Географиялық карта, глобус туралы реферат

Home » Рефераттар » Географиялық карта, глобус туралы реферат
Рефераттар Комментариев нет

Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесін географиялық карта дейді. Картада жер бетінің үлкен бөлігі — тұтас облыс, мемлекет немесе бүкіл жер шары көрсетіледі. Картаның шартты белгілері сүлбадан басқаша. Қаланы дөңгелекпен белгілейді. Жер бедері түрлі түсті бояумен кескіленіледі. Жазықтарды жасыл, қыраттарды сарғыш, тауларды қоңыр бояумен бояйды. Көл және те-ңіз көгілдір бояумен боялады. Неғұрлым теңіздің тереңдігі артқан сайын, соғүрлым бояуы қоюлана береді. Орман, құм, батпақ, мемлекеттердің шекаралары, қатынас жолдары арнаулы шартты белгілермен көрсетіледі. Картада көкжиек тұстарын төменнен жоғарыға және солдан оңына қарай жүргізілген сызықтарға қарап анықтайды. Картаға тура қарап тұрғаныңда оның жоғарғы жағы — солтүстік, төменгі жағы — оңтүстік, сол жағы -батыс, оң жағы — шығыс болады. Өзен, көл және жер бедері бейнеленген картаны физикалық карта, ал мемлекеттер мен олардың бөліктері көрсетілген картаны саяси-әкімшілік карта деп атайды. Сонымен бірге сабақта табиғат аймақтарының картасын да пайдаланасыңдар. Ол картада орман, дала, шөл және басқа да табиғат аймақтарының таралуы көрсетіледі.

Қазақстанның физикалық картасына қарасаң, оның жерінің басым көпшілігі жасыл және сарғыш бояумен боялғаны көзге түседі. Олар ойпатты және биік жазықтар. Оңтүстік-шығысы мен шығысында басы бұлттан асқан қарлы шыңдары бар биік тау жоталары созылып жатыр. Республикамыздың солтүстігі — қара топырақты дала. Бұл өңірде миллиондаған гектар жерге егін егіліп, жыл сайын астықтан мол өнім алынады. Көп жерін шөлейт пен шөл алып жатыр. Бұл өңірлерде негізінен қой, жылқы, түйе малы өсіріледі. Өзен бойлары мен тау алды өңірі суармалы егіске пайдаланылады. Картамыздан жер шарында кездесетін пайдалы қазбалардың барлық түрлерінің дерлік шартты белгілерін кездестіреміз. Қазақстан батыс пен шығыс елдерінің арасында орналасқан. Оның аумағы арңылы Орта Азия мемлекеттерінен, Қытайдан Ресейге баратын және одан әры Батыс елдерімен байланыстыратын темір жолдар мен тас жолдар өтеді. Түрлі жолдар торабында орналасуы шетелдермен сауда және шаруашылық қарым-қатынасын дамытуға барынша қолайлы жағдай тудырады.

Глобус — жердің үлгісі. Жердің пішінін оның кішірейтілген үлгісі (моделі) — шардан көруге болады. Шарды жер глобусы деп атайды. Оның бетінде құрлықтар, аралдар, мұхиттар мен теңіздер бейнеленген. Глобуста, картада бір полюстен екінші полюске қарап шартты түрде жүргізілген ең қысқа сызықты меридиан деп атайды. Барлық меридиан шеңберлерінің ұзындығы мен пішіні бірдей. Шеңбердің бір бөлігін дөңгелек деп атайды. Доғаларды градустармен өлшейді. Жарты меридиан — шеңбер 180°-тан тұрады. Жер бетіне шартты түрде әкваторға параллель жүргізілген сызықтарды параллельдер деп атайды. Параллельдердің радиусы полюстерге қарай кішірейді. Глобуста меридиандар мен параллель сызықтардың бейнесін градус торы деп атайды. Параллельдер арқылы жер бетіндегі кез келген нүктелердің географиялық ендігін анықтайды. Солтүстік және оңтүстік ендіктер болады. Мысалы, Санкт-Петербург 60°с.е.-те орналасқан.

Меридиандар арқылы географиялық бойлықты анықтаймыз. Шығыс және батыс бойлықтары болады. Бойлық пен ендік арқылы жер бетіндегі кез келген нүктенің орнын табуға болады. Глобус пен географиялың карталардағы меридиандар мен параллельдер сызықтарының бейнесін градус торы деп атайды. Глобуста меридиандар — жарты шеңберлер, ал параллельдер — шеңберлер түрінде болады. Ал жарты шарлар картасына қараса: ортаңғы бөлігінде меридиан мен экватор — түзу сызықтар, ал басқа меридиандар мен параллельдер — ұзындықтары әр түрлі қисық сызықтар болып келеді (Жарты шарлар картасынан бірнеше меридиан мен паралллельді тауып, көрсетіңдер.) Шеңберлердің бұлайша бұрмалануы неліктен? Себебі жарты шар — жазықтықта бейнеленген дөңес бет.

Картографиялық проекцияларда карта жасау үшін Жер эллипсоидының бетін, не оның бір бөлігін жазықтықта (ңағаз бетінде) кескіндеу; қалыпты картографиялың проекцияларды меридиандар мен параллельдердің кескінделуі жағынан жіктеу (классификациялау) — картографиялық проекциялардың тарихи дамуының нәтижесі. Цилиндрлік проекциялар — меридиандары тең қашықтықпен өтетін параллель меридиандарға перпендикуляр түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Экватордың, не белгілі бір параллельдің бойындағы аумақтарды бейнелеуге қолайлы. Теңіз қатынасы карталарын сызуға Меркатордың тең бұрышты цилиндрлік проекциясы қолданылады. Гаус-Крюгер проекциясы -тең бүрышты, көлденең, цилиндрлік картографиялық проекция — топографиялық карталар жасауға және триангуляция деректерін өңдеуге пайдаланылады. Конустың проекциялар — параллельдерді концентрлік шеңберлермен, меридиандары ортогональдың түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұл проекцияларда бұрмалану бойлыққа байланысты болмайды, ал параллельдер бойымен орналасқан аумақтарды бейнелеуге қолайлы келеді. Бүкіл әлем аумағының картасы көбінесе тең бұрышты, тең аралық конустың проекцияларда жасалады. Сондай-ақ бұлар геодезиялық проекция ретінде де қолданылады. Азимуттық проекциялар — параллельдері концентрлік шеңберлер, меридиандары параллельдердің радиустары болып келетін картографиялық проекция. Оларда меридиандардың арасындағы бұрыш тиісті бойлықтардың айырымына тең болады. Азимуттың проекциялардың жеке түріне перспективтік проекциялар жатады. Жалған конустың проекциялар — параллельдері концентрлік шеңберлермен, орта меридианы түзу сызықпен бейнеленетін проекциялар. Тең шамалы жалған конустың Бонн (француз) проекциясы жиі қолданылады; осы проекциялармен 1847 жылдан бастап Ресейдің еуропалық бөлігінің үш версті (1:126000) картасы жасалды. Жалған цилиндрлік проекциялар -параллельдері параллель түзу сызықтармен, орта меридианы осы сызыққа перпендикуляр түзу сызықпен, қалған меридиандары қисық сызықтармен кескінделетін түзу сызық бойындағы шеңберлермен бейнеленетін проекциялар. Жартылай конустық проекциялардың бірі халықаралық картаны (1:1000 000) жасауға ұсынылған. Картографиялық проекцияларды таңдау және қолдану сызылатын картаның мақсатына және масштабына байланысты. Өлшеу есептерін шешуге арналған ірі, орта масштабты карталар тең бұрышты проекцияларда жасалады, жалпы шолу және белгілі бір аумақтар аудандарының арақатынасын анықтаушы үсақ масштабты карталар тең шамалы проекциялардажасалады. Картографиялық проекцияларды таңдағанда қарапайым проекциялардан бастап, өте күрделі проекцияларға көшеді, кейде олар модификацияланады. Картографиялық проекция теңіз қатынасында, кристаллографияда, аспан денелерін картаға түсіруде т.б. ғылыми салаларда пайдаланылады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.