Графикалық редактор

Home » Рефераттар » Графикалық редактор
Рефераттар Комментариев нет

Графикалық редактор (ГР) әр түрлі суреттерді, сызбаларды, иллюстрацияларды дайындау барысында пайдаланылатын қолданбалы программалардың тобын қалыптастырады. Компьютерлік графиктердің қолданылатын бірқатар аймақтарын айта кетейік: визиткалар мен хабарландыруларды, иилюстративтік және іскерлік графиктерді рәсімдейді, есептіліктердің, мақалалардың, кітаптардың суреттерін әзірлейді; нақты іс жүзінде жоқ объектілерді модельдейді; үш өлшемді сцена мен анимациялық фильмдерді құрастырады; жарнама роликтерін жасайды және т.б.

Барлық ГР-ды екі топқа бөлуге болады: растрлық және векторлық. Растрлық ГР-да (басқаша Bitmap — графикалық редакторы деп аталады) кескін квадраттардың шамалары бойынша кішкентай әрі тең растрларда құрылады. Растрлық редактордың негізгі элементі — нүкте. Растрлық кескін бағандар мен жолдардың қиылысында орналасқан көптеген жекелеген нүктелерден қалыптасады. Кескінді бұлай қалыптастырудың басты артықшылығы — қарапайымдылығында. Растрлық кескінді жадында сақтау үшін растрлық суреттердің бірінші кемшілігіне айалған — жадында сақтаудың үлкен көлемін қажет етеді. Растрлық суреттердің тағы бір кемшілігі — масштабын өзгерту барысында кескін бұрмаланып кетеді.

Информацияны көрсетудегі растрлық тәсілдің артықшылығы — объектінің формалары мен түсін өзгерте алатын мүмкіндіктері шексіз десе де болады. Графикалық редактордың бұл тобының типтік өкілі — Windows операциялық жүйелерінің құрамына кіретін Paint графикалық редакторы болып табылады. Растрлық графикалық редакторларға: Adobe Photoshop, Photostyler, Adobe Photo-Paint, Picture Publisher, Corel Photo-paint.

Векторлық графиктің негізгі элементіне сызық және математикалық формула жатады. Олар осы сызықты сызады. Векторлық графикте объектінің масштабын өзгерткен кезде әр түрлі пиксельдердің орналасу карталары емес, объектінің математикалық модельдерін жадында сақтаудың арқасыда пропорция дәлме-дәл сақталады. Векторлық графикалық редакторлар — Adobe Illustratot, Macromedia Freehand және Corel Draw.

Векторлық графикте қисық үшінші реттің алуан түрлілігі болып табылатын қисық Безье кеңінен тараған. Динамикалық кескін 3D Studio MAX, Corel Draw және Animator Pro редакторларының көмегімен жасалады. 3D Studio MAX программасында кескінді қалыптастырудың мына схемалары пайдаланылады: аз ғана түйінді кадрлар беріледі, ал олардың кадрларын байланыстырушы қалғандары дестені интерполяция арқылы автоматты түрде құрады. 3D Studio MAX редакторы кескіделетін объектілерді былайша түрлендіруді орындауға мүмкіндік береді: берілген траекторияның ұзына бойымен жалжыту; айалдыру; деформация; морфинг. Десте объектіні жарықтандырудың бірнеше жарық көздерін және объектіні келесісіне жайлап трансформациялау.

Corel Draw векторлық графикалық редакторы. Corel Draw канадалық фирмалары мүмкіндіктерінің ауқымдылығымен, әзірлеушінің маркетингтік саясатына сенімді оқыту мен үйретудің аса қуатты жүйесінің, дайын кескіндерге ие бай кітапханасының арқасында әйгілі болды. Corel Photo Paint расторлық графигінің өндеу дестесімен және Corel Ventura Publisher беттеу (верстка) программасымен тығыз біріктіретін болса, ол электрондық және полиграфиялық жарияланымдарды (публикаций) әзірлеудің аяқталған жүйесін жасауға мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда Corel Draw интерфейсі Windows операциялық жүйесіндегі қолданбалардың дефакто стандартына айналған дәстүрінде орындалған. Яғни, программалардың терезесі стандартты элементтерге ие: тиісті кнопкалары бар тақырып жолы, мәзір жолы, қалып-күй жолы, құрал-саймандар панелі, құрамын пайдаланушының өзі анықтай алатын басқа панельдер, айналдыру жолағы және т.б. Алайда Corel Draw интерфейсінің басқа программалардан айрықшалап көрсететін өз ерекшеліктері бар. Біріншіден, интерфейстің конфигурациясы мысалы, Adobe Illustratot немесе Macromedia Freehand сияқты басқа да әйгілі графикалық объектілерге ұқсас бапталуы ықтимал. Басқаша сөзбен айтқанда, осы редакторлармен жүмыс істеп үйренген пайдаланушыCorel Draw-қа көшкенде өзі игерген интерфейстің аясында қала алады.
Екіншіден, сегізінші нұсқадан бастап басқару элементтерінің ерекше тұрпаты — Dockers немесе түйістіруші палитра (стыкуемые палитры) пайда болды. Мұндай палитралар тышқан-тетікті жұмыс алаңының бір тарапынан біріне жылжытқан кезде немесе бөлікті қалыптастырып бір-біріне (друг к другу с образованием вкладок) жылжытқанда «жабысып қалатын» өзгешелікке ие. Палиторалар терезесінің тақырыбы жабушы және жинақтаушы кнопкаларды қамтиды. Түйістіруші палитраның қолданушы қолайлылығы мынада: оны жинақтау (ашу) барысында жұмыс алаңының мөлшері автоматты түрде өзгереді, сол себепті де пайдаланушы басқа программалардағы сияқты кескіннің түрін қолмен масштабтап, әуре болып жатпайды;
Ақырында, Ргореггу Ваг (Өзгешелік панелі) бірегей интерактивті өзгешеліктерге ие. Оның басқару элементтерінің құрамы тандап алынған объектілердің тұрпатына қарай динамикалы түрде өзгереді, яғни өзгешелік панелінен мәтінді тандау барысында мәтіннің өзгешеліктерін басқарушы элементтер, сызықты (линия) тандау кезінде — сызықтың өзгешеліктерін басқаратын элементтер пайда болады, Басқарудың интерактивті құралдарының өзгешелік панельдері контурлардың параметрлерімен, толықтыруларымен және объектілердің басқа да өзгешеліктерімен тығыз байланысты. Оларды шақыруды тандап альшған объектіні тышқан-тетіктің оң жақ кнопкасын шертіп басудан кейін пайда болатын (ашылған) мәзірден жүзеге асыруға болады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.