Германияның сыртқы саясаты

Главная » Рефераттар » Германияның сыртқы саясаты

Германия үкiметiнiң сыртқы саясаты. Германияның экономикалық-саяси тұрақтануы елде iрi буржуазияның империалистiк бағыттағы сыртқы саясаттың қалыптасуына әкелдi. 1924 жылғы желтоқсан айындағы рейхстаг сайлауында iрi буржуазия партиялары жеңiске жеттi. Германияның канцлерi Лютер үкiмет құрды. Үкiметтiң құрамында iрi буржуазия болды. ГСДП-сы бұрынғыша оппозицияда қалды. 1925 жылы елдiң президентi Эберт өлiп, оның орнына реакциялық топтан кайзер генералы, монархияны жақтаушы Гинденбург сайланды. Германия үкiметiнiң сыртқы саясаты Версаль бiтiмiн жою үшiн күреске шығып, қайта бөлу бағытында жүргiзілдi. Лютер үкiметi елдегi фашизмге арқа сүйеп, ұлтшылдық саясатты жалғастырды. Фашизм ұйымдасқан түрде саяси күшке айналып, 1925 жылы А.Гитлер Ұлттық социалист неміс жұмысшы партиясын (НСДАП – немiс сөзiнен қысқартылған) құрды. Капитализмнiң уақытша тұрақтану кезiнде Германияның сыртқы саясаты нығайып, АҚШ үкiметiнiң қамқорлығына бөлене бастады. 1924 жылы Лондон конференциясында «Дауэс жоспары» Германияның репарациялық төлеуiн жеңiлдетiп, iшкi экономиканың тұрақтануына әкелдi. 1925 жылы Локарно конфе-ренциясында Франция, Бельгия және Ұлыбритания Германияның батыс шекарасының қау iпсiздiгiне кепiлдiк бердi. Сөйтiп, Германияның империалистiк топтары шығыс саясатын еркiн жүргiзуге мүмкiндiк алды да, 1926 жылы Ұлттар лигасына толық мүшесi болып қабылданды. Империалистiк елдердiң қолдауымен 1927 жылдан бастап Германияға қойылған әскери шектеу алынып тасталды. Германия өзiнiң армиясын көбейтуге және қаруландыруға қол жеткiздi және Рур облысынан Франция мен Бельгия әскерлерiн шығаруға келiстi. Версаль бiтiмiндегi әскери шектеу тежеле бастады. Германияның сыртқы iстер министрi Штреземан «Рапалло келiсiмiн» пайдалана отырып, КСРО елiмен достық қатынасты дамыта түстi. Сөйтiп Батыс пен Шығыс елдері арасында екi жақты саясат жүргiзд i. Кеңестiк Ресеймен сауда-экономикалық қатынастың дамуын Германиядағы демократиялық күштер ГКП-сы мен жұмысшы табы қолдап отырды. Германия импе-риалистiк елдер арасында бiрiншi болып Кеңестiк Ресеймен достық қатынас орнатқан ел болды. Рапалло келiсiмiнен кейiн 1925 жылы Герман-Кеңес сауда келiсiмiне қол қойылса, 1926 жылы екi ел арасында бейтараптық келiсiмге қол қойылды. Штреземан жүргiзген екi жақты саясат Германияның экономика-сауда қатынасының дамуына, Еуропадағы бейбiтшiлiкті сақтауға мүмкiндiк жасады.

Экономикалық дағдарыс жылдарындағы Германия

.

(1929-1933 жж.). 1929-1933 жылдардағы әлемде болып жатқан экономикалық дағдарыс Германияның экономикасына айтарлықтай ықпал етті: өнеркәсiп өнiмдерiн шығару азайды, инфляция күшейдi; жұмыссыздық көбейiп, 7,5 млн адамды қамтыды; көптеген өнеркәсiп орындары жабылып қалды; еңбекшi ха-лықтың жалақысы 25-40%-ға азайды; 31 мың өнеркәсiп банк-роттыққа ұшырады; ауыл шаруашылығы құлдырап, 50 мың жеке ауыл шаруашылық фермерлерi жерлерiн сатуға мәжбүр болды; Германияның қаржы-несие жүйесi дағдарысқа ұшырады; мемлекеттiк бюджет азайды. Соғыстан жеңiлген Германия экономикасының дағдарыстан шығуы өте қиынға соқты. АҚШ экономикасының дағдарысқа ұшырауына байланысты Германияға бөлiнген заем мөлшерi қысқартылды. Әлемдегi экономи-калық дағдарыс Германияда жаңа әлеуметтiк-саяси ахуалға әкелді, саяси дағдарыс жаңа қөзқарастарды пайымдап, милитаристiк-фашистiк күштер дағдарыстан шығу жолдары — Версаль бiтiмiн жою, Еуропаны қайта бөлiске салу , жаңадан өмiр кеңiстiгiн iздестiру деген талаптар қоя бастады. Экономикалық дағдарыс Веймар Республикасының әлеуметтiк-қоғамдық құрылымын түгел қамтыды. Үкiметтiк дағдарыс барысында 1930 жылы Г.Мюллер отставкаға кетiп, оның орнына Центр партиясының өкілі Г.Брюнинг үкiмет құрды. Г.Брюнинг үкiметi елдегi буржуазиялық демократияны жоюға бағыт алды. Экономикалық дағдарыс әсiресе орта таптарға өте ауыр соқты. Ұсақ буржуазия қайшылыққа ұшырады. Ұсақ және орта топтар республикаға қарсы күреске шыға бастады. ГКП-сы дағдарыстан революция арқылы шығуға болады деп түсiндi. Қоғамдағы саяси дағдарыстан шығу мақсатында ұлтшыл-социалистердiң ұраны тоталитарлық жол, жеке адам билiгiн орнатуға шақырды. Экономикалық дағдарыс iрi буржуазия топтарына айтарлықтай ықпал етті. Iрi буржуазия дағдарыстан шығу үшін милитаристiк кек алуға шақырып, Германияны қаруландыруға әрекет жасап, жеке әскери-патриоттық ұйымдар құра бастады. Экономикалық дағдарыс фашизм идеологиясын күшейтiп, А.Гитлер бастаған фашистiк партия елдегi барлық әлеуметтiк топтарды дағдарыстан шығарудың жолын фашизм деп түсiндiрдi. Елде әскери диктатура орнату қажет, сөйтiп А.Гитлер үкiмет басына келетiн болса, әлеуметтi к дағдарыстан шығарады деген үгiт-насихат жұмысын күшейттi. Фашизм iрi саяси күшке айнала бастады. Фашизм идеологиясын ұлтшыл шовинизм, тоталитарлық билiк, Германия қоғамындағы барлық әлеуметтiк топтар қолдай бастады. Фашистiк партия НСДАП үкiметтiк билiктi алуға шақырды. Iрi монополия иелерi Ф.Тиссен, Э.Кирдорф, Г.Стиннес фашистiк партияға мүше болып, оларға ақшалай көмек көрсете бастады. Мысалы: «Болат трест» басшысы Ф. Тиссен партияға кiру жарнасы үшiн 300 мың марка төлеген . Iрi монополияның көмегiмен фашистiк партия мүшелерінің саны 100 мыңнан 1927 жылы 300 мыңға жеттi. 1930 жылы рейхстаг сайлауында НСДАП-сын қолдап 6,5 млн адам дауыс бердi. Парламентте депутаттар саны жағынан екiншi партияға айналды. Фашизм беделiнiң тез өсуiне не себеп болды? Соғыстан кейiнгi Веймар Республикасының үкiметi орта және ұсақ буржуазияның жеке меншiгiне қолдау көрсеткен жоқ. Iрi монополия үстемдiгi басым болды. Орта және ұсақ буржуазияға салынатын салықтың мөлшерi жоғары болды. Жеке меншiк иелерi қайшылықта өмiр сүрдi. Әлеуметтiк қайшылыққа түскен орта және ұсақ топтар фашизмнiң үгiт-насихат жұмысын қолдап, оның негiзгi әлеуметтiк қолдауына тiрек бола алды. Фашизмнiң әлеуметтiк негiзi – орта және ұсақ буржуазия, кәсiпкерлерден тұрды. Фашистiк партия НСДАП бұл топқа көмек көрсетiп, жағдайларын жақсартуға уәде бердi. Тiптi кәсiп-керлерге дүкендер ашуға көмектесетi нiн де айтты. Ұсақ және орта шаруаларға iрi помечиктердiң жерлер iн тартып алып үлестiретiнiн, жер рентасын жоятынын айтып, уәде бердi. Ұсақ буржуазия алдында Версаль шартын жойып, «Ұлы Германия» құруға шақырды. 1932 жылы орта және ұсақ кәсiпкерлердi қолдайтын «орта кәсiпкерлердiң одағы» ұйымын құрып, iрi кәсiпкерлердiң қолындағы иелiктердi ұсақ-орта кәсiпкерлерге алып беру туралы талап жасай бастады. Фашизмнiң ұлттық-социализм идеологиясы орта буржуазия мен немiс аристократия мүддесi н қолдады. Ұлттық социализм марксизмге қарсы болға-нымен , фашист iк идеологияның түпкi шыққан негiзi социа-листiк қозғалыс болды. Социалистiк идеяның солшыл қанаты-нан қалыптасты. Коммунистiк идеяның негi зi де социалистiк қозғалыстың солшыл революциялық жолын қолдады. Қазiргi кезде фашизм және коммунистер арасындағы ұқсастық осыдан басталады. Фашизм дегенiмiз – iрi монополияның қолдауынан туындаған шовинистiк, тоталитарлық диктатура. Коммунистiк партия жүргiзген саясатқа тоталитарлық және ұлтшылдық тән болғандығына СОКП (Совет Одағы Коммунистiк партиясының) КСРО-да жүргiзген саясаты дәлел болды. Екi идеологияның негiзi бiр екенi тарихта дәлелденiп отыр. Герман фашизмі негiзiнде үгiт-насихат, ұлттық және әлеуметтiк уәде арқылы жүргiзiлдi. Пролетарлық интернационализм жұмысы тобының мүддесiн сатты, Антанта мемлекеттерi Германияны тонауға қатысты, сондықтан немiстерге соғыс, кек алу керек деп уағыздады. Фашистер Германияда «ұлттық социализм» қоғамын құруға шақырды. Социализм барлық әлеуметтiк топтарға жеңiлдiк әкеледi дедi. Жұмысшы табы ірi өнеркәсiптердi нацио-нализациялауға, өндi рiстi басқаруға қатыстырылып, олар семья және баланы қорғау, халыққа бiлiм беру, халық армиясын құру және т.б. талаптар қойды. Фашист iк партияның үгiт-насихат жұмысын жұмысшы табының 20%-ы қолдады. Фашистi к партия қоғамдағы әлеуметтiк жағынан қорғалма-ған жастар арасында жүргізілген үгiт-насихат жұмысын өте тиiмдi пайдаланды. Жастар арасында жұмыс жүргiзу үшiн «жастар одағы» ұйымын құрды. Бұл ұйымдар мектептерде, жоғарғы оқу орындарында, жастар клубтарында жұмыс атқар-ды. Жастарға арналған арнаулы кешкi клубтар ашылып, жастар таңға дейiн көңiлдерiн көтерiп, ойын-сауық өткiздi. Фашистiк партия — НСДАП жастар арқылы әскери-патриоттық ұйымдар құрып, әр уақытта күш көрсету арқылы көмек көрсетiп отырды. Оларға арнаулы әскери киiмдер кигiзiп, арнайы танылым белгiлерін беріп отырды. Олардың iшiнде СА (штурмовые отряды) және СС ( охранные отряды) ұйымдары жұмыс iстедi. Бұлардың саны тез өсiп отырды. 1929 жылы 280 адам болса , 1933 жылы 52 мың адамға жеттi. Фашистердің iрi монополия мен аристократтардың қолдауымен өкiметтi к билiктi өз қолдарына алуы шындыққа айналды. Фашизм қаупi елде кең етек алды. Германияда фашизм қаупiне қарсы күресушi саяси күштер де болды. Олар: Германия социал-демократ партиясы (ГСДП) және Германия коммунистiк партиясы. Рейхстагта депутаттардың бөлiгi болды, бiрақ та бұл екi саяси партия фашизмге қарсы күресте тактикалық қателiктер жiбердi. Фашизм қаупiне онша сене берген жоқ, ұсақ және орта топтардан құрылған фашистiк партияны социалистiк қозғалыстың бiр бөлiгi ретiнде қарады. ГПК-сы да осы тактиканы ұстап, фашизмге қарсы күресте бiртұтас жұмысшы майданын құра алған жоқ. ГСДП-ын социал-фашистi к партия деп бағалады. Сондықтан екi партия да фашизм қаупiне сене бермедi. Бiрақ та ГКП фашизмге қарсы үгiт-насихат жұмысын жүргiзiп, антифашистiк акциялар ұйым-дастырды . Ереу iлдiк қозғалысқа еңбекшiлердiң көбi қатысты. ГКП-ның беделi өстi. 1931 жылы ГКП-ның саны 195 мың болса, 1932 жылы 360 мың адамға жеттi. 1932 жылы рейхстаг сайлауында ГКП-сы 6 млн сайлаушылар қолдады. Пролетариат диктатурасын орнату ұраны, сол кездег i ГКП-ның тактикалық қателiгi болды . Антифашистiк күрестiң барысында ГСДП мен ГКП фашистi к партияға қарсы шыққан iрi оппозициялық саяси күшке айнала алмады.

.

Гитлердiң үкiмет басына келуi. Экономикалық ж¸не сая-си дағдарыс үкiметтiң елдi басқару қабiлетiн бұрынғыдан да төмендеттi. Фашистiк партия және профашистiк iрi монополия иелерi Ф.Тиссен, Флик, Феллер тез арада фашистiк дикта-тураның орнауын қалады. Германиядағы президенттiк сайлау қарсаңында фашистер мен реакциялық күштер бiр iгiп күрес жүргiзд i. 1932 жылы сәуiр айында президенттiк сайлауда генерал Гинденбург 19,3 млн дауыс алып, жеңiске жеттi. Ал Гитлер болса , 13,4 млн дауыс алып, жеңiлiс тапты. ГСДП-сы Гинденбургтi қолдады. Сайлаудан кейiн елде саяси күштердiң ара салмағы фашистiк күштер жағына ауысты. 1932 жылы мамыр айында Брюнинг үкiметi отставкаға кетiп, Папен канцлер болып тағайындалды. Папен үкiметi елдi саяси дағдарыстан шығара алмады, олар төтенше шаралар жүргiздi. Саяси дағда-рыс тереңдеген тұста, 1932 жылы шi лде айында Пруссияда мемлекеттiк төңкер iс болды . Пруссия үкi метiнде социал-де-мократ министрлерi қуылып, оның орнына профашистiк реакциялық топтар жаңа үкiмет құрды. Саяси дағдарыс жылдарында 1932 жылы шi лде айының 31-і күнi рейхстаг сайлауы өткiзiлдi. Сайлауда 13,8 млн дауыс алған фашистiк партия үкiмет құру мүмкiндiгiн алды. Веймар Республикасы өзiнiң тарихында саяси дағдарыстың ең жоғарғы шыңына жеттi. Парламентте Папен үкiметiне сенiмсiздiк бiлдiрілдi. Президенттiң жарлығымен рейхстаг таратылып, А.Гитлерге жол ашылды. Бiрақ Гитлер канцлер бола алмады. 1932 жылы қараша айында рейхстаг сайлауында фашистiк партия 11,3 млн дауыс алды, яғни алдың-ғы сайлаумен салыстырғанда 2,4 млн дауыс жоғалтты. НСДАП-сында iшкi дағдарыс күшейдi. Антифашистiк күштердiң қарсы күресi де оған ықпал жасады. Канцлер болып генерал Шлейхер тағайындалды. Гитлердi үкiмет басына жiбермед i. Iрi монополия иелерi Шахт, Тиссен т.б елдiң президентi Гинденбургқа ультиматум-хат жолдап, Гитлердi рейхканцлер тағайындауын талап еттi. Мұны ірi қаржы олигархиясы түгелдей қолдады. Президентке тiкелей қысым жасау арқылы, 1933 жылы қаңтар айының 30-ы күнi Гинденбург амалсыздан Гитлердi рейхканцлер етіп бекiттi. Сөйтiп Германияда Веймар Республикасы құлап, фашистiк диктатура орнады.

Гитлер кезiндегi Германия (1933-1939 жж.). Гитлер рейхканцлер болғаннан кейiн Германияда құрама (коалиция) үк iмет құрды . Үкiметтiң құрамына 4 министр НСДАП -сынан, 11 министр буржуазиялық партиядан кiрдi. Алғашқы кезден Гитлер Конституцияны өзгерiссiз қалдырып, демократиялық жүйенi өзгертедi. Рейхстагтағы саны аз болған НСДАП жеке үкiмет құра алмады. Сондықтан Гитлер өзiнiң диктаттық билiгiн орнату үшiн жаңа парламенттiк сайлау күнiн белгiледi. Рейстаг сайлауы 1933 жылы 5 наурызда өтетiн болып белгiлендi. Сайлау қарсаңындағы үгiт-насихат жұмысы арқылы антифашист iк күштердi әлсi рету үшiн үкiмет көптеген шаралар жүргiздi. Демократиялық күштерге қарсы әр түрлi арандатушылық шараларды iске асырды. Үкiмет саясатына қарсы шыққан саяси күштерге тыйым салды. Ереуiлге шыққандарды қару арқылы күшпен басып отырды. Антифашистiк топтар Гитлерге қарсы күреске шығып, жалпыұлттық ереуiлге шақырды. Антифашис-тiк қозғалыстың басында ГСДП мен ГКП-сы болды . Гитлер үкiметi саяси күштердiң әлi де болса басым екенiн бiле отырып, сайлау қарсаңында ерекше шараларға барды . Гитлердiң тiкелей нұсқауымен 1933 жылы ақпан айының 27-і күн i Германияның парламент үйi Рейхстаг өртелдi. Өртен iп жатқан Рейхстаг үйiне келген Гитлер «бұл коммунистердi ң жасаған iсi, сондықтан коммунистердi жою керек» деп баға бердi. Осы күннен бастап Гитлер өзiнiң тап жауы коммунистерге қарсы террорға шықты. Рейхстагтың өртенуiн сылтау ете отырып, елде жеке билiк орнату үшiн билiктi өз қолына алып, заңды құқығы бар декреттер шығара бастады. Веймар Республикасының Конституциясын тоқтату туралы заң қабылдады . Коммунистердi жаппай тұтқындау басталды. Наурыздың 3-і күнi ГКП-ның мүшесi Э.Тельманды , 9 наурыз күнi Коминтерннiң басшысы, Болгар коммунистiк партиясының мүшесi Г.Димитровты тұтқындады. Оған рейхстагты өртеген деп айып тағылып, 1933 жылы қыркүйек айында Лейпциг сот процесi болды. Сот процесiнде Г.Димитров өзiн фашистiк сот алдында ақтап шықты. Бұл анти-фашистiк күштердiң iрi жеңiсi болды. Гитлер үкiметi рейхстаг өртенгеннен кейiн екi төтенше декрет қабылдады: «Мемлекеттiк сатқындыққа қарсы», «Халық пен мемлекеттi қорғау». Халықтың конституциялық құқығы тежелдi. Бiрақ та сайлауға дейiн Гитлердің террор, арандатушы-лық және қорқыту секілді шараларды жүргiзуiне қарамастан, парламент сайлауында демократиялық күштер айтарлықтай жеңiске жеттi. Фашистiк партияны 17,2 млн адам қолдап, 43,9% дауыс алды. Рейхстагта барлығы 647 депутаттық орын болатын. Басқа партияларды қолдап 22 млн адам дауыс бердi. Террорлық әрекеттерге қарамастан, ГКП мен ГСДП-сын қолдап 12 млн адам дауыс бердi. Төменде берілген кесте сайлау қорытындысын анықтауға мүмкiндiк жасайды. Парламент сайлауында ойдағыдай жеңiске жете алмаған Гитлер жеке билiк арқылы парламенттiң жұмысын тежедi. Контитуция жұмыс iстеген жоқ. Гитлер елдi басқаруда төтенше билiктi өз қолына алды. Сөйтiп, заң және атқарушы сот билiгi бiр кiсiнiң қолына көштi. Сайлауда жеңiске жеткен 81 коммунистiң парламенттегi мандатын заңсыз деп тауып, мандаттарын тартып алды. Гитлер 1933 жылы желтоқсан айының 12-і күнi «Партия мен мемлекеттiң бiрлiгi» деген төтенше декрет шығарды. Мемлекеттiк билiктi тек қана НСДАП қана мойындады. Елде көсем (фюрер) идеясы кең етек алды. Мемлекеттiк-әкiмшiлiк басқару аппараттары фюрер алдында ант берiп қызмет атқаруға мiндеттi болды. Жергiлiктi парламент-ландтаг , жоғарғы палата Рейхсрат таратылды. 1934 жылы тамыздың 2-і күнi қарт генерал, президент Гинденбург өлдi. Осы күннен бастап Гитлер елдiң фюрері (көсемi) және рейхканцлерi болып өмiрлiкке тағайындалды. Германияда фашистiк тоталитарлық диктатура орнауы Мемлекеттiкмонополиялық капитализм (ММК). Германия экономикасының даму ерекшелiгi. Гитлер үкiметiнiң экономикалық саясатының негiзгi мәнi мемлекеттiк-монополиялық капитализм тұрғысында болды. 30-жылдардағы дағдарыс кезiнде көптеген капиталистiк елдер экономикалық-әлеуметтiк дамуды мемлекет арқылы реттеу процесін iс жүзiне асыра бастаған болатын. Буржуазиялық реформа капитализмдi, жеке меншiктi сақтап қалудың бiрден-бiр жолы болды. Әлемдiк капитализм КСРО елiндегi социализм қоғамын жою мақсатын iс жүзiне асыра бастады . АҚШ-тың президентi Ф. Рузвельттiң «жаңа бағыт» саясаты мемлекеттiк реттеудiң дұрыс жол екенiн көрсете алды.

.

Германия экономикасын мемлекеттiк реттеу, тез арада дағдарыстан шығып , елдiң экономикасын милитаризациялау (соғысқа дайындау), сөйтi п кек алуды тездету саясаты жүргізілді. Бұл шараларды iске асыру үшiн Гитлер елдегi экономи-каны бiр орталыққа бағындырып, бiрнеше төтенше реформа жүргiздi. 1933 жылы шiлде айында картель құру туралы заң шығарды. Бұл заң бойынша экономиканы басқару мақсатында «Немiс шаруашылық Бас кеңесі» мемлекеттiк басқару мекемесi құрылып, оған «шаруашылық және өнеркәсiп орындарын бiрiктiретiн» мекемелер бағындырылды. Мемлекеттiк шаруашы-лық кеңесi н басқаруға iрi монополия иелерi мен финанс басшылары кiрдi. Империялық шаруашылық мекемесi 7 топтан тұрды : өндiрiс, энергия, сауда, қолөнер, банк және қамсыздан-дыру . Әрбiр топтың жергiлiктi жерлерде мекемелерi құрылды. 1934 жылы қыркүйек айындағы төтенше заң бойынша сыртқы және iшкi сауда, валютаға мемлекеттiк бақылау қойылды. Ауыл шаруашылығын қайта құру үшiн «Империялық әлеу-меттiк азық- түлiк» мекемесiн құрылды. Бұл ауыл шаруашылық мемлекеттiк мекеменiң басты мақсаты халықты азық -түлiкпен қамтамасыз ету болды. Ауыл шаруашылық жерiнiң мөлшерi шаруаларға 7,5 га-дан 125 га-ға дейін бөлiнiп берiлетiн болды. Мұрагерлiк жердiң 21%, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өңдеу саласына жердiң 38% берiлдi. Бұл шаралар шаруалар арасында әлеуметтiк топты нығайту үшiн жүргiзiлдi. Мемлекеттiк реттеу әлеуметтiк салада жүзеге асырыла бас-тады. Халықтың еңбек ақысы, зейнетақы, кәсiпкерлiктердi қол-дау шаралары жүргiзiлдi. Экономиканы реттеу үшiн 4 жылдық жоспар қабылданды. Гитлер экономиканы басқаруды Г.Герингке тапсырды. Германия экономикасының ауыр өнеркәсiбi мен соғыс өнеркәсiбiн дамытуға ерекше көңiл бөлiндi. Сөйтiп, Германия экономикасы милитаризациялана бастады. Ауыр өнеркәсiп 1935 жылы 50% артты, соғыс шығыны (1935-1939 жж.) жалпыұлттық бюджеттi ң 58% тең болды.1935 жылдан бастап жалпыға бiрдей әскери мiндет енгiзілдi. Мемлекет iрi монополия иелерi не несие, субсидия (мемлекет-тiк тiкелей акция көмегi) көмегiн бердi. «И.Г.Фарбениндустри» мемлекеттiк кредит арқылы өндiрiске қажеттi технологияны жаңартып, химия ғылымының жаңалықтарын өндiрiске тез

қосып отырды. Субсидия арқылы химия өндiрiсiне қажетті өндiрiс орындарын салды. Мемлекеттiк көмектiң нәтижесiнде 1932-1938 жылдарда «И.Г.Фарбениндустри» концернінiң таза табысы 4 есе өстi. Крупп болса, соғыс өндiрiсiн жедел дамытудың нәтижесi нде өзiнiң жылдық кiрiсi 380 млн. маркаға жеткізді. Мемлекет, сонымен қатар өндiрiс пен капиталдың шоғырлануына көп көмек көрсеттi. 1932-1938 жылдарда өндiрiстiң 23 бөлiгi 6 iрi банк пен 70 iрi акционерлiк қоғамдастықтың меншiгiнде болды. Гитлер үкiметi мемлекеттiк-монополия саясатының барысында Германияда жұмыссыздықты жой-ды. Мұндай жетiстiк басқа капиталистiк елдерде болған емес. Мемлекеттiк-монополиялық реттеу Германияның экономика және әлеуметтiк салаларын түгелдей қамтыды. Елд iң барлық билiк саласында iрi қаржы-өндiрiс олигархиясы отырды. Экономикалық, әлеуметтiк және әкiмшiлiк-басқаруды қайта құру нәтижесi нде тоталитарлық диктатура билiк жүргiзiп, Германия жаңа соғысқа бар күшiн салып, кек алу үшiн халықты жұмылдырды.

Германияның сыртқы саясаты. Гитлерлiк Германия үкiметiнiң сыртқы саясатының негiзгi мақсаты агрессиялық милитаристiк бағыт болды. Бұл мақсатқа жету үшiн Версаль-Вашингтон жүйесiн әлсiретiп, жою қажет еді. Капиталистiк елдер АҚШ, Франция және Ұлыбританиялардың профашистiк топтарының қолдауымен Шығыс Еуропа елдерiн жаулау саясатын қалыптастырды. Олар орта ғасыр заманындағы Пруссия корольдерiнiң жүргiзген «Дранг нах Остен» саясатын жалғастырды. Капиталистік елдер соғыс өндiрiсiнiң құрылымын өзгерте отырып, соғыс-теңiз кемелерiн көбейту, соғыс самолеттерiн көптеп шығаруды қолға алды . Сөйтiп, Ұлыбритания және Франция елдерiмен бәсекеге түстi. 1936 жылы Локарно конференциясының шешiм iн бұзып Рейн аумағына өз әскерлерiн енгiзу арқылы батыс шекарасын нығайта түстi. Шығыс саясатының бiрiншi кезеңiне Австрия мемлекетiн қосып алу үшiн аншлюс саясатын дайындады. 1936-1937 жылдарда Германияның агрес-сиялық саясатын қолдап, Берлин–Рим–Токио белдiгi құрылды. Ол КСРО , Франция және Чехословакияның коллективтiк қауiпсiздiк саясатына қарсы тұрды . Германияның агрессиялық саясатын қолдаған АҚШ, Франция және Ұлыбритания «бейтараптық » саясат жүргiздi. Бұл болып жатқан жағдайды бiлiп тұрып, көз жұмуымен пара-пар болды. Германия мен Италия өздерiн Еуропада еркiн сезiндi. 1938 жылы 29-30 қыркүйекте Мюнхен қаласында болған конференцияда империалистiк елдердiң келiсiм беруiмен Чехословакияның Судет облысын Германия өзіне қосып алды. Ал 1939 жылы 15 наурызда Чехословакияны толық жаулап алды. 1939 жылы Клайпед портын иеленiп, Балтық теңiз жағалауындағы елдерге қауiп төнгiздi. Германия империализм i Еуропадағы ең iрi әскери -өндiрiстiк державаға айналды. Алты жылдың iшi нде өнеркәсiп өнiмдерiн шығарудан Германия Еуропада бiрiншi орынға, ал дүниежүзiнде АҚШ-тан кейiнгi екiншi орынға шықты. Дүниежүз iлiк өнеркәсiп өндiрудегi үлес салмағы 1932 жылы 8,2%, 1939 жылы 13,3% жеттi. Шойын мен болат өндiруден Франция мен Ұлыбритания-ны қосқандағы деңгейде болды. Аллюминий өндiруден әлемде бiрiншi орынға шықты. 1935 -1939 жылдарда Германияда 5,5 млн адам әскери дайын-дықтан өтiп, әскерiнiң саны 2,5 млн адамға жеттi. 1939 жылы 23 тамызда Герман-Кеңес елдерiнiң арасында соғыспау туралы келiсiмге қол қойылды. Бұл пакті тарихта Молотов-Риббентроп пактiсi деп аталды. Аталмыш келiсiм туралы екiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы халықаралық қатынас тарихында кең түсiндiрi ледi. 1939 жылы «Италия мен Германия арасында достық» пактiсiне қол қойылды. Бұл келiсiм арқылы екi ел арасында әскери одақ құрылды. Кейiннен белгiлі болғандай, бұл пактiге Жапония қосылып, үштiк әскери одақ құрылды. Iрi капиталистiк елдердiң қолдау саясаты Германияны шығысқа соғыс ашуға айдап салып отырды. Империалистiк елдердiң бұл саясаты өз нәтижесiн берген iмен, кейi ннен өздерiне қатты соққы болып тидi. 1939 жылы қыркүйек айының 1 күнi таңғы сағат 415-те Германия 1,6 млн. адамнан тұратын әскерiмен, 62 дивизия ; оның iшiнде 2,8 танк, 6 мың миномет пен артиллерия және 2 мың самолетпен Польшаға соғыс бастады. Екiншi дүниежүзiлiк соғыс ХХ ғасырдағы ең жойқын соғыс болды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.