Генотипоскопиялық зерттеу мүмкіндіктері

Главная » Рефераттар » Генотипоскопиялық зерттеу мүмкіндіктері

Генотипоскопиялық зерттеу — жаратылыстану ғылымдарының кейiнгi жетiстiктерi биологиялық тегi бар заттық дәлелдемелер сараптамасының жаңа әдiстемелерiн жетiлдiру объективтi фактiлердi анықтауға, қылмысты ашуға мүмкiндiк туғызады. Негiзiнде бұл мiндеттi шешетiн кейiнгi жылдар жетiстiктерiнiң бiрiне, организм клеткаларының ядросында болатын дезоксирибонуклеидтық қышқылдарды (әрi қарай — ДНК) зерттеу әдiсi жатады.

Генотипоскопиялық зерттеу әдiсі, Ұлыбританияның Лестер университетiндегi доктор А. Дж. Джеффрейс еңбектерiнде негiзделген. 1985 жылы адам гендерiнiң шығу эволюциясын зерттей отырып, ол ДНК молекулаларында бiр ерекшелiктi тапты. ДНК молекулаларын екi бiр-бiрiмен бiрiктiрiлген тiзбекпен салыстыруға болады. Осы тiзбектiң кейбiр жерлерiнде нақтылы химиялық комбинацияларды байқауға болады. Мiне, осылар нақтылы адамды ғана сипаттайтын суреттi құрастырады. Бұл сурет болса, генетикалық нәрсенiң барлық клеткаларында қайталанады. Осыны, ДНК-ның жеке коды, генетикалық «көшiрмесi» дейдi. Екi адамның коды кездейсоқтықпен дәл келу мүмкiндiгi, 1:30 миллиардтан да төмен[i]. Сол жылдары Белгияда — Г. Вассар, КСРО-да — Е. Рогаев гипервариабелдi элементтердi тауып, оларды жеке ерекшелiгiмен сипаттап, тұлғаны идентификациялауда пайдалануға болады деген шешiмге келдi.

Табылған барлық гипервариабелдi учаскелерде ДНК-ның қайталанатын элементтерi бар. Бұл элементтер тұқымдастары әртүрлi хромосом локустары бойынша шашырап, генетикалық коды арқылы бiр-бiрiнен айырмашылығы болса да, ұқсас жүйелi құрылысымен көзге түседi: бiрiнен соң бiрi бөлек тандемдiк көшiрме түрiнде қайталанады («басы — соңы»). Гипервариабелдi ДНК-ның әртүрлi тұқымдастары үшiн көшiрмелердiң ұзындығы 9-дан 60 нуклеотидтерге дейiн түрленiп отырады. Бiр ғана учаскелерде әртүрлi адамдардың хромосомдарында ДНК элементтерiнiң тандемдiк көшiрмелерiнiң әртүрлi саны болуының нәтижесiнде вариабелдiк қамтамасыз етiледi. Әрбiр адамның соматикалық клеткаларында хромосомдық локустардың қосарланған жиынтығы (бiреуi әкесiнен, келесiсi шешесiнен) болғандықтан, ол бiр ғана ДНК учаскесiнiң екi вариантты құрылымын алып жүруi мүмкiн. Мысалы, бiр тұлға әкелiк тегi бар хромосомдық локуста ДНК тандемдiк элементтерiнiң 10 көшiрмесi болуы мүмкiн, ал шешелiк тегi бар локуста — 20 көшiрме, басқа бiр тұлға — 8 және 25 лайық және тағы осылайша. Адамның хромосомдық ДНК-да гипервариабелдiк учаскелерi бiрнеше мың болғандықтан, тек кейбiреулерiн ғана «айқындау» арқылы, ДНК-ның жеке «көшiрмесiн» алуға болады. Мұндай ДНК «көшiрмелерiн» айқындау үшiн зондтар қолданылып, олар талдауға объектi ДНК-ның қандайда бiр гипервариабелдiк учаскелерiне комплементарлы болып келедi. Осыдан көретiнiмiз, мұндай зерттеудiң мүмкiндiгi ДНК молекуласының кейбiр учаскелерiнiң жеке-дара құрылымына негiзделiп, оны гипервариабелдiк учаскелер деп атаған. Молекулалардың бұл бөлiктерiнiң құрылымы әрбiр адамда ғана жеке емес, сонымен қатар қатаң түрде бiр адам денесiндегi барлық органдар мен тканьдарда қайталанады.

.

ДНК молекулаларының гипервариабелдiк учаскелерiн зерттеу әдiсiн әртүрлi етiп атайды: «геномдық идентификация», «ДНК-дактилоскопия», «генотипоскопия». Мысалы, Р. С. Белкиннiң редакциясымен шыққан «Криминалистикалық энциклопедияда» бұл әдiс, гендiк «дактилоскопия» деп анықталған[iii]. Бiрақта, бiз «генотипоскопия» (генотиптi қараймын) терминi осындай зерттеулердiң мәнiн түсiндiредi деген бiрқатар авторлардың көзқарасын қолдап, әдiстiң осындай атын қолданамыз.

.

Суреттелген әдiстiң мағынасының зор екендiгiн көрсете отырып, С. С. Самищенко былай деген: қазiргi уақытта сарапшылық тәжiрибесiне кеңiнен енгiзiлiп жатқан генотипоскопия әдiсiн басында геномдық дактилоскопия деп атап, жеке тұлғаны идентификациялаудағы генотипоскопиялық әдiстiң зор мүмкiндiктерiн криминалистикалық әдiстiң эталонымен салыстыра келе оған ерекше көңiл бөлiндi[iv].

Геномдық учаскенiң «өрнегiн» алу әдiсiн (генотипоскопия) схемалық түрде былайша көрсетiледi: клеткадан ДНК бөлiп шығарады және арнайы рестрикциондық ферменттер көмегiмен ДНК-ны фрагменттерге жарып тастайды. Сонан соң, электрофорез әдiсiмен фрагменттердi молекулярлық салмағы бойынша бөледi. Бөлiнген минисателлиттердi радиоактивтi таңбалармен белгiленген зондтардың көмегiмен рентген пленкасында айқындау арқылы шығарады. Өңделгеннен кейiн пленкада, минисателлиттердiң саны мен түрiне сәйкес, нақтылы адам клеткаларының ДНК-сы үшiн тұрақты және сипатты болып келетiн, қара түстi сызықтар қалып қояды. Бұл әдiстiң негiзiнде гибридизационды анализ болғандықтан, оны ДНК рестрикциондық фрагменттерiнiң ұзындықтарын полиморфизм арқылы талдау деп атайды (ПДРФ-анализ).

Бұл әдiс, қан, шауқат және адам денесiндегi басқа да тiндер клеткаларының ядросындағы өзгермейтiн ДНК молекулаларын зерттеу нәтижелерiн бiр-бiрiмен салыстыруға мүмкiндiк бередi. Гипервариабелдiк фрагменттердiң орналасу «суретi», адам баласының бүкiл өмiрi бойы өзгермей, жеке дара болып келедi. ДНК өрнектерiнiң нақты дәлдiгi тек бiр ұрықты егiздерде ғана байқалуы мүмкiн.

Кейiнгi жылдары ДНК молекулаларының бүлiнген өте аз мөлшерiн зерттеуден өткiзудi қамтамасыз ететiн әдiс жетiлдiрiлiп жатыр. Бұл әдiс бойынша айтатынымыз, гипервариабелдiк учаскелердi зерттемес бұрын, қолда бар ДНК фрагменттерiнен бiрнеше рет көшiрмелерi алынады да, осының нәтижесiнде зерттеуге жататын материалдың мөлшерi қажеттi деңгейге дейiн өсiрiлiп жетiлдiрiледi. Бұл амплификация әдiсi деген атқа ие болды (тiзбектелген полимеризация реакциялары). Осылайша, И. О. Перепечина, М. Г. Пименов және Т. В. Стегнованың көрсеткенiндей, ДНК рестрикциондық фрагменттерiнiң ұзындықта­рын полиморфизм арқылы талдау (ПДРФ-анализ) әдiстерiмен салыстырғанда, тiзбектелген полимеризация реакциялары (ПЦР-анализ) сараптама мақсатында әдiстi пайдалану кезiнде, бiрқатар елеулi артықшылықтармен көзге түскен[v].

Ғалым-криминалистер мұндай әдiстiң қажеттiлiгiн көрсете отырып, зерттеулер технологиясының дамуымен, идентификациондық мәселелердi шешу мүмкiндiктерiнің кеңеюін атап өткен. Мысалы, гендiк дактилоскопия нәтижелерiнiң жиынтығы мен серологиялық зерттеулер сәбидiң ата-анасын идентификациялап және осылайша оның басқа адамдардан туғандығын жоққа шығарады.

Бұл зерттеу әдiсi өте күрделi және басқаларына қарағанда ерекше болғандықтан, оны iс жүзiнде қолдану үшiн, осы салада жұмыс жасау тәжiрибесi, арнайы бiлiмi және гендiк инженерияда бiлiктiлiгi бар мамандар қажет. Осылайша, елімізде генотипоскопиялық зерттеулер аяқ ала бастап, соның дәлелі ретінде «Қазақстан Республикасындағы дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» Заң жобасының заң саласындағы мамандармен қызу талқылануын атап өтуге болады.

.

Аталған заң жобасын қолдай келе төмендегідей көзқарастарды атап өтуге болады:

  1. заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмаса да, тіркеуді қамтамасыз етуші органдарға қосымша жүктеме түседі;
  2. геномдық және дактилоскопиялық тіркеумен байланысты заманауи құрал-жабдықтар­мен жасақтау және бағдарламалық қамтамасыздық қосымша қаржылай шығындарды талап етеді.

Әдiстiң қылмыстарды әшкерлеуде, соның iшiнде биологиялық тегі бар iздердi зерттеуден өткiзуде дәлелдемелiк маңызы зор, теориялық және практикалық жағынан өзектілігі байқалатын тәрізді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.