Гипофиз, оның құрылысы мен қызметі

Главная » Рефераттар » Гипофиз, оның құрылысы мен қызметі

Гипофиздің құрылысы мен қызметі жағынан ерекше болып келеді. Қан күре тамырдың ішкі тармағынан бастау алатын алдыңғы және артқы гипофиздік артериялар арқылы келеді. Бездің алдыңғы бөлігіне келетін артериялар бауырдағы сияқты екі рет: бірінші рет гипоталамустың ортаңғы дөңес аймағында, екінші рет — аденогипофизде капиллярлар жүйесін түзеді. торшаларында түзілген биологиялық белсенді заттар аденогипо-физге тасымалданып, троптық гормондардың түзілуін күшейтеді. Вена қаны гипофизден гипоталамус бағытында ағады.

Гипофиз барлық омыртқалы жануарлардакездеседі. Қүрылысы жағынан оны төрт бөлікке бөледі. Олар: 1) туберальдық, 2) ал-дыңғы, 3) аралық (ортаңғы), 4) жүйкелі, немесе артқы бөліктер. Туберальдық, алдыңғы және аралық бөліктерді біріктіріп, аденогипофиз деп атайды. Ал, жүйкелі бөлік, гипофиз шанағы жэне сүр төмпешіктің ортаңғы дөңесін нейрогипофиз деген атпен біріктіреді. Құстарда, киттерде, дельфиндерде, пілдерде аралық бөлік болмайды. Эмбриональдық даму кезінде аденогипофиз ауыз қуысының эктодермасынан дамиды, табиғаты жағынан ол эпителийлі қүры-лым болып табылады. Ал, нейрогипофиз мидың 3-қарыншасының түбінен дамиды, ол жүйкелі құрылым.

Гипофиздің алдыңғы безді бөлігінде 3 түрлі торшалар кезде-седі: 1) хромофобтар немесе негізгі торшалар (нашар боялады), 2) базофилъдер (сілтілік бояулармен боялады), 3) ацидофилъдер немесе оксифильдер (қышқыл бояулармен боялады). Хромофобтар торшалар қоры болып табылады, гормондар түзбейді, организм жағдайына қарай олар базофильдерге не ацидофильдерге айналып отырады. Ацидофилъдік торшалар өсу гормоны (соматотроптық гормон) мен пролактин түзетін екі түрлі торшаларға, ал базофилъдік торшалар — тиреотроптық, адренокортикотроптық, фолликуланы жандандырғыш, лютеиндеуші гормондар түзетін торшалар болып төртке бөлінеді. Анатомдардың тоғызыншы Халықаралық конгресінде гипофиздің алдыңғы бөлігі торшаларының мына номенклатурасы қабылданды. Гипофиздің артқы бөлігі питуциттер мен миелинсіз жүйке талшықтарынан құралған. Питуициттер — пішіні жағынан әртекті, бірнеше цитоплазмалық өсінділері бар секрециялық торшалар. Нейрогипофизде коллоид тэрізді секрет бөлетін түтікше -шоқ бездер де болады.

Ішкі секрециялық бездер жүйесінде гипофиз ерекше орын алады. Оған эртүрлі функциялар тән. Гипофиз басқа эндокриндік бездердің қызметін реттеуге қатысады, сондықтан оны орталық без деп есептейді. Гипофиз гормондары организмнің негізгі биологиялық процестерін, денедегі зат алмасуды — судың, минералды түзардың, көмірсулардың, белоктың, майдың алмасуын реттейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігі бірнеше гормон бөлінеді. Олар: глюкопротеиндер (фолликуланы жандандырғыш, лютеиндеуші жэне тиреотроптық гормондар) жэне қарапайым протеиндер -полипептидтер (адренокортикотроптық, соматотроптық жэне лактотроптық гормондар) болып екі топқа бөлінеді

Соматотроптың немесе өсу гормоны (СТГ). Бұл гормон таза күйінде 1945 жылы Ли, Эванс, Симпсон зерттеулерінің нәтижесінде бөлінген. Гормонға түліктік ерекшелік тән. Ірі қара гормонының құрамында 369, макака маймылы гормонында 241, адам гормонында 240 амин қышқылдық қалдық болады. Адам гормоны жалғыз, ал ірі қара гормоны — қос полипептидтік тізбектен тұрады. Соматотроптық гормон организмнің барлық торшаларында белоктың синтезін күшейтіп, РНК-ны көбейтеді, көмірсулар мен липидтер алмасуын жандандырады, майлардың өз қоймаларынан шайылуын күшейтіп, көмірсулар синтезін жақсартады, малдың өсіп-дамуын реттеп, сүйектің жетілуін шапшаңдатады, кальций мен фосфор алмасуын реттейді. Гипофизді сылап тастаса, жас төлдің өсуі тоқтап қалады. Төлге соматотроптық гормон ексе, оның өсуі шапшаңдайды, алыптық (гигантизм) байқалады. Гормон өсу процесі тоқтаған жануарларда көп бөлінсе, акромегалия (кейбір сүйектер мен мүшелердің өсуіндегі теңсіздік) немесе спланхомегалия (ішкі ағзалардың өсуіндегі теңсіздік) байқалады. Бұл гормон жетіспеген жағдайда организмнің өсіп-дамуы тежеліп, нанизм (бой өспеу) байқалады. Гипофиз қызметінің ауытқуларымен байланысты организм гипофиздік кахексия (сүлдер, көтерем) жэне гипофиздік май басу сияқты дерттерге шалдығады. Соматотроптық гормон инсулин болмаған жағдайда өсу процесіне әсер етпейді. Гормонды ұйқы безі сылынып тасталған мысыққа ексе, оның организмінде белок синтезі өзгермейді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.