Грибок аурулары

Главная » Рефераттар » Грибок аурулары

Грибок кәдімгі далада, тоғайда өсетін саңырауқұлақтардың бір түрі. Грибок аурулары табиғатта саңырауқұлақтың әр түрлі тұқымынан пайда болады. Олардың бірін адам тағамға пайдаланады. Саңырауқұлақтың екінші бір түрі тек заттың үстінде, іші күңгірт, дымқыл үйдің қабырғасында, ұзақ сақталған нан үстінде көгеріп өседі. «Саңырауқұлақтың» үшінші түрі жай көзге ілінбейді, оны тек 300—400 рет үлкейткіш микроскоп арқылы ғана көруге болады. Оны біз «грибок» дейміз.
Саңырауқұлақтың көпшілігі жер бетін, топырақты қоныстайды, ондағы шіріген өсімдіктер қалдығын қорек етеді. Сонымен қатар грибоктардың бір тобы тірі жәндіктер денесіне үйір келеді, солардың шырынын және қанын қорек етіп, өмір сүреді. Айталық, грибок түскен өсімдік, ағаш және дәнді да-қылдар өспейді, күйреп, шіріп кетеді. Грибоктардың тағы бір тобы күкірт-құмырысқа, балық жәнеқұс денесін жайлайды, оларды қатты ауыртады, тіпті қырып та салады. Бұлардың енді бір түрітек жануарлар мен адам денесін ғана жайлайды. Оларды түрлі жұқпалы ауруларға шалдықтырады. Грибоктар адамның терісін (теміреткі, таз, т. б.) тырнағын, бұлшық еттерін, екпесін, бауырын, т. б. зақымдайды, кейде қазаға ұшыратады. Грибоктар адамға ауру малдан, хайуанның, ауру адамның пайдаланған киім-кешегі арқылы да жұғады.
Теміреткі. Жас балаға теміреткі үйір келеді. Оны жұқтыратын әлгі трибоктың бір түрі. Грибоктың теріге енген орны бес-алты күнде, кейде одан да кейінірек қызғылттанып, кішкене дақ болып білінеді. Ол дақ күн санап ұлғайып сақинадай болады, айналасы қабынып қызарады, теңбілденеді де, ортасы жұп-жұқа ақ қабыршактанып қалады. Әлгі жараңың шетіне іші сулы тарыдай бөртпелер шығады, қейде оларға микроб түсіп, іріңдеуі де мүмкін. Мұны теміреткі дейміз. Теміреткінің санына қарай, оның қайдан жұқканын білеміз. Егер теміреткі сәби денесінен екі-үш ақ дақ болып білінсе, ол үлкендерден, ал көп болып шықса, хайуаннан жұққаны. Грибок бактериясы шашқа түседі, оның терідегі түбірін айналдыра жейді, шаш табиғи жылтыр түсінен айырылып, күңгірт тартады, ұстағанда, морт үзіледі. Грибок зақымдаған шаш ойылып-ойылып түсіп, бас ала-құла болып қалады. Теміреткі ауырып адамның жанын қинамайды, қышып мазаламайды да. Сондықтаң адам аурудың қашан және қалай басталғанын сезбей қалады. Теміреткіні кейде шаштың қайызғактануынан біледі. Мұндайда дәрігерге тез көрінген жөн. Ата-аналар да балаларындағы теміреткіні көбінесе кездейсок, сәби шешінгенде ғана біледі. Осыны ескеріп, көбінесе теміреткінің жұғатын жолдарын оның белгілерін айтқымыз келеді. Теміреткіні мысық, ит, бұзау, тышқан секілді хайуандар да жиі жұқтырады. Олардың грибок аурулары алдымен теріге түсіп, оның төменгі қабатына етеді, тоқтаған орындарындағы тканьдерді зақымдайды, тіпті ірінді жараға айналады. Кейін әлгі жара жарылады да, үстіне қанды ірің аралас қабықша пайда болады. Жара төңірегіндегі тканьдер қызарып домбығады. Теміреткінің ауыр түрі осылай басталады. Теміреткі асқынғаңда адамның денесі қызады, жараға таяу без түйіндері шошиды, тамаққа тәбеті шаппайды. Мұндай теміреткі қөбінесе малшылардан жиі кездеседі. Ауырған малдың түгі, қылы түсқен заттар, одан кейін үй тышқандары да теміреткінің осы ауыр түрін жұқтыруға себеп болады. Мәліметке қарағанда ауру тышқанның түгі баланын киіміне, ойыншығына жабысып теміреткіні жұқтырғаны да бар. Балалардың мысыққа үйір келетіні әркімге мәлім. Әрине, мысықтың ауру-сауын тексеріп жатқан ешкім жоқ. Ал тәжірибеде мынандай бір жағдай кездескені бар, төрт жасар Әлімнің денесінде теміреткінің бір түрі: (микроспория) барлығы аныкталды. Мұның қайдаң, жұққанын іздестірсек, былай екен: оның жолдас балалары бір бұралқы мысықтың кішкене баласын тауып алады, оны үйлеріне кезек-кезека парып тарақ береді, қойындарына да алып жатады, әлпештеп күтеді. Сонымен, Әлімнен басқа, сол мысықпен ойнаған бес балаға да теміреткі жұққаны анықталды. Осы айтылған мысалдан үй хайуандарын күтушілер мен ата-аналардың өте сақ болу керектігі көрінеді. Грибоктар тері мен шаштан басқа тырнақтарды да зақымдайды. Өйткені науқас адамдар үстін қасып, шашын тарағанда бастағы, терідегі жара грибоктары тырнақтарға жұғады. Грибок шалған тырнақтардың түсі қашып бозғылданады, үсті бұжырланады, жұмсайды, уатылғыш келеді.Әрине, тырнақты күтіп, қырқып журу тазалық үшін таптырмайтын ақыл. Онсын қолды жуғанда тырнақ түптерін тазарта жууды ұмытпау керек.

.

Таз. Грибок ауруының бір түрі таз ауруын жұқтырады. Бұл грибок ауруы адамға малдан, иттен, мысықтан, тауықтан, тышқаннан жұғады. Таз теміреткідей жұғымтал болмаса да, оның жазылуы талай жылға созылады. Қөбінесе таз басқа шығады. Жазылған таз орны шашсыз жалтырап қалады. Таз ауруынан адам жазылады-ау, бірақ бастың көркін кетіреді. Ел ішінде «жылтыр таз», «тебел таз», «жағал таз», «айна таз» деп қорлаған атақ осыдан аталған. Ондай адам қорланады, бас киімін басынан алмайды. «Таз жанын берсе де, бөркін бермейді» деушілік те осыдан. Таз кейде шаш жидіп түсіп, орны қызыл дақ сияқтанып, кейде қабыршақ басқа жара түрінде білінеді. Таз басқа тарыдай бөртіп көрінеді де, кейін әлгідей бірнеше бөртпелер тұтасып, ірі жараға айналады, үстін сарғыш қатаң қабық басады. Оның астындағы теріні зерттегенде, оның жұқарып кеткенін көреміз. Жара жазылса да, орнына шаш қайтып шықпайды. Таз пайда болғанда шаш куңгірттеніп, құрғайды, ұйпалақтанады, бастан жүрек айнитын күлімсі иіс шығады. Революциядан бұрын қазақ арасында таз жиі кездесетін. Совет өкіметі орнағаннан кейінгі жүргізілген күрделі шаралардың нәтижесінде грибокті аурулар, әсіресе таз ауруы ел арасынан арылуға айналды. Терінің грибоктік ауруларына жол бермеу үшін мектептегі, балалар үйіндегі, балалар бақшасындағы, яслидегі балалар медициналық бақылаудан оқтын-оқтын етіп тұрулары керек. Сонда ғана сезілмей немеее көңіл бөлінбей келген, жаңа басталған грибокті жараны тауып, асқындырмай емдеуге мүмкіндік туады.  Егер баланың денесінен, басынан, тырнағынан  түлеген тәрізді қабыршық, қайызғак, күлбіреген бөртпе, ірің табылса, оны тоқтаусыз дәрігерге көрсету керек. Диагноз анықталса, сол үйдегі адамдарды тегіс қаратқай жөн. Ал ауырған бала балалар коллективінде болса жазылғанша оны мектепке, балалар бакшасына, яслиге және т. б. жіберуге болмайды.Көпшілік пайдаланатын моншаға да, шаштаразға да баруға болмайды. Ауру адамның пайдаланған заттары, киім-кешектері және т. б. дезинфекциялануға тиіс.
Грибокті ауруларды ауру хайуандар да жұқтыратын болғандықтан қолдағы үй хайуандарын мал дәрігерлері мезгілінде бақылап түруы керек. Егер аурулы мал болса, оны малдан бөлу шарт. Ауырған малдың тұрған қорасы дезинфекцияланады, ондай малды бағып, күтетін адамның жұмыс кезінде киетін арнаулы киімі болуы да шарт. Ол киім жұмыстан кейін шешіліп, сол жерге ілініп қойылады. Грибокті ауруларға жол бермеу үшін әркім үсті-ба-сын,таза ұстауы қажет, өйткені денені қасығанда грибок микробтары тырнақ астына жабысып, басқа жерлерге жұғады. Сондықтан жеке бастың тазалығын, әсіресе балаларды жасынан тазалыққа дағдыландырудың маңызы зор. Балалар ойыннан, малмен араласканнан кейін қолдарын сабындап жууы керек. Тырнақ өсірілмеуге тиіс. Кейбіреу шашын біреудің тарағымен тарайды. Бұл дұрыс емес. Отбасы мүшелерінің тарақтары, киім-кешектері, төсек-орындары өз алдына болуы керек. Үй ішінде теміреткімен немесе тазбен ауырған адам болса, тазалық қатаң сақталуы тиіс. Таз бала басына матадан тігілген телпек киеді, теміреткі болса үстінен жай таңылып қойылады. Одан таз немесе теміреткі шыққан адам тұрған үйдің мүліктері бес процентті хлорамин ерітіндісімен сүртіліп тұрады, едені ыстық сумен сабындалып жуылады, ал төсек-орын, киім-кешегі желдетіліп тазартылады.

Соз ауруы. Соз ауруы жұқпалы аурулардың бірі. Оны жұктыратын гонококк дейтін микроб. Соз көбінесе ауру кісімен сау адамның жыныстық қатынасынан жұғады. Соз гонококк жұққаннан кейін 4 — 5 күн шамасында — ақ белгі береді, әуелі жыныс мүшесінің басы домбығады, еркектің үрпі жыбырлайды, қышиды. Бұл белгілер Әсіресе дәрет сындырғанда айқын білінеді. Сөйте келе жыныс мүшесі ісінеді, басын сыққанда үрпінен ірің ағады, ірің несеп жолын бөгейді, дәрет шығарғанда үрпі ашып, жанға батады. Соз алғашқы кезде мүше жолынан (каналынан) әрі кетпейді Заманымыздағы пәрменді дәрілер мезгілінде дұрыс қолданылса, адам аурудың осы кезеңінде тез айығып кетеді. Әрине, ол үшін адам дәрігерге мезгілінде келіп, әбден емделуге тиіс. Айта кеткеніміз жөн, әлі де болса ауруын жасыратын, тәуіптерге емделетін адамдар кездесіп отырады. Ем кешіккен сайын соз жыныс мүшесінің ішкі бөлімдеріне таралып, асқынады. Соз ауруы адам арақ-шарап ішсе, атқа, машинаға, тракторға, велосипедке және т. с. мініп жүрсе, жаяу ұзақ жүрсе, ауруы аскына береді. Создың асқынып қуыққа шапқаны өте қауіпті. Ондай адам 10—15 минут сайын түзге шыға береді. Тіпті дәретін ұстай алмай, тіз киіміне де жіберіп қояды, кейін үріптен бірнеше тамшы қан (гемотурия) шығуы да мүмкін. Соз аскынғанда микробтар еркектің тұқымдық безін, әйелдің аналык безін қабындырады. Мұндай жағдайда ерлі-зайыпты адамдардың екеуі немесе біреуі бедеу болып қалады. Перзент көрмеудің басты себебі осыдан. Созбен ауырғанда адам өзін тәртіпті ұстауға тиіс. Ауырып жүргенде, бұрын дағдыланбаған жұмысқа жоламай, көп жүрмей, тез жазылуына жағдай жасауы керек. Аурудың күшті кезінде моншаға, душқа түсуге болмайды, бірақ қолды сабындап жуып, таза ұстау керек. Сұйық тағамды жиі, көбірек ішсе, несеп жолындағы іріңді айдап, кетуге себеп болады. Антибиотик немесе сульфаниламид сияқты дәрілерді ішіп жүргенде сұйық тамақты күніне бес-алты стаканнан артық ішпеу керек. Тұзды тамақтан, арақ-шараптан аулақ болу қажет. Создан емделіп жүргенде жыныстық қатынас сезімінен аулақ болған жақсы. Жатқанда жылы оранбай, қатты төсекке бір қырын жату керек. Жатар алдында тамақ ішпеу жыныс мүшесінің қозбауына әсер етеді. Совет медицинасы созды емдеп жазу ісінде ғылыми ірі табыстарға жетіп отыр. Заманымыздағы сульфаниламидті дәрілер, пенициллин, стрептомицин және синтомициндер айта қаларлық нәтиже беріп келеді. Мәселе тек адамның дәрігерге кезінде келіп, ақырына дейін емделуінде, сонда ғана аурудан ешбір әсерсіз жазылып кетеді. Әрине, ең тиімдісі ауырып емделгенше, ауырмаудың қамын істеу, егер күтпеге жерде ауыра қалғанда «ауруын жасырған өледі» деген сөздің керін келтірмей, дәрігердің көмегін дұрыс пайдалану керек.

.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.