Хандық билік

Главная » Рефераттар » Хандық билік

Қазақ халқы — ерте заманнан ханға бағынған ел. Хан — қоғамдағы ең жоғарғы биліктің өкілі. Қазақ халқының үлкен хандарын «ақ киізге» көтеру дәстүрі ел болып хан билігін мойындаудың белгісі. Барлық қазаққа ортақ билік иесін «үлкен орданың ханы» деп атайды, сонымен бірге әр жүз немесе ұлыс билеушісі сұлтандарды «хан» деп марапаттау бар, бірақ ақ киізге ел болып түгел көтермегеннен кейін олардың деңгейі төмен. Сол себептен ұсақ ұлыс билігін «келте хандық» деп атайды. Хан атағы әкеден балаға қалатын мұра емес, негізгі шарт ағадан ініге қалады. Бірақ, халықтың көңілі кетіп, өзіне жағымды деп тапса, сол адамына береді. Шарты, үлкен хандардың тұқымынан болуы керек, негізгі өзектен. Хан болатын үміткер Жарғының алдында сыннан өтеді. Халықтың негізгі бөлігі қатынасқан-жиын, талқыдан кейін ханды сайлауға рұқсат береді. Хан болатын үміжер өзін жан-жақты көрсетуі шарт: ел арасындағы келіспеушілік болса төрелік жасап, жаугершілік болса қолбасшылық жасап, келіссөздер болса елдің намысын сақтап Хан атағына үміткерді елбасшылары толық жиналған ақкиізге салып көтереді. Ханды қолдайтын билер мен батырлар ақ киіздің шетін ұстап ел жиынын аралайды. Ханды үш рет көтереді. Елдің бәрі ханды көтерген сайын «Хан«, «Хан« деп айғайлап дауыстайды. Бұдан кейін сол жерде адамның бәрі жапатармағай жабылып ханды көтерген киізді «тәбәрік« деп бөліп алады. Ақ киізге көтерген соң боз биенің сүтіне шомылдырады, хан киімін кигізеді (алтынмен оқаланған хан шапаны мен ақ айыр қалпақ). Ең жақын-жанашыр деген адамдар ханның ескі киімін өзара боліп алады. Боз биенің сүтіне шомылдырылғаннан кейін ханды ел алдына алып шығып қайта таныстырады. Осы жиында ханның балаларын тәрбиелейтін, ханның жауапты тапсырмасын атқаратын, ханның жанына кеңесші болатын, ордаға басшылық жасайтын «аталык« сайлайды. Ол өте беделді, саны мол рудың өкілі болуы шарт. Әз Тәуке заманында біз Алтай руынан Барқы аталықты хан жанында көреміз. Аталық мөрі ханның мөрімен қатар жүре береді, аталық аса маңызды мәселелерді өз бетімен де шеше алады және хан жоқта оның қызметіне қатысты шаруалардың орындалуын қадағалайды. Қазақтың белгілі жас жыраушысының «Ханның сұркылтайы», яғни ханның ойындағыны елге жеткізуші және кәрі жырауларынан «Ханның өсиетшісі», яғни ханға ел мүддесі мен талап-тілегін жеткізушілер де осы жиында белгіленеді (« Үмбетей Абылай ханның сұркылтайы еді, Уәли ханның өсиетшісі болды дейді қарттар». Саққұлақ шежіресі).

c88fa987f0429c6d71df58786343b598Қазға (жиын, мәслихат) қатысқан ірі рулардың билері ханға арналған тарту-таралғыларын тапсырады. Ханның туын көтереді, ту көтеріп жүретін, соған жауапты батырды белгілейді. Қаздан (жиын, мәслихат) шыққан ел рәсім аяқталған соң ханның меншігіндегі малдың бәрін «хан талапай« деп қолына түскенін айдап кетеді. Бірақ, оның ертеңінде әрқайсысы ханға еселеп сыбаға жібереді. Қаз жиынына қазақ елінің атқамінер, сайлы азаматы. Түркістан мен Ташкенттің, сол жердегі қалалардың тұрғындары түгел қатыстырылады, ғұлама молдалар, қожалар «бәтуа« береді. Қаз жиынның соңы қашанда қызық-думан той болып аяқталады. Ел басшылары өзара келісімге келгенінің белгісі ретінде «аққасқа-көкқасқа« сойып /құрбандық шалу/ соның бауыздау қанына бармақтарын батырып, көкке көтереді / уағданы бұзсақкөк соқсын делінеді/. Осылай өзара серттескеннен кейін хан билігі ел ішінде мойындалған болады. Хан сайлауға қатысқан ел бұдан былай (ханға қарсылық — құдайға қарсылық) өзара хан атағын сыйлауға бәтуаласады. Ханға қарсылық жасаған руларды Жарғы жазаға тартады. Ханның ірі рулардан сайланған нақтары өз руларының күшімен кез келген қарсылықты басып отырады, кінәлі рулардың билері тоғыздан айыптарын тартады. Хан алдында кінәлі болған жеке адамдарды жасауылдар мойнына құрым іліп, қара сиырға мінгізіп хан ордасын айналдырады. Хан қазақ елінің бас төрешісі қызметін атқарады. Жүз, ру арасындағы ірі даулы мәселелер ханның қатысуымен шешіледі, қатыспаған күннің өзінде «хандығын» алады. Хан өз қалауымен Жарғының келісімін алса, кез келген адамды /кінәсіна қарай/ өлім жазасына кесе алады. Хан және сұлтан билігін Жарғыда «торелік» деп те атайды.

1fd10a6176e04492389431c6c0f6d1031. Қазақтың жоғарғы билік жүйесінде, яғни саяси-ұлыстық билік деңгейінде мұрагерлік және сайланбалы дәстүр қатар қолданылады.
2. Хан сайлауға — орда, аталықтар, ел басшылары алдын ала дайындық жасайды, қалыптасқан тәртіп хандық биліктің ағадан ініге өтетінін айғақтайды яғни хан қайтыс болса, оның тағына бомасы інісі отырғаны шарт. Хан сайланатын төре Шыңғыс ұрпағының ішіндегі осы елге ертеден «Жасақ» бойынша тағайындалған және ел мүддесіне шын берілген әулеттен болуы керек.
3. Хан сайлау бірнеше күнге созылады және алдымен әр ұлыстың ортасында талқылауларынан кейін ғана бір шешімге келу қарастырылған. Ұлыс елдерінің ішінен шыққан өкілдер (билер, батырлар, сұлтандар) негізгі жиынға барып өздерінің пікірін айтады, сол пікірлер бір жерден шықса ғана хан сайлау өтеді.
4. Қазақтың хан сайлауға қатысты ырымдары мен жоралғылары ең алдымен үлкен ханды сайлауға қатысты. Бұл шара біз қарастырып отырған уақыт мезгілінде Түркістанда Әзіреті Сұлтан мешітінің жанында өткізелетін болған. Әр жүзде ұлыс сұлтандарына қатысты «хан» терминін қолдану бар, бірақ олардың билік иерархиясындағы орыны үлкен ханнан төмен болады.
5. Хан көтерудің шарты ханға үміткерді боз биенің сүтіне шомылдыру, елдің ең белгілі көсемдерінің үміткерді ақ киіз отырғызып көтеруі.
6. Хан сайлауға қатысушылар ақ киізді қылдай қылып бөліп алады. Ханға жақын адамдар оның киімін алады.
7. Хан сайлаудан қайтқан ел ханның мал дүниесін бөліп, айдап алып кетеді /хан талапай/ оның орнын толтырып еселетіп мал береді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.