Геологиялық құбылыстар

Home » Рефераттар » Геологиялық құбылыстар
Рефераттар Комментариев нет

Жер қабығының негізгі геологиялық құрылымы мен оның ерекшелігі

Жер қыртысының кейбір бөліктері әр түрлі  қалыптасады. Кейбіреулері геосинклинальды облыстар немесе геосинклинальдер деп аталады. Оларда төмендеу нәтижесінде тектоникалық жылжу мен магматикалық  құбылыстар қарқындығы жоғары болады. Басқалары платформалы обылыстар немесе платфомалар деп аталады. Жылжуы шамалы, магматикалық процесстер шамалы көрсетіледі және шөгінді заттары жиналуы көп емес.

Платформалар және геосинклинальдер арасында  ерекше құрылымды элементтер пайда болады – шетте майысқан жерлер, шет тігістері және шеттік жанартаулық алқаптар пайда болады. Шетте майысқан жерлер сол обылыстар арасында пайда болады. Геоморфологиялық шеттік майысқан жерлер, өсіп жатқан тау құрылыстарын жазықтық жерлерден шектейтін платформалардан,  тау етегіндегі құламалардың жүйесі ретінде көрсетіледі. Шет тігістері геосинклинальды обылыстар мен үлкен платформалы томпақ жерлердің  түйісуінде пайда болады. Шеттік вулкандық алқаптар терең сынық жерлерде, көп мәрте магма төгілген жерде пайда болады.

Геосинклиналды облыстар. Көп уақыт мезгілінде майысуға бағытталған жылжуға шалдығатын қозғалмалы обылыстар. Олар майысқан соң жанартаулық және шөгінді жыныстар жиналады. Олар қарқынды түрде қатпарларға (складки) жиырылады. Бұл обылыстарға эффузивті және интрузивті магматизм тән. Сол үрдістер дамығын кезде  көптеген облыстар  кейде төмен түседі, кейде жоғары көтеріледі. Шұбар жер бедері бұл облыстарға  кесекті тау жыныстардың жиналуына әсер етеді.

Бұл геосинклинальдардың дамуында бірнеше кезең болады: бірінші – төмен түсудің басты кезеңі, екіншісі — орогендінің алды, үшінші —  орогендінің басты кезеңі, төртінші — нағыз орогенді. Төртінші кезеңде  жоғары шығатын қозғалыстар денудациядан арта түседі және нағыз таулы жер бедері қалыптасады.

Жалпы түрде геосиклинальдар екі кезеңнең өтеді: біріншісі — жер қабығы қарқынды майысады және балшықты тақта тасты жыныстар жиналады. Олар балшықты тақта тасты формация деп аталады. Ең төмен майысқанда көбінесе жанартаулы әрекеттен және геосинклинальды әрекеттің нәтижесінде ол төменгі теңіз бассейіні болады онда көп километрлі магмалық және шөгінді тау жыныстары жиналады. Олар жанартаулы кесекті немесе спилитокератофирлы формация деп аталады. Екінші геосинклиналдардың даму кезеңінде жер қыртысы көтеріледі. Теңіз кетеді және олардың орнында аралдар архипелагі пайда болады. Кейін аралдар  мүжіледі және аралдар арасы кесекті жыныстармен толтырылады. Оны флишты формация деп атаймыз. Кейін сол жерде  қатпар түзілу үрдістері өтеді де сол жерде белсендігін жоғалтып тұрақты платформа пайда болады. Ол жерде көп шөгінді ірі кесекті, құрамында конгломераттар, қиыршықтастар, құмдар және құмдақтар, кейде балшықты тау жыныстары жиналады. Олар молассты формация деп аталады.

Платформалы облыстар. Жер қыртысының тұрақты аймақтарын құрайды. Олар  бұрын болған геосинклиналды облыстардың орнында пайда болады және екі қабатты құрылымы бар. Оның төменгі қабаты геосинклиналды облыстардан құрылады. Оларды құрайтын жанартаулы және шөгінді тау жыныстары қарқынды метаморфизмге ұшырайды. Жоғарғы қабат немесе, шөгінді астар көлденең орналасқан шөгінді жыныстардан құрылады. Бұл қабаттың жыныстары метаморфизмге ұшырамайды. Магмалы түзінділер сирек кездеседі. Жоғарғы  қабат төменгіден бөлек орналасады. Қатпарлы төсенішті қабат немесе шөгінді төсеніші жоқ жер бөліктері жер қыртысына жақын орналасады және шиток деп аталады, шөгінді төсеніші бар терең орналасқан жерлер плита деп аталады.

Құмды- балшықты формация балшық пен құмдардың аралас қабаттарынан құрылады. Карбонатты немесе әкті доломитты формация органогенді әктерден және доломиттерден құрылады, кейде ғаныш қабаттары және ангидриттер кездеседі. Глауконитті фосфоритті формация — негізі базальтті конгломераттардан құралған жыныстар кешені, оның үстінде карбонатты түзінділердің қабатын жауып тұрған кварцті глауконитті құмдар мен фосфоритті конкрециялар қабаты орналасады. Көміртекті – бокситті- темірлі фомация көп уақытты континенталды режимде құрылады және құмды балшықты салындылармен олардың арасында көмір, боксит, темір рудасы линзалары кездеседі. Қызыл түсті формация — басқа формациялардан оны құратын тау жыныстардың әр түрлігімен ерекшеленеді. Өзі құм мен балшықтан тұрады және конгломерат, доломит, мергель және әктер линзалары кездеседі. Тұзды формация – шеттік майысқан жерлердің ішінде орналасқан лагуналық бассейіндерде жиналады. Олар химиялық түзілген шөгінділерден тұрады. Шөгінділерде, басында доломиттер, кейіннен ғаныш және ангидридтер, ең соңында әртүрлі галоидтты қосындылар түзіледі. Көмірлі формация – жер беті қалың өсімдіктермен  жамылған, жылы және ылғалды климатта  құрылған. Ұсақ дәнді құмды- балшықты шөгінділермен бірге майысу үрдісінде өсімдік қалдықтарының үлкен массалары жинақталған, кейіннен олар біртіндеп тас көмірінің кен орнына айналған. Мұнай өндіретін формация — органикалық заттар көп жиналуының нәтижесінде және олар кейін тез көмілгенде пайда болады.

Геотектоникалық гипотезалар

Геотектоникалық гипотезалар әсіресе ХІХ-ХХ ғасырларда көп пайда болды. Бірақ олардың бірі де толық түсінік бермейді. Барлық геотектоникалық гипотезаларды үш топқа бөлуге болады: контракциялы немесе қысымды гипотеза; континенттердің көлденең жылжу гипотезалары; радиологиялық гипотезалар.

Контракциялы гипотезалар бойынша біздің планета басында балқынды масса түрінде болған және қазір ол қарқынды суу күйінде. Планета суыған сайын ядро көлемі азаяды және жер қабығы  кең бола бастайды, сондықтан қысымның арқасында жер қабығы қатпарларға  жиырылады. Бұл гипотезаның авторлары: Э. Зюсс, Э. Огом, Г. Штилле, И. В. Мушкетов, А. П. Павлов.

Континенттердің көлденең жылжу гипотезаларын неміс геофизигі А. Вегенер  дәлелдеген. Оның гипотезасы бойынша ерте архей дәуірінде Жерді сиаликалық қабық жапқан. Оның астында отты-сұйық симатикалық қабат орналасқан. Оны ол пангея деп атаған. Күннің тартылыс күшінің әсерінен қазіргі Тынық мұхитының маңында Жерден сиаликалық және симатикалық қабықтары жұлынып алынған. Кейін ол бірнеше кесектерге бөлініп, олардың әр біреуі симатикалық зат үстімен шығыстан батысқа қарай жылжыған. Симатикалық зат үстімен кесектердің жылжуымен қатар мұхит пен теңіздерде континенттердің бұзылуының нәтижесінде шөгінді заттар жиналған. Қалқып жүрген кесектердің алдынғы шетінде қатпар түзуші және тау түзуші үрдістер жүрді. Мысалы Европа мен Африкадан Америка бөлініп жылжып кеткен деп саналады. Осындай бөлініп кеткен сиаликалық затты кесек ретінде Мадагаскар, Цейлон, Тасмания, және басқа аралдарды алуға болады. Сонымен А.Вегенер теориясы бойынша Европа, Африка мен Америка бір үлкен континент болған. Бұл гипотезалардың осал жері: Сонымен біргеорогенез үрдісінің кезендігін түсіндірмейді континенттердің үзілуінің себебі түсініксіз.

Радиологиялық гипотеза. Қатпар мен таулар пайда болу теориясын, төменгі жағында көп мөлшерде орналасатың көбінесе сиалитикалық қабат, ал жоғарғы жағында аз шоғырланған, элементтердің радиоактивті бытырауынан түзілетін, жылумен түсіндіреді. Жылу бөлетін элемент ол уран, торий мен калий. Көбінесе бұл элементтер қышқылды магмалы жыныстар арасында, әсіресе гранитте болады. Элементтердің радиоактивті бытырауынан бөлінген жылу энергиясы сиалитикалық және симатикалық қабықтардың жоғарғы бөлігін жылытады, сондықтан ол жылынған күйден балқынды күйге көшеді. Көлемі артқан сиалитикалық қабық бөлініп, қабық жеке кесектерге бөлінеді. Базальт тәрізді заттар пайда болған саңылауларға жылжиды және жер бетіне төгіледі. Сонымен қатар сиалитикалық кесектердің көлденең жылжуға қабылеті пайда болады. Сол жылжу нәтижесінде  кесектер жиырылып түйіскен жерде қатпарларда таулар пайда болады. Тау түзілу үрдістері нәтижесінде көптеген жылу энергиясы жоғалады да олар қайта суыйды. Сол қатпарлар қайтадан біртіндеп жылжый бастайды, сосын жаңадан қайталанады. Әр геологиялық революциялық дәуір 3-4 млн жылға созылады, ал эволюциялық 30-33 млн жыға созылады. Бұл теория ең жақсы болып саналады, бірақ ол тау түзілу теориясына толық түсінік бермейді.

Фиксизм мен мобилизм теориясының қазіргі мәні. Геологиялық құрылымдардың пайда болуын фиксизм теориясын колдаушылар жер қабығының тігінен ауытқу қозғалысымен түсіндіреді. Академик В.В.Белоусов геологиялық үрдістерді келесідей түсіндіреді. Оның ойы бойынша  жер қабығының қатты ауытқуы, астеносфераның[1] бөлектей балқуы мен сууымен түсіндіреді. Оның балқуының нәтижесінде жер қабығының бір аймақтары төмен түседі, ал кейбіреулері жоғары көтеріледі. Осылай геосинклинальды режимдер пайда болады.

В.В.Белоусовтың ойы бойынша құрлық қабығының мұхиттануы литосфераның кейбір бөліктерінің төмен түсуімен түсіндіреді. Мантияда көптеген жерде балқу аймағы пайда болса сол жер төмен түседі.

Қазіргі кезде континенттердің көлденең жылжу теориясын әрі дамытатын “литосфералы плиталар теориясы” пайда болды. Ол теория бойынша жер қабығы алты плитаға бөлінген (Евразиялы, Америкалы, Африкалық, Үнділік (Австралиямен бірге), Тынықмұхиттық, Антарктикалық). Олар тұрақты болады және қалыңдығы 70-100 км. Олар астеносферада (литосфераның астындағы мантия қабаты) орналасады да ондағы конвекциялы ағындармен көлденең бағытта жылжиды. Екі плитаның соғылуы нәтижесінде таулар пайда болады. Астеносфера деп мантияның, литосфераның жабынды және салыстырмалы төмен күштің әсерінен созылмалы немесе пластикалық ағымға қабілетті, қабаты.

Эндогенді және экзогенді үрдістер

Геологилық  процесстердің екі үлкен тобы бар. Олар эндогенді және экзогенді үрдістер. Жер қабатының тігінен жылжуы (эндогенді процестер) жер қабатында таулы өлкелермен ойпаттарды, қазаншүнқырларды туғызады, ауа райы экзогенді процестерге әсер етеді, олар сол жер бетің тегістеуге тырмысады. Эндогенді процестер жас тектоникалық процестер құрған жер бедерін құрады. Оған жер қабаттарының баяу тектоникалық құбылыстары, жер сілкіну, вулкандардың атқылауы, вулкан тәріздес жалған құбылыстар жатады.

Экзогенді процестер жер бедерін жер бетіндегі сулардың әсерінен, гравитация күшімен қар мен мұз әсерінен, еріген мұз суларымен, теңізді, көлді және жер астындағы сулардың, мәңгі мұзаттардың, жел, жануарлар, өсімдіктердің адамның әсерінен құрылады. Экзогенді процестерге және топырақ эрозиясына мыналар жатады: топыра0ты4 мүжілуі, дефляция, көшінді топырақтардың бір жерден екінші жерге жылжуы және жиналуы, карст, суффозия, жоғарыдан төмен қарай топырақ жылжуы, құбылыстар, солифлюкция, термокарст, экзарация, нивация, лавиналар, курумдар, абразия, су толысуы, су тасқыны, топырақтың көп мөлшерде сулануы және батпақтануы, топырақ тұздануы т.б.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.