Халел Шәженов өмірбаяны

Главная » Рефераттар » Халел Шәженов өмірбаяны

Алғаш көркемөнерпаздар үйірмесі негізінде қаланған Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры Халел Шәженов есімімен тығыз байланысты. Ұжым шығармашылығының кәсіби тұрғыда дамып, өркендеу жолында қызығынан гөрі қиындығын көп бастан кешкен ол — осы театрдың тұңғыш режис-сері. Х.Шәженов 1908 жылы 25 наурызда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы (Семей), Жарма ауданында дүниеге келген. Алғашқы кез-дері өзінің туған ауылында мұғалімдік қызмет атқарған ол 1932-34 жылдары ҚазПи-дің (қазіргі Алматы Мемлекеттік университеті) тіл-әдебиеті факультетінде оқиды. 1934 жылы Ленинградтың Мем-лекеттік сахна өнері техникумының (қазіргі Островский атындағы театр өнері институты) мұғалімдері Н.Серебряков пен М.Вальяно келіп, өнерге жақын 80 жастың ішінен өрелі 25-ін іріктеп алады. Педагогикалық институт пен педагогикалық техникумның сту-денттерінен құралған Бұл топтың ортасында әдебиет пен өнерге құштар Халел де болды. Сол жылдың ақпанында Ленинградқа келіп, оқуды бастаған студиялықтар білім беру методикасы мықты Л.Вивьян, В.Меркурьев, Н.Серебряков және И.Мейерхольдтан білім алып, 1935 жылы «Мазасыз қонақ», «¥рылар», т.б. спектакль-дермен өздерінің шығармашылық қабілетін байқату мақсатында Алматы, Шымкент, Қызылорда қалаларын аралайды.
1938 жылы студияны бітірген олардың барлығы Шымкент дра-ма театрына келеді. Мұнда Х.Шәженов Президент (Ф.Шиллер «Зұлымдық пен махаббат»), Чапаев (Д.Фурманов «Чапаев»), Бере-зовский (М.Әуезов пен Ә.Тәжібаев «Ақ қайың»), Ақан мен Бекежан (Ғ.Мұсірепов «Ақан сері — Ақтоқты», «Қыз Жібек»), т.б. рольдерін орындап, өзінің табиғи талантын паш етті. Кең диапазонды, күшті де анық даусымен, керемет түр-келбетімен, музыкалық-ритмдік, пластикалық ерекшелігімен танылған Х.Шәженовтің табиғи та-ланты театрға алғаш келген жылдары-ақ байқала бастаған-ды. Сол сахнадағы алғашқы жылдарында ол өзін «характерлі қа-һармандар» жасаудағы қабілет-дарынымен көрсете білді. Актер драмалық, трагедиялық немесе комедиялық болсын өз кейіпкер-лерін қайталанбас тұлға дәрежесіне көтерді. Мәселен, «Зұлымдық пен махаббатта» мемлекеттік мансапқордың өктемшілдігі мен күш-қайратын нанымды жеткізген Х.Шәженовтің Президенті би-лікте үстем болуды армандайтын, өз мақсатына жету жолында ештеңеден тайынбайтын, қаймықпайтын жігерлі де ерікті адам болып шықса, «Екі мырзаға бір қызметшіде» өзінің комедиялық қырын көрсеткен актер ақкөңіл, терең ойлана алмайтын Панталоне бейнесінде өз-өзіне өте сенімді, кейіпкеріне лайық әрекет етеді.
Х.Шәженов көптеген режиссерлік интерпретациялар мен ак-терлік ойындарға өлшем-таразы болған Д.Фурмановтың «Чапаев» пьесасындағы (режиссері И.Мейерхольд) Чапаевқа ержүректілік, қолбасшылық талант, революция жолында қажымайтын күш-қайрат береді. Сонымен қатар актердің портреттік ұқсастығы, сөз байлығы мен дыбыс тазалығы, сахналық мінездің ерекшелігі мен тұрмыстық нақтылығы тәрізді сыртқы болмыс-бітімі кейіпкеріне сай үндескен. Чапаев бейнесімен студияда оқып жүргенде-ақ та-нысып, оның қоғамдағы өзіндік орнын танып білген Х.Шәженов ойыны сахнаға оптимистік күш алып келді. Ол осы «Чапаев» спек-таклінде режиссерге ассисент болып, өзінің режиссерлік қабілет-қарымын да танытады.
М.Әуезовтің «Сын сағатта» деп аталатын оптимистік шығар-масында (режиссері М.Насонов) Нұрланның ролінде ойнап, майданда жараланған кейіпкерінің драмалық халін нанымды берген актер Нұрланның ұзақ уақыт бөлек өмір сүрген әйелі Назга деген адал сезімі мен туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін парал-лель ашып отырады.
Соғысқа дейінгі жылдарда Х.Шәженов Ғ.Мұсіреповтің «Қыз Жібек» трагедиясында Бекежан ролін нанымды ойнаған. Актер Бекежанның Жібекке шынайы ғашықтығымен қатар менмендігін, батылдығын баса көрсетіп отырады. Бұл спектакльде Төлегенді өлтірген Бекежанның Жібекке келіп, өз кінәсін білдіру көрінісіне ерекше екпін берілген. Осы сахнаның драмалық сипатын баса көрсеткен актердің қайткенде сұлу Жібекке ие болам деген сенімі күшті. Бірақ өзінің кінәсі мен күнәсін бүркеп, байқатпауга тырысқан Бекежан — Шәженов өзіне қарсы айтылған Жібектің зары мен қарғысына төтеп бере алмай қалады. Осы кездегі кейіпкердің ішкі дағдарысы мен сыртқы сабырсыздығы актердің көзқарасы мен не істерін білмей теңселген әрекетінде байқалады.
Алғашқы кездері роль ойнап әрі В.Ә.Мейерхольд, Ю.Л.Рут-ковский тәрізді тәжірибелі режиссерлердің мектебінде шыңдалған Х.Шәженовтің өз бетінше қойған «Еңлік — Кебек» трагедиясы айтарлықтай табысқа жетпегенімен Кебек, Есен, Еңлік бейнелері-не қызықты трактовкалар берілген. Мүндағы жетпеген жетістік, ашылмаған түстар Х.Шәженовке үлкен сабақ болады. Ол кейінгі қойылымдарда үлттық болмысқа, халықтық сахналарға мән беруді көздейді. 1939 жылы сахналаған ең алғашқы режиссерлік туын-дысы осы «Еңлік — Кебектен» бастап, 1942 жылы ең соңғы қойған шығармасы Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сүлуына» дейін-гі аралықта Х.Шәженовтің режиссерлік тапқырлығы, біліктілігі мен қиял үшқырлығы байқалып отырды.
1939 жылы Ю.Л.Рутковский мен Х.Шәженов М.Әуезов пен Ә.Тәжібаевтың «Ақ қайың» пьесасын сахналайды. Режиссерлер спектакльге мүның алдында М.Әуезов атындағы академиялық дра-ма театрында қойылған осы шығарманың режиссерлік шешімінен тыс өзгеше трактовка бере білген. Олар шығарманың сахналық нүсқасына өзгертулер енгізіп, тартысты тереңдете түседі. Ертіс жағасында серуендеген ақсүйек мырзалар мен мүңайган кедей шаруаның қызы Дананың хал-күйінің қатар берілуі — қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті білдіретін көріністер. Х.Шәженов осын-дай сахнамен басталатын спектакльде екі жақ тартысын қоюлата түседі. Әсіресе, спектакльде астыртын жүмыс істеушілер орна-ласқан жасырын орынға ерекше мән берілуден шығарманың на-ғыз оптимистік-патриоттық рухы айқын сезіліп отырған. Рево-люцияшыл отрядтың төнген қауіпке қарамастан жасап жатқан ас-тыртын жүмыстарынан сахна атмосферасында революциялық рух байқалады. Негізінен Бұл шығарманың әлеуметтік тақыбыры -Сергей, Шынтас, Бондаренко тәрізді болыпевиктердің жетекші-лігімен Қазақстанда кеңес өкіметін орнатып, бостандыққа қол жеткізу Шығарманы сахналауда режиссерлер алдында пьесаның қоғамдық және өзіндік тақырыбын табиғи байланыстыру мінде-ті тұрды. Бұл Дана образының қызықты трактовкасымен және үтымды қолданылған музыка арқылы беріліп отырған. Дана бей-несін қаһармандық планда шешу үшін режиссерлер «Ақ қайың» әнін пайдаланды. Жалпы осы ән мен сахна декорациясының қайың ағашымен безендірілуі пьеса идеясы мен тақырыбын ақтаған.
Осы қойылымда Х.Шәженов генерал Березовскийдің ролін өзіндік штрих-жесттермен нанымды орындап, автор ремаркасы-нан тыс шешімдерімен көңілге қонымды көркемдік-сахналық об-раз жасай білді. Актер кейіпкеріне зиялы, өзін-өзі үстай білетін ақсүйектік сипат берген. Оның генералы — қоғамда жаңа өмірдің келе жатқанын іштей бағдарлайтын сезімтал, ой-өрісі жоғары адам. Ол өзінің одақтастарының арасында таптық күресте жеңіліске үшырайтынын, одан шығар жолдың жоқтығын ең алғаш сезген болатын. Осы жолда Х.Шәженов кейіпкерінің сабырлы қалпынан айнымай ішкі ой түңғиығын көзқараспен ғана үқтырады. Березов-ский — Шәженов жанындағы адамдармен қарым-қатынасында са-бырлы да парасатты қалпынан таймайды. Жалпы актер Березовс-кийдегі өткір ақылдың белгісін таныған.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.