Халықаралық еңбек ұйымын (ХЕҰ) құру және дамыту

Home » Рефераттар » Халықаралық еңбек ұйымын (ХЕҰ) құру және дамыту
Рефераттар Комментариев нет

Халықаралық еңбек ұйымын құру, дамыту және міндеттері. ХЕҰ құрылымы және оның негізін қалаушы құжаттары. ХЕҰ жұмыс әдістері және қызмет саласы. Тұңғыш рет халықаралық еңбек ұйымын 1 дүниежүзілік соғысының қорытындысы бойынша 1919 жылы Версалдық бейбіт конференциясы (Франция) барысында құрылған болатын. ХЕҰ Жарғысы 13-і Версалдық келісімнің бөлігі ретінде еңбек жөніндегі комиссиямен әзірленген болатын. ХЕҰ құрудың себептері келесіде: Саяси себеп; Әлеуметтік себеп; Экологиялық себеп. 1946 жылы ХЕҰ БҰҰ-ң алғашқы мамандырылған мекемесі болып құрылды. Егер, халықаралық еңбек ұйымын құрылған жылы оның жұмысына  42 мемлекет қатысса,  2000 жылы олардың саны 174 толды. ХЕҰ ерекше бір жағы — ол үш партизм – демек, үш жақты құрылымнан тұрады: 1) үкімет, 2) жұмысшылар ұжымдары және З) кәсіпкерлер (қазір мемлекеттік емес ұйымдар). Үш партизм 5 жылға сайланады. Осы 3 топтың делегаттары ХЕҰ барлық деңгейлерінде тең негізінде әрекет жасайды. 1919 жылдың 29 қарашасында еңбек туралы конференциясында еңбек жөнінде 6 халықаралық конвенциялар қабылданған болатын. Сол жылы еңбектің халықаралық бюросы (ЕХБ) және штаб-квартирасы Женеваға көшеді. ХЕҰ-ң конвенцияларын қолдануды бақылайтын әрекет ететін және атқаратын механизм құрылады. 1934 жылы — ХЕҰ мүшелері болып  СССР (Кеңес Одағы) және АҚШ болады. 1940 жылы — еңбектің халықаралық бюросы Монреальға көшеді (Канада). Кеңес одағы өзінің халықаралық еңбек ұйымын мүшелілігін 1954 жылға дейін тоқтатады. 1945 жылы — ЕХБ  Женеваға қайтадан оралады. 1969 жылы — ХЕҰ  Нобель атындағы сыйлық берілді. 1977 жылы — АҚШ Палестинаның бұл ұйымға байқаушы ретінде қабылданғанына байланысты ХЕҰ шығады. 1980 жылы – АҚШ қайтадан ХЕҰ кіреді.        

ХЕҰ мақсаттары және міндеттері.

Халықаралық еңбек ұйымын басты мақсаты — ол экономикалық прогресске жәрдемдесу, халықтың әл-аухатын көтеру, еңбектің жағдайын жақсарту, адамның құғығын қорғау. Міндеттері: Әлеуметтік-еңбек проблемаларын шешуге бағытталған келісілген бағдарламаларды әзірлеу. Конвенциялар ретінде халықаралық еңбек нормативтерін әзірлеу және қабылдау, олардың орындалуын бақылау. Жұмыспен қамту, миграцияны реттеу проблемаларын шешуге көмек көрсету. Кедейшілікпен күресу. Жұмысшылардың кәсіби дайындығына жәрдемдесу. Жұмысшылар ұжымдары мен кәсіпорындарға жәрдемдесу. Халықтың не бір хал-ахуалы төмен орталарын қорғау үшін шараларды әзірлеу. Демократияны қолдау. Үш партизмді дамыту және т.б. 

ХЕҰ құрылымы және оның негізін қалаушы құжаттары. ХЕҰ барлық органдары үш партизм қағидасы бойынша құрылған. ХЕҰ жоғарғы органы болып еңбектің халықаралық конференциясы (ЕХК) саналады, олар жыл сайын Женевада өткізіледі. ЕХК-да әр бір елшілік 4 делегатты ұсынады: 2 – ұкімет атынан. 1 – жұмысшылар атынан. 1 – жұмыс берушілер атынан. Еңбектің халықаралық конференцияларының жұмыстары пленарлық отырыстарда және комитеттерде қатар өтеді. Сонымен қатар аймақтық конференциялар да (Еуропалық, Азиялық) шақырылады. Үш партизм бірнеше жылдарда 1 рет шақырылады. ХЕҰ атқарушы органы болып Әкімшілік кеңесі (ӘК) ЕХК-да үш жылда бір рет сайланады. ӘК қызметінің бірі болып еңбектің халықаралық бюросының және түрлі комитеттерінің қызметін қадағалау табылады.

Әкімшілік Кеңестің үш жақты құрамы бар: Еңбектің халықаралық бюросы (ЕХБ) – ол ХЕҰ тұрақты секретариаты, оның әкімшілік және атқарушы органы, зерттеуші және ақпараттық орталығы. ЭХБ әлемнің түрлі аймақтарында өзінің елшілігін ұстайды. ЕХБ бас директор басқарады. Бюро ЕХК-на сұрақтарды дайындайды, арнайы зерттеулерді өткізеді, ЕХҰ-ң мүшелеріне көмек көрсетеді. Әлеуметтік-еңбек зерттеулерінің халықаралық институты 1960 жылы құрылған. Халықаралық оқу орталығы 1960 ж. Турин қ. (Италия) орналасқан (БҰҰ жүйесінде бұл ірі оқу орны).

ХЕҰ негізін қалайтын құжаттары болып: ХЕҰ жарғысы (1919 г.) — ХЕҰ мақсаттары мен міндеттері қарастырылған; Филадельфиялық декларация (2-ші Дүниежүзілік соғысынан кейін 1944 ж.), онда ХЕҰ қызметінің міндеттері неғұрлым кеңейтілген. Бұл декларация адам құғының жалпы декларациясынан және БҰҰ Жарғысынан асып өткен және таң қалдырған. ХЕҰ қағидалары: Сөз бостандығы. Қайыршылық күйі – кедейшілік. ЕХК-сы тәртібі ЕХК жұмысының нақтылы тәртібін анықтайды. Еңбек саласындағы негіз қалаушы қағидалары мен құғығын анықтайды (1998 ж.).

ХЕҰ буынды еңбек нормалары келесі конвенцияларда берілген: № 29 Конвенция (1930 ж.) «Мәжбүрлеу (принудительный) еңбек»

  1. № 57 Конвенция (1948 ж.) «Ассоциация бостандығы және ұйымдастыруға құқығын қорғау»
  2. № 58 Конвенция (1949 ж.) «Ұжымдық келісімдерді ұйымдастыруға және жүргізуге құқық беру»
  3. № 100 Конвенция (1951 ж.) «Тең сый беру»
  4. № 105 Конвенция (1957 ж.) «Мәжбүрлеу еңбекті жою»
  5. 6. № 111 Конвенция (1958 ж.) «Еңбек және кәсіп саласында кемсіту»
  6. № 138 Конвенция (1973 ж.) «Жұмысқа қабылдаудың жас мөшері»
  7. 8. № 182 Конвенция (1999 ж.) «Балалар еңбегі туралы».

З. ХЕҰ жұмыс әдістері және қызмет саласы. ХЕҰ жұмысының әдістері:

  1. Үш партизм (әлеуметтік әріптестікті дамыту)
  2. Олар мен еңбек нормаларын әзірлеу және қабылдау
  3. Халықаралық техникалық ынтымақтастық.
  4. Әлеуметтік-еңбек проблемалар жөнінде зерттеулерді жүргізу және басылымын жүзеге асыру.

         ЕХҰ қызметінің аясы:

  1. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықпен күресу, лайықты еңбек (1969 ж. жұмыспен қамтудың Әлемдік бағдарламасы қабылданған).
  2. Кадрлардың кәсіби дайындығы және қайта дайындау.
  3. Адамның құқығын сақтау.
  4. Кәсіпорынның басқаруын және дамуын өзгерту және жеңілдету.
  5. Еңбектің жағдайын, қауіпсіздігін, гигиенасын, қоршаған және өндірістік ортаны жақсарту.
  6. Жұмысшылардың еңбек ақысын қадағалау.
  7. Әлеуметтік қамтамасыз ету.
  8. Әйелдерді, жастарды, мүгедектерді, жұмысшыларды, оралмандарды әлеуметтік қорғау.
  9. Балалар еңбегін мәжбүрлеуді жою.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.