Хетт патшалығы

Главная » Рефераттар » Хетт патшалығы

Хетт патшалығы қазіргі Түркия жерінде өмір сүрді. Ана-толы немесе Кіші Азия деп аталатын бұл аймақты ежелден-ақ үш жағынан теңіздер қоршап жатты. Олар: солтүстігіндегі Қара теңіз, батысындағы Мәрмәр, Эгей теңіздері және оңтүстік-батысындағы Жерорта теңізі. Кіші Азия — таулы үстірттер мен далалы өлке. Егістікке қолайлы кең алқапты жазық-тар аз. Мұнда Ніл, Евфрат пен Тигр сияқты суы мол өзендер де жоқ. Ең үлкен өзені — ежелде Галис, ал қазір Қызыл Ирмак аталған өзен болды. Ол елдің шығыс-солтүстігінен басталып, оңтүстік-батысқа қарай ағып барып, Қара теңізге құяды. Оның суы өте көп емес еді. Сондықтан кемелердің жүзуіне онша қолайлы болмады. Шағын каналдар қазылды. Дегенмен жер бедері ірі суландыру жүйелерін жасауға мүмкіндік бермеді. Мұның бәрі — жазықтардың аз болуы, таулы-үстіртті болып келуі, өзендердің аздығы кең түрдегі жер шаруашылығымен айналысуға кері әсер етті. Бірақ бұл жағдайлар, әсіресе мал жайы-лымдарының көптігі мал өсіруге қолайлы болды. Сол себепті ежелден-ақ мал шаруашылығы дамыды.

Тауларда әр түрлі ағаштар мен өсімдіктер өсті. Ежелгі заманда аңдар да көп болатын. Тау қойнауларында күміс, мыс, қорғасын, темір сияқты металдар көп еді. Сол себепті де елдің оңтүстігіндегі тау жоталары Күміс таулар деп аталды.

Осындай аймақты мекендеп, алғашқы ірі мемлекет құрған Каспий теңізі бойынан келген халықтар деп есептеледі. Ол мемлекет Хетт патшалығы деп аталды.

Хетт патшалығының құрылуы. Б. з. б. III мыңжылдықтың соңында хеттердегі ру-тайпалық кұрылыс ыдырай бастады. Тайпа одақтарының арасындағы күрестің барысында хеттердің бір орталыққа бағынуы басталды. Басқаларға қарағанда Ниса қаласы мықтырақ еді. Оның билеушілері алғашқы Хетт мемлекетін құрды.

Табарна атты билеуші б. з. б. II мыңжылдықтың ортасында Кіші Азияның көптеген жерін бағындырды. Сөйтіп, Хетт мемлекеті кеңейе, күшейе түсті. Мемлекеттің астанасы Хаттуса қаласына көшірілді. Хеттер Қосөзен бойына қарай жорықтар жаса-ды. Олар, тіпті Вавилонға дейін жетті, б. з. б. 1595 жылы Вавилонды тонады.

Бірақ Хетт билеушілерінің билігі өте мықты болмады. Олар ақсақалдар кеңесінің шешімдерімен санасуы керек еді. Патша билігін мұралану, яғни балаларына мұра ретінде беру тәртібі жоқ болатын. Бұл жағдайлар елдегі билік үшін де күресті күшейтті. Патшаны өлтіріп, патшалық билік үшін талас басталды. Ұзаққа созылған тақ үшін талас елді, мемлекетті әлсіретті. Нәтижесінде хеттер бұрынғы басып алып, бағындырған жерлерінен айырылды.

Телепин атты патша елдегі жағдайды реттеуді қолға алды. Ол егер патша өлсе, оның орнына үлкен баласы, ол болмаса екінші ұлы отырсын. Ал ер балалары болмаса, ең үлкен күйеу баласы тақты иемденуге қақылы деген жарлық шыгарды.

Бұдан кейін елдің ішкі жағдайы біраз реттелді. Хетт патшаларының билігі тұрақтанды және қайтадан күшейді. Олар елдің оңтүстігіндегі Сирияға қарай жорықтар жасады. Сирия жері, Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы елдердің бұл кездерде Египетке тәуелді болғанын білеміз. Египеттің ішкі жағдайының шиеленісуін пайдаланып, хеттер Сирияны басып алды. Қосөзеннің солтүстік-батыс бөлігін езіне қарата отырып, Вавилонға өктемдік жүргізуге ұмтылды.

Б. з. б. XIV ғасырдың соңына карай Египеттің қайта ерлеуі Сирия жері үшін хеттер мен египеттіктердің күресін қайта жандандырды. Бұл күрес шешуші нәтиже бермеді. Ұзақка созылды. Акыры адамзат тарихындағы екі ел арасындағы бірінші бейбіт бітім шарты дүниеге келді. Ол б. з. б. 1280 жылы Египет пен Хетт мемлекеттері арасында жасалды. Ол шарт бойынша Сирия жері екіге бөлінді. Солтүстігі Хетт, ал оңтүстігі Египет мемлекеттеріне қарады.

Екі мемлекет бір-бірімен достықта тұруға, өзара көмектесуге келісті. Хеттерді мұндай келісім жасауға итермелеген шығысында қуатты Ассирия мемлекетінің өрлеуі еді. Ақыры ұзаққа созылған күрес барысында Ассирия Хетт патшалығын талқандады.

Хеттердің өмірі мен тұрмысы. Кіші Азияның табиғаты мал бағуға ыңғайлы болды. Елдің басты байлығы мал, әсіресе көп өсірілетіні қой еді. Оны, яғни мал шаруашылығының хеттер өмірінде үлкен рөл атқарғанын заңдарынан көреміз. Мысалы, сиыр, жылқы немесе қой ұрлаған адам оны 15 есе етіп кайтаруы керек болды. Келесі бір заңның бабында, егер ұры ұрлаған малынан айырылып қалса, оны иесі тауып алса, ұры ұрлаған малының құнын 7 есе етіп төлеуі қажет делінген. Қашып кеткен малды иемденіп алу ұрлыкпен тең делінді. Жылкы өсіруге хеттер үлкен мән берді.

Шағын өзендер бойындағы жазықтықтар егістік үшін пайдаланылды. Өсіресе, көкөніс, бау-бақша өсіру жақсырақ дамыды. Жеміс ағаштары заң бойынша қорғалды. Мысалы, оларды ертегендер иесіне үлкен төлем төлейтін болды.

Хетт жеріндегі тауларда металдар көп еді. Жоғарыда айтылғандай, әсіресе күміс жиі кездесті. Мыс пен темірден кұралдар жасады. Б. з. б. II мыңжыл-дықтың ортасында хетт патшалары темірді шет елдерге сатты. Хетт заңдарында мыстан, қоладан және темірден жасалған соқалар мен қару-жарақтар туралы айтылады. Бұл хеттерде металл өндірісінің, қоленердің дамығанын білдіреді. Мұнымен бірге қолөнердің әрбір кәсіп бойынша жіктелгенін де байқаймыз. Ежелгі хеттерде құмырашылар, ұсталар, ағаш шеберлері, етікшілер, тігіншілер, тоқымашылар еңбек етті.

Ауыл шаруашылығы мен қоләнердің дамуы сауданың да ертерек өрістеуіне әсер етті. Б. з. б. III мыңжылдыктың соңында Хетт жерінде ассириялықтардың сауда орындары мен саудагерлері пайда болған еді. Олар ұзақ уакыт Хетт жеріндегі саудада жетекші рол атқарды. Ассириялықтар көбірек орналаскан мықты сауда орталықтарының бірі Ганиш қаласы болды. Хетт жеріне Вавилон саудагерлері де келіп жатты. Хетт заңдары малдың, ауыл шаруашылық өнімдерінің, терінің нақты бағасын бел-гіледі. Мұның өзі хеттердің емірінде сауданың үлкен орын алғанын дөлелдейді.

Хетт қоғамының негізін өкелер ектемдік еткен отбасы құрды. Заңдарда отбасы мүшелері ушін ерлер жауап берді және олардың құқы көрсетілді. Әйелді сатып алу, катаң жазалау ерлердің кұкы делінді.

Мұнымен қатар хеттерде рулық кұрылыс белгілері ұзақ сақталды. Егер біреу қылмыс жасаса, ол үшін бүкіл руы немесе қауымы тұтас жауап беретін болды.

Мәдениеті. Хеттердің діни түсініктері бейнелеу өнерінде үлкен орын алды. Табиғаттың анасы — кұнарлылык құдайы сопақша бас киімді, ұзын көйлек киген ана ретінде бейнеленді. Ал тау шыңын-да өмір кешетін найзағай мен бұлт кұдайы ер адам ретінде суреттелді. Ол хеттерше Тешуб құдай деп аталды. Тешуб құдай кейіннен мемлекет пен патша-ның қамқоршысы деп есептелінді. Сөйтіп, оны қаһарман жауынгер, батыр ретінде бейнеледі. Оң колына айбалта, сол қолына найзағай ұстаған ол соғыс кұдайы, беліне семсерін іліп, сарай қақпасын күзетіп тұрған алып ретінде бейнеленген.

Хетт кұдайларының бейнесі өдеби шығармалар-дан да көрініс тапты. Мысалы, көктем құдайы Теле-пинге арналған дастан. Дастанда Телепин кұдай алдымен шет елге кетеді. Кейіннен хеттік кұдайлар-дың шакыруымен елге қайта оралады. Ол келгеннен кейін хеттердің жері қайта гүлденіп, өсімдіктер мен бау-бақша жайнап кетеді. Хеттер көптеген вавилондық көркем әдебиет туындыларын білген және оз тілдеріне аударып, пайдаланған.

Өлемдік әдебиеттегі алғашқы өмірбаяндық еңбектердің біразы хеттік патшалардың жылнамалары болып есептеледі. Ежелгі Вавилон мен Ассириядағы сияқты хеттерде өз заңдары да болған. Бұлар-дың бәрі Хетт мемлекетінің тарихын окып үйрену үшін тамаша деректер болып саналады.

Хеттік кұрылыс өнерінің бір ерекшелігі каланың екі катар дуалмен коршалуы еді. Дуалдарда күзет мұнаралары болды. Тас тұғырға орнатылған сарайлар мен бекіністер ірі тастар мен кірпіштерден тұрғызылды. Хеттердің кұрылыс өнерін кейіннен гректер үйренді. Жалпы хеттік мәдениет Шығыс мәдениетін Еуропаға жеткізетін көпір қызметін атқарды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.