Геологиялық карта

Главная » Рефераттар » Геологиялық карта

Геологиялық карта жер бетінің геологиялық құрылысын және оған жақын жатқан жер қабығының беткі бөлігін көрсетеді. Бұл карта арқылы жер бетінің геологиялық құрылысын ғана біліп қоймай, әр түрлі тереңдікте жатқан жер қабатының да құрамын білуге болады. Геологиялық карта топографиялық негізінде түсірілген. Мұнда шартты белгілер бойынша тау жыныстарының жасы, құрамы, жер бетінде тау жағдайы көрсетіледі. Құрамының ерекшелігіне қарай геологиялық карталар бірнеше топқа бөлінеді. — жеке геологиялық карта — төрттік дәуірдің (қабаттарының) картасы. — арнаулы карта (құрылым — тектоникалық, гидрогеологиялық, геофизикалық, геоморфологиялық және т.б.)

Геология пәнін оқыған кезде біз жеке геологиялық карта мен төрттік дәуірдің қабаттарының картасымен танысамыз. Геологиялық картаның жасалу принциптеріне көшуден бұрын, оның кейбір ерекшеліктеріне тоқталып өткен жөн, өйткені оған геологтар еріксіз көңіл аударып отыр. Себебі, жер бетінің 90 пайызын төрттік дәуірдегі жыныстар алып жатыр, яғни континенттік жағдайда пайда болған, оған аллювий, делювий, элювий, эол, пролювий және т.б. жыныстар жатады. Сондықтан, егер біз, жоғарыда айтылған геология картасына берген анықтама бойынша келсек, онда жер бетінде тек қана төрттік дәуірде пайда болған жыныстарды ғана көрсетіп, ал одан бұрын пайда болған қабаттар тек жердің кейбір бөліктерінде ғана көрсетілген болар еді. Ал, керісінше осы төрттік дәуірдегіден басқа «байырғы» жыныстарда негізгі қазба байлықтар орналасқан, міне сондықтан, геологиялық картада тек төрттік дәуірдің жыныстарын көрсетуден пайда аз болар еді. Ал басқа жақтан алып қарағанда, төрттік дәуірдің жыныстарында да пайдалы қазба байлықтар орналасқан, яғни олардың көбі құрылыс материалдары болып саналады, мұнда алтын, қалайы көп кездеседі. Міне осындай қиын жағдайдан шығу үшін жеке геологиялық картасынан төрттік континенттік қабаттарын ойша алып тастаған картаны айтады. Ал төрттік дәуірдің қабаттары жеке геология картасында мынандай жағдайларда көрсетіледі: а) төрттік дәуірде пайдалы кен орны болса, б) оның астында қандай тау жыныстары жатқанын анықтау қиын болған жағдайда, в) теңіз пайда болса. Геология картасы да басқа карталар сияқты масштабқа бөлінеді. Масштаб дегеніміз- жер бетіндегі екі нүкте ара қашықтығын картаға түсіргендегі қанша рет кішірейтілгенін көрсететін бөлшек сан. Геологияда көбінесе сызықты масштаб көп қолданылады (түзу сызық түрінде кескінделіп тең бөліктерге бөлінген масштаб сызықты масштаб деп аталады).

Масштабына қарай геология картасы былай бөлінеді. Шолу картасы (масштаб 1:1000 000 кіші). Кіші масштабты    (масштабы  1:1 000 000 — 1: 500 000), орта масштабты (масштабы 1: 200 00-1:100 000), үлкен масштабты және арнайы карта (масштабы 1:50 000, 1:25 000 және 1:500). Шолу картасы үлкен территорияларға (мемлекет және дүние жүзіне), ал қалғандары- облыстарға, аудандарға, кейбір пайдалы кен орындарына жасалынады.

Геология картасының тұрақты құрамының бірі болып, осы картаға алынған түсінікті ұсыныстар, яғни шартты белгілер жатады. Шолу картасындағы шартты белгілер, барлық карталар үшін біздің елімізде тұрақты болып саналады. Шартты белгілер үшін арнайы стандартты бояу түсті (шкала) немесе түрлі сызықтар (штриховка) қолданады. Түсті бояулармен бірге геология картасын оқуды жеңілдету үшін әріпті белгілермен (әріпті индекс) белгілейді. Халықаралық келісім бойынша индекс үшін кезеңдер (жүйенің) атының бас әрпін алады, латынша шрифпен жазылған ал кей кездерде бас әріптен кейінгі әріпте қолданылады. Мысалы, «С» әрпімен тас көмір дәуірі белгіленсе, ал осы әріппен басталатын кембрий және әк кезеңдері оған сәйкес См және Сч болып белгіленеді. Егер картаны нақтылы ұсақ бөлімдерге бөлсе, онда әріптің жанына сандар қойылады (См1, См2). Бір деген сан байырғы бөліктерге жатса, ал екі саны оның үстінде жатқан бөліктерді көрсетеді.

Міне, сондықтан, әрбір кезең мен жүйе өзіне тән бояумен боялып, әріппен белгіленеді. Даяр деректі бөлімдер (қабаттар) сол жүйенің түсті бояумен, байырғы кездің жыныстары сол түстің қою қарасымен, ал жас кезіндегісі ақшылдау түсімен боялады.

Кез келген геологиялық карта төрттік дәуірдің астында жатқан тау жыныстарының жасын көрсетеді. Тау жыныстарының геологиялық жасын, онда табылған жануарлар мен өсімдіктердің қалдықтары арқылы анықтайды, сондықтан да геологиялық картаны жасау үшін, сол тау жыныстарын және онда кездесетін организмдердің қалдықтарын мұқият тексеріп барып жасайды.

Геологияда уақыт проблемасы үлкен орын алады, өйткені геологиялық процесстер тек үлкен уақыт кезінде ғана әсерлі нәтиже бере алады, ал адамдардың жасы оның жанында өте аз. Сондықтан, геологияда салыстырмалы уақыт өлшемі бекітілген. Бұл уақыт өлшемінің негізі болып, жер бетіндегі органикалық өмірдің өзгеруі алынған. Қабатты жыныстар арасында жиі кездесетін қалдықтардың ғылыми маңызы өте зор, өйткені тек қана осылар арқылы біз жер бетінде өткен уақытта қандай жануарлар мен өсімдіктер болғанын біле аламыз және олардың қалай өзгеріп дамығанын көреміз. Геологтар мынаны анықтады, жәндіктердің тіршілік еткен заманы не ғұрлым әрі болса, соғұрлым олардың қазіргі түрлерден айырмасы мол және өте қарапайым түрінде кездеседі. Міне, осыған сүйене отырып, біз тау жыныс қабаттарының қайсысы бұрын, қайсысы кейін шыққандығын, шөгінді жыныстардың салыстырмалы жастарын айыра білеміз. Жер қыртысын құраған тау жыныстары мен олардың арасындағы тасқа айналған қалдықтарын зерттеу арқылы біз жер тарихының өткен өмірін болжаймыз. Қазіргі кезде бір мезетте қай өсімдіктер мен жануарлардың бірге өмір сүргенін білеміз. Органикалық өмірдің даму жүйелілігін анықтай отырып, біз тау жыныстарының пайда болуын, геологиялық оқиғаның әсерлерін анықтаймыз.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.