Гурьев облысы

Главная » Рефераттар » Гурьев облысы

Гурьев облысы Каспий теңізінің солтүстік және солтүстік-шығыс жағалауына орналасқан. Гурьев облыс болыл 1938 жы лы 15 январьда құрылды. Облыс батысында Астраханьмен, солтүстігінде Батыс Қазақстанмем, шығысында Ақтөбе облы сымен және Қара-Қалпақ АССР — імен, оңтүстікте Түркмен ССР — імен шектеседі. Жер көлемі 261,3 мың шаршы километр. Облыс: Бақсай, Есбол, Теңіз, Гурьев, Шевченко, Маңғыстау, Мақат, Жылқосын және Қызылқоға деп аталатын 9 әкімшілік ауданға бөлінеді. Облыстың екі қаласы бар, олар: Гурьев жә не Форт — Шевченко. 1959 жылғы 15 январьдағы санақ бойынша облыстағы халық 288 мың болды. Қалада халықтың 56 проценті тұрады.

Облыс қазба байлықтарға өте бай. Мұндағы мұнай кен орнының жалпыодақтық маңызы бар, жанғыш газдар да та-былды, Маңғыстау жартыаралынан темір, марганец кендері табылды. Ас тұзының мол қоры бар. Пайдалы кендердің табиғи қорының мәні ерекше. Минералды құрылыс материалдары (гипс, известь тасы, кірпіш құйылатын саз, құрылыс құмы) облыстың барлық жерінде бар. Ауа райы континенталды, қысы қоңыр — салқын — суық, жазы ыстық, болады. Шаруашылықтың басты саласы — балық аулау, мұнай өнер кәсібі және ет — жүн бағытындағы мал шаруашылығы. Ұлы Ок тябрь социалистік революциясына дейін облыста көшпелі мал шаруашылығы басым болды да өнеркәсіп нашар өркендеді. Бір ғана кәсіпорны Эмбі мұнай кәсіпшілігі — Доссор, Мақат, сол сияқты ас тұзын өндіретін шағын кәсіпшіліктер еңбекші лерді айуандықпен қанаған шетел капиталистерінің қолында болды. Халық шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрудың нәтижесінде мұнай өндіру едуәір өсті, мұнай өңдейтін кәсіп — орындар, жеңіл және машина жасайтын өнеркәсіптер пайда болды. Бесжылдықтар ішінде 11 жаңа мұнай кәсіпшілігі іске қосылып, пайдалануға берілді. Гурьевтен мұнай кәсіпшіліктеріне дейін су құбырлары тартылып, Эмбі мұнайын Орал мен Сибирьге беретін Орск қаласына дейін мұнай құбырлары салынды. Жақсы жабдықталған жұмысшы поселкелері пайда болды. Гурьев қаласында В. И. Ленин атындағы үлкен балық — консерв комбинаты жұмыс істейді. Революцияға дейін мұнда балық аулайтын жетілдірілген кемелер, балық ұстайтын құралдар болмады. Балық аулау кәсіпшілігі көбінесе Орал өзеніне жинақталды. Бүгінде Каспий теңізінде балық аулайтын және аң аулайтын қуатты кемелері бар моторлы — балық аулау станциясы ұйымдастырылған Балық өнеркәсібін техникалық жағынан қайта қаруландыру балық кәсіпшілігінің ауданын  кеңейтуге мүмкіндік  берді. Бұрынғы кезде облыстағы қатынастың негізгі түрі керуен қатынасы болып, жүктің көпшілігі түйемен тасылатын. Совет өкіметі жылдарында Гурьев — Қандағаш теміржолы салынып (ұзындығы 717 километр), Орал өзені арқылы Гурьев пен Орал қалалары арасында тұрақты пароход қатнасы ашылды. Каспий теңізі арқылы Астраханьмен тұрақты байланыс жөнге келтірілді. Әуе қатынасы Гурьевті еліміздің басқа аүдандарымен байланыстырады. Революцияға дейін облыс еңбекшілерінің 2 проценті ғана сауатты еді. Гурьевте бір гимназия және екі училище болған — ды. Облыстың басқа аудандарында 16 бастауыш мектеп болды, онда 2140 оқушы оқитын, олардың көпшілігі орыс пен татар купецтерінің және қазақ байлары мен молдаларының балалары еді. Еңбекшілердің балаларының сауат ашуына да мүмкіндігі болмады. Тек Совет өкіметі ғана бұл әділетсіздікті келмеске жіберді. Кәзір облыста 105 бастауыш, 74 жетіжылдық және 59 орта мектеп бар. Онда 42 639 бала оқиды. Облыста педагогикалық институт, мұнай өндіру, балық аулау, зоотехникалық — малдәрігерлік техникумдары, Құрманғазы атындағы музыка мектебі, медицина сестраларын даярлайтын мектел, теңізде жүзушілер даярлайтын училище, ауыл шаруашылығын механикаландыру мектебі және фабрика — завод жұмысшыларын даярлайтын мектептер жұмыс істейді. Әртүрлі бақсы, балгерлер емдейтін жалғыз ғана «универ-салды» арақхана мекемесі болған алыс аймақта бүгінде 72 дәрігерлік мекеме, 12 мәдениет үйі, 80 селолық клуб, 27 қызыл отау, 19 оқу үйі, 151 кітапхана, 10 пионерлер үйі бар. Ана мен бала Совет өкіметінің ұдайы қамқорлығына бөленген. Облыста 90 балалар бақшасы мен яслилері жұмыс істейді. Гурьев облысы экономикалық ауданының және облыстың әкімшілік — мәдениет орталығы. Мұнда бүкіл облыстық мекемелер мен халық шаруашылық советі орналасқан.

Гурьев XVII ғасырдың бірінші жартысында пайда болды. Федор патшаның грамотасында жазылғанына қарағанда, Жайық (Орал) өзенінің сағасына Гурий купец қамал тұрғызады. Ол бұған  289 сом жұмсаған. Бұл қамал 1645 жылы Гурий аяғына жығылғанда Михаил Федорович патшаның нұсқауы бойынша салынған болатын. Бұл қамал патша самодержавиесінің шығыстағы бекінісі болды. Осы арадан Москваға жыл сайын көптеген балық жөнелтіліп тұрды. Өзінің қызыл балығымен және оның уылдырығымен Гурьевтің даңқы шықты. Қала тұрғындарының көпшілігі болған негізгі тұрғындар — Жайық қазақтары ғана балық аулауға ерікті болатын. Революцияға дейін купецтер мен қазақтардың штаттан тыс қалашығы Гурьев жыл сайын 6 ай бойына сыртқа қатнас жасаудан аулақ қалатын — ды. Өйткені байланыс жаз айларында Каспийдің солтүстігі арқылы кеме жүру басталған кезде ғана болатын еді. Эмбіде (1911 жылдан) мұнай өнеркәсібінің өркендеуімен Гурьев өсе бастайды. Мұнда мұнай жабдығын жөндейтін мастерскойлар салынып, жұмысшылар қатары көбейеді. Азамат соғысы жылдарында Гурьев қаласы Гурьев уезінде Совет өкіметін орнатү үшін күрестің орталығына айналады. Мұнда 1918 жылы депутаттардың алғашқы Советі құрылады. Бірақ 1918 жылғы 23 мартта Толстовтың бандасы контррево-люциялық төңкеріс жасады. Совдептің мүшелері түгелге жақын тұтқынға алынып, Пешной аралына апарылды да, 1918 жылғы июньнің 9 — нан 10 — на қараған түні атылды. 1920 жылғы 5 январьда Чапаевтың дивизиясы аққазақ генералы Толстов әскерлерінің калдығын талқандап, Гурьевті алды. Большевиктердің басшылығымен уезд еңбекшілерінің күші Доссор мен Мақат мұнай кәсіпшіліктерін, сол сияқты Ракуш поселкесіндегі мұнай құбыры мен мұнай өңдейтін шағын заводты қалпына келтіруге бағытталды. Сонымен бір мез гілде механикалы мастерскойлар да салынды. 1932 жылы Жайық өзенінің сол жақ жағалауындағы бос жатқан жерге мұнайшылар мен балық енеркәсібі жұмысшы ларының поселкесі пайда болды. Каспийдегі ірі консерві комбинаты жұмыс істей бастады. Осы кезде мұнда мұнай және балық өнеркәсібі техникумдары мен училище ашылды. 1939 жылы Гурьев — Қандағаш теміржолының құрылысы аяқталды. Бұл Каспий маңындағы мәдениет және өнеркәсіл орталығы болған Гурьевтің  өсіп-өркендеуін  едәуір тездетті. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұнай, балық өнеркәсіптері онан сайын дамытылып, мұнай өңдейтін завод салынды, ірі құрылыс мекемелері пайда болды. Кәзір қалада екі техникум — мұнай және зоотехникалық — малдәрігерлік, 20 мектеп, оның 8 — і орта мектеп, музыка мектебі, педагогикалық институт, Қаpақ ССР Ғылым академиясының ғылми — зерттеу институты, Қазақ ССР Мемлекеттік өнеркәсіп мекемелерін жобалау инсти туты, көптеген ғылми — зерттеу лабораториялары, ірі трестер: «Казнефтьстрой», «Казэнергонэфть», өнеркәсіп құрылыс материалдары, геофизикалық конторлар, біріккен «Казахстан — нефть» товар — қатнас басқармасы және басқалар бар. 5 клуб, 6 кинотеатр, 10 кітапхана жұмыс істейді. Букіл Гурьевте революцияға дейінгі уақытта қанша тұрғын үй салынса, кәзір жыл сайын сонша тұрғын үй салынып пайдалануға беріледі.Бұдан небәрі он жыл бұрын ғана Ленин көшесіндегі үйлер балшықтан салынған еді. Қәзір бұл көше Гурьевтің көрікті магистралына айналды. Онда екі — үш этажды көрікті тұтас үйлер, көз тартатын архитекторлық ансамбльдер өсіп жетілді. Қалада өлкетану музейі орналасқан. Мұнда қызықты материалдар алу үшін бұрынғы ғана емес, кәзіргі облыс пен қаланың мәдениеті мен шаруашылығының өсу тарихымен және облыстың мақтаныш ететін әртүрлі табиғи байлықтарымен танысуға мүмкіндік бар. Гурьевте алғашқы Совдептің үйі сақталған. Гурьевтің әскери гарнизоны мен еңбекшілер депутаттарының бірінші Советі көбінесе кедейлерден құрылған еді. Оның бастауы бойынша, қолөнер, механикалық мастерскойлардың, тігінші жұмысшылардың және балық өнаркәсіп мекемелері батрактарының кәсіподағы құрылды. Өзінің қызмет етуінің алғашқы қадамынан бастап Совдеп купецтерге салық салуды белгіледі. Қалада қатаң тәртіп сақтай отырып, қызыл армия үшін азық — түлік, киім — кешек жинауды жүргізді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.