Химияны оқыту жүйесі

Главная » Рефераттар » Химияны оқыту жүйесі

Химияны оқыту жүйесіндегі химиялық эксперименттің түрлері. Химияны оқытудағы химиялық эксперменттің маңызы өте зор. Негізінде химимялық эксперимент: демонстрациялық столда мұғалім жүргізетін- демонстрациялық экспериментке және оқушы оқушы өздігінен жүргізетін практикалық, зерханалық эксперименттік жұмыстар – оқу эксперименті болып бөлінеді. Сондай- ақ , эксперименттің тағы бір түрі ол- ойша эксперимент(мысленный эксперимент).

Бұл жерде мектептегі химиялық эксперимент түрлерінің  нақты терминологиясы ұсынылмағанын айта кету керек. Бұл жағдай әдістемелік әдебиеттерге де, мектептің практикалық жұмыстырында да түсініспеушілік  туғызады, себебі осындай терминдермен оқушы мен мұғалімнің шығармашылық іскерліктері бірдей көрсетіледі. Олардың арасындағы айырмашылық тек қана ұйымдастырушылық қатынаста ғана емес, мазмұны мен мақсатында да бар.

Бұл жерде тагы да қарама – қайшылық туады, әртүрлі пәндерге бірдей аталатын терминднрді қойса- химия, биология, физика, тағы басқалары; «Демонстрцилық эксперимент» терминіне барлығы бірдей мағынада түсініктеме береді. Бірақ, әнгіме оқушылардың өздік жұмыстары жайында болса, мұғалімдер мен әдіскерлердің өзара түсіністікке келулері оңай болмайды. Мысалы, «Практикалық сабақ» физик мұғалім химия, биологияның практиклық сабағынан мүлде ерекше, физикадан зертханалық жұмысын түсінеді.  Материалдық жағдайға қарай, мектепте физика кабинеті қазіргі заманғы талаптарға сай, жеке жбдықталған болуы керек, яғни мұндай  кабинетте химиядан сабақ өткізу мүмкін емес.  Сол сияқты, биологиядан да оқушылардың практикалық сабақтары өзгеше ұйымдастырылады.  Сондықтан да, бір терминге әр пән мұғалімі әр түрлі түсінік береді.

Xимиялық оқу экспериментінің түрлері :

  • демонстрациялық эксперимент;
  • зертханалық тәжірибелер;
  • зертханалықжұмыстар;
  • сарамандық жұмыстар;
  • эксперименттік практикум;
  • үй эксперименті.

Жалпы ұсынылған оқу экспериментінің классификациясының  логикалық негізі: оқушы мен мұғалімнің іскерлілік мүмкіндігі екені белгілі. Басқа да негізді алып қарастыруға да болады,мысалы көптеген эксперименттерді оның орындалу мақсатына қарай бөлу. Бұл жағдайда келесі эксперименттің түрлерін бөліп алуға болады:

жаңа эмперикалық шамалар алуға негізделген эксперимент;

жалпы қорытындыны нақтылайтын немесе көрсетуге негізделген эксперимент;

қандай да бір эксперименттік тапсырманы орындауға негізделген арнайы эксперимент;

оқушылардың білімі мен біліктілігін тексеруге арналған эксперимент,тағы да басқалары.

Химияны оқыту процесіндегі демонстрациялық тәжірибелер.*Демонстрациялық эксперимент – оқушыларға жаңа материалды түсіндіру үшін сынып ішінде тек қана мұғалімнің қатысуымен жүргізіледі.*Оқушылардың назары тәжірибенің орындалуына,оның нәтижелерін бақылауға аударылады. Мұғалім тәжірибені демонстрациялаумен қатар,құбылыстарды түсіндіріп отырса,оқушылар да материалға жеңіл қарап,салғырттық танытпайды. Осылайша мұғалім оқушылардың назарын тікелей тәжірибеге бағыттап,құбылыстарды түсіндірмелер арқылы бақылауға үйретеді.*Демонстрациялық эксперименттің негізгі мақсатының бірі оқушыларда мұғалімнің іс-әрекетіне еліктеуге деген ықыласын туғызу.*Әрине,бір көрсетіліммен оқушылардың олармен жұмыс істей алу қабілетін арттыру мүмкін емес,бірақ,оқушы өзінің кемшілігін түсінеді,осылайша ол мұғалімнің демонстрациясына көңіл бөлуге ықылас танытады. Мұғалімның іс-әрекетіне үнемі мән беріп бақылап отырса,келесі сабақтарда өз бетінше жұмысты атқара алуы оңайырақ болады. Сонымен қатар,оқушы үнемі мұғалімнің іс-әрекетіне еліктеп сабақ алып отырғандықтан,оқушылардың алдында ұқыптылық танытып,уақытты үнемдеп,нәтижені ойдағыдай етіп алынуы мүмкін тәжірибелерді жасау керек.*Қорыта келгенде,қарастырылып отырған  эксперименттің күрделілігі мен оқушыларға өздігінен орындау мүмкіншілігі жоқ жағдайда демонстрациялық экспериментті қолданудың өте тиімділігі байқалады.*Демонстрациялық экспериментті қоюдaғы тағы бір жағдайы – «қауіпті тәжірибелерді» орындауда.*Тәжірибені жүргізуге реактив мөлшері аз, құрылғылар жетіспеген жағдайда, өтілетін материалды оқушылар терең түсінулері үшін мұғалімдер демонстрациялық тәжірибелерді қоюға мәжбүр болады.* Демонстрацялық экспериментті жүргізудегі ескеру қажетті маңызды нәрсе : әрбір тәжірибені орындау техникасы тұрғысынан тексеру, реактивтердің сапасын, құралдар мен құбылыстардың  оқушыларға көрнекі екенін және қауіпсіздігін тексеру.

Кей жағдайда демонстрациялық столға екі құрылғыны- бірі тәжірибе жасауға дайын құрылғы, екіншісі осы құрылғының жинақтылмаған түрін  қою дұрыс болады. Бұл оқушыларға құрылғының қасиетін, мүмкіншілігін жақсы түсінуге көмектеседі.

 

Химияны оқыту процесіндегі зертханалық тәжірибелер. Зертханалық тәжірибелер – оқу материалын өнімді түрде игеруде және нақты әрі берік білім алуда сабақтың кез келген кезеңінде жүргізілетін — өздік жұмыстың түрі. Сонымен қоса,  зертханалық тәжірибелер кезінде оқушылар өздігімен жасайтындықтан оларда эксперименттік біліктілік пен білімділік, дағды қалыптасады. Тәжірибені орындау барлық сабақты толықтай қамтымай, тек бір бөлігінде ғана жүріп өтеді. *Зертханалық тәжірибелер көбіне заттардың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысу үшін, теориялық түсінікті нақтылау үшін, ал ең сирек жағдай- жаңа білім алуда жүргізіледі. Соңғылары оқушылар өздігімен  шешуге тиісті, нақты танымдық тапсырмаларда қалыптасады. Бұл оқушылардың ойлау шығармашылығын белсендеретін – зерттеу элементі болып табылады.*Сарамандық жұмыстарға қарағанда  зертханалық тәжірибелер аздаған фактілермен таныстырады. Сондай- ақ сарамандық жұмыс тәрізді оқушылардың назарын толық қамтымайды. Себебі өздігімен жасалған жұмыс соңы мұғалімнің түсіндіруімен жалғасады.*Зертханалық тәжірибелер мұғалім түсіндірген оқу материалына сәкес жүріп отырады, соның нәтижесінде оқушыларда зат қасиеті және химиялық процесс жайында түсінік пайда болады, құбылыстарды бақылауға және қабылдауға үйретеді. Демонстрацилық эксперименттердің көпшілігі : экспеименттік біліктілік пен дағдыны қалыптасатырады. Алайда кез келген тәжірибе зертханалық болмайды және барлық зертханалық тәжірибелер демонстрациялық эксперименттен эффективті болмайды. Кейбір зертханалық тәжірибелерді жүргізу үшін көп уақыт қажет болады, және уақыттың жалғасуы оқушылардың біліктіліктері мен эксперименттік дағдыларына тәуелді болады.*Зертханалық тәжірибенің негізгі мақсаты- оқушыларды өтілген материалмен неғұрлым тез таныстыру.* Зертханалық тәжірибелерге дайындық демонстрациялық экспериментке қарағанда жоғары жауапкершілікпен жүргізілуі керек. Себебі, ескермеушілік пен салғырттық сынып дисциплинасының бұзылуына әкелуі мүмкін. *Зертханалық тәжірибелерді әр оқушының өздігінен орындауларына жағдай жасау қажет, тіпті болмаған жағдайда құрылғының бір комплекті минимум екі оқушыға ортақ болғаны жөн.

 

Химияны оқытудағы эксперменттің рөлі. Химиялық эксперимент-химияға қызығушылықты арттырып,өзін-өзгілікті қалыптастырады,яғни экспериментті орындау  процесі кезінде оқушылар  жұмыстың практикалық  біліктілігіне қол жеткізіп қана қоймай,өз білімін шығармашылық түрде игеру мүмкіншілігіне ие болады. Химиялық эксперимент оқушылардың ойлануын,біліктілігін арттырады,оны алынған нәтиженің дұрыстылық критерийі ретінде қарастыруға болады.Эксперимент жиі жағдайда қабылдаудың негізі болып келеді,онсыз продуктивті ойлану іскерлігі жүрмейді.Ойлауды дамытуда  экспериментпен,практикамен біріге отырып, маңызды ролді теория алады.

Химиялық эксперименттің негізгі қасиеті әрбір ғылыми түсінік логикалық түрде қойылған тапсырмадан көрініп,практикалық түрде меңгерілуі керектігінде. Химиялық эксперимент-химияға қызығушылықты арттырып,өзін-өзгілікті қалыптастырады,яғни экспериментті орындау  процесі кезінде оқушылар  жұмыстың практикалық  біліктілігіне қол жеткізіп қана қоймай,өз білімін шығармашылық түрде игеру мүмкіншілігіне ие болады. Химиялық эксперимент оқушылардың ойлануын,біліктілігін арттырады,оны алынған нәтиженің дұрыстылық критерийі ретінде қарастыруға болады.Эксперимент жиі жағдайда қабылдаудың негізі болып келеді,онсыз продуктивті ойлану іскерлігі жүрмейді.Ойлауды дамытуда  экспериментпен,практикамен біріге отырып, маңызды ролді теория алады.

Химияны оқытудағы химиялық эксперменттің маңызы өте зор. Негізінде химимялық эксперимент: демонстрациялық столда мұғалім жүргізетін- демонстрациялық экспериментке және оқушы оқушы өздігінен жүргізетін практикалық, зерханалық эксперименттік жұмыстар – оқу эксперименті болып бөлінеді. Сондай- ақ , эксперименттің тағы бір түрі ол- ойша эксперимент(мысленный эксперимент).

Xимиялық оқу экспериментінің түрлері :

  • демонстрациялық эксперимент;
  • зертханалық тәжірибелер;
  • зертханалықжұмыстар;
  • сарамандық жұмыстар;
  • эксперименттік практикум;
  • үй эксперименті.

Экперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастырудың саралау қыры. Химиялық эксперименттерді мүмкіндігінше жиі жүргізіп отыру оқушыны өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелейді, оның бойында эксперименттік білік пен дағдының қалыптасуына үлкен септігін тиізеді. Эксперименттік  білік пен дағдының қалыптасуының өзі оқушының өздік   жұмысының   қайнар   көзі. Экспериментті оқушы  өзі  жүргізуі үшін  ол  химиялық ыдыстармен, приборлармен, реактивтермен дұрыс жұмыс жасай  білуі  керек,  ол  үшін  ең  алдымен  төмендегідей қарапайым іс-әрекеттерді және операцияларды   жасап  үйреніп,  машықтанулары керек: сүзу жұмыстары: сүзгі қағазын дайындау, оны құйғыға орналастыру ережелері, құйғыны штативке орналастыру, сүзгіге сұйықтықты құя білу және т.б. Қыздыру жұмыстары: спирт шамын жұмысқа дайындау, оны жағу, ең алдымен сынауықты бойлай қыздыру, жалынның ең қажетті бөлігін пайдалана білу, спирт шамын өшіру ережелері және т.б. Үгіту жұмыстары: үгітілетін заттың мөлшеріне қарап қажетті ыдыстарды (пестик, ступка) таңдау, қауіпсіздік ережелерін сақтау және т.б. Өлшеу жұмыстары: техникалық таразының құрылысын және онымен жұмыс жасау ережелерін білу, құрғақ заттарды өлшеу ережелерін білу, өлшеуіш ыдыстарды пайдалана білу, сұйықтарды өлшей білу, температураны өлшей білу, қысымды өлшей білу және т.б. Буландыру жұмыстары: бөлме температурасында буландыру, әртүрлі қыздырғыш аспаптарда жоғары температурада буландыру және т.б. Сұйықтықтармен жұмыстар: сұйықтықтарды құю, араластыру, сұйылту, концентрлі ерітінділермен жұмыс жасау ережелерін білу. Газдармен жұмыс жасай білу: ауаны ығыстырып газ жинай білу, су астында газ жинай білу, әртүрлі газдардың өздеріне тән жеке қасиеттеріне байланысты оларды танып білу, газдардың массасын немесе көлемін өлшей білу және т.б. Осындай қарапайым іс-әрекеттерді оқушы өз бетімен жасап, дағдылануы керек, нәтижесінде өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді.

Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыру және жетілдіру әдістемесі. Химиялық эксперименттерді мүмкіндігінше жиі жүргізіп отыру оқушыны өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелейді, оның бойында эксперименттік білік пен дағдының қалыптасуына үлкен септігін тиізеді. Эксперименттік  білік пен дағдының қалыптасуының өзі оқушының өздік жұмысының қайнар көзі. Экспериментті оқушы  өзі  жүргізуі үшін  ол  химиялық ыдыстармен, приборлармен, реактивтермен дұрыс жұмыс жасай  білуі  керек, ол  үшін ең  алдымен  төмендегідей  қарапайым  іс-әрекеттерді  және  операцияларды   жасап  үйреніп,  машықтанулары керек:

сүзу жұмыстары: сүзгі қағазын дайындау, оны құйғыға орналастыру ережелері, құйғыны штативке орналастыру, сүзгіге сұйықтықты құя білу және т.б.

қыздыру жұмыстары: спирт шамын жұмысқа дайындау, оны жағу, ең алдымен сынауықты бойлай қыздыру, жалынның ең қажетті бөлігін пайдалана білу, спирт шамын өшіру ережелері және т.б.

үгіту жұмыстары: үгітілетін заттың мөлшеріне қарап қажетті ыдыстарды (пестик, ступка) таңдау, қауіпсіздік ережелерін сақтау және т.б.

өлшеу жұмыстары: техникалық таразының құрылысын және онымен жұмыс жасау ережелерін білу, құрғақ заттарды өлшеу ережелерін білу, өлшеуіш ыдыстарды пайдалана білу, сұйықтарды өлшей білу, температураны өлшей білу, қысымды өлшей білу және т.б.

буландыру жұмыстары: бөлме температурасында буландыру, әртүрлі қыздырғыш аспаптарда жоғары температурада буландыру және т.б.

сұйықтықтармен жұмыстар: сұйықтықтарды құю, араластыру, сұйылту, концентрлі ерітінділермен жұмыс жасау ережелерін білу.

газдармен жұмыс жасай білу: ауаны ығыстырып газ жинай білу, су астында газ жинай білу, әртүрлі газдардың өздеріне тән жеке қасиеттеріне байланысты оларды танып білу, газдардың массасын немесе көлемін өлшей білу және т.б.

Осындай қарапайым іс-әрекеттерді оқушы өз бетімен жасап, дағдылануы керек, нәтижесінде өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді.

 

Эксперименттік біліктер мен дағдыларды қалыптастыруды бақылау және бағалау. Эксперименттік  білік пен дағдының қалыптасуының өзі оқушының өздік жұмысының қайнар көзі. Экспериментті оқушы өзі  жүргізуі үшін  ол  химиялық ыдыстармен, приборлармен, реактивтермен дұрыс жұмыс жасай  білуі  керек,  ол  үшін  ең  алдымен  төмендегідей  қарапайым іс-әрекеттерді  және  операцияларды   жасап  үйреніп,  машықтанулары керек:

сүзу жұмыстары: сүзгі қағазын дайындау, оны құйғыға орналастыру ережелері, құйғыны штативке орналастыру, сүзгіге сұйықтықты құя білу және т.б.

қыздыру жұмыстары: спирт шамын жұмысқа дайындау, оны жағу, ең алдымен сынауықты бойлай қыздыру, жалынның ең қажетті бөлігін пайдалана білу, спирт шамын өшіру ережелері және т.б.

үгіту жұмыстары: үгітілетін заттың мөлшеріне қарап қажетті ыдыстарды (пестик, ступка) таңдау, қауіпсіздік ережелерін сақтау және т.б.

өлшеу жұмыстары: техникалық таразының құрылысын және онымен жұмыс жасау ережелерін білу, құрғақ заттарды өлшеу ережелерін білу, өлшеуіш ыдыстарды пайдалана білу, сұйықтарды өлшей білу, температураны өлшей білу, қысымды өлшей білу және т.б.

буландыру жұмыстары: бөлме температурасында буландыру, әртүрлі қыздырғыш аспаптарда жоғары температурада буландыру және т.б.

сұйықтықтармен жұмыстар: сұйықтықтарды құю, араластыру, сұйылту, концентрлі ерітінділермен жұмыс жасау ережелерін білу.

газдармен жұмыс жасай білу: ауаны ығыстырып газ жинай білу, су астында газ жинай білу, әртүрлі газдардың өздеріне тән жеке қасиеттеріне байланысты оларды танып білу, газдардың массасын немесе көлемін өлшей білу және т.б.

Осындай қарапайым іс-әрекеттерді оқушы өз бетімен жасап, дағдылануы керек, нәтижесінде өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді.

Эксперименттік біліктер мен дағдылардың жіктелуі. Химиялық эксперименттерді мүмкіндігінше жиі жүргізіп отыру оқушыны өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелейді, оның бойында эксперименттік білік пен дағдының қалыптасуына үлкен септігін тиізеді. Көптеген әдебиеттерге шолу жасай келе және химия пәні мұғалімдерінің пікірлерін тыңдап, талдай отырып үздіксіз эксперимент жүргізіліп отыратын мектептердің оқушыларының бойында төмендегідей эксперименттік білік пен дағдылардың қалыптасуы мүмкін екендігін анықтадық:

Ұйымдастырушылық білігі мен дағдысы:

экспериментті жоспарлау;

экспериментті жүргізуге қажет реактивтер мен құрал-жабдықтарды іріктеп алу;

эксперименттік жұмыс жасау кезінде уақытты, реактивтер мен құрал-жабдықтарды, әдістерді. тәсілдерді ұтымды және орынды пайдалану;

әрбір іс-әрекетін түсініп жасап, өзін-өзі бақылау;

жұмыс орнында тазалық және тәртіп сақтау;

жұмысты өз бетінше орындау.

Техникалық білік пен дағды:

реактивтермен және  құрал-жабдықтармен жұмыс жасай білу;

дайын бөлшектер  мен ұсақ құралдардан аспап және қондырғы жинау;

химиялық операцияларды орындау;

техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

Өлшеу жұмыстарын жүргізуде қалыптасатын білік пен дағды:

сұйықтар мен газдардың көлемдерін өлшеу;

әртүрлі таразыда (техникалық, аналитикалық және т.б.) өлшеу жұмыстарын орындау;

сұйықтардың температурасын және тығыздығын өлшеу;

өлшеу нәтижелерін өңдеу.

Интеллектуальды білік пен дағды:

эксперименттің мақсатын және міндеттерін анықтау;

ғылыми болжам ұсыну;

бар білімін пайдалана білу;

байқаған құбылыстарды және процестерді сипаттау;

эксперимент нәтижелерін талдау;

қорытынды жазу.

 

Эксперименттік есептерді шешу – сарамандық жұмыстар. Эксперименттік есептер — тек тапсырмалардан тұратын оқушылар өз бетінше орындаған жұмыстың түрі, яғни есеп мазмұны беріледі, оны шешудің және практика жүзінде жүргізудің жолдарын оқушылар өздері өз бетінше анықтайды және таңдайды, іс жүзінде жүзеге асырады. Жұмыстың мұндай түрін орындау оқушылардан тек теориялық білімдерін пайдалануын ғана емес, сәйкес тәжірибелерді жүргізе алу қабілеттіліктерінің болуын талап етеді.

Эксперименттік есептерді шешуде әртүрлі жаңа технологияларды қолдануға болады, соның ішінде ақпараттық – коммуникативті, сын тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту технологиялары және интерактивті тақтаны тиімді пайдалану өз нәтижесін беруде. Әсіресе, интерактивті тақтада алдын – ала дайындалған эксперименттер, бейне тәжірибелерді көру арқылы оқушы тапсырманы терең меңгеріп, дұрыс тұжырым жасап, қорытынды шығара алады .

Химиялық есептер шығару оқытудың жалпы жүйесінде сарамандық әдістердің тобына жатады. Есеп — шығару оқушылардың теориялық білім мен тәрбие арасындағы байланысты жүзеге асырады. Оқушылар есеп барысында химиялық ұғымдарды, теорияларды қалыптастыруға, олардың химиялық тілмен сөйлеу мәдениетін байытуға, іскерлікке, ізденгіштікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Химиялық есептер: жаңа сарамадық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру химиялық ұғымдар мағлұматтарды үйрету; білімнің тереңдігі мен баяндылығын тексеру; проблема қою және проблемалық ахуал туғызу; материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; оқушылардың әртүрлі деңгейдегі шығармашылық қабілетін тәрбиелеу мақсатында беріледі.

Эксперименттік есептерді орындаудың мақсаты – теориялық білімді практика жүзінде өз бетінше қолдана білуге үйрету, әрбір зерттеу жұмыстарын жүргізіп үйрену үшін эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыру.

Практикалық сабақтар мен зертханалық тәжірибелерден эксперименттік есептердің айырмашылығы материалды меңгеру, қорытындылау, бекіту кезінде оқушының білімін тексеру және үй жұмысын тексеру үшін жүргізуге болады. Эксперименттік есептерді жеке – жеке топпен немесе бір мезгілде бүкіл сынып болып орындауға болады. Оқушылар эксперименттік есептерді орындай отырып, бұрынғы қалыптасқан білік пен дағдыларын жетілдіріп қана қоймай алған білімдерін қолдана білуге үйренеді. Бұл алға қойған міндеттердің теориялық шешімін өз бетінше табуға және алынған нәтиженің дұрыстығын тәжірибелік жолмен тексеруге мүмкіндік береді .

Химия пәнін оқу барысында оқығанда маңызды орынды экспериментті есептер алады. Эксперименттік есептер шарты мен талабы бойынша екіге бөлінеді. Экспериментті есептерді шыгару оқушылардан терең білімді, теорияны, химия заңдары мен түсініктерді, нақты материалды (құрамы жөнінде қасиеті, алынуы) игеруді  және  химия ғылымдарының әдістерін білуді талап етеді.

Эксперименттік практикумның мәні. Эксперименттік  практикум –оқушылардың  өздігімен   орындайтын  жұмыс  түрі, негізінен  жоғары  сынып  оқушыларымен  орындалады. Эксперименттік практикум  әдетте  үлкен  тарау бітекен  соң орындалады және  жалпылау, қортындылау  сипатында  болады.Мұндай  практикум  оқушылардың  білім,  біліктерін қортындылау дағдысын  қалыптастырады.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндәк білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқушының оқу танымдық іс–әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастыру негізінде жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр.

Ұстаз міндеті – оқушыға кез–келген білім саласын меңгертудің жеңіл де тиімді жолдарын тауып, шығармашылық жұмыс істей білуге үйрету. Кезінде педагог – ғалым В.А. Сухомлинский «Сабақ – мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы» деген болатын. Уақыт өткен сайын сабақ өткізуді жетілдірудің жолдары мен әдістері үнемі өзгеріп, жаңаруда. Оқытудың көптеген түрлерінің ішінде балаға білім беруді практикалық оқытудың алатын орны зор, оның ішінде химияны оқытуда эксперименттік есептер шығарту ерекше орын алады, себебі, ол – химия сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізгі жолдарының бірі.

Оқыту эксперименті – экспериментке дейін байқалған кемшіліктерді ескеріп, химияның жаңа буын оқулықтарының дәстүрлі оқулықтардан басты ерекшеліктерін айқындап, оларды пайдалану әдістемесін анықтады. Оқыту эксперименті бойынша мектепте химия пәнін оқыту үрдісінде жаңа буын оқулықтарын пайдаланудың жағдайы, деңгейі сарапталып, эксперименттік оң нәтиже беруіне ықпал ететін педагогикалық мүмкіндіктер нақтыланады, тиімді әдіс – тәсілдерді таңдау жүзеге асырылады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.