Халықаралық туризм нарығының негізгі сипаттамасы

Главная » Рефераттар » Халықаралық туризм нарығының негізгі сипаттамасы

Тауар нарығы — экономикалық дербес сатушы мен сатып алушының арасындағы сауда-саттық қатынастар жүйесі. Туристік нарықтың негізгі ерекшелігі туристік қызмет көрсететін қоғамның кәсібилігі, оның тұтынушысы — туристер және сатып алғынған қызметті орындаушылар. Туристерге кешенді туристік қызметтер немесе қызметтер пакеті ұсынылады. Сондықтан туристік қызмет нарығында жарнамалық ақпараттық және оның қызмет атқаруындағы құқықтық аспектілерге, сол төленген қызметтер немесе қызметтер пакетіне берілетін кепілдемелерге ерекше көңіл аударылады.
Егер негізгі үш жағдайды үстанса нарық тиімді қызмет атқара алады: өндірушілердің еркін бэсекелестігі, көрсетілген қызметке жэне шығарылған тауарға сапа саласында бірыңғай талаптардың бар болуы, түтынушылардың еркін таңцау мүмкіндігі.
Турларды үйымдастырушылар жэне сатушылар (туроператор-лар жэне турагенттер), олардың контрагенттері — қызметті орын-даушылар (қонақүй, мейрамхана, жеткізіп салушы компаниялар, экскурсиялық бюролар) туристік нарықтың субъектілері болып табылады.
Туристік қызметті сатушылар (турөнім) дегеніміз занды жэне жеке түлғалар, нарық үдерісіне қатысушылар, қызметті іске асыруға немесе қызметтер пакетін сатып алушыға ақшаға айырбастауға мүмкіндігі бар түлға.
Сатып алушылар бүл — заңды жэне жеке түлғалар, нарық үдерісіне қатысушылар, қызметтерді немесе қызметтер пакетін сатушылардан ақшаға айырбастап иеленуге қүқығы бар түлғалар.
Сонымен қатар көтерме нарықтағы операциялар деп заңды түлға болып қатыса алатын сату-сатып алу, қайта сату, тур өнімдерінің ірі топтамасы түтынушылар нарығында бөлшек са-удада түтынушылардың жеке қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталады. Нарықтағы негізгі ерекше санат болып сұраныс пен ұсыныс та-былады. Сатып алушылық туристік сұраныс деп қажеттілігі және қалауы ақшамен қамтамасыз етілген және нарыққа ұсынылған саяхатқа қажеттілік. Сұраныстың келесі түрлері бар: элеуетті, қалыптасушы, қалыптасқан жэне мезгілдік. Тұгынушылық сұраныс көптеген факторларға тәуелді. Оларға жататындар:
— демографиялық факторлар — халық саны жэне жас құры-лымы, жанұя құрамы және көлемі, урбанизация, сатып алушының мэдени деңгейі;
— элеуметтік-экономикалық факторлар — жұмысбастылық, еңбекті төлеу деңгейі, зейнетақымен қамтамасыз ету, халықты кіріс деңгейі бойынша бөлу;
— елдің географиялық жэне климаттық ерекшелігі;
— сатып алушылардың ұлттық құрамы;
— мемлекеттің саяси жэне экономикалық тұрақтылығы;
— келу уақытындағы қауіпсіздігі;
— басқадай кездейсоқ әсерлер (ауа райы, келіспеушілік). Туристік нарықтагы ұсынысқа саяхатқа бағытталған немесе
сатуға арналған жэне сатып алушыларға белгілі мерзім уақытында белгіленген бағамен ұсынылатын келу аймағы жэне тур көлемі (қызмет) жатады.
Сұраныс пен ұсыныс арасында нақты байланыс байқапады. Кейде сұраныс ұсыныстан асып түседі, ал ұсыныс сұранысқа да эсерін тигізеді.
Сатушы мен сатып алушы эр түрлі мақсаттағы нарықтық эріптестер болып табылады. Сатушының мақсаты — турды жоғары бағаға сатып одан табыс табу, ал сатып алушының мақсаты — тур-ды төмен бағаға сатып алып, өзінің жеке қажеттілігін саяхатқа шығу арқылы қанағаттандыру. Сатушының көздеген мақсаты максималды табыс табу, ал сатып алушының мақсаты минималды бағаға сатып алу, сұраныс пен ұсыныс заңына сэйкес теңестіру. Нарықтағы тэуелсіз сатушы мен сатып алушылардың басым бо-луы бэсекелестікті жандандырады.
Егер де сұраныс ұсыныстан асатын болса жэне тауардың жетіспеушілігі байқалса сатушының нарығы болып табылады, ал егер ұсыныс сұранысқа сэйкес немесе одан асатын болса сатып алушының нарығы болып табылады.
Нақты уақыт аралығында нарықта қалыптасқан жағдай бэсекелік нарық деп аталады. Тур өнімдерінің нарықтағы уақыты шектеулі: жаңа өнім нарықта пайда болып, сатып алушылардың сенімін баурайды, белсенді сатылады. Содан кейін сату көлемі тұрақтанып, төмендей бастайды, ескірген тауардың орнына нарыққа жаңа тауар енеді. Осы уақыт аралығы тур өнімнің өмірлік циклі деп аталады.
Тур бағасы нарықтағы өмірінде эр түрлі өзгерістерден өтеді: нарыққа ену, сатудың өсуі, сатудың тұрақтануы. Нарыққа ену сатысы белгілі шыгындарды қажет етеді. Сату өскен сайын табыс та өсе бастайды. Осында тұтынушы сұранымының үрдісін ескере отырып, бағаны арттыру қажет. Түрақтану сатысында нарықта қанығу нүктесі пайда болып, одан кейін сату деңгейі қысқару үрдісіне ие болды. Бірақ интенсивті маркетингтік операциялар: жарнама, тур багасын төмендету, сатып алушыларға жеңілдіктер беру белгіленген уақытқа өсуді қамтамасыз етеді немесе қайта өсу циклін орындауы мүмкін. Баға түскен кезде кейбір турларды сату-ды тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін.
Нарықтағы негізгі шектеушілердің бірі — азаматтардың сатып алушылық қабілеті. Туристік тауарлар мен қызмет көрсетудің нарығы тәртіп бойынша тұрғындардың өмір сүруінің жоғары деңгейінде, қалыпты бэсекелестік жағдайда, қоғам өмірінің саяси және экономикалық түрақты жағдайында тиімді. Көптеген галымдар Ю. Левада, В. Осипов, Н. Римашевский, А. Овсянников, А. Демидов ТМД азаматтарының элеуметтік-экономикалық мүм-кіншіліктерін зерттеу барысында мынадай қорытындыға келді, тек түрғындардың бірінші үш тобы ғана: «элита» ( жанүя кірісі айы-на 8 мың долл.), «мүмкіншілігі барлар» (жанүя кірісі айына 1-2 мың долл.), «жаңа орташа» (жанүя кірісі айына 0,8-1,2 мың долл.) сапарлық туризмнің қызметін пайдалана алады екен.
Жиынтық негізінде олар ТМД түрғындарының 20%-ын қү-райды, ал нақты туристік нарық түтынушылардың сапарын ескер-генде түрғындардың 10%-ын немесе 14-15 млн адамды құрайды. Осылайша сапарлық туризмнің нарықтағы сыйымдылығы осы сарапшылардың мәліметтері бойынша 17-18 млрд долларды құрайды.
Қазақстандық нарық жағдайына қатысты туристік қызмет халықаралық туризм нарығы (шетелдік туристерді қабылдау жэне Қазақстаннан шет елге туристерді жіберу) және ішкі туризм (Қазақстан тұрғындарының өз елінде саяхатқа шығуы) нарығы бо-лып бөлінеді.
Туристік өнімдерді жасау — бұл нарықтағы сегменттерді талдаудың маркетингтік зерттеуін жэне ондағы бэсекелестерді, ұсынылатын тұтынушылық сұранысты, сапарларға бағыттауды, туристік нарық конъюнктурасын, эзірлемені дайындауға, жар-намаға жэне турөнімдерді жылжытуға кеткен нақты шығындарды бағалауды қамтитын күрделі жэне көп сатылы үдеріс.
Қолда бар мэліметтерді талдай отырып сатып алушының бол-жалды кірісін, тур үйымдастырушының турөнімдерді жасауда үсынатын шығындарын жэне оны жасаудың экономикалық жэне пайдалылық тиімділігін бағалай аламыз.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.