Хабиба Елебекова өмірбаяны

Главная » Рефераттар » Хабиба Елебекова өмірбаяны

Хабиба Қарақбайқызы Елебекова 1916 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Томар ауылында дүниеге келген. Бала кезден әке ықпалымен Абайдың «Сегіз аяқ» әнін орындап, С.Сейфуллиннің «Тар жол, тарғақ кешу» тарихи романы мен Ж.Шаниннің «Арқалық батыр» және бір актілі пьесаларды, басқа да жаңа шығармаларды оқып, көңілге тоқуы оны өнер-білімге жақындата түседі. Қарқаралы округінің аудандық комсомол комитетінде жұмыс істеп жүрген жас қыздың табиғи талантын таныған көзі қырағы басшылар 1934 жылы сол өңірде ашылған театрға жібереді. 1935 жылы Қарқаралыға өнер сапарымен сахна майталмандары Қалибек Қуанышбаев пен Жүсіпбек Елебеков келіп, халық театрының шығармашылық жағдайымен танысады. Осы театрда «Малқамбай» пьесасын қойған Қ.Қуанышбаев Хабибаға Хадишаның ролін берген болатын. Сондағы егде әйел характерін на-нымды жасауынан болашағына сенім артқан олар Алматы қаласына шақырып, жас қыздың кәсіби өнер табалдырығын адаспай аттауына ықпал етеді. Сөйтіп сол жылы (1935 ж.) М.Әуезов атындағы қазақ драма театрына қабылданады. Берілген рольді әрі қуана, әрі қорқа қабылдайтын жас актриса шығармашылық баспалдаққа көтеріле келе әрбір образдың, түрлі характердің алуан қырларын ашу, терең іздену нәтижесінде бүл күнде үлкен табысқа жетіп отыр. Сол кездері домбыра тартып, ән салатын ауылдан шыққан өнерге бейім жастарды Мұхтар Әуезов театр өнерінің теориясын оқытып, сахна мәдениетін үйрететін. Одан басқа С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, С.Қожамқұлов, Ш.Айманов тәрізді үлылар мектебі Х.Елебекова үшін театр академиясынан артық білім мен тәлім берді. Актриса қалыптасқанына небәрі 9 жыл ғана болған қазақ театр сахнасындағы алғашқы ролі Қаракөзден бастап (Ж.Шанин «Арқалық батыр»), Күнікей, Текті мен Мөржан, Қаныкей, Ажар (М.Әуезов «Қарақыпшақ Қобыланды», «Қаракөз», «Абай», «Шекара»), сопы әйел (Н.Погодин «Ақсүйектер»), Ұлжан (Б.Римова «Абай — Әйгерім»), Мәрияш, Ақжан, Рабиға, (Ш.Қүсайынов «Марабай», «Аманкелді», «Таныс адамдар»), Мамық (Б.Майлин «Май-дан»), Мақпал мен жеңге (Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш — Баян сүлу», «Ақан сері — Ақтоқты»), Қырмызы (Ғ.Мүсірепов пен Б.Майлин «Аманкелді»), Баян (Ә.Әбішев «Достық пен махаббат»), кемпір (А.Сүлейменов «Жетінші палата»), тұтқын әйел (А.Тасымбеков «Кебенек киген арулар»), Тхань (И.Купрянов «Вьетнам жүлдызы»), соқыр әйел (Метерлинк «Соқырлар»), кезбе әйел мен Домна Андре-евна (Н.Островский «Найзағай», «Таланттар мен табынушылар»), Зұмрат (С.Ахмад «Күйеу»), Айғаным (Қ.Аманжолов «Досымның үйленуі»), Понсия (Г.Лорка «Бернард Альбаның үйі») тәрізді жүзден аса әйел-ана образдарын жарқырата ашты.
М.Әуезовтің «Абай» драмасындағы Қаныкейді жиырма жасын-да бейнелеген актриса сексенге келгенде де ойнап, әр ойнаған сайын кейіпкердің драмалық бейнесін күрделендіре түседі. «Сен-сеңдер, сахнаға шықсам бәрін ұмытамын. Қайтадан сол жиыр-ма жасыма келгендей күй кешемін», — дейді Қаныкейді 55 жыл ойнаған актриса. Сондай-ақ, Гогольдің «Ревизорындағы» Пошлепкина тәрізді өте дарақы, мәдениеті төмен, қалай болса солай сөйлейтін жағымсыз әйел бейнесін нанымды шығару үшін де жан тәнімен берілу, іздену керектігін білетін зерек актрисаның бүл рольді 37 жыл бойы ойнауы тегін емес. Х.Елебекованың талант көзін ашқан үстаздары Илья Боров пен Асқар Тоқпановтың рольге ену мектебінің алғашқы тәсілі шығарма жазу болатын. Кейіп-кер — ол кім, оның өмір тарихы қандай, ашу шақыруы, жадырап күлуі неден деген сүрақтарға жауап іздеу арқылы актриса көптеген күрделі рөлдерді меңгерді. Х.Елебекова: «Кейіпкеріңді өзіңнің су-реткерлік көзіңмен көрмей, елестетпей, үнін естімей, күбірлесе сөйлеспей сахнаға шығару мүмкін емес», — деп ой қорытады.
Дайындық кездерінде сол пьеса кейіпкерлерінің характерін ұғуға барынша күш салып, түсініп алуға тырысып жүретін Х.Елебекова реті келгенде ауырып немесе келмей қалған актри-салардың орнына қателеспей ойнай беретін. Режиссердің айтқанына өзіндік ой қоса білу, тапқыр әрі батыл әрекет ету актрисаның шығармашылық бір қыры еді.
Сахна өнерінде бас кейіпкерді сомдаушы актердің жүгі ауыр екені белгілі. Ал, әпизодтық пландағы кейіпкерге жан беру, оны көлеңкеде қалдырмай көрерменге жақындату психологиялық түр-ғыдан алганда қиын шаруа. Ол актерден жан-жақты ізденіс пен терең білімді қажет етеді. Х.Елебекова осындай кейіпкерінің бірі — А.Тасымбековтың «Кебенек киген арулар» трагедиясындағы психологиялық толғанысы мол түтқын әйелдің ішкі күйзелісін сыртқы ситуациялармен байланыстыра алған. 1937 жылғы қолдан жасалған зүлмат заманда жазықсыз «Халық жауы» атанған азаматтардың әйелдері де жазықсыз жазаланып, соқыр саясаттың құрбаны болғаны тарихтан белгілі. Шығармада сол қатерлі күндерден тірі келгендер сол кездің құрбандарына арнап ескерткіш түрғызады. Бас амандығы үшін тұтқында бірге отырған әйелдердің сөзін түрме бастықтарына жеткізу арқылы тірі қалған әйел енді ар ал-дында ақталмақшы. Ескерткіш-бейіт басына жиналған әйелдерден «Екі баламның амандығы үшін басымды байлап, осы жолға түстім. Аналық парызым адамшылығымды жойды. Кешіріңдер мені» -деп кешірім өтініп, өз-өзіне жаза сүрайтын көрініс сатқын әйелдің психологиялық күйзеліске түскен ауыр халін білдіретін түс. Бірақ оны ешкім кешірмейді, бәрі үнсіз кетіп қалады. Сол кезде актриса бар даусымен айғайлап, шыңғырып, сахнадан жанталасқан күйде домалап кетеді. Бұл — оның өз ізденісі нәтижесінде туындаған ұтымды мизансцена. Актриса түрмеде бірге отырып, бір нанды бөліп жеген жолдастарын өзінің қара басы үшін сатып жіберген әйелдің сол жағымсыз бейнесіне қоғамдық зүлымдықты сыйғыза білген.
Х.Елебекова үшін батыс классикалық шығармалардағы кейіпкерлерді сомдауда Мәскеуден келген режиссер Илья Боровтың орны ерекше. Ол актрисаны өзге үлт менталитетін меңгеруге бағыттап, жол көрсетіп отырған. Мәселен, Метерлинктің «Соқырлар» пьесасында соқыр әйелдің қоғамдағы орнын білмей әрекет ету қате. Автордың не болып жатса да міз бақпайтын қоғамдық соқырлықты осы көзі емес көкірегі соқыр әйелдің бейнесі арқылы меңзеген идеясын Х.Елебекова түсіне білді, ой елегінен өткізді. Шығарма мақсатына объективті түрғыда баға берген актриса сахнада қараңғы қоғам болып көрінеді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.