ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУ реферат

Главная » Рефераттар » ХИМИЯЛЫҚ ҚАРУ реферат

Уландырғыш заттар (Химиялық қару) – бұл қорғаусыз адамдар мен жануарларды жаппай улауға, ауаны, аумақты, азық-түлік өнімдерін, жануарлар азығын, суды және техниканы және басқа да объектілерді ластауға арналған арнайы синтезделген уландыру қасиеті жоғары химиялық қосындылар. Басқа сөзбен айтқанда ҚЗ – химиялық қару-жарақты жарақтандыру үшін қолданылатын улы қосылыстар. Химиялық қарубұл химиялық хаттардың  улағыш қасиеттеріне негізделген заманауи зақымдау құралдары. Химиялық қарудың басқа компоненттері ҚЗ әскери қолдану құралдары (тасымалдағыштар, сонымен қатар ҚЗ мақсатқа жеткізу үшін қолданылатын аспаптар мен қондырғылар) болып табылады.

ҚЗ клиникалық-уландыру топтамасы аса көп таралған:

  1. нервтік-паралитикалық әрекет ететін ҚЗ – зарин, зоман, VX (Ви — Икс).
  2. теріні жарақаттай отырып әсер ететін ҚЗ – иприттер және люизит;
  3. жалпылай уландыратын ҚЗ – синильдік қышқыл, хлорциан;
  4. тұншықтырғыш ҚЗ – фосген, дифосген;
  5. тітіркендіргіш ҚЗ – өзіндік тітітркендіргіштер (стерниты –  адамсит), жасауратқыш тітітркендіргіштер (лакриматорлар – хлорпикрин), жасауратқыш және үйлескен тітіркендіру әсерін тигізетін СS (Си — Эс) и СR (Си — Эр) типті болып бөлінеді;
  6. психологиялық әсер ететін ҚЗ – ВZ (Би — Зет);
  7. нейротроптық әсер ететін ҚЗ – энтеротоксиндер (А ботулиникалық типті А және В стафилоккоктік типті В).

Тактикалық топтама бойынша  ҚЗ әскери мақсатта қолданылуына қарай 3 топқа бөледі:

.
  1. өлімге душар етіп әсер етуші – ҚЗ нервтік-паралитикалық, теріні жарақаттағыш, жалпы уландырғыш және тұншықтырғыш әсер ететтін.
  2. уақытша әсер ететін – тітіркендіргіш әсер етуші ҚЗ.
  3. Дезорганиздеуші – психикалық әсер етуші ҚЗ.

Одан әрі түрлі уландырғыш заттардың зақымдау әсертерін қарастыру қажет:

.
  1. нервтік-паралитикалық әсер ететін ҚЗ

Организмге ҚЗ кез-келген жолмен түсуі кезінде орын алады: бу жұтып демалу, бу құрғыш және сұйық заттарды  жұтып қою нәтижесінде – тері және жасаурағыш заттар, уланған суды және азық-түлікті қолданған кезде, уланған беткі қабаттармен жанасқан кезде. Зақымдану  кезінде: миоз (көз қарашықтарының кішіреюі), түкірік бөліну, тершеңдік, ентігіп қалу, тыныс алудың ауырлауы, кеуде қуысының және маңдайдың ауыруы, естен тану сияқты белгілер байқалады. Одан әрі: өңеш пен кеңірек бойынын түйіліп, демікпе пайда болады. Жүреу айнып, құсады. Осының салдарынан жүрек соғысы күшейіп, бұлшық еттері дірілдейді, қозғалыс үйлесімділігі жоғалады, қысқа уақытты дірілдер пайда болады, адам еркінен тыс зәр мен үлкен дәріт шығады.

  1. Теріні жарақаттап әсер етуші ҚЗ.

Жасырын әрекет ету кезеңі – 2 сағаттан тәулікке дейін ауа температурасы мен ылғалдылығына, дене құрылымы мен ылғалдылығына байланысты болады. Одан соң дене қышып, күйіп, қызыл дақтар пайда болады. Тері тартылып, құрғап кетеді.  ҚЗ қатты мөлшерлері кезінде ісік пайда болып, ісіктің жан-жағында 16-30 сағат бойына иприттік әсерінен соң, тері көп жерден күлдіреп кетеді. Одан соң оның бәрі бір жерге жиналып, үлкен сары су жиналган ісік пайда болады. Бұл ісіктер жарылып, теріде  иприттік жаралар пайда болады, олар 1-2 ай немесе одан да ұзақ уақыт бойына жазылады. Екінші инфекциялан соң терінің бөліктерінде іріңді жаралар пайда болады.

Егер зақымдалған бөліктердің жалпы көлемі 20 см3 аз болса, адам өлімінің қаупі төнбейді.

Көзге зақым келген соң 30 минуттан соң дене қызып, тері қыишиды, ауырады; 4-8 сағаттан соң көздің үсті ісіп, көз жасаурап, жарыққа қарай алмайды, конъюнктивиттік қызару пайда болады.  Бұл құбылыс бір айға дейін созылады. Одан әрі кірпіктер бір-біріне жабысып, олар жабысқақ іріңмен жабысып қалады. Адамның көру қабілеті нашарлауы да мүмкін.

Зақымдалған азық-түлік немесе су арқылы организмге түскен соң 15-20 минуттан кейін асқазанда қатты аурулар туындайды. Бұл түкірік бөліну және құсумен ілеседі. Адамның қан аралас іші өтіп, қатты шөлдейді. Тері бозғылт тартып, адамның есінен тануы мүмкін. Организмнің жалпылай улануынан соң шамамен 2 тәуліктен соң адам өледі.

  1. Жалпылай улау қасиетиндегі ҚЗ.

Синильдік қышқылмен және хлорцианмен уланудың алғашқы белгілері- тамақ қышып, ауызда темір дәмі пайда болады. Бас айналып, ауырады, қозғалыс үйлесімділігі бұзылады,. Орташа деңгейде уланған кезде, шырышты қабық пен бет терісінде қатты қызыл түс пайда болып, жүрек айнып, құсады, тынысы жиілейді, кеуде қуысы қысылып, ауру туындайды. Адамда жалпылама әлсіздік күшейіп, ақыл- есі әлсіреп, адам құлайды. Жүрек қағысы әлсіреп, пульс азаяды, көз қарашықтары ұлғаяды. Қатты уланулар кезінде адам есінен мүлдем айырылып, жүрек аритмиясы, еріктен тыс дефекация пайда болады. Одан соң паралич туындап, тыныс тоқтайды. 0,42-0,5 мг/л  концентрациясы кезінде адам құлап, есінен танады, бірнеше минут өткен соң қайтыс болады.

  1. Тұншықтырғыш әсер ететін ҚЗ.

Фосген мен дифосгеннің жасырын әсері 4-6 сағатқа созылады. ҚЗ мөлшеріне, адамның жалпы жағдайына қарайоның әсері 2-3 сағатқа азайып, немесе 15 сағатқа дейін ұзаруы мүмкін. Жасырын әсерден соң тамақ жыбырлап, мұрын-ауыз қуысында күйік сезімі пайда болады, жөтел туындап, тыныс тарылады, ентігу пайда болады. Ерін, мұрын құлақ және аяқ-қол көгереді, пульс азяды. Өкпе ісіну салдарынан адам тұншығады, кеуде қуысы қатты қысылады. Тыныс жиілігі 16 мәртеге дейін көбейіп, минутына 30-70 рет тыныс алады. Бұл кезде тыныс тереңдемейді, пульс минутына 100 ретке дейін артады. Көбік шығып, кейде ол қанмен аралас болады. Зақымдалған адам мазасызданып, өкпенің ісінуі салдарынан, тыныс тарылып, адам тұншығып қаза болады. Фосген мен дифосген бозғылт  түссіз газ болып табылады.

  1. Тітіркендіргіш әсер ететін ҚЗ.

Өзіндік тітіркендіргіштер  (стерниттер) – мұрын-тамақ қуысын тітіркендіріп, үздіксіз түшкіру, жөтел және кеудеде ауру белгісі пайда болады. Бір мезгілде көз тітіркеніп, тері беті тітіркенеді, ОНЖ қозғалады. Жүрек көтерілу, құсқысы келу, бас ауру және ауыз қуысының ауруы, құлақ маңының қысылу сезімі туындайды. Ауыр жағдайларда тыныс алу мүшелері зақымданып, өкпе ісіп кетуі мүмкін. Нерв жүйесіне әсер ету салдарынан аяқ әлсізденіп, буындар әлсірейді. Қатты уланған кездерде – діріл, уақытша естен тану кейде бұлшық еттердің түрлі топтарының мешелдікке ұшырауы мүмкін. Егер стерниттер концентрациясы тері  эритемасына себеп болса, ісіктер пайда болып, күлбіріп кетуі де мүмкін.

Жасауратып әсер ету (хлорпикрин) – бұнда көздің мөлдір қабықшасы мен жоғарғы тыныс алу жолдары тітіркенеді (күйдіру, қатты ауры, көз ауруы, қабақтың жабысуы, көз жасаурауы, қатты жөтелу туындайды). Одан әрі өкпе ісігі дамып, ішкі мүшелерге және жүрек бұлшық еттеріне қан құйылуы мүмкін. СS аэрозолінің көз қабығына және жоғары тыныс мүшелерінің қатты тітіркеніп ауруын туындатады. Көбіне зақымдану мұрыннан қан кету, коньюктивит және көздің қанталауы, тері қызарып, тері ылғалданады. СR заты кезінде көз қатты жасаурап,  аурады, уақытша көз көрмей қалуы мүмкін. Аэрозоль жұтқан соң қатты жөтел,  түшкіру пайда болады. Теріге тиген соң тітіркену, тері эритемасы, күйдіру және ауру, денені екінші деңгейдегі  күйік шалады.

  1. Психогендік әсер ететін ҚЗ.

ВZ (би-зет) заты организмге ингаляциялық, пероральдық,   венозно-артериалдық жолмен түседі. Өлімге душар ететін жағдай көбіне кездеспейді, бұл жағдай тек кәрі адамдарда және балалар мен тыныс жолдары ауыратындарда болуы мүмкін.

Улану белгілері көз қарашықтарының ұлғаюы, ауыздың құрғауы, жүрек соғысының жиілеуі, бас айналу, ауыз қуысының құрғауы, бұлшық еттердің әлсіреуі сияқты белгілермен байқалады.  30-60 минуттан соң көру, есте сақтау қабілеті нашарлап,  сыртқа тітіркендіргіштерге әсер ету рефлексі нашарлайды. Уланған адам тірек қабылетін жоғалтады, психомоторлық  ауытқулар байқалады, бұл құбылыстан соң галлюцинация болады. Қоршаған ортамен байланыс жоғалып, уланған адам шынайылықты ажырата алмайды. Негативизм туындайды: уланған адам жағдайға тиісті әрекеттерге қарсы әрекеттер жасайды. бұл кездерде оның ашуланшақ күйге енуі де мүмкін. Ақыл-естің бұзылу салдарынан ессіздіктің болуы немесе есте сақтау қабылеті жоғалуы ықтимал. Уланудың кей белгілері 5 тәулікке дейін сақталуы мүмкін.

LSД – оның әсері асқазанға аэрозолдар тыныс алудан соң түскеннен кейін, денедегі жара арқылы, тері астына енуден кейін туындайды. LSД уланудың үш кезеңі бар: 1) бастапқы; 2)психоз кезеңі және 3) соңғы кезең.

Бастапқы кезеңде ең алдымен жағымсыз түсініксіз әсерлер пайда болады. LSД организмге түскеннен соң 15-20 минуттан соң шаршау, қысылу, мазасыздану, бас айналу, бас ауру, жүрек тұсының ауруы, қолдың басы салқындап, дірілдеуі мүмкін. Бір мезгілде әртіүрлі вегатативтік ауытқулар: терінің қызаруы, бозғалттануы, тершеңдік, жас пен сілекей бөлінудің күшеюі, жүрек айну құбылыстары байқалады. Көз қарашығы ұлғайып, тіл күрмеледі, пульс жиілейді, тыныс сирейді, қозғалыс үйлесімділігі жоғалады, бастапқы кезеңнің ұзақтығы 40 минуттан 1,5 сағатқа дейін созылуы мүмкін.

Психоз кезеңіндегі психикалық ауытқулар әр түрлі басталады: кейбіреулерінде мазасыздық, депрессия, басқаларында бос себепсіз күлкіге ұласатын эйфория байқалады.  Уланған адам сылбыр немесе шамадан тыс белсенділік күйге түседі. Қоршаған орта шынайлығын жоғалтады. Көру, есту, сезіну шынайылығын жоғалтады. Синестезия (қабылдаудың алжасуы – дыбысты, түсті, иісті, музыка дыбысын есту). Психоз кезеңінде біреу ізіне түсіп, аңдып жүргендей сезім пайда болады, қоршаған ортаға жаугершілік сезімдері туындайды, бұл құбылыс 5-8 сағатқа созылуы мүмкін.   Қатты уланулар кезінде ақыл-ес жоғалады, сол себепті уланушылар өз сезімдерін суреттеп бере алады. Қорытынды кезеңде соматикалық және вегатативтік ауытқулар болады, бұл 16-18 сағатқа, кейде 1,5-2 тәулікке созылады. LSД кумулятивтік әсер байқалмайды.

  1. Нейроәсер етуші ҚЗ.

Токсиндердің ботулиникалық  әсері нервтік-бұлшық белсенділігінің бұзылуы салдарынан паралитикалық белгілер байқалады.

Ботулотоксиндермен азық-түлік арқылы улану кезінде жасырын әсер ету кезеңі болады. Бұл кезеңнің ұзақтығы дозаның шамасына қарай токсиндермен уланған кезде бірнеше сағатқа, уланған азық-түлік қолданған жағдайда  2-3 тәулікке дейін созылады.

Улану белгілері: әлсіздік белгісі, шаршау, жүрек айну, содан соң құсады. 3-4 сағаттан соң – бас айналу, көз қарашығы ұлғаяды да, сыртқы тітіркендіргіштер әсер етпейді. Уланған адам жан-жағын тұмандағыдай көреді, көз алдындағы зат қосарланып кеткен сезім пайда болады.  Олан кейінгі сезімдер түкірік және тер бөліну қызметтерінің тежелуімен жалғасады. Тері құрғақтанып кетеді, ауыз қуысы құрғап, шөлдейді, асқазан қатты ауырады. Тамақ пен су жұту қиындайды: жұту бұлшық етінің параличі туындайды. Сөйлеуі түсініксізденеді. Дауыс әлсірейді. Кей жағдайда тыныс алу қиындап, діріл пайда болады. Өмірмен үйлеспейтін мөлшер алған жағдайда  тыныс алу бұлшық еттерінің және жүрек бұлшық еттерінің параличі салдарынан бірнеше тәуліктен  соң адам өледі.

Стафилококтік энтеротоксин организмге тыныс алу мүшелері, асқазан-ішек жолдары және жарақат алған дене арқылы түседі. РG улану белгілері азық-түлікпен улану белгілеріне ұқсас. Кенеттен басталып, жасырын әсер ету кезеңі аса жылдамдықпен (30 минуттан 6 сағатқа дейін) жүреді. Бастапқы белгілері – түкіріктің қатты бөлінуі, жүрек айну және құсу. Одан соң іш қатты бүріп аурып, үздіксіз қан бөлініп іш өтеді. Бұл белгілер әлсіздікпен ұласады, қан қысымы көтеріледі, дене қызуы түсіп кетеді, ОНЖ қызметі әлсірейді де 24 сағаттан соң басылады.

Бұндай улану кезінде адамның өлімге душар болу жағдайы сирек кездеседі, қатты науқаспен ауыратын, әлсізденген адамдарда, қатты мөлшерде уланған жағдайда болуы мүмкін.

ҚЗ организмге енуінің негізгі жолдары:

1.Ингаляциялық жолмен (лат. inhalatym – тыныс алу).

  1. Резорбтивтік (лат. resorbio — жұту).
  2. Пероральдық (лат. peroralis – через рот).
  3. Жарақат алу жағдайында улану.

ҚЗ денеге тиген жағдайда ҚЗ дене арқылы теріден қанға өиткен жағдайдан басқа кездерде денеге улы заттың тиген жері тітіркеніп, қызарып кетеді, күлбіреп, ойық жаралар пайда болады, бұл құбылыстар кейде қатты аурулармен жалғасады.  Кейбір ҚЗ организмге жергілікті тітіркендіргіш әсер етеді, әсіресе көздің қабығы мен тыныс алу мүшелерінің шырышты қабықшасы тітіркенеді.

.

ҚЗ қолданылу уақытындағы жағдайы әскери  жағдай деп аталалады. Қаты және сұйық күйдегі ҚЗ бытыраңқылық күйіне байланысты болды. ҚЗ әскери жағдайының күйлері мынадай болды: Бу құрушы — ҚЗ атмосферада бу және газ түрінде болды; 2 Аэрозольдық —  қатты және сұйық ҚЗ түрлі өлшемдегі: 10мкм дейінгі ұсақ бөлшектер түрінде (тұман, түтін) ұшып жүреді, 10 мкм диаметрлі ірі бөлшектер; сұйық тамшы күйіндегі ҚЗ

ҚЗ әсеріне ұшыраған  аумақтағы адамдар, жануарлар, құрылыстар мен өсімдіктер және т.б. химиялық зақымдану ошағы деп аталады. Оларды шартты түрде екі түрге бөледі: — жердің беткі қабатының тікелей зақымдану аумағы химиялық қару қолданылған орындарда құрылады. Химиялық қарудың жарылған кезде ҚЗ буы мен аэрозольдар құрылады, олар зақымдалған ауаның алғашқы бұлтын құрады; — ҚЗ буы мен аэрозольдары жел бағытына қарай таралады. Зақымдалған ауаның бірінші бұлты басқа аумақтарға қарай қозғалады. Тікелей зақымдалу аумағында сұйық тамшыдағы ҚЗ булана отырып зақымдалған ауаның екінші бұлтын құрады.  Зақымдалған ауаның таралу аумағы тікелей зақымдалу аумағынан көп есе артық болады.

Химиялық зақымдану ошағының өлшемі мен тұрақтылығы ҚЗ қолданылу мөлшері мен тәсіліне, метеорологиялық жағдайларға, ауа температурасына, жергілікті релефке, жыл мезгілі мен тәуліктің ерекшеліктеріне тәуелді болады. Химиялық зақымдану ошағы концентрация, зақымдалу тығыздығы және оның сақталу төзімділігіне байланысты болады. Концентрация— ҚЗ ауа көлемінің бірлігіндегі мөлшері (мг/л немесе г/м. куб.). адамдар мен жануарларды зақымдайтын ҚЗ жауынгарлік деп аталып, оның шамасы ҚЗ улылығына байланысты болады. Зақымдалу тығыздығы деп (г/м. кв.) алаң бірлігіндегі ҚЗ мөлшері аталады.  Зақымдалу тығыздығы топырақтың, ғимараттардың, құрылыстардың сұйық тамшылы  ҚЗ улануына қарай анықталады.   Химиялық зақымдалу ошағының төзімділігі ҚЗ түріне, метеорологиялық жағдай мен жыл мезгіліне тәуелді болады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.