Функционалдық жүйе жайлы ілім

Главная » Рефераттар » Функционалдық жүйе жайлы ілім

Функционалдық жүйе — өзінің үйлесімді қызметінің нәтижесінде белгілі бір мақсатты әрекеттің туындауын қамтамасыз ететін, өздігінен реттеліп отыратын органдардың жылжымалы бірлестігі. Бұл ұғымды И. П. Павловтың рефлекстік теориясы негізінде көрнекті физиолог Н. К. Анохин ұсынған. Функционалдық жүйе туралы ілім рефлекстік теорияны әрі қарай дамытуда, тереңдетуде, кеңейтуде, айқындай түсуде маңызды рөл атқарады. Бұл ілімді рефлекстік теорияның жоғары, жаңа мазмүнды деңгейі деуге болады. Функционалдық жүйе туралы ілім организмнің әртүрлі күрделіліктегі, белгілі мақсатқа багытталған іс-әрекеттік реакцияларының, мінез-қылығының механизмін, ішкі сырын түсіндіреді.

П. К. Анохин пікіріне сәйкес функционалдық жүйе қызметінде ең негізгі шешуші фактор — әрекет нәтижесі. Организмнің мақсатты, баста көзделген нәтижеге колы жеткенде ғана оның мұқтаждығы қамтамасыз етіліп, қанағаттану түйсігі пайда болады. Тек осыдан кейін ғана қалыптасқан функционалдық жүйе таратылады, мақсатты іс-әрекет тоқтайды. Атқарылған әрекет нәтижесі бастапқы мақсатқа сәйкес келмесе, организмді қана-ғаттандырмаса, онда функционалдық жүйе басқаша құрылып, мақсатты нәтижеге бағытталған іс-әрекет әрі қарай жалғасады. Осымен байланысты функционалдық жүйе қүрамалары екі топқа бөлінеді. 1-тұрақты бөлімдер тобы. Бұл функционалдық жүйенің тиянақты, өзгермейтін бөлігі, оның морфологиялық және функционалдық негізін қүрайтын элементтер (мысалы, тыныс алу органдары — тыныстық функционалдық жүйенің, ас қорыту органдары — ас қорыту функционалдық жүйесінің түрақты бөлімдері, т.с.с.) болып табылады. 2-өзгермелі бөлімдер тобы. Оларды нақтылы жағдайда мақсатты нәтижеге қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттерді қамтамасыз етуге қажетті, функционалдық жүйе қүрамына уақытша қосылған элементтер құрайды (мысалы, ас қорыту процесі қажетті деңгейде жүру үшін функционалдық жүйе кұрамына қан айналым, тыныс алу органдары қамтылады). Бұл бөлімді құрайтын топ мақсатты нәтиже алынғаннан кейін және организмнің күйіне байланысты бір жүйе құрамынан екіншісіне ауысып отырады.
Әрбір функционалдық жүйе құрамына мына бөлімдер міндетті түрде енеді. 1. Афференттік жинақтау (синтез). 2. Шешім қабылдау. 3. Әрекет бағдарламасы және әрекет нәтижесінің акцепторы. 4. Іс-әрекет. 5. Әрекет нәтижесі және оның көрсеткіштері. 6. Әрекет параметрлерін кері афферентациялау.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.