Гиалоплазма туралы қазақша

Главная » Рефераттар » Гиалоплазма туралы қазақша

Гиалоплазма (грекше һуаlіnе — мөлдір), негізгі плазма, немесе цитоплазманын матриксі, клетканың маңызды бөлігі, оның шын мағынасыңдағы ішкі ортасы. Электрондык микроскопта цитоплазманың матриксі гомогенді немесе электрондық тығыздығы төмен ұсақ дәнді зат болып байқалады.
Гиалоплазманың кұрамында түрлі глобулалык белоктар мен цитоплазмалық матрикстің ферменттері болады. Бұлар эукариондық клеткадағы белоктардың жалпы санының 20-25%-ін құрайды, Матрикстің маңызды ферменттеріне гликолиздің ферменттері, қанттардың, азоттық негіздердің, аминкышқылдарының, липидтердің және басқа маңызды қосылыстардың метаболизмінің ферменттері жатады. Матриксте РНҚ мен белоктың синтезделуі кезінде аминқышқылдарының белсенділігін арттыратын ферменттер де орналасқан. Клетканың осмостық және буфферлік қасиеттері де гиалоплазманың құрамы мен кұрылымына байланысты. Гиалоплазма барлык клеткалық құрылымдарды біріктіріп тұрады және олардың бір-бірімен химиялық әрекеттесуін қамтамасыз етеді. Аминқышқылдарының, май қышқылдарының, нуклеотидтердің, қанттардың клетка ішіндегі тасымалдануын да іске асырады. Гиалоплазмада плазмалық мембранаға және онан кері, митохондриядарға, ядро мен вакуольдарға, иондардың ағысы үнемі жүріп отырады. Гиалоплазма АТФ молекулаларының жинақталатын орны. Мұнда гликоген, май тамшылары сияқты қоректік заттар да жиналады. Зерттеу әдістерінің дамуы цитоплазмалық матрикстің макромолекулалық құрылысының әртүрлі клетканың өзінде әркелкі ғана емес, бір клетканың өзінде де түрліше болатынын көрсетті. Мысалы, ішек клеткаларында мембрананың апикальдық бетінің астында тор құрайтын жіңішке жіптер байқалған, Жіптердің жиынтығы десмосомалардың екі жанындада болатыны анықталды. Осы аталған мәліметтер жіп тәрізді компоненттердің міндеті цитоплазманың құрылысын сақтау екенін көрсетті. Цитоплазмалык матрикспен клетканың коллоидтік қасиеттері де байланысты. Сонымен бірге арнаулы клеткаларда байқалатын түрлі фибриллалық құрылымдардын түзілу орны болып есептеледі. Мысалы, кератин талшықтарының, миофибриллалардың, микротүтікшелердің және филламенттердің. Микротүтікшелер, жіптер сиякты, цитоплазманың негізгі затының цитоқаңкасы болып табылады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.