Германиядағы батырлық эпос

Главная » Рефераттар » Германиядағы батырлық эпос

Ұлы Карл империясы күйреген соң, X ғасырдың бастарында Германия тәуелсіз мемлекет ретінде бөлініп шықты. Төрт герцогтықтан құралған бұл мемлекетте феодалдық билік үстемдік етті. Аталмыш өлке лер франк мемлекетіне бағынған кездерденақ феодалдастыру әрекеті басталған еді. Бірақ бүл өзгеріс барлық жерде бір уақытта болған жоқ. Германияның дамымаған көптеген жерлерінде бұл жағдай ұзаққа созылып, XI ғасырдыңсоңы, XII ғасырдың басында аяқталды. Ірі жер иелері король үкіметі мен шіркеу жәрдемінде шаруалар көтерілісін күшпен басып, феодалдық билікті орнатты, шаруаларды тәуелді жандарға айналдырды. Ірі феодалдар еркін билікке ұмтылды. Мемлекеттің бірлігін нығайтуға кедергі болған феодалдарға қарсы күресте майда жер иелері серілерді қолдады.
Ежелгі неміс әдебиетінің жәдігерліктері осы дәуірдің жемісі еді. Бүл мүраларда енді ғана қалыптаса бастаған феодалдық қоғамдағы өмір мен күрестер суреттелген. Неміс эпосында халық ауыз әдебиетіндегі тұрмыс-салт жырлары серілік рухта қайта өңделді. Жасақ жыршысының орньша кәсіпқой жыршы-шпильмандар келді. Олар ежелгі батырлар мен корольдер туралы дастандар айтып, бүл жырларға христиан дінінің нанымдарын енгізіп отырды.
Осылайша, батырлың эпостың әскери таңырыбы мазмұны жағынан жаңарды. Зигфридтің ерліктері, нибе-лунгалардың апаты, Дитрих Бернский туралы ертегілер ірі поэма түрінде ңайта өңделді. Енді олар жыр түрінде айту үшін емес, шпильманның оңып беруіне ыңғайлас-тырылды.
«Нибелунгалар туралы жыр»
1200 жылдары туған бұл поэма батырлың эпостың ең үздік үлгісі болып саналады. Мұнда халыңтардың ұлы қоныс аударуы дәуіріндегі өмірі, ерлік, жауынгерлік жорықтарын баяндайтын ертегі мен әпсаналар ңамтылған.
Ғажайып ерлігімен халың арасында аты аңызға айнал-ған нидерландылың жас батыр Зигфрид айдаһарды жеңіп, «Нибелунгалар қазынасын» олжалайды. Көрші Бургундия корольдігінде жасайтың Кримхильда есімді ңыздың сұлулығын естіген батыр Вормс ңаласындағы Гунтердің (ңыздың ағасы) сарайына келеді. Осы кезде мемлекетке саң патшасы соғыс ашңан еді. Зигфрид осы шайқасқа қатысып, жеңіске жетеді.
Король Гунтер де Брюнхильда есімді қызға ғашық болатын. Қыздың қойған қиын шарттарын орындай алмайтындығына көзі жеткен ол, Зигфридтен жәрдем сұрайды. Қарындасы Кримхильданы беретіндігін айтады. Гунтер өз адамдарымен Исландияға — Брюнхильданың сарайына келеді. Қыз бен король ортасында соғыс сайысы басталады. Қыздың үш ңызметшісі әрең көтеріп келе жатңан найзаны көрген Гунтердің зәресі ұшады. Біраң Зигфрид көзге көрінбейтін сиңырлы жамылғысына ора-нып, Гунтерге көмектеседі. Сайыста Гунтер жеңіске жетіп, ңызға үйленеді. Зигфрид те Кримхильдаға ңосы-лады. Олар үзаң уаңыт тыныш, тату өмір сүреді. Тоғыз жылдан соң екі әйел арасында жанжал шығады. Әрқайсысы өз күйеуін «батыр» деп маңтайды. Брюнхильда бикешіне «күйеуің қанша батыр болғанмен, ол Гунтер-ге бағынышты» дейді. Ызаға булыққан Кримхильда ағасының сайыста айламен жеңгендігін, Зигфридтің жасаған көмегін айтады. Дәлел ретінде жеңгесінің қолы-нан алынған жүзікті, белінен шешілген белбеуді көрсе-теді. Бұл жағдай Брюнхильданың жанын азапқа сала-ды. Корольдің қызметшісі Хаген өз қожайынына адал-дығын дәлелдеу мақсатында, Зигфридтен өш алатынды-ғын айтып, ант береді. Хаген өте айлакер жан еді. Ол Кримхильданың алдына келіп, Зигфридтің әлсіз жерін белгілеп қоюын, оны дүшпан оғынан қорғап жүретіндігін айтады. Хагеннің арам пиғылынан хабарсыз Крим-хильда айдаһарды өлтіріп, оның қанына шомылып жат-қанда күйеуінің желкесіне жабысқан жапырақтың ор-нынан ғана оқ өтетіндігін айтып қояды. Гунтер мен Ха-ген Зигфридті аңға алып шығады. Бүлақтан су ішіп жатқан Зигфридтің артынан аңдып келген Хаген оған най-за шаншып, опасыздықпен өлтіреді. Аң аулаудан оралған олар «Зигфридті орманда қарақшылар өлтіріп кетті» деп жалған хабар таратады. Бірақ Кримхильда Зигф-ридтің опасыздықпен өлтірілгенін біледі, ішіне кек сақтайды. Нибелунгалар елінен Зигфридтің Кримхильдаға қалдырған байлығы әкелінеді. Хаген Гунтердің әскери жорыққа кеткенін пайдаланып, байлықтың бәрін Рейн өзеніне ағызып жібереді.
Күйеуінің өлімінен он үш жыл өткен соң, ағаларының зорлығымен Кримхильда король Этцельге (Аттила) күйеуге шығады. Он үш жылдан кейін ағаларын қонаққа шақырады. Қонаққа келген ағалары жасағымен бірге ұйықтап жатқан кезде, өз әскерлеріне «Өлтіріңдер!» деп бүйрық береді. Өзі опасыз Хагеннің басын кеседі. Крим-хильданың бұл әрекеті Этцельді қатты ашуландырады. Қарт жауынгер Хильдебрант Кримхильданы қылышпен шауып өлтіреді. Оқиға осымен аяқталады.
« Нибелунгалар туралы жыр» — серілік дәстүрлер не-гізінде біраз өзгерістерге түскен көне эпикалық ертегі. Мұнда шіркеудің әсері сезілгенімен, діни элементтер оншалықты күшті емес. Жырдың соңғы нүсқалары

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.