Халықаралық туризмді көлікпен қамтамасыз ету

Главная » Рефераттар » Халықаралық туризмді көлікпен қамтамасыз ету

Туризм халықты бір жерден екінші жерге, сонымен қатар ел іші және сыртына жеткізумен айналысады. Еуропалық елдердің заңнамаларына сәйкес (мысалы Франция мен Италия) көліктік қызметтер, туристерді орналастыру қызметімен қатар негізгі қыз-меттерді көрсетудің қатарына жатады.
БҰҰ ұсынысы негізінде жасалған көліктік құралдар білікті-лігінің халықаралық стандарты статистика бойынша туризм ұсынысында берілген (ЮНВТО, 1994 ж.). Бұл жіктеме ішкі және халықаралық туризмде қолданылады. Ол екі деңгейден тұрады — көлік құралдарын анықтайтын санаттық (көлік түрі) және разрядтық.
Санат бойынша транспорт әуе көлігі, су көлігі және құрлықтағы көліктер болып бөлінеді.
Әуе көлігінде авиациялық рейстер бекітілген бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдау әуе кестесі бойынша жүзеге асырылады; кестесіз рейстер (жолаушылар тасымалдайтын әуе кестесіне бағынбайтын негізінен чартерлік және басқадай түрлері) сонымен қатар экипажбен бірге ұшқыш аппараттарды жалға алу. Чартер дегеніміз — бұл тасымалдаушы туристік фирмадан туристерді та-сымалдау үшін толық жалға алған жолаушылар тасымалдайтын көлік құралдарының түрі (авиациялық, теңіз, өзен, автокөлік). Су көлігі теңіз, каботаждық және ішкі су көлігі болып бөлінеді. Теңіз көлігінде ерекше қызығушылықты круиздық кеме алады. Круиздарды ұйымдастыруда негізгі көңіл туристердің белгіленген орынға тез жетуі емес, кеме бортында алған жағымды эсерлеріне бағытталады. Көп жағдайда туристерді қызықтыру үшін тек туристерді жеткізу емес, сонымен қатар олардың жеке автокөліктерін де (көлік құралдарын) жеткізетін паромдық кеме-лер қолданылады.
Құрлықтағы көліктер теміржол, автобус және сегіз адамға арналған автокөліктер болып бөлінеді. Құрлықтағы көліктердің қозғалысы көбіне тасымалдау кестелеріне бағынады, бірақ кестесіз тасымалдаулар да жүзеге асырылады (арнайы туристік сапарлар, ұзақ чартерлік немесе экскурсиялық автобус сапарлары). Соны-мён қатар арнайы автокөлік құралдары әуежай-қала, бекет-қала (трансфер) бағыттары бойынша туристерді тасымалдайды. Көлік құралдарын жалға алу келу елінде кеңінен орын алған.
Туризм толығымен туристің көлікпен аралау уақыты кезінде қауіпсіздігіне, жылдамдығына жэне ыңғайлығына байланысты бо-лып келеді. Туризмнің дамуын көптеген елдерде көлік құралдары жүйесі жайлылығының әлемдік стандарттарға сәйкес келмеуі тежейді, ондағы тиімділік пен қауіпсіздік, көлік жобалары олар-дың жаңа қүрылысы, эуежайлар, автокөліктер және теміржолдар өзінің іске асырылуы жағынан үлкен инвестициялар мен уақытгы талап етеді.
Көптеген туристік тасымалдауларды халықаралық немесе ұлттықтасымалдаушы-авиакомпанияларжүзеге асырады, олардың атауы — коды: АА — «American Airlines», DL — «Delta Airlines», АҚШ; AF — «Air France», Франция; BA — «British Airlines», Ан-глия; LH — «Lufthanse», Германия; «AirAstana», Қазақстан. ТМД елдерінде 500 жуық авиакомпания мен авиакэсіпорын жүмыс жа-сайды. Ал элемде 100 жуық авиатасымалдаушы халықаралық ком-пания қызмет етеді.
Тэжірибеде (жеңілдіктер немесе эр түрлі басқадай көр-сеткіштерге байланысты) рейстерден басталып (коды — Е, V) жоға-ры дыбысты үшақпен үшуға дейін (коды — К). 20 түрлі ерекшелігі бар қызмет көрсету кластары бар.
Ұшудың ұзақтығына байланысты бортта тамақтану түрлері де өзгереді В (breakfast) — таңғы ас, L (lunch) — түскі ас, D (dinner)
— кешкі ас, S (snack) — жеңіл тамақтану, X (More then one, meal)
— жиі тамақтану. Барлық рейстерде үшу үзақтығына байланыс-ты туристерге салқын сусындар беріледі (300 г су және 100 г шырын). Коптеген авиакомпаниялар келесі схеманы үстанады: 2-2,5 сағат үшу үзақтығында салқындатылған тағамдар, 2,5-6 са-ғатта ыстық тамақтар, 6 сағаттан жоғары екі рет ыстық тамақ, ал оте үзақ үшуда (кем дегенде 12 сағат) — екі рет ыстық тамақ, салқын тағамдар немесе стейк. Соңғы 10 жылда жолаушының ден-саулығы, дағдысына жэне үлттық қасиеттеріне байланысты «ар-найы тағамдар» тәжірибеге енуде.
Авиаүшудың бағасы авиакомпанияның түріне, үшу бағыты жэне үзақтығына, ел жэне онда келу ұзақтығына, қызмет көрсету класына, брондау талаптары мен билеттерді қайтарып беру, жолаушының жасына байланысты болады. Тіркеуден өту тәртібі
— үшудағы тамақтану және тегін жолжүкті алып жүру ( 20 кг-дан 40 кг дейін) қызмет корсету класына байланысты. Барлық кластарда ұшып бару жэне қайту үшін базалық тарифтер бар, оны ави-акомпаниялар мезгіліне байланысты өзгертіп отырады. Бірінші және бизнес-кластардағы билеттер ашық немесе белгіленген мерзіммен сатылады. Сонымен қатар базалық тариф бойынша сатылған билетгер айырбасталады жэне қайтарылғанда оның толық қүны беріледі.
Авиабилетті сатып алғанда эуе тасымалы бойынша келі-сімшарттар жасалады. Осы келісім бойынша авиациялық кәсіп-орындар жолаушыны және оның жол жүктерін белгіленген орынға, рейс билеті көрсетілген орынмен жеткізуді міндетіие алады.Тасы-малдау қүжаттары болып табылатындар:
— жолаушыларды тасымалдау бойынша — билеттер;
— жолаушылардың заттарын жолжүк ретінде тасымалдауда жолжүк түбіртегі.
Осылайша билет әуе тасымалдау келісімі болып табылады. Әрбір авиакомпания адамдарды және жүктерді тамсымалдау тэртібін өз еркімен шешеді. Бұл тәртіптер сол елдің ұлттық заңна-масына, жүру бағытына, халықаралық екіжақты жэне көпжақты келісімшарттарына сэйкес келуі қажет. Қазақстан аумағында ҚР Әуе кодексі эрекет етеді, жолаушылар мен авиакомпанияларды халықаралық әуе жолымен тасымалдау 1929 жылғы Варшава конвенциясы бойынша 1959 жылы қабылданған өзгертулерге сэйкес (Гамбургтік тәртіп) «Халықаралық әуе тасымалын көптеген тэртіптерінің ықшамдалуына байланысты» реттеледі.
Билеттің бағасы келесі параметрлермен өлшенеді: авиакомпа-ниямен, бағытымен, елдегі болу уақытымен, қайтарып беру жэне брондау жағдайымен, жасымен. Бірақ ең басты көрсеткіш — жолау-шы өзі тандаған ұшу класы.
Әлемнің эрбір авиакомпаниясында негізгі үш класс бар, оның әрбірі билетте өзінің эріптік белгісімен анықталады:
— бірінші (F);
— бизнес-класс (С);
— экономикалық (Ү).
Бірінші класс-еңқымбат, ал экономикалық-еңарзан. Кластар орындықтың ыңғайлылығына, тамақтану сапасына жэне тегін жүк алып жүрудің мөлшеріне байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Экономикалық класта орындықтар жіңішке және бір-біріне жақын орналасқан, ал бизнес жэне бірінші класта олар өте ыңғайлы және аралықтары кең. Көптеген авиакомпанияларда бірінші және бизнес-кластарда ұзақ үшатындарға арналған төсек болып жазылатын орындықтар орналастырылуда. Бірінші және бизнес-кластарда арнайы жұмыс үстелі де қарастырылған.
Мүндай таңдаулы кластарда тамақ жиі беріледі, тамақтың көп түрі ұсынылады жэне асханалық құралдары металдан жасалған. Бірінші жэне бизнес-кластарда спирттік сусындар шектеусіз беріледі. Барлық кластарда барлық бағыт бойынша балаларға же-ңілдіктер бар. Екі жасқа дейінгі балалар үлкен адамдар билетінің қүнына 10% жеңілдікпен үша алады. Әуе кодексі тегін, ал халық-аралық эуе тасымалында — жеңілдік тарифі бойынша екі жастан асқан бір балаға жеке орын бермеу арқылы жеңілдік жасай ала-ды. Екі жастан он екі жасқа дейінгі балаларға 50% бағамен үшуға жеңілдіктер бар. Бүл тәртіп шектеусіз барлық авиакомпанияларда жүмыс атқарады.
Бірінші жэне бизнес-класта көп бағыттарға жанүялық жеңілдіктер қарастырылған. Егер ері және эйелі бірге бір бағытта үшатын және сол рейспен қайта қайтатын болса біреуіне 50% қүнмен жеңілдік беріледі.
Қатаң болып табылатындар экскурсиялық тарифтер. Мүнда брондау жэне билетті сатып алуға шектеу жоқ. Бірақ билеттің жарамдылық уақыты шектеулі — барлығы бағытына байланысты.
Әлемде РЕХ жэне APEX тарифтері үлкен қолданысқа ие.
РЕХ үшу мен қайту мерзімін бақылауға алады. APEX минималды және максималды болу уақытын бақылайды. Сонымен қатар APEX билетін ұшу мерзімінен екі-үш апта бүрын алғаны дұрыс. Келесі маңызды жеңілдіктердің бірі — жастар жеңілдігі. Бүл жеңілдіктер 24, 25 немесе 26 жас аралығындағыларға жарамды (алған бағыты бойынша). Олар екі түрден түрады. Біріншіден экскурсиялық тарифте жастарға жеңілдіктер жасалады — жастар сол жағдайда үша алады, бірақ арзанырақ.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.