Гипертония (қазақша) — Қан қысымының артуы

Главная » Рефераттар » Гипертония (қазақша) — Қан қысымының артуы

Гипертонияның (гипер — артық, көп. Тонус — қысым, сығым) негізгі белгісі адамның артериялық қан қысымы артады. Әрине, бұл адамның түрлі жағдайына және басқа ауруға байланысты. Бірақ кейде күтпеген уәйім-қайғыдан немесе ауыр қара жұмыстан кейін сап-сау адамның қан қысымы да уақытша артуы ғажап емес. Бұл аурудың белгісіне жатпайды.

Артериалық қан қысымы кейде бүйрек қабынғанда (нефрит) және бүйрек безі (надпочечник) мен қалқан безі (щитовидная железа), мидың қосалқы безі (гипофиз) секілді ішкі секреция бездерінің ауруы себепті азды-көпті артып отырады. Қан қысымының мұндай артуы осы органдардың ауыратындығын дәлелдейді. Гипертонияда денедегі барлық ұсақ артериялар (артериолы) Жіңішкеріп, қан жүретін жол тарылады. Соның нәтижесінде организмнің бір жеріндегі (артериясындағы) қанның екінші — жеріне (венаға) өтуі қиындайды. Сөйтіп, өте алмай іркілген қан тамырды кернейді, оның қуысында қан қысымын арттырады. Мысалы, қолқаның бір жері тарылғанда одан жоғарыдағы жердің қан қысымы артады. Сөйтіп гипертониялық ауру басталады. Гипертонияның себебі көп. Қөбінесе ол нерв жүйесінің әрекеті бұзылғандарда кездеседі. Зерттеу нәтижесіне қарағанда ой еңбегімен шұғылданатын инженер-техник қызметкерлер, ғалымдар және телефонисткалар мен шоферлердің қан қысымы жиі артып отырады. Өйткені бұл категориядағы адамдар міндетті жұмысын атқару үшін көп ойланып үнемі өздерін сергек ұстайды, түрлі жұмбақты шешуге, тапқырлыққа тырысады. Мұндай ұзаққа созылған ойлану миға күш түсіреді. Шаршап шалдыққан нерв жүйесінің әрекеті бұзылып, бұл қан қысымын арттырады, сөйтіп гипертония ауруының басталуына жағдай туғызады.

Қан қысымының артуы нерв жүйесі жұмысының бұзылуынан тағы да басқа бірнеше факторлардың әсер ететіндігі анықталды. Организмнің химиялық лабораториясының жұмысы бұзылғаңда бүйрек және бүйрек үсті безінің гормоны әдеттегіден артық бөлінеді. Гормонның бұлайша артық бөлінуі артериялық қан қысымын арттыратындығы анықталды. Соңғы кезге дейін бүйректі денедегі бұзылған, керексіз қалдықтардың (шлак) бөліп шығарып отыратын орган деп келдік. Сонымен қатар бүйректің қан қысымын арттыруда рөлі күшті ренин деген затты бөліп шығаратыны ашылды.

.

Қанның тамыр қабырғасындағы заттар алмасуын тексергенде ондағы альдостерон деген гормон өзіне натрий тәрізді элементті көп жинайтыны байқалды. Ал натрий сұйық затты бойына жинайтындықтан, тамыр қабырғаларында сұйық көбейеді. Бұл жағдай жіңішке тамырларды жуандатады, және артериалық канның қысымын арттырады. Ғылымның соңғы жетістігіне қарағанда гипертония ауруының тұқым қуатын түрі де жоқ емес.

Әрине, қан қысымы артуының басты себебі орталық нерв жүшесінің әрекетіне байланысты. Адам өмірінде кездесетін факторлар,— нерв жүйесінің жұмысы бұзылуы, ұзаққа созылған қайғы-қасірет, тұрмыстағы және жұмыстағы кейбір жағымсыз жағдайлар мезгілінде жойылмаса, сөзсіз гипертониялық ауруға соқтырады. Оның үстіне майлы тамақты мөлшерден тыс былапыттап ішіп-жеу, көп жүрмей, бір орында қозғалмай отыра беру де қан қысымының артуына себепкер болады.

.

Гипертония тұңғыш білінгенде артерия және басқа органдар құрылысында ешбір органикалық (анатомиялык) өзгеріс сезілмейді. Бірақ ауру ұзаққа созылып, кезінде емделмесе, қан тамыр өзгере (склероз) бастайды. Гипертонияның кейінгі сатысында жүрек артериясы мен артериольдарына және басқа органдарға да анатомиялық өзгерістер біліне бастайды. Тарылған қан жолындағы іркілген қанның қысымын жеңу үшін жүрек әдеттегіден артық күш жұмсайды. Мұның өзі миокардты күшейтеді (гипертония), жүректің көлемін үлкейтеді. Артериялық қан қысымы артуы нәтижесінде дене органдары отгегі мен басқа да қоректік заттарға тарығады. Бұл органдарда дәнекер тканьдер өсе бастайды. Осы тқаньдер, әсіресе жүрек (кардиосклероз), ми (церобросклероз) және бүйрек (нефросклероз) секілді органдарды қамтып, қауіпті ауруға шалдықтырады. Бұл органдардың скле-розбен зақымдануына байланысты гипертонияны үш түрге бөлеміз: 1. Жүректе болатын түрі 60—65 проц. қамтиды. 2. Мида болатын түрі 20—25 проц. қамтиды. 3, Бүйректе болатын түрі 10—12 проц. қамтиды. Гипертония көбінесе 40 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі. Ал ол кейде 20—25 жастардағыларда да табылып жүр.

Оларда үлкендер гипертониясынан күшті басталады. Гипертония әйелдерде де жиі кездеседі. Бірақ бұлардың гипертониясы жасы келіп, етек кірі мүлдем тоқтар алдында бірнеше жыл бұрын пайда болады. Бірақ қан қысымы артқан ауру еркектерге қарағанда әйелдерде баяу болады. Өйткені еркектердің, жүрек қан тамырлары атеросклерозға жиі шалдығады да, миокардтың инфарктысына ұшырағыш келеді. Гипертония ақырын басталады, оның кейбір белгілері кейін сезіле бастайды. Бұл аурудың қатты басталып, өршіп кетуі сирек кездеседі.

Гипертонияны да өзінің дамуына қарай бірнеше сатыға бөлеміз: гипертониялық аурудың алғашқы сатысында адамның анда-санда басы ауырады, жүрек соғуы шапшаңдайды, кейде жүрек шаншып ауырады және бастың желке тұсы ауырлайды. Осы кезде қан қысымының артқаңын сынап бағанасымен өлшегенде 150/90, 160/95, 170/100 мм дейін жеткенін көреміз. Ауру адам жедел емделсе осы бірінші сатыда қан қысымы нормасына тез және оңай түсіруге болады. Бірақ адамның жанына айтарлықтай бата қоймағансып дәрігерге көрінбейді. Әрине, бұл үлкен қате. Мұндай адам басқа бір сырқатпен дәрігерге тексерілуге келгенде қан қысымының өскенін бір-ақ біледі. Осындай аурудың алғашқы кезеңін нерв функциясы бұзылғаннан болған гипертонияның бірінші сатысы дейміз. Осы кезеңде тиянақты емделмегендердің ауруы өршиді, ыңқыл-сыңқылы күн санап көбейе түседі. Бас айналады, аяқ-қол, саусақтар ұйытқиды, басқа қан құйылғандай сезім туады, көзге ұшқан шыбын тәрізділер елестейді, ұйқы бұзылады, адам шаршағыш келеді. Бұл кезеңде қан қысымын нормаға түсіру қиындап кетеді. Склероз барлық артерияларды қамти бастайды, зақымданған тамырлар өзінің әдеттегі жібектей жұмсақтығын жояды, қатаяды. Аурудың осы кезеңін гипертонияның склероздік сатысы дейді. Бірақ ауру адам еңбектен қалмайды, жұмысты істеп жүре береді. Гипертонияның үшінші, яғни ақырғы сатысында артериольдарда қан жүру бұзылғандықтан ауру адамның жүрегі мен бүйрегі өздерінің жұмысын нашар атқара бастайды, миға да қан аз барады. Гипертонияңың осы ақырғы сатысына жеткенде адам ентіге бастайды, жүрек қыспасы ұстайды, аяғы ісінеді, бауыры өседі, ішкі сарайына сұйық (асцит) жиналады.

Бұл гипертонияның жүректе кездесетін түрінде болады. Ал гипертонияның мида болатын түрінде бас ауырады, айналады, құлақ түбі шыңылдайды, көз нашар көреді, тіпті кан тамырлары жыртылып, миға қан құйылуы да (инсульт) мүмкін. Инсультте дененің оң немесе сол жағы сал (паралич) болып қалады. Гипертония ауруының бүйректе болатын түрінде оның функциясы бұзылады, кіші дәреті әдеттегідей денеден түгел шықпай сарқыла бөлін-бейді, ол бойға тарайды да, адамды уландыра бастайды (уремия).

Әрбір ауруды, әсіресе қан қысымы артқан ауруды емдеу тек осы ауруды тексеретін механизм шыққалы нәтижелі бола бастады. Гипертонияның қатерлі түрінен адамдар бұрын бірнеше айдың ішінде-ақ өлетін-ді. Оларды емдеуге дәрігердің күші келмейтін-ді. Қазір аурудың түрлі механизміне әсер ететін күшті дәрі-дәрмектер шықты. Бұл препараттар орталық нерв және қан тамыр тысындағы шеткі нерв жүйелеріне әсер етеді, сол секілді препараттық қан қысымын арттыратын гормон күшін әлсіретеді, сөйтіп қан қысымының артпауына шипалық әсер етеді. Жаңа шыққан дәрілерді дұрыс пайдаланса, қан қысымын бақылап, оны өршітпеуге мүмкіншілік туа бастады. Бұған дәлел: 1954 жылы гипертониямен ауырғандардың 30 процентінің қан қысымы төмендетілсе, 1965 жылы қан қысымы нормаға: түскендердің саны 60 процентке жетті.

.

Соңғы кезде бүйрек безіне шыққан ұра артериялық қан қысымын арттыратын гормонды көбейтетіні анықталды. Сол секілді бүйректі қоректендіретін қан тамыры тарылса, бүйрекке келетін қан азаяды. Мұның салдары гипертонияға соқтыратын заттардың пайда болуына жәрдемдесетіні анықталды. Егер заманымыздағы жетілген (рентген контрастық және изотоптык т. б.) әдістерді пайдаланып бүйректегі осы ауруларды кезінде тапса, оларды операция жолымен жазатын дәрежеге жеттік. Мұның өзі бүйрек кеселінен болатын гипертониялық ауруды жазуға мүмкіншілік берді. Сонымен гипертонияны алғашқы сатысында қолға алса, адам сөзсіз жазылады. Егер ауру кезінде емделмесе, қан қысымының ауруы өрши береді. Асқынған гипертония ауруын жазу қиын. Ол тіпті адамды қазаға да ұшыратады.

Әрине, бұл арада да «аурып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде »дегіміз келеді. Гипертониядан алдын ала сақтану үшін әрбір азамат еңбек, тұрмыс және тынығу тәртібін дұрыс ұйымдастыра білгені жөн. Тамақ сапалы болсын. Белгілі бір тәртіппен күніге 3—4 рет тамақтану керек. Бірақ майлы және холестерині көп асқа үйір болмау керек. Сол секілді сұйық және тұзды асты көп ішіп-жеу де зиянды. Қандай тамақ болса да ішті кернеп, тоя ішіп-жеу жүрекке зиян. Асты аздап, жиі-жиі ішіп тұрған пайдалы.

Дәрігердің нерв және қан тамыр жүйесіне пайдалы деген дене қозғалыстарын және дене шынықтыруды үзбей жасаған жөн. Шала ұйқы нерв жүйесінің әрекетін бұзады, қан қысымын арттырады. Сондықтан ауру адам кемінде тэулігіне тоғыз сағат ұйықтауға тйіс. Қерек десе дәрігер аурудың қозған нерв жүйесін жайбарақаттандыратын және көп ұйықтататын дәрілер де береді. Гипертония мен ауырғанда — ауада ұзақ болудың, тынығу және демалыс күнін қала сыртында өткізудің емдік мәні күшті. Бірақ ыстық күнде жүруге немесе күн көзіне қыздырынуға болмайды. Қейбір не болса, соны көңіліне алатындар мен көрінгенге сенетіндерді психикасына әсер ететін әдістермен емдеу (психотерапия) — дәрі-дәрмектен де жақсы әсер етеді. Ондай адам өзінің емделіп жүрген дәрігеріне ғана емделуі тиіс дейміз. Гипертонияның екінші және үшінші сатыларында қан қысымын төмендету үшін дәрігердің нұсқауынша диуретин, папаверинді лю-миналмен, дибазол, әсіресе үнді өсімдігі раувольфидің — резерпин, серпазил, гендон, тағы соңғы кезде шыққан жаңа препараттармен емделген жақсы. Қейде тамырдан қан алу, немесе денеге сүлік қойып қанды сорғызу да қан қысымын төмендетуге жақсы әсер етеді. Санаторий, курорт жағдайында емделудің гипертония ауруына маңызы зор. Кейде қан қысымы артып, асқынғанда ‘ауру адам талып жығылады (гипертонический криз). Мұндай жағдайда ауру адамға жүруге болмайды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.