия деректері мен олардың ағылшын поэзиясындағы көріністері арқылы Гендель халықтың қайғы —  қасіретін, олардың сыртқы жауларға қарсы күресінің ұлылығын суреттеді. Жаңа сипаттағы вокалдық -аспаптық музыка үлгілерін тудырды. Гендельдің көрнекті музыка теориясының маманы әрі композитор И.Маттезонмен достығының маңызы елеулі болды. Композитор шығармашылығына алғаш баға берген де сол Маттезон болатын. Ендігі жерде Гамбург театрына көңілі толмаған Гендель опера өнерінің отаны — Италияға сапар шегеді. 1706 — 1710 жылдары Флоренция, Рим, Венеция және Неаполь қалаларында тұрып, өте шебер органшы — импровизатор және клавесинші ретінде танылады. Рим қаласында Д.Скарлаттимен достасып тәжірибе алмасады. Гендель орган аспабын игеру шеберлігіне үйретсе, Скарлатти оны клавесин аспабын ойнауға баулиды. 1708 жылы Флоренцияда композитордың «Родриго», 1709 жылы Венецияда «Агриппина» опералары қойылып, талапкер италяндықтарға ұнайды. Осы Италияда Гендель өзінің алғашқы екі ораториялары — «Жексемді» және «Ақыл — еспен уақыт жеңісі», «Ацис, Галатей және Полифем» және т.б. жазды. Италия жұрты Гендельді «атышулы саксондық», ал опера қойылымдарынан соң «заманымыздың Орфейі» атап кеткен.

.

Ганновер   қаласында   аз   уақыт   капельмейстер   қызметін атқарған Гендель 1710 жылы Лондонға қоныс аударып, ұзақ уақыт тұрақтайды. Бір жыл өте оның «Ринальдо», Т.Тассо сюжетіне жазылған «Азат Иерусалим» опералары қойылды. Халық бұл шығармаларды жақсы қарсы алып, Гендель есімі Лондон, қала берді бүкіл Англияға әйгілі болды. Органшы және клавесинші ретінде Лондонның ірі аудиторияларында көрінген Гендель өзінің асқан өнерпаздығын орнықтыра түсті. Ол королевасына арнап салтанатты ода, бірқатар патриоттық шығармалар жазады. Оның бәрі сарай төңірегіндегілер тарапынан жақсы бағаланады. Персел шығармашылығы арқылы ағылшын музыкасын сараптауы оның   өз туындыларына  да ағылшын музыкасына тән ұлттық сипаттар берді. 1717-1720 жылдары Гендель Чендосс герцогының сарайында қызмет етеді. Осы мерзімде көптеген хор шығармаларын және 12 псалма жазады. Оған қоса солист хор және оркестрге арналған «Чендос антемалары», «Эсфирь» деп аталатын тұңғыш ағылшын ораториясын жазған. 1720 жылы өз оқушысы Анна Гендель ханшайымына арнап клавесинге арналған сюиталар жинағын жазады. 1720 жылы Гендель «Корольдік музыка академиясын» құрып, оның ашылуына «Радамист» операсын жазды. Сол жерде оның ең озық туындылары — «Юлий Цезарь» (1724), «Тамерлан» (1724), «Роделинда» (1725) опералары қойылды. Уақыт өте келе Гендель шығармаларындағы ерлік пен ішкі толғаныстар ағылшын халқын қызықтырмай, олар итальян әншілеріне тән биік дауыс -сопранолық колоратура іздейді. Осы себепті өзі де опера жазуға талпынып жүрген ханзада Уэльский бастаған топ Гендельге қарсы шығады. Ендігі жерде Д.Боночини, Дж.Гей шығармалары жақсы қабылданып, мұның аяғы Гендель театрының жабылуына әкеліл соғады. Гендель Италияға сапар шегіп, жаңа топты жинақтайды. 1729 жылы Лондонда Гендель құрған опера театрының сахнасына жаңа қойылымдары шығып, артынан бұл да жабылып қалады, 1734 жылы Гендель үшінші рет театр ашып жинаған ақшасын құяды. 1737 жылы театр құлдырап, Гендель қаржылық күйреуге ұшырайды. Бұл кезеңде Гендель операдан басқа оратория жанрына бет бұрып, 1740 жылдардан бүтіндей осы жанрға ден қояды. 1738 жылы «Саул», келесі жылы «Египеттегі Израиль» ораториялары жазылған.     Алғаш     Гендель     ораторияларын     Лондон     суық қабылдаса да, «Мессия», «Иуда Маккавей» ораторияларынан соң ағылшындықтар композитор талантын мойындаған. 1751 жылы «Иевфай» ораториясын жазу үстінде Гендельдің көзі көрмей қалады да, ол органшы болып қызметін жалғастырады. Гендель өз шығармаларын өте жылдам жазған: «Пенальдо» операсы екі аптада, «Мессия» ораториясы 24 күнде жазылған. Композитор опера-серия жанрында да көлтеген шығармалар жазған. Бұл жерде тарихи-қаһармандық «Радамист», «Юлий Цезарь», «Роделинда» операларын атауға болады. Ол әлемдік тарихи тақырыптарға арнап «Тамерлан» (1725), «Александр» (1726), «Ксеркс» (1738) операларын, «Верный пастух» опера — балетін жазған. Гендельдің аспаптық шығармалары да үлкен қызығушылық туғызады. Оның аспаптық шығармалары образ айқындылығы, тақырып ерекшеліктері жағынан театр музыкасына өте жақын. Оркестрге арналған шығармалары қатарында увертюрасы бар сюиталары «Судағы музыка» (1717) мен «Фейерверг музыкасын» (1749) атаймыз. Көрнекті музыка зерттеушісі Р.И.Грубер Гендель орган аспабын культ аясынан алып шығып, оған жалпыхалықтық сипат берді деген еді. Осы пікір Гендель шығармашылығының бағыт — бағдарын жақсы аңғартады. Композитор ораториялары көбіне Библия сюжеттеріне жазылса да, оларда халық қаһармандарының ерліктері айтылады. Гендель халық қаһармандарын суреттегенде олардың шындық пен бостандық жолындағы күрестеріне ерекше мән берген. Ораторияларының басым көпшілігі жеңіспен, ал финалы гимнмен аяқталыл отырады. Халық үнін ораторияларында хор арқылы бейнелеген. Расын айтар болсақ, Гендель шығармаларына дейін Еуропа музыка мәдениетінде хор эпизодтары осындай дәрежеде қолданған емес. Осы ерекшеліктері үшін Л.Бетховен, П.Чайковскийлер оның композиторлық дарынын өте жоғары бағалаған. Полифониялық жүйедегі хор шығармаларын жасауда И.Бах пен Ф.Гендель есімдерін қатар коюға болады. Гендель шығармаларында эпика, лирика, трагедия, пасторальдік тақырыптар басым. Италия, Франция, Англия елдерінің музыка өнерінен нәр алса да, Гендель неміс халқының ұлы композиторы болып қала береді. Ол барокко дәуірінің музыкалық мәдениетін  одан  әрі  дамытып,  музыкалық классицизмге жол салды.  Композитордың эстетикалық көзқарасының қалыптасуы И.Маттезон ықпалынан жүзеге асса, опералық шығармашылығына Р.Кайзер драматургиясы елеулі ықпал етті. Ф. Гендель музыкалық драманы опера, оратория жанрларының шеңберінде жазуға тырысты. Опера — сериадан толық қол үзбесе де, композитор музыка арқылы сюжет шымырлығына қол жеткізіп отырды. Гендель шығармашылығының бір саласы — аспаптық музыка. Әсіресе оның concerti gross атты туындыларының маңызы жоғары болды. Оның оркестрге арналған туындыларында музыканы мотив деңгейінде дамыту, полифониядан гөрі гомофондық-гармониялық жүйе басым болды. Гендель шығармашылығы И.Гайдн, В.Моцарт, Л.Бетховендерге ерекше ықпал етті. Гендель ораториялары опера жанрына реформа жасаған Глюк шығармашылығына арқау болды.

.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.