Геология пәні, мақсаты және негізгі салалары

Home » Рефераттар » Геология пәні, мақсаты және негізгі салалары
Рефераттар Комментариев нет

Геология — Жердің құрылысын, құрамын, пайда болуын, даму тарихын және оның  үсті  мен  қойнауында өтіп жатқан түрлі  құбылыстарды зерттейтін ғылым. Грек тілінен  аударғанда  «геология» — жер туралы  ғылым деген мағынаны  білдіреді (гео-жер, логос —  ғылым). Негізінен геология Жердің үстіндегі  қабатты – жер қабығын зерттейді.  Жер қабығы үздіксіз өзгерістерге ұшырап, дамуда болады. Сондықтан жер қабығының  даму заңдылықтарын, оның құрамын, қасиеттерін жақсы зерделеп білу халық шаруашылығының  көптеген салаларын ғылыми негізде, тиімді, тұрақты даму бағытында  жүргізу үшін аса  қажет. Ауыл шаруашылығының  негізгі өндіріс  құралы топырақтың  түзілуін, қасиеттерін, өзгерістерге ұшырауын бақылап, оны үлгілі пайдалану жолдарын қалыптастыруды геология  пәнін жете меңгерген мамандар ғана жақсы жүргізе алады.

Халық шаруашылығына  аса  қажетті  пайдалы қазбалар:  мұнай, газ, көмір,  құрылыс материалдары, тыңайтқыштар өндіруге жарамды кендерді жер қойнауынан тауып, игілікке жаратып және  адамзат қоғамына  қажет  түрлі  ғимараттарды салу геология ғылымының  заманауи жетістіктерін  пайдалану  арқылы  жүзеге асырылады. Геология  өте ерте  заманнан басталып  дамығын  алғашқы ғылымдардың  бірі. Қазіргі  заманда ол  қанатын кең жайып, дамып бірнеше  келесідей жеке салаларға  бөлінді : Минералогия – жер қыртысындағы  минералдардың  құрамын, қасиеттерін,  пайда болу үрдістерін зерттейтін ғылым; Петрография – тау  жыныстарының  құрамын қасиеттерін, пайда болуын зерттейтін ғылым. Геохимия – жер қыртысының  химиялық құрамын,   химиялық элементтердің және олардың изотоптарының  таратылуы мен  жылжу заңдылығын зерттейтін ғылым. Қазба байлық —  жер қыртысындағы қазба байлықтардың пайда болу ерекшелігін, таралуын зерттейтін ғылым. Динамикалық геология – жер қабығындағы өткен кезеңдегі және қазіргі замандағы геологиялық үрдістерді (жанартаулар, жер сілкінісі, мұхит әсері т.б.) қарастыратын ғылым. Тарихи геология —  Жер қыртысының   уақыт аралығында және кеңістіктегі өзгерістерін зерттеп, органикалық әлемнің жер қыртысының дамуымен  байланысын анықтайды

Палеонтология — өткен геологиялық кезеңдерде жерде болған  және  қазба қалдықтар ретінде сақталған  жануарлар және өсімдіктер әлемін  зерттейтін ғылым. Геморфология —  жер бедерін, түрлерін, пайда болуын және даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Гидрогеология —  жер астындағы суларды, олардың пайда болуын, құрамы мен  құбылысын, таралуын, олардың жер қыртысындағы механикалық және  химиялық әсерін зерттейтін ғылым. Геотектоника — жер қыртысының жылжуы және деформациясын, жердің даму үрдісінде тау жыныстарымен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым. Геофизика – Жер шарын зерттеуге физикалық әдістер қолданатын ғылым.

Геология пәні көптеген жаратылыстану ғылымдарымен байланысты. Олардың  ішінде астрономия, физика, химия, география, т.б. бар. Ауыл шаруашылығы бағытындағы топырақтану, егіншілік, агрохимия, мелиорация пәндері геология ғылымының  деректері  негізінде дамып келеді.

Геология ғылымы өзінің зерттеулерінде  түрлі әдістер мен  тәсілдері қолданады.  Жер қабығының  үстіндегі 10км-ге  дейінгі  қабатын геологтар негізгі  далалық  геологиялық суретке  түсіру (съёмка) әдісі арқылы жүргізеді. Бұл әдіс жыныстарының  табиғи жағдайда  терең  қабаттарына  дейін  ашылған аумақтарында  немесе  кен  қазылатын  терең  шахталар және  бұрғылау арқылы жасалған үңгірлерден алынған тау жыныстарының құрамын  қасиеттерін, орналасу заңдылықтарын зерттеу арқылы  іске асырылады. Ал жер қабығының  10 км-ден терең  қабаттарың геофизикалық әдістермен зерттейді. Ол әдістерге сейсмикалық, гравиметриялық,  магнитометриялық тәсілдер жатады. Сейсмикалық тәсілмен зерттеу тау жыныстары  қабатында серпінді  толқындардың тарау  жылдамдығының  өзгерістерге ұшырауын бақылау арқылы іске асырылады.

Гравиметриялық тәсіл жер бетінде  тартылыс  күшінің (гравитациялық күш) әр ауданда өзгеруін зерттеп заңдылықтарды ашуға  көмектеседі.  Магнит өрісінің ауытқуын әр аумақта  бақылап   геологиялық құбылыстардың тау – кен жыныстарының  орналасуын анықтау  үшін  магнитометриялық тәсіл  пайдаланылады. Жердің терең  қабаттарының  құрылысын, қаситтерін  зерттеу  үшін  өте тереңге  бұрғылау  (15 км –ге дейін) әдісі де  қолданылады. Геология  ғылымында тәжірибелер  (эксперименттер)  арқылы көптеген зерттеулер іске  асырылады. Кейінгі кезде  Жер ғаламшарын, оның құрылысын, жер қабығының  ерекшеліктерін зерттеуде ғарыштық технологиялар, ғарыштан суретке түсіру тәсілдері кең қолданылып отыр.

Геология ғылымының дамуының  қысқаша тарихы

Жердің шар тәрізді екенін Аристотель (384-322 б.д.д.)  дәлелдеген. Геологияның  аяғына тұруы ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың  басына  жатады. Бұл ғылымның негізін құраушылардың бірі — М.В.Ломоносов. Прогрессивті ілімдердің дамуына ат салысқан И.Кант (1755) болды. Ол Жер мен Күн жүйесінің өзінің даму тарихы бар екенін айтты. Бұл көзқарасты Англия ғалымы Д. Геттон  дамытты, ол Жердің ішкі күштеріне көп көңіл аударған (плутонизм, Плутон көне римдіктерде  жер астының құдайы).

Неміс ғалымы А.Г. Вернердің (1750-1817) айтуы бойынша жердің барлық құрамындағы заттар су ерітіндісінен пайда болды. (Нептунизм – теңіз құдайы). Оның ойы бойынша Жерді  су басқан, сол судан біртіндеп гнейстер, граниттер пайда болды деген. Оны  минералогияның  негізін салушы ғалым деп санайды. ХІХ ғасырдың басында Ж.Кювьеннің апаттар ілімінің (материктер  теңізге бірден батып, жер бетіндегі өлген жануарлар) орнына геологияда  Ж.Б.Ламарктың, Ч.Лайельдің, Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімдері пайда болды. Эволюциялы көзқарасқа Э.Зюсс, А.П.Карпинский, В.А.Обручев, И.В.Мушкетов, А.П.Павлов, А.Е.Ферсман, А.Д.Архангельский біраз атсалықан ғалымдар.

Қазақстанда XX ғасырда  геология ғылымының  дамуына, еліміздің  жер қойнауындағы  табиғи байлықтарды барлап, аса бағалы  кен орындарын тауып, өндіріс  орындарын ашу  жұмыстарының  қарқынды жүруіне қазақтың  тұңғыш  инженер — геолог ғалымы КСРО академиясының  және Қазақ Ғылым академиясының  академигі, Қазақ Ғылым академиясының  бірінші президенті, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, геология-минералогия ғылымдарының докторы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899-1964) орасан зор еңбек сіңірді. Қ.И.Сәтбаев  баянды еңбегінің ескерткіші ретінде  соңынан  Үлкен Жезқазғанды, Геология ғылыми  зерттеу институтын, Қазақ ғылым академиясын қалдырды. Сонымен  бірге  оның  қажырлы  тынымсыз  зор еңбегінің  нәтижесі ретінде  Қарағанды  металургия заводын, Соколов-Сарыбай  кен байыту комбинатын, Алтай және Қаратау  кендерінің игерілуін, Ертіс–Қарағанды каналының  салынуын  көреміз. Ол Қазақ Ғылым  академиясында  1944-1970 жылдары  1500 – ден аса  ғылым кандидаттары, 150–ге  жуық ғылым докторы  дайындалуына  жағдай жасады. Қ.А. Сәтбаев  641 орыс тілінде  98 қазақ тілінде  жазылған ғылыми еңбектер  мен  мақалалар дайындады.

Аты әлемге әйгілі  қазақтың данышпан геолог – ғалымы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың зор еңбегі құрметіне 1979 жылы Қырым астрофизикалық  обсерваториясының аға ғылыми қызметкері Н.Черных ашқан Марс пен Юпитер  аралығындағы  кіші планетаға  академик Қ.И. Сатпаев аты берілді. Ғалымның аты Жоңғар Алатауындағы мұздық пен шыңға,  жаңадан табылған минералға  берілген.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.